Алдыңғы орталық иірім (қатпар) пирамидалық жолдың негізін құрайды да, ерікті қозғалыстың реттеу орталығы болып табылады. Зақымдалған кезде симптомдар – орталық генезді моноплегия н/е гемиплегия қарама-қарсы бетте; қыртысты, ошақты Гагарин-Джексон эпилепсия ұстамалары.
Артқы орталық иірім жалпы сезімталдық анализаторының қыртысты соңын құрайды, реттеу орталығы болып табылады. Зақымдалу симптомдары – гипестезия н/е анестезия зақымдалған бетке қарама-қарсы бетте; парестезия симптомдары зақымдалғанға қарама-қарсы бетте.
Достарыңызбен бөлісу: |