Күні 26 қараша Сыныбы



Дата21.07.2020
өлшемі19,96 Kb.
#63527
түріСабақ

Күні

26 қараша

Сыныбы

5 а

Тақырыбы

Сырым мен Малайсары

Мақсаты

Қазақ халқындағы шешендік өнердің бағалануы мен сөзге тоқтаған шешендер мен билердің ішіндегі Сырым мен Малайсарының тұспалдап айтқан тапқыр сөздерін үлгілеуге, шешен де тапқырлықпен сөйлеуге үйрену.

Күтілетін нәтиже

  1. Шешендік әңгіменің мазмұнын, Сырым мен Малайсарының әңгімесінен екеуінің де шешен, ділмар екенін түсінеді.

  2. Әңгімеден тапқырлықпен айтылған тұспал сөздерді, шешендердің бір-бірімен ишаралы сөздермен түсінетін тұстарын атап көрсетеді.

  3. Сырым мен Малайсарының сөзге тоқтаған, сөз құдіретін құрметтеген асылдардың сынығы екенін дәлелдейді.

Әдіс-тәсілдер

«Стикердегі диалог», «3 қадамды сұрақ», «Қытайша ет тағамы», «жұптық әңгіме» әдістері, кеңейтілген тапсырмалар.

Негізгі дереккөздер

Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, bag.kz сайты.

Сабақ барысы:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әркеті

Кіріспе

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Топқа бөліну.


Стикер жапсырылған оқушылар келесі топтарға барып оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.Оқушылар өзара диалог құрады.

Тұсаукесер

3 қадамды сұхбат

  1. Шешендік сөздер дегеніміз не?

  2. Шешен болу үшін қандай қасиеттерді үлгілеуіміз керек?

  3. Шешендік қасиет туа бітті дарын ба әлде жүре жетілетін өнер ме?

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Ашық сұрақтарға өз ойларын айтады. Кішігірім пікірталас ұйымдастырады.

Негізгі бөлім.

Сырым мен Малайсары

1-топ:

Басы... -



  • Уа, тоқта түге! Тапа тал түсте шабатындай, ауылымның үстін шаңдатып келе жатқан бұл кімдер? Елмісіңдер? Жаумысыңдар?..(83 бет)

2-топ. Сонда Сырым… (83 бет) – Малайсары қарттың босағасына байлапты. (84 бет)

3-топ. Малайсары қария Сырымға разы болып, қой сойып, қонақ қыпты... – Аяғы.

Сөзік жұмысы.

Ат жалын тартып – жігіт болған кезі

Қыдыр – діни ұғым, жақсылық әкелуші

Ақылгөй қарт – ақылшы, ақыл беретін қария

Байұлы, Әлім – Кіші жүздегі ру аты

Дүрдараз – ұрыс-керіс, араз


Жаңа материалды маршруттық карта арқылы жұптасып оқиды. Топтан 1 оқушына сайлап орнына қалдырады. Қалған оқушылар басқа топтарға барып мәлімет жинайды. Әр топты оқып аяқтағаннан кейін орындарына оралып, жинаған мәліметтерін топта қалған оқушыға түсіндіреді.

Бағдаршам түстері арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Оқушылар жаңа сөздерді дәптерлеріне жазады.


Қорытынды

  1. топ. Сәйкестендіру тесті

2-топ Әңгімеден жалқы есімдерді тауып жазып, мәнін

тарқатып айту.

3-топ. Әңгімеден қанатты сөздер мен мақалдар-мәтелдерді тауып айту.


1-топ 1.Сырым ат жалын тартып мінген кезде сәлем беруге келеді.

2. Шешең ... қайратты адам еді.

3. Кісі болар баланың кісіменен ісі бар?

4. Әлімнің еліндегі би.

5. “Ел десең – елміз, жау десең жаумыз” Кімнің сөзі?

6. “Жасың жетпіске жетпесін” Кімнің сөзі?



  • А) Қаражан

  • Ә) Кісі болмас баланың кісіменен несі бар?

  • Б) Ақсуат

  • В) Сырым

  • Г) Малайсары

  • Ғ) Малайсары

2-топ. Әңгімеден жалқы есімдерді тауып жазып, мәнін

тарқатып айту.

3-топ. Әңгімеден қанатты сөздер мен мақалдар-мәтелдерді тауып айту.

Бүгінгі сабақ бойынша оқушылар сабақты бармақ арқылы бағалайды. Бағалау туралы пікірлерін айтады.



Үй жұмысы

Сырымның әңгімелері.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет