Моторлы афазияның симптоматикасы қандай?
Сөйлеуге қатысатын бұлшықеттердің толық сақталғаны мен зақымданбауына қарамастан науқас сөйлеу қабылетін жоғалтады, кейде тек бір ғана сөзді айта алуы мүмкін және онымен барлық сұраққа әр түрлі интонацияда жауап береді.
Экспрессивті сөйлеудің тексеру әдістерін атаңыз.
Қайталамалы сөйлеу – алдымен науқасқа жеке әріптерді, кейіннен буындарды, соңынан жеке сөздерді қайталауын сұрайды.
Автоматты сөйлеу – науқасқа күнделікті өмірде жиі қолданатын, қалыптасқан реттіліктерді айтып беруін сұрайды. Мысалы, 10-ға дейін санау, алфавиттегі әріптерді, апта күндерін, жылдағы 12 айды реттілікпен айту, т.б.
Баяндап сөйлеу – науқастан «Сізді не мазалайды?», «Сіз қалай ауырып қалдыңыз?» деген сияқты сұрақ жауабын немесе науқасқа таныс кітап, кино, мультфильм мазмұнын айтып беруді сұраймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |