Отан отбасынан басталады



Дата03.11.2023
өлшемі14,33 Kb.
#189189
Байланысты:
Эссе Отбасы


Эссе
Менің отбасым-менің тірегім
"Отан - отбасынан басталады"- деп бабаларым тегін айтқан жоқ қой. Біздің жанұямыздың жылулығы мені биік мақсаттар мен аппақ армандарға бастайды. Асқартаудай әкемнің, аяулы, мейірімді анамның шексіз махаббатына бөленіп өсіп келем. Білім ұясы мектебімнің озат оқушысы болу мен үшін үлкен мәртебе болар еді. " Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің"- дегендей отбасымның татулығы, тәлім- тәрбиесі көп әсер етуде.
Менің ең бақытты сәттерім біздің үйдегі ең жақын жандарымның уайымсыз ойнап, күлуі. Мен Отанды сүюді, ұстаздарымды құрметтеуді, үлкендерді сыйлауды отбасымнан үйрендім. Сондықтан да отбасым - менің тірегім. Мен отбасыммен мақтана да, шаттана да аламын. Өмірге келген әрбір сәби отбасының жылулығы мен шексіз махаббатына бөлінеді ғой. Бізді ыстыққа күйдірмей, суыққа тоңдырмай келе жатқан ата- анамызға ризашылығымыз ерекше! Менің жеңісті, табысты, бақытты сәттерім отбасыммен байланысты. Алда биік белестерді бағындырып, білім биігіне қанат қақсам да ата- анамның ақ батасы, ыстық ықыласы керек деп ойлаймын. Сөз соңында өзімнің ой-толғауымды өлең жолдарымен аяқтағанды жөн санап тұрмын!

Асқартаудай биік шың әке деген,


Ұл- қызын кішкентайдан мәпелеген!
Шаттанып мен мектепте жүрсемдағы,
Мақтанып жүремін ғой әкемменен!

Аяулы, мейірімді ғой ана деген,


Аналар бақытты ғой баламенен!
Отбасымыз бақытты болса егер,
Жұлдыз болып аспанда жана берем!

Мейірім, шаттық үйімде табылады,


Алдымнан жақсы жандар жолығады!
Тілегім отбасымыз бақытты боп,
Ешқашан шайқалмасын шаңырағы!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет