Алексия деген не және бас мидың қандай аймақтары зақымдалғанда ол туындайды?
Науқас сауаты бола тұра, мәтінді дауыстап оқуын сұрағанда, оқи алмайтындығы анықталады. Алексия сол жақ төменгі төбе (қарақұс) бөлігіндегі бұрыштық иірім зақымдалғанда туындайды.
Оқу, жазу, есептеу зерттеу әдістері қандай?
Оқу қабілетін зерттеу үшін берілген мәтінді науқасқа дауыстап оқуын сұрайды және сонда дәрігер жазған нұсқаулықты дұрыс оқып орындауын тексереді.
Науқастың жазу қабілетін тексеру үшін кітаптағы мәтінді көшіріп жазуын, диктант жазуын және сұрақтарға жазбаша жауап беруін сұрайды.
Науқастың есептеу қабылетін тексеру үшін абстрактілі есепті шешуін, математикалық өрнекті қарапайымынан бастап күрделендіре түсіп мәнін табуын сұрайды.