5 соөЖ. Ортаңғы ми. ОрындағАН: Мейрбек Сабина тобы: 217-б мамандық: Жалпы медицина



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі70,06 Kb.
#121123
1   2   3
Байланысты:
сроп 5
СРО 3., Ми жұлын және нервтері, Бастауыш мектептегі тәрбие саласынан нормативті құжаттарды талдау, отслойка плаценты, Қазақ тілі, 277909.pptx, 4 тоқсан отчет, Ортагасыр
Негізгі бөлім.
Ортаңғы ми (mesencephalon; гр. mesos — ортаңғы, encephalon — ми) — ортаңғы ми қақпағы мен үлкен ми аяқшаларынан тұратын ми бөлігі. Ортаңғы мида аралық мидағы үшінші ми қарыншасы қуысын ромбы тәрізді мидағы төртінші ми қарыншасы қуысымен байланыстыратын түтікше қуыс — суқұбыры (суағар) болады. Ортаңғы ми қақпағы — қақпақты пластинканың беткей қабаты ақзаттан, ал терең қабаты сұрзаттан құрылған. Төрт төмпектің алдыңғы жұп төмпегінің сұрзаты — афференттік қыртысасты көру рефлекстерінің, ал артқы жұп төмпегінің сұрзаты тепе-теңдік және есту рефлекстерінің орталықтарын түзеді.
Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми жүйкелерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi. Төрт төмпешiк пен көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйкелер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық жүйкенің нейрондары орналасқан.
Көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйке аралас жүйке тармақтары арасында көздiң қиғаш eттеpiнен басқа еттердi жиырылтатын талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетiн сезгiш талшықтары бар. Мұнымен қатар, бұл жүйке арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатиқалық түйiндердiң прегaнглиялық талшықтары бар. Бұл жүйке серпiлiстерiн кірпіктік түйiннен екiншi нейронға жеткiзедi. Бұл түйiннен басталған постганглиялық
талшықтар көздiң қарашығын тарылтатын еттi жиырылтатын эфференттiк жүйке. Ми жүйке терінің IV жұп жүйкесi де аралас жүйке. Талшықтар арасында көздiң жоғарғы қиғаш eтiн жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттiң сезгiш талшықтар да бар. Төрт төмпешiктiң алдыңғы екі төбешігі көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Осы
орталықтың арқасында көздiң, бастың, дененiң жарық түскен жаққа қарай бұрылуы, көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстерi пайда болады. Көру орталығында орналасқан ми сыңарын алып тастағанда да аталған рефлекстер жойылмайды. Артқы төмпешiктер естудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Бұлардың қатысуымен eң алдымен есту, соған орай жөн табу рефлeкстepi, яғни құлақ жарғағы, бастың қатты дыбыс шыққан бағытқа бұрылуы. Бұл рефлекстер үлкен ми жарты шарын алып тастағанда
жойылмайды. Төрт төмпешiк кенеттен әсер еткен тiтiркендiргiшке жауап ретiнде қорғаныс рефлекстерiн тудырады, осыған байланысты олар сақтық рефлекстерi деп аталдаы. Мысалы, ыдыстағы сұйықтық байқаусызда төгiлгенде адам оның қayiптi eкeнiн түciніп үлгермей-ақ лезде бiр
жаққа қарай ығысады.
Ортаңғы ми. Жарық пен дыбысқа жылдам реакция көрсету; басты бұру, көз қарашығының мөлшерін өзгерту, бұлшық ет тону сын сақтайды. Жарық пен дыбысқа жылдам реакция көрсету: басты бұру, көз қарашығының мөлшерін өзгерту, бұлшық ет тону сын сақтайды. 
Ортаңғы ми құрамына: «қара зат», төрт төмпешік, қызыл ядро, бас сүйек жүйкесінің ядро лары, торты құрылым кіреді. Ортаңғы ми арқылы таламус пен мишыққа түрлі жоғары өрлеуші жолдар; үлкен жартышарлар қыртысынан, жолақты денеден, гипоталамусан келетін төмен түсуші жолдар өтеді.
Төрт төмпешіктің алдыңғы төмпешігі – біріншілік көру орталығы (қарашық рефлексі) – бағдарлану күзеттік рефлексінің орталығы Төрт төмпешіктің артқы төмпешігі – біріншілік ммместу орталығы – бағдарлану күзеттік рефлексінің орталығы Қара субстанция – жұту мен шайнау рефлекс терін үйлестіреді, пластикалық тонус ты реттейді, үлкен нақтылықты қажет ететін саусақтардың нәзік қимылдарын орындайды


(ортаңғы ми қызыл түспен белгіленген)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет