Ханафи мәЗҺабының имамдары түркістанғА, бекет-ата мазарына және басқа да қабірлерге «Қажылық» жасауғА Қарсы



Дата26.06.2018
өлшемі44,5 Kb.
#44417
Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен

ХАНАФИ МӘЗҺАБЫНЫҢ ИМАМДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА, БЕКЕТ-АТА МАЗАРЫНА ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАБІРЛЕРГЕ «ҚАЖЫЛЫҚ» ЖАСАУҒА ҚАРСЫ

Соңғы жылдары Орта Азияда өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың санасына Түркістанға қажылық жасау идеясы сіңдіріліп жатқаны сыр емес. Бұл идея әртүрлі ұсынылады. Кейде ол «кіші қажылық» деген ұранмен таратылады, ал кейде «Жол аштырып, берекет тілеп қайту» деген қарапайым ұғымдар қолданылады.

Жыл сайын жылы маусымның кірісімен-ақ адамзат үшін қатерлі болған осы адасушылықты пайда көзіне айналдырып алғандардың іс-әрекеті белсендей түседі. Олар Аллаһтың дінінен бейхабар адамдарды өздері «қасиетті орындар» деп атап қойған жерлерге зиярат жасауға тартып, осыны «кіші қажылық», Түркістанды «екінші Мекке», ал діни сауаты жоқ адамдар оны береке тілеп, айналып тауап жасайтын Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін «Аллаһқа жақындататын орын» деп айтады. Оның үстіне сапардың өзі Ислам дінінде негізге ие болмаған рәсімдік іс-шаралардың ұйымдасқан кешеніне айналдырылған. Мысалы, жалған қажылықтың қатысушылары Түркістанға барудан бұрын Ахмет Яссауидің ұстазы болып саналатын Арыстан-Бабтың жерленген кесенесіне барып түнеп, соның моласының үстіне соғылған мазардағы ғибадатханада намаз оқып, қабірінің алдында тілек тілеп, қабірдің есігіне ақ мата байлап, мүмкіндігі жеткендер құрбан шалып, ал содан соң ертеңіне таңертен Түркістандағы Қожа Ахметке жол алуы қажет. Ал Қожа Ахмет кесенесіне келгеннен соң, тайқазанға тиын тастап, кесененің өзін тілек тілеп айналып, кейін Қожа Ахметтің жер асты үңгірін көріп, мешітінде намаз оқып, ізінен осы жерде орналасқан басқа да қабірлерді зиярат етіп, соңынан кетудің алдында осы жерде көптеп сататын көзмоншақ, тіс, құс-жанауарлардың тырнақтары, адыраспан сияқты тұмарларды алып жақындарына тәбәрік ретінде алып кетеді.

Елдің батыс аймақтарында өмір сүретін қазақстандықтар үшін осындай орын Бекет-Ата мазары болып табылады екен.

Осы себепті де ханафи мазхабының атақты имамдарының қабірлерге жасалатын қажылықтарға қалай қарайтынын білдіретін сөздерін келтіру қажет болды.

Бірақ жоғарыда айтылғандарды біреулер бос сөздер деп санамауы үшін, адамдардың арасында осы идеяның таралуының мәнін түсінуге мүмкіндік беретін үзінділерді келтірген жөн болар.

Бұл үзінділердің барлығын және тағы да басқаларды еш қиналмасатан, интернеттің түрлі сайттарынан табуға болады.

1. «1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазрет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы –Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң, атақты болды. Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып саналады».
2. «Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады».

3. «Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасетті жерлерге баруды Кіші қажылық деп санайды».

4. «Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады. (Түркістан) Арыстан баб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орын. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды»
6. «Қожа Ахмет Ясауиге тәу етушілер алдымен Арыстан бабтың басына барып түнейді».

Енді ханафи мазхабы ғалымдарының қабірлерге «қажылық» жасауға қалай қарайтындары туралы айтқан сөздерін келтіру қажет

1. Имам Уалиуллаһ әд-Дахләуи (1176 х/ж) былай деген: «Көпқұдайшылдықтың тағы бір көрінісі Аллаһқа емес, белгілі «қасиетті» орындарға қажылық жасау болып табылады».(«Худжату Ллаһи әл-Балиға» 1/188).

2. Имам Шукри әл-Алюси (1343 х/ж) былай деген: «Молаларға табынушылардың1 кейбір шекке шыққан фанатиктері қабірлерге қажылық жасайды. Ал олардың кейбіреулері Меккеге де қажылыққа аттанады, алайда іс жүзінде Қажылық оларды мүлде қызықтырмайды, өйткені олардың мақсаты Пайғамбардың қабіріне бару болып табылады. Сонымен бірге олардың көбі тіпті Қағбаға да бармайды. Ән-Набхани2 және сол сияқтылар бұл әрекеттерді Қағбаға Қажылық жасаушының істерінен де жақсы деп санайды.3 Жағдай тіпті молаларға табынушылардың кейбір көшбасшылары былай деп айтуларына дейін жетті: «Бұл дүниеде қажылық жасалатын үш үй бар: Қағба, Құддыс (Иерусалим) және Үндістандағы пұт». Ал молаларға табынушылардың кейбіреулері өз шейхтарының (пірлерінің) қабірлерінің алдында Қажылық кезінде Арафат тауында тұрғандай тұрады. Бұл бүгінгі күні батыста да, шығыста да орын алуда». («Ғаят уль-Амани» 2/347-348).

3. Имам әл-Баркауи (981 х/ж) былай деп айтты және оның осы сөздерімен имам Ахмад әр-Руми де (1043 г/х) келісті: «Ал өздері де адасқан және өзгелерді адастыратын осы адамдар қабірлерге Қажылық ұйымдастыруға дейін және сол орындарда Қажылықта орындалатындарға ұқсас құлшылықтың ерекше рәсімдерін жасауға дейін барды. Олардың соқыр сенімді жетекшілерінің бірі тіпті бұл туралы кітап жазып, оны «Манасик уль-хадж аль-машахид»(«Мазарлардың алдындағы қажылықтың рәсімдері»)»4 деп атады. Осынысымен ол мазарлар мен кесенелерді Қорықты Үймен (Қағбамен) теңестіргісі келді. Және бұл - Ислам дінінен айқын шығу мен пұтқа табынушылардың дініне кіру екені ешкімге сыр емес. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлердің алдында істеуге тыйым салған іс-әрекеттер мен мыналардың ұйымдастырғандары әрі мақсат етіп ұмтылғандарынының айырмашылықтары қаншалықты екеніне қараңыздар. Және онда сипаттауға келмейтін мөлшердегі оңбағандық пен күнә бар екендігіне күмән жоқ!» («Зиярат уль-қубур» 20-бет)



Өкінішке орай, Түркістанға қажылық немесе оның кейбір рәсімдерін жасау белсенді түрде дамып жатыр. Ал жылдар өте, соның себебінен адамдар мұны құдайсыздық және Құдайға тіл тигізу деп есептемей, тіпті осы адасушылықтарды Исламның бір бөлігі деп санауда. Ал басқа араб елдеріне келер болсақ, мысалы, Мысырда Бадауидің туған күніне оның қабірінің басына жыл сайын жиналатын адамдардың саны Меккеге қажылыққа келгендердің санынан қалмайды. Және бұл идея толығымен құдайсыз сенімдерге дейін алып барады. Сондай құдайсыздардың имамдарының бірі Ибн Саб’ин (сөзге орай айтып кететін нәрсе: оны сопылардың көптеген тариқаттары әулие және Аллаһқа жақын ізігілерден деп санайды) Қағбаны тауап жасап (жеті рет айналып) жүрген қажыларды келемеждеп, былай деген: «Мыналар диірменнің тасын айналып жүрген есектер сияқты. Егер олар мені айналғанда, олардың айналуы мына Үйді айналудан құрметтірек болар еді». Қз.: «Джухуд ‘уляма әл-ханафия» 1-сілтеме, 1325-бет)

1Молаларға табынушылардың (қубурия) орташылдары және шекке шыққан, соқыр сенімділері (фанатиктері) болады. Ханафи мазхабының бұл имамы олардың ішіндегі қабірлерге қажылық жасаушыларын молаларға табынушылардың фанатиктеріне, яғни шекке шыққандарына жатқызғанына назар аударыңыздар.

2 Молаларға табынушы сопылардың көшбасшыларының бірі.

3 Мұның себебін шекке шыққан сопылардың жетекшілерінің бірі Нуруддин әс-Сами ән-Нақшбанди (898 х/ж) былай деп ашып берді: «Өзінің ішінде Пайғамбардың денесін сақтап тұрған жердің бұл киелі телімі Қағбадан, Аллаһтың Ғаршынан және Оның Күрсісінен сыйлырақ, бұл туралы біздің фақихтарымыз (ғалымдарымыз) айтатындарындай-ақ». Қз.: «әл-Муханнид ‘аляль- Муфаннид» с.34-36.

4 Бұл кітаптың авторы рафидилердің (шекке шыққан шиғалар) жетекшілерінің бірі Ибн ән-Ну’ман әл-Муфид (413 х/ж) болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет