№5 СӨЖ
Тапсырмалары:
Өтебай Тұрманжановтың «Алып кетпен» аңыз поэмасының идеялық мазмұны (оқу, талдау)
Өтебай Тұрманжановтың «Асан бала туралы ертегі» ертегі поэмасының идеялық мазмұны (оқу, талдау)
Әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ кеңес балалар әдебиеті, – Алматы, 1981
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. – Алматы: Мектеп, 1980
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2 кітап. – Павлодар: Арман, 2004
Қазақ балалар поэмасының антологиясы. – Алматы: Арда, 2005
Жауабы:
1-2. Тұрманжанов Өтебай 15 желтоқсан 1905 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келді. Мәскеудегі Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген. Мұнан кейін Ташкентке қайта оралып келіп, университетте мұғалім болады, қазақ-қырғыз әдебиет кафедрасында профессор ретінде дәріс оқиды. Сонымен қатар осы кезден бастап ол газет-журналдарда жауапты қызмет атқарады. Ол 1931 жылы Алматыға шақырылып, Қазақтың мемлекеттік педагогика институтында әдебиеттен сабақ берді. Мұнан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналында редактордың орынбасары болады.
Тұрманжанов шығармалары негізінен балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шығып тұрған “Ақ жол” газетінде 1920 жылы жарияланған. “Таң өлеңдері” жинағы Мәскеуде жарық көрген (1925). 1927 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы (“Қошан кедей”), 1929 жылы өлең кітабы (“Таң сыры”) басылған. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы. Ол Л.Н.Толстойдың балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Өтебай Тұрманжанов поэзиясының бас жанры мен тақырыбы да - ұстаздық шарттар мен мұраттар. Оның өлеңдерінің жүрек жарды аңсары жан-жақты жетілген нағыз адам тәрбиелеуге бағышталған. Балаларды білімге, кітап оқуға насихаттап өлеңдер жазды.
Өтебай Тұрманжановтың творчестволық жолын шолып қарасақ, ол ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы, өңдеуші, насихаттаушы есебінде де бір кісідей іс тындырған. Өзгелерін айтпағанда, ауыз әдебиетінің інжу-маржаны - мақал-мәтелдерді жинап жариялауының өзі өшпес мәні бар еңбегі дер едік.
Өтебай атаның көп өлеңдері халқымыздың ежелден бергі ата кәсібі - төрт түлік мал өсіру тақырыбына жазылған. Бұл тұста ол елдің ұғымына қанықты кейбір көне тақпақ сөздерді өңдеп, жаңғыртып, жетілдіріп суреттейді.
Өтебай ата көп өлеңдері халқымыздың ежелден бергі ата кәсібі - төрт түлік мал өсіру тақырыбына жазылған. Бұл түста ол елдің ұғымына қанықты кейбір көне тақпақ сөздерді өңдеп, жаңғыртып, жетілдіріп суреттейді. Дәстур мен жаңашылдық дегеннің парқын жақсы айыратын ақын ертеден ел аузында жүрген сөздер мен тіркестердің қажетті нәрін ала білді, сол ұғымдардың ескірмес мазмұнын жаңа талапқа сай етіп шығарды. Соның арқасында көне баламалар жаңаша сипат алып отырады. «Қошақан», «Ешкі деген жануар», «Әукім, әукім ақ бұзау», «Ақ ешкіні баптап бак» секілді тақпақ өлеңдер үлкен ойды жатық тілмен жеткізген.
Өтебай Тұрманжанов қазақ елінің ежелгі мәдениетін, ерте дәуірдегі Фараби сынды ұлы ғүламалардың өмірін бүгінгі қауымның есіне салады, көне өркениеттің ошағы болған Отырар, Сыр, Қаратау өлкесін тебірене жырға қосады. Ол, әсіресе, күллі жақсылықты, жаңалықты жаратушы еңбек адамдарын айрықша бағалайды, «темірге жан бітіріп, құрал соққан, тас қиып, сарай салған» ұсталарды ұлықтайды.
Қазақ әдебиетінде мысал жанрын жетілдіріп, дамытуға үлес қосқан санаулы қаламгердің де бірі - Өтебай ата екенін атап өту ләзім. Кілтін тауып айта білсе, бұл көне жанрдың да мүмкіндігі көп екенін көреміз. «Шырша мен шеңгел» деген мысалда өмірдің биік мұраты елге, көпке пайдалы болу екендігі сөз болады. Енді бір мысалда («Жеке ағаш пен топ ағаш») бірлік пен ынтымақтың күдіретті күші айтылады. «Мысық пен жолбарыс», «Түйе мен тышқан», «Терек пен жиде» секілді мысалдардың да ұқтырарлық ойы, өнегесі бар.
Кейбір ертегі-хикаялар аңдар тіршілігін сөз ете отырып, адамдар арасында болатын қайшылық, тартыстардан хабар береді. Сондай ертегінің бірі - «Аңғал бұғы, алдамшы түлкі, аң патшасы ауру арыстан туралы хикая».
Жүргізуші: Ақынның «Төрт өгіз туралы ертегі», «Қарлығаш», «Дәуіт, жылан», «Жолаушы мен жеті қасқыр», «Жолбарыс», «Хан қызының мысығы болды», «Орман ертегі», «Алтын мен нан», «Сауысқан, сауысқан», «Ғажайып бағбанның алтын алмасы мен Асан бала туралы ертегі», «Алтын балта» секілді ертегілік дастандардың әрқайсысында салмақты ой, салдарлы кеңес бар.
Аңыздық, ертегілік негізде жасалған тамаша тағлымды туындылар ішінде шоқтығы биік тұрғандардың енді бірі -«Құмырсқалар, аралар қиыспас дос құдалар». Бала ұғымына өте қонымды, әрі тартымды берілген бұл ертегінің айтпақ ойы үлкен. Дүниедегі ең зор мәртебе - еңбекшілік деген ұғымды ақын аңдардың өнер жарысын келістіре суреттеу арқылы айқын елестете алған. Жәндік атаулының ішінде ең қадірлісі құмырсқа болып шығуы әрі тосын, әрі ұтқыр қорытынды. Шынында, құмырсқалардың мына «сөздері» кімді де болса еңбек құдіретіне иландырарлық.
Достарыңызбен бөлісу: |