Отбасында әкенің орны қандай?



бет1/2
Дата23.05.2017
өлшемі1,71 Mb.
#16584
  1   2
Отбасында әкенің орны қандай?
Әрбір бала үшін өмірде ана мен әкенің ыстық махаббатына шомып өсіп, өмірдегі ең жақын жандарының аялы алақан жылуын сезінуден артық қуаныш бар ма? «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», - демекші, әр шаңырақ толықтығымен бақытты. Алайда, бұл қуанышқа әрбір бүлдіршін қол жеткізе алмайды. Ортамызда ата-ана жауапсыздығынан қорғансыздың күйін кешіп, тірі жетім атанып, болмаса ерлі-зайыптылардың тіл табыса алмай ажырасуы салдарынан жүректегі үлкен сызатпен өмір кешіп жүрген немесе әкенің ішімдікке салынып, отбасының шырқын бұзуынан бақытсыздық қамытын киіп өсіп келе жатқан жеткіншектеріміз қаншама! Осының бәрі бірінші кезекте анадан бұрын әкенің бала тағдырына бей-жай қарауынан орын алатын жағдай. Өйткені, ана отбасының берекесін қанша кіргізбек болса да, әке кейін тартып тұрса, ол үйдің тәрбие қазығы бекем қағылған деп айта алмаймыз. Осыған орай біз бүгін «Отбасындағы әкенің орны қандай?» деген сауал төңірегінде Ақсу ауданындағы оқырмандармен әңгіме өрбітуді жөн көрдік.




Балалықты даналықпен бағала

Нұрбек Қасымбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Жасыл желектей жайқалып өсіп келе жатқан жастарға қамқорлық жасап, ақыл-кеңес беріп, заманымыздың жаңа талаптарына лайықты тәрбиелеп, тұлға ретінде жетілуіне бірден-бір жол ашатын жан – ата-ана.

Рас, бүгінде ұлттық тәрбиеде бәрі жақсы деп айта алмаймыз. Ел болған соң, ішінде «естісі де, есері де болады». Әкелердің арасында «ақылмен жүріп, анық басып», ұрпағын тәрбиелеп өсіріп, абырой-беделмен жұртшылыққа үлгі-өнеге болып жүргендер жетерлік. Сонымен бірге өмір бойы жинап-терген аздаған жақсы қасиетіне ие бола алмай, осалдық танытып шашыратып алып, қайтадан тере алмай жүрген кейбір осал әкелердің де бар екенін мойындаймыз. Отбасында ұлағатты өсиеттің орнына кей кезде мән-мағынасыз бос сөздің айтылатынын, тәрбиелеп отырған ұл-қыздың алдында арақтың да ішіліп, көк түтінге көміліп, темекінің де маздайтынын көріп те жүрміз. «Болған-толған» осы екен деп, тәубаға келе алмай құдайшылықты ұмытып кететін «жетесіз әкелердің» де арамызда кездесетіні қынжылтады.

Ұлттық рухани асыл мұрамызды уағыздаудағы үгіт-насихат, тәлім-тәрбие жүйелі түрде жүргізілмей төмен деңгейде болуының салдарынан күнделікті толассыз теледидар және басқа да жолмен беріліп жатқан атыс-шабыс, зорлық-зомбылық, ашық-шашық киіну, адамдарды аяусыз қынадай қыру сияқты жағымсыз жәйттердің етек алып, бүгінгі жастардың өміріне біртіндеп дендеп еніп жатқандығын байқап та, көріп те жүрген ата-аналардың отбасында дәрменсіздік танытып отырғандығы да жасырын емес.

«Болса тәртіп, жастар өсер қамданып, баппен ұста, заңмен жүрсін жол тауып», – дегендей, отбасындағы әке-шешенің, қоғамдық ортаның талап-тәртібі күшейтілмей, саналы тәртіп те, сапалы, мағыналы өмір де болмайды. Қатаңдықтың жөні осы екен деп орынсыз ұрысып, ар-намысына тисең, ұтыласың. «Ақылсыз айқай тіл шығарады», – деген, әр нәрсеге мән бере отырып, сөзіңді дұрыс жеткізе білсең, еститін құлақ та, тындайтын ойлы бала да табылады. «Ата – балаға сыншы». Дегенмен, «баланың балалығына – әкенің даналығымен» қарап, қандай істі болсын насырға шаптырмай, байыптап, сабырмен шешіп отырған жөн.

Соңғы уақытта көпшілік әке тәрбиеден шет қалуда. Баласының тәрбиесін анаға жүктеп қою жиі кездеседі. Мектепке жиналысқа баратын да көбінесе ана, балаға бірнәрсе қажет болса, соны тауып беретін де – ана. Ал әке рөлі төмендеуде. Бұған бірінші себеп: жайбарақаттық пен жалқаулық. Осының салдарынан үйдегі әйелінің балалар үшін алатын жәрдемақысына немесе отбасында қария болса, соның зейнетақысына күнелтіп, үйкүшік, масыл болып отырған әкелер қаншама? Уақытын қалай өткізерін білмей, іші пысып, әр нәрсеге бір соқтыққан ер азаматта қандай бедел болсын. Оған деген жарының, балаларының құрметі де төмен болады.



Ішіп алып тентіреп көше кезген әкенің теріс тәрбиесінен балалардың да болашағына балта шабылады. «Алма алма ағашынан алысқа түспейді», – дегендей, осы сорақы қылықты көріп өскен бала ертең оны қайталайды. «Әкем ішеді, неге маған да ішпеске» деген ой ішкі түйсігінде қылаң беріп тұрады. Ал ішімдіктің салдарынан қаншама отбасы ойран болып жатыр. Өйткені, отбасының діңі, темірқазығы – ер адам. Үй-ішінің жайлы өмір сүруі, бала-шағаның тәртіпті болып өсуі – отағасының ақылы мен еңбекқорлығына байланысты. Әйел қанша табыс тапсын, онымен ол кейбір жыртықты жамауы мүмкін, бірақ отбасының көсегесін көгерте алмайды. Ал еркектің тапқан кішкене нәпақасының шаңырақтың шаттығын асырып, іргелі іске жұмсалып жататындығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан әйел үйішінің берекесін келтірсе, сол берекеге берік негіз қалайтын ер адам екенін ұмытпайық. Әке мықты, көрегенді болса, одан тамыр тартқан бала да жалынды, жігерлі, мәрт жүректі болып өсері хақ.
Өнеге біліммен ұштасса..

Қарлығаш Абеуова,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет