Агнозия — ми сыңарларының локалды зақымдануы салдарынан адамның бұрын көргенін, естігенін, түйсінгенін қайтадан тани алмауы. Агнозия келесі түрлерін ажыратады:
Астереогнозия – тактильді гнозисті тексеру кезінде науқас өзіне таныс заттарды тани алмайды.
Көру агнозиясы – науқас заттарды көреді, бірақ оны танымайды. Патология шүйде аумағындағы ассоциативті аймақтың кең көлемді зақымдануында пайда болады. Шектелген көлемде зақымдалғанда метаморфопсия (заттың бейнесін дұрыс қабылдамау), макропсия (үлкейтіп қабылдау), микропсия (кішірейтіп қабылдау) дамуы мүмкін.
Есту агнозиясы – науқас дыбыстардың шығу тегі мен мағынасын түсіне алмайды, заттарды олар шығаратын дыбысқа қарай ажырата алмайды.