5 туризмнің теориялық аспектілері қОҒамдық дамудың экономикалық критериясы ретінде



бет4/18
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#59545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дип.-“Kami-travel”-туристік-фирмасы
Дип.-“Kami-travel”-туристік-фирмасы (копия 1)
Келген жерде болу ұзақтығы – бұл келіп-кетушілердің статистикалық жиынтығын бөліп көрсетудің екінші белгісі. Ол күнделікті орта тұжырымдамасының дамуына енгізіледі және туристер мен экскурсанттарды резиднттерден ажырата білуге мүмкіндік береді. Болу ұзақтығы 12 аймен шектеледі, одан кейін келіп-кетуші тұрақты тұрғын санатына ауысады да, туризм статистикасында есепке алынбайды. Бұрынғы тұрғылықты орнына қысқа келу (мысалы, туыстарына қонаққа келу) жағдайында бұл тұлға сол территотияның келіп – кетушісі ретінде тіркеледі. Атап айтсақ, Оңтүстік Еуропаның басты қабылдаушы туристік елдері – Италия мен Испанияда келу туристік ағымының үлкен бөлігін отанына келуші эмигранттар құрайды.
Сапар мақсаты (себебі) – келіп-кетушілердің үшінші белгісі. Басқа саяхаишылардан айырмашылығы олардың саяхаттауының себептері ресми құжаттар мен ғылыми әдебиеттерде кең түрде көрсетілген туристік себептер болып табылады. Келіп – кетушілерді статистикалық есепке алудың ыңғайлығы үшін Бүкіләлемдік Тіристік Ұйымның ұсынуымен (1-сурет) туристік мақсаттар бірнеше топтарға біріктірілген: бос уақыт, рекреация, демалыс; туыстар мен таныстарға қонаққа барып қайту; іскерлік және кәсіби мақсаттар (іскерлік кездесулерге, конференцияларға, конгрестерге қатысу тағы басқа); ем қабылдау, діни қасиетті жерлерге зиярат ету (қажылық); басқа да туристік мақсаттар.
Жай көзбен қарағанда келіп – кетушілердің статистикалық жиынтығы өте ала – құла және әртүрлі болып көрінеді. Саяхат мерзімінің әртүрлі ұзақтығы сапарлар географиясына, қозғалу әдістеріне қарамастан, барлық бұл тұлғалар бір санатқа біріктірілген және барлық жұмыс іздеу және ақы төленетін қызметті жүзеге асыру үшін жолға шығатын тұлғаларға қойылған.
Жоспарлы мақсаттар (себептер) бойынша жіктеу мигранттардың екі санатының әртүрлі экономикалық табиғатын көрсетеді. Олардың әрбірінің ерекшліктері шекарадан тыс шыққан жағдайда өте айқын білінеді, дегенмен жіктеу ішкі саяхатшылармен бірдей халықаралық саяхатшыларға да қатысты.
Ежелгі Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар – аса ауқымды туристік нысан болып табылатын Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мың жылдыққа ұласады. Ортағасырлық Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар, мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.
Аталған кезеңде Ұлы Жібек жолының солтүстік түркі тармаға бойынша VI – XIV ғасырлардағы саяхаттар тек қана сауда үшін ғана емес, сонымен қатар қажылық, емдік және білім алу мақсаттарымен де болғаны туралы жеткілікті негіздемелер бар. Қазақ жерлері арқылы да жүріп өткен атқты саяхатшы Марко Поло: “Ұлы ханның жаушысы Канбаладан қандай жолмен шықса да, 25 шақырымнан кейін станса, оларша янб, ал бізше атты поштаға жетеді, әр стансада жаушылар тоқтайтын үлкен, әсем үй бар. Бұл керуен сарайларға сәнді жібек көпелерімен көз тартатын кең төсектер қойылған, жаушыға керектің бәрі бар, тіпті патшаның өзі де осында тоқтай алады”, - деп жазған.
Қазақстан аумағындағы ең бірінші туристік нысандар түркі тайпаларын жаулап алумен және олардың атамекенінен ауа көшуімен байланысты. Қазақстанда қажылық туризмін ең бірінші ұйымдастырған Әмір Темір болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары әр тірлі әлеуметтік туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізі 1399 ж. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған кесене болды.

Бірақ Қазақстан туризмі тарихындағы ең елеулі табыстардың көбі жаңа заманда жүзеге асты.


1991 жылға дейін Қазақстанда үдемелі дамып отырған әлеуметтік туризм басым болды. Отандық әлеуметтік туризді тек мемлекет қана емес, сондай – ақ, кәсіподақ та қаржыландырды, сондықтан туристік базаға 20 күндік жолдама орташа жалақыдан артық болған жоқ. Сонымен қатар,кәсіподақтар туризм жөніндегі облыстық және республикалық кеңестер арқылы сан мыңдаған адам қатысатын спорттық туризмнің дамуын қаржыландырды. Қазақстандықтардың сорттық және белсенді туризм турлеріедегі едәуір табыстары осымен тісіндіріледі.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің орнын экономикалық туризм ығыстыра бастады және оның жоғары дамыған индустрияға, ұлттық экономиканың маңызды бір саласына айналуы мәселесін шешу керек. Сондықтан шет елдерде және өзіміздің елде адамзат тарихының әр түрлі кезеңдеріндегі туризмнің тиімді даму факторларын зерттеу қазіргі күндегі өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Туризм тарихы бойынша еңбектердің нәтижесін пайдалану туризм танудың негізгі теорияларын дамытуға, Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудағы осы заманғы тұжырымдаманы жасауға және туристік кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.
Шетелдік азаматтарға Қазқстанға саяхат ұйымдастырудың экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік пайдасы бар, өйткені республикаға келетін валюта ағынын, жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, ұлттық инфрақұрылымның дамуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін туристік қызметті реттеудің және халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта жанғыртудың негізі қаланды.
Бүгінгі күнде біздің мемлекетте турузмнің даму бағыттарын Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 маусымындағы “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 30 сәуіріедегі “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО және Дүниежүзілік туристік ұйымның Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолындағы туризм инфрақұрылымының дамуы бойынша жобасын жүзеге асыру туралы” және 1998 жылдың 27 ақпанындағы “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жанғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және мұрагерлікпен дамыту, туристік инфрақұрылым жасау” жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарғылықтары белгілеп берілді. Бұл құжаттарды қабылдау Қазақстанның туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді.
Туризм саласында халықаралық қатынастарды дамытуға байланысты қадамдардың бірі – Қазақстанның 1999 ж. елде 415 туристік ұйым қызмет еткен, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік ұйымдар және 14 шетелдік туристік агенттіктер бар. Қазақстан кәсіпорындары 80 елдің туристік фирмаларымен келісімшарттық қатынастар орнатты. 4 алматылық және 13 обылыстық турфирмалар 8 мемлекетке туристік авиарейсті жүзеге асырады.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар топтары едәуір дамыған. Осы облыстар мен қалалардағы туристік ұйымдар күн сайын туристер мен экскурсанттардың 88% - іне қызмет көрсетеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қоса есептегенде, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет