5 туризмнің теориялық аспектілері қОҒамдық дамудың экономикалық критериясы ретінде



бет6/18
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#59545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дип.-“Kami-travel”-туристік-фирмасы

Халықаралық туризм саяхаттаушы тұлғалардың туристік мақсаттармен тұрақты тұрғылықты елінен шетелге шығу жоспарын қамтиды.
Мемлекеттік шекараны кесіп өту олар үшін белгілі ресми істермен байланысты: шетелдік төлқұжат пен виза ресімдеу, кедендік үрдістерден өту, валюталық және медициналық тексерулер. Бұл ережелерді мемлекет заңсыз көшіп – қону, халықаралық терроршылдық, есірткі саудасы, жезөкшелікке қарсы күрес мақасатын белгілейді және бұл тәртіпті елден шыққанда және кіргенде орнатады. Арнайы қызметкерлер саяхаттаушы тұлғалардың төлқұжаты – визалық тәртіпті, жұқпалы ауруларға қарсы егілгендігі жайлы талаптарды, шекарадан жүк, тауар, валюта алып өтудің ережелері мен шарттарын және валюта айырбастау операцияларын жүргізу тәртіптерін сақтауын қатаң қадағалайды.
Ресмилікті жеңілдету (қатаңдандыру) адамдардың қозғалысын оңайлату (немесе керісінше, қиындату) арқылы халықаралық туристік ағынға тікелей әсер етеді. Туристік саяхаттың өсуіне кедергі келтіретіндер: шығу құжаттарының күрделі және созыңқылы процедуралары, оларды қарап шығудың белгіленген мерзімінің бұзылуы немесе өз бетінше ауытқуы, шектен тыс жоғары алымдар; валюталық тексеру сферасында – туристердің тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейі туралы валюта айырбастауға қатаң шектеулер енгізілуі. Сонымен бірге кедендік декларациялар мен тексерулер де туристік сапарларды тежеуші бастау болуы және олардың қысқатуына әкелуі мүмкін.
Ұлттық туристік әкімшіліктер мен көптеген халықаралық ұйымдар ресмилілікті жеңілдетуді өздерінің басты мәселелерінің біріне айналдырды. Алғашқылардың бірі болып бұл мәселелерге 1944 жылы Чикаго конференциясының өзінде – ақ шетел төлқұжаттарын бірегейлендіруді ұсынған Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ААХҰ) көңіл аударған. Кейінірек, өткен ғасырдың 50-90 жылдары шекаралық, кедендік, медициналық тексерулер мәселесі Кедендік ынтымақтастық кеңесінің, Халықаралық теңіз ұйымының, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының , Халықаралық еңбек ұйымының маңызды құжаттарында көрініс тапты.
Туристік ресмиліліктің жеңілдетілудің ерекше маңыз бере отырып, Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мынадай кепілдеме пакетін жасап шығарып, қабылдады:

  • төлқұжаттық ресмиліліктерде: төлқұжаттық қызметтердің орталықтандырылмауы; шетелдік төлқұжатты ресімдеу мерзімін қысқсрту; орынды алып енгізу; төлқұжаттың жарамдық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапарлар санының шектелмеуі; иесінің шетелдік төлқұжатын өзінде сақтауы; оны тәртіп құқығы болмауы; төлқұжатты компьютерлік жүйелер көмегімен мүмкіндік беретін ААХҰ стандарттарына сәйкес жасау;

  • визалық ресмиліліктерде:3 айға дейінгі мерзімге визасыз шығу;визалық жарамдылық мерзімін 12 айға созып, туристер үшін ашық барлық пунктердің бағыттарға кез – келген көлік түрімен бір немесе бірнеше рет бра алу; визаны көршілес мемлекеттердің өзара мойындауы; туристің азаматтығына байланыссыз жалпыға бірдей консулдық алымдар орнату;

  • валюталық ресмиліліктерде: кедендік дикларацияларда көрсетілген көлемде валютаны әкетуге рұқсат ету; әлеуетті келіп – кетушілер мен туристерді валюта айырбасы жайлы ақпаратпен қатамасыз ету; туристерге шығу кезінде өз еліне қайтаруда қажеттіұлттық бірліктерінің жеткілікті сомасын өзімен әкетуге құқық беру;

  • кедендік ресмиліліктерде: туристерге тауарлардың әрбір жеке түріне және олардың белгілі көлеміне кедендік салық пен қосымша құңға салынатын салықтан басқа салықтарды шығу – кіру кезінде салу; кейбір алым – салық түрлерін келіп – кетушілерден тікелей жинаудыың орнына оларды жаанама салық салуды, мысалы, билеттің, жолдаманың, турлардың құнына;

  • медициналық ресмиліліктер мен туристерге медициналық қызмет көсетуде: ұлттық туристік әкімшіліктердің денсаулық сақтау бөлімдерінің ыңтымақтастықтарын кеңейту; туристерге медициналық көмек көрсету және мелициналық сақтандыру жөнінде екі немесе оданда көп жақты мемлекеттік көмек көрсету,туристерге шұғыл медициналық көмек көрсету; қатты науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда елшілік пен туыстарына жедел хабардар ету; денені еліне қайтару немесе жерлеу; қажетті құжаттарды жылдам ресімдеу.

Бұл кепілдемелер Будапешт конвенциясында құралып, туризм жайлы Гаага декларациясында көрініс тапқан туристік ресмилілікткрді жеңілдетудің негізгі салушы қағидаттардан алынған.
Халықаралық туризмнің келесі ерекшелігі экономикалық сипатта және ол халықаралық туризмнің елдің төлем тепе – теңдігіне көрсететін ашып, Шетелдік туристер тауарлар мен қызметтерге ақы төлей отырып, қабылдаушы елдің бюдетіне табыс түсіреді жіне сол арқылы оның тепе – теңдігін белсенді күйге келтіреді. Сондықтан шетел туристерінің келуі белсенді туризм, ал керісінше елден туристердің шығуы сол ел үшін енжар туризм деп аталады. Туризмнің бұл екі түрі туристік қызметтің қаржылық нәтижелері төмен тепе – теңдігіне көрініс табатындықтан тек халықаралық туризмге тән, ішкі туризмге таралмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет