Сенсорлы афазияның симптоматикасы қандай?
Сенсорлы афазияда науқас оған айтылған сөзді естиді, бірақ түсіне алмайды. Патологяи негізінде фонематикалық есту бұзылысы жатыр (әріп, дыбыстарды айыра алмау). Бұл афазияның түрінде парафазия термині бар. Әдеби парафазия – науқас сөздегі дыбыстардың орнын ауыстырып алады, мысалы, «кемпірқосақ» сөзін «кепмірсоқақ» деп айтуы мүмкін. Вербальды парафазия – бір сөздерді мүлде басқа сөздбен ауыстырып сөйлейді, соның нәтижесінде науқас сөйлемі мағынасыз болады.
Импрессивті сөйлеудің тексеру әдістерін атаңыз.
Алғашында науқастан сөз мағынасын қалай түсінетінін тексереді, айналадағы заттарды атап, соны көрсетуін сұрайды;
Кейіннен науқастан жай және күрделі сөйлемді қалай түсінеді, соны тексереді. Алдымен қарапайым нұсқаулықтарды айтады, мысалы, «қолыңды көтер», «басыңды бұр» деген сияқты. Содан соң нұсқаулықты күрделендіреді, мысалы, «қаламмен кітапты көрсет».
Ауырлау құрастырылған сөйлемдерді айтып, соған байланысты сұрақ қояды. Мысалы, «Алманы алмұрттан соң тердік. Бірінші қай жемісті тердік?» деген сияқты
Бірдей сөздерден құралған сөйлемдердің мағынасы жағынан дұрыс-дұрыс еместігін анықтауды сұрайды. Мысалы, «түйе қозыдан үлкен», «қозы түйеден үлкен».
Фонематикалық естуді тексереді, ұқсас әріптерді қайталауын сұрайды: б-п, п-б, т-д, д-т, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |