5-сыныптың информатика оқулығында «Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар» мазмұндық желі бойынша төмендегідей тапсырмалар мен сұрақтар берілген



Дата19.05.2020
өлшемі16,81 Kb.
#69647
Байланысты:
документ 1


5-сыныптың информатика оқулығында «Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар» мазмұндық желі бойынша төмендегідей тапсырмалар мен сұрақтар берілген:

Сұрақтар:

  • Растрлық және векторлық кескіндерді құру және өңдеуде қандай графикалық редакторларды таңдаған дұрыс?

  • Графикалық редакторда растрлық суреттерді қалай құруға және өңдеуге болады?

  • Графикалық редактордың құралдарын қанша топқа ажыратуға болады?

  • Суреттің сапасы қандай параметрге тәуелді?

  • Векторлық және растрлық графиканың қандай әлсіз тұстары бар?

  • Суретті коррекциялау дегеніміз не?

  • Суретке әсерлерді қолданудағы негізгі мақсат не деп ойласың?

  • Photo-Brush және Paint.NET графикалық редактоларында сурет салудың қандай айырмашылығы байқалды?

Тапсырмалар:


  • Векторлық және растрлық графикаларды салыстыр. Салыстыру нәтижесін бір бет көлеміндегі есеп түрінде орында.

  • Растрлық және векторлық графикалық редакторлардың терезелерін ашып, терезе құрылысын салыстырыңдар. Олардың терезе құрылысында, құрал-саймандарының орналасуында қандай айырмашылық пен ұқсастықтар бар екенін анықтаңдар.

  • «Біздің аймақтың экологиялық мәселелері» жобасы

  • Өзің тұратын аймақтағы экологиялық мәселелерді шешуге қолдау көрсету мақсатында, аймақтағы негізгі үш экологиялық мәселені анықтап, төмендегі тапсырмаларды орында:

  •  Таңдап алған үш мәселе бойынша «Біздің аймақтың экологиялық мәселелері» тақырыбында 3 слайдтан тұратын презентация жобасын жоспарла.

  • Презентацияның әр слайды бір экологиялық мәселеге арналсын. Әр слайдта мәселенің тақырыбы мен сол мәселені сипаттайтын сурет немесе фотосуретті интернеттен көшіріп ал және кірістір

  • Paint.NET графикалық редакторында таңдаған суреттеріңнің сапасын түзетіп, әсерлер кірістір.

  • Векторлық графика» тақырыбындағы зерттеу тапсырмасын орында. Нәтижесін А4 парағына жаз.


5-сыныптың информатика оқулығында «Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар» мазмұндық желі бойынша төмендегідей практикалық жұмыстардың тізімі берілген:
Практикада қолдану


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет