Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер



Дата20.06.2018
өлшемі21,53 Kb.
Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер

Тілдің қалыптасып, дамуы ең алдымен қоғамдық ой-сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрлеуіне, әсіресе көркем әдебиеттің кең өріс алуына тікелей байланысты. Көптеген лингвист-ғалымдар айтып-жазып жүргендей, тілдің дамып-жетілуі тарихи категория екені даусыз. Ол өзінің сан ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи бітім- болмысына қарай, ішкі даму заңдылығы бойынша өркендеп жетіледі. Солай бола тұра оған тарихи кезеңдердегі түрлі себеп-салдардың әсерінен қалыптасатын саяси-әлеуметтік жағдайдың да өзіндік ықпалы болады. Тілді ұлттан, ұлттық мәдениеттен, ұлт өмір сүріп отырған қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастан бөліп қарау мүмкін емес дейтініміз содан.

Қазақ пен орыс халықтары қонысы мен өрісі ежелден іргелес көрші елдер, бұл елдердің арасындағы сауда-саттық , шаруашылық пен мәдени байланыстар өте ерте кезден дами бастағандығы белгілі . ХVІ- ХVІІ ғасырларда сауда-саттықпен байланысты қарым-қатынастар күшейе түссе, ХVІІІ ғасырлардың 30-ыншы жылдарынан бастап Қазақстанның Ресей империясына бағынуы бұл байланыстарды одан әрі нығайта түскен. Осындай ұзақ уақыт үздіксіз қарым-қатынаста болу нәтижесінде орыс тілінен қазақ тіліне көптеген сөздер ауысқан.

Қоғамның дамуының әр кезеңінде тілге енген өзгерістерді байқаймыз . Сонымен байланысты тілдің сөздік құрамы да молайып отырады. Жаңа ұғымдар пайда болады. Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі дамуда болады. Бір сөздер қолданысқа жаңадан еңіп жатса , кейбіреулері күнделікті қолданудан қалады. Ғылым мен техниканың, өндіріс пен ауыл шаруашылығының, мәдениет пен тұрмыстың канат жайып, дамыған шағында жаңа ұғымдарды білдіретін жаңа сөздер тілге топтап енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мәдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген неологизм ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Ондай сөздер де көпке таныла бермегендіктен жаңа сөздер қатарына жатады. Тіліміздегі мұндай сөздерді неологизмдер дейміз. Неологизмдер тілге сіңісіп, жалпыхалықтық сипат ала қоймаған жаңа сөздер деген ұғымды білдіреді. Неологизм сөздеріне Шәбікен Кәрібайұлы Бектұровтың берген анықтамасын қарастырсақ : «Архаизмдерге қарама-қарсы құбылысты атаған сөздерді неологизмдер дейміз. Олар-тілдің сөздік құрамына енген жаңа сөздер. Жаңадан енген сөздердің тың, жаңа екендігі аңғарылып, сезіліп тұрғанда ғана неологизм болады» -деп көрсеткен.

Бүгінгі неологизм деп таныған сөзіміз 5-10 жыл өтісімен-ақ, неологизмдердің тізімінен шығып актив сөздердің қатарына барып косылып жатады. Мысалы, Ш. К. Бектұровтың 2006 жылы шыққан қазіргі қазақ тілі кітабында : сынып, әуежай, әдістеме, заңгер, сыйақы, төлемақы, дереккөз

деген сөздер неологизм сөздер деп жазылған. Осы терминдердің өзі соңғы кезде ғана пайда болғандығына қарамастан, кейбіреулері қазірдің өзінде неологизмдер тобынан актив сөздердің қатарына қосылды. Сонда неологизмдерге шек қойып ажыратудың өзі өте қиын екендігін аңғарамыз. Мұндағы ұстайтын негізгі принцип жаңа сөздің жеке басы бір тілде сөйлеушілерге қаншалықты түсініктілігімен ғана өлшенбек.

Кейінгі уақытта да неологизмдердің қатары толықтырылып отыр. Мысалы, компьютердің қолданылуына байланысты цифрлық- интерактивтік мультимедиалық білім беру қоры, электронды оқулықтар, ІТ, ТД технологиялар, интерактивті тақта және т.б. сол сияқты ұғымдарды білдіретін сөз тіркестерін бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен кездестіруге болады ( "Информатика" журналы).

Соңғы  жылдары  қазақ  тілінің   мәртебесі  өсіп, қолданылу аясының  кеңеюіне  байланысты  орыс тілдерінде қолданылып жүрген сөздер де өз аудармаларын табуда. "Ертіс өңірі" газетіндегі 2013 жылдың 21 тамызында жарық көрген мақалада : "Шалғай жатқан елдімекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мобильдік қызмет көрсету орталығы ашылған " -деген сөйлемде мобильдік қызмет көрсету орталығы жаңа сөз тіркесін мысалға алуға болады . "Егемен Қазақстан" газетінің 41 нөміріндегі: басқосу (съезд), жемқорлық (коррупция) сөздері, "Қазақстан -заман" газетінің 16 нөмірінде: зияткер, таңба, әмбебап , ауқым -деген жаңа сөздер кездесті. Бұл сөздер бұрын-сонды қоғамда интеллектуал, символ, универсал, диапазон деп орыс тілінде қолданылып жүрген. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен анықтама алсақ, бұл сөздердің бастапқы мағынасы басқа болғанын байқаймыз. Әмбебап сөзі жан-жақты, бесаспап , зияткер сөзі азаматтық мүліктік құқықтар нысаны, жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айырықша меншік дегенді білдіреді.

Неологизмдердің тағы бір жолы: бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Мұндай сөздер қазіргі қазақ тілінің қорында бар. Мысалы: желі (жила), шөктіру (усаждение), т.б. Жаңа ұғымды білдіретіндіктен, бұл сөздер де неологизм болып табылады. Шөктіру деген сөздің мағынасын салыстырыңыз. Бұл сөз бұрын түйені еріксіз жатқызуды білдірді, ал қазір ол геология термині болып та есептеледі. Дәл осы секілді желі деп бұрын тек бие байлау уақытында құлындарды тізіп байлап қою үшін қазыққа керілген арқанды атаса, қазір тау жынысын білдіретін атау және ғаламторға қатысты термин болып қалыптасып отыр. Бұл сөздер қазақ тілі сөздік құрамына, бір жағынан, неологизм болып, екінші жағынан, термин болып кірді. Бұл тілдегі құбылыс қоғамның тарихи дамуына қарай сөздердің бастапқы мағыналары өзгеріске ұшырап , қосымша мағынаға ие болғандығын дәлелдейді.

Неологизм сөздердің қатары үлкейгенімен кей жаңа сөздер қолданысқа енбей де қалуы мүмкін. "Руль" сөзінің аудармасы- меңгерік, "симптом"-әйгіленіс, "виртуалды" сөзі -ауани , "балкон" сөзінің аудармасы- қылтима немесе самалық деп аударылып жүр. Қазақтың түсіндірме сөздігінде "қылтима" сөзі өкпелегіш деген мағынаны да білдіреді. Ондай аудармаларды адамдар білмей де жатады. Орыс тілінен аударылған сөздер, сөз тіркестері тура мағынада аударылып, түсініксіз болып таралады. Оның басты мәселесі, бұл аудармалардың нәтижесі, тіліміздің шұбарлануына әкеліп соғады. Сондықтан жаппай аударма жасай беру де орынсыз. Жазушы, аудармашы Ислам Жарылғапов кезінде аялдама, балмұздақ, оқырман, көрермен сөздерін орыс тілінен аударған. Бұл сөздер неологизмдер болып еніп, әлі күнге дейін қолданылып келеді. Сәтті аударылған сөздердің ғұмыры да ұзақ болмақ.

Зерттеу нәтижесінде мен, неологизм сөздердің қазіргі қазақ тілінің дамуына қосатын үлесін анықтадым. Олардың маңызы мен қолданыс аясының өте кең екендігін білдім.

Оқушылардың жаңа сөздермен таныстығы әрекет ету құралы ретінде оқу болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың сауаттылығын дамытуға, болашақта шет тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталады. Қоғамда қолдануын талап етілетін тілдердің коммуникативтік құзыреттіліктерін игерген тұлғаның даралануы мен әлеуметтенуіне мүмкіндік жасайды.

Өзімнің жобамды еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның болашағы -қазақ тілінде " деген қанатты сөзімен аяқтаймын.



Қолданылған әдебиеттер:

1. Ш. К. Бектұров, Қазақ тілі Алматы "Атамұра" 2006

2. М. Ә. Қараев, Қазақ тілі Алматы "Ана тілі" 1993

3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі "Атамұра" 2006

4. М. Жүнісова Алматы 2008

5. Қазақша- орысша, орысша -қазақша сөздік Алматы 2002

6. "Информатика" журналдары

7. "Ертіс өңірі"газеті 2013



8. "Қазақстан-заман" газеті 2013

9. "Егемен Қазақстан" газеті 2013
Каталог: uploads -> doc -> 0411
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0411 -> Сабақтың тақырыбы: «Физика-менің өмірім»
0411 -> Сабақтың тақырыбы: Иран және Ауғанстан Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Иран және Ауғанстан туралы мәлімет беру
0411 -> Сабақтың тақырыбы: Әйгілі Вена опера театры 65-67б. Сабақтың мақсаты: Вена опера театры жайлы білім беру


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет