5 туризмнің теориялық аспектілері қОҒамдық дамудың экономикалық критериясы ретінде



бет7/18
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#59545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Дип.-“Kami-travel”-туристік-фирмасы

Ішкі туризм. Халықаралық туризмнен айырмашылығы мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланыссыз болғандықтан мұнда туристік ресмилілікті сақтау қажеті жоқ. Ішкі туризм – бұл елдің тұрақты тұрғындарының ел шегінде туристік туристік мақсаттармен көшіп – қону ағымы. Ақы төлеуде төлеуде күнделікті қолданыстағы ұсыныс ақша бірлігі бұрынғысынша қала береді, ал байланыс құралы – туристің өз ана тілі. Халықаралық туризммен салыстырғанда мұндай саяхаттарды ұйымдастыру оңай.Кейбір бағалауларға қарағанда, ішкі туризмнің үлесіне барлық туристік сапарлардың 80-90%-ы тиесілі екен, ішкі туризмге жұмсалатын туристік шығындарды халықаралық сапардан 5-10 есеге көп екен.
Осындай айырмашылықтарына қарамастан туризмнің халықаралық және ішкі түрлері бір – бірімен тығыз байланысты. Ішкі туризм бір есептен халықаралық турихмнің катализаторы ретінде көрінеді. Ол жаңа рекреационды ресурстар мен аймақтарды игеруге, негізгі туристік инфрақұрылым құруға, мамандар даярлауға мүмкідік береді және сол арқылы интеграциялық үрдістер мен біртұтас әлемдік туристік кеңістік құруға себепші болады.
ІІ Туристік саяхаттың мәнің ашатын қажеттіліктерге байланысты туризмнің мынандай түрлері бар:
1) емдік (медициналық) туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Адам ағзасына табиғат құралдарының құбылысын сипаттайтын емдік туризмнің бірнеше түрлері болады: климаттық ем қабылдау, балшықпен ем қабылдау, теңіздік ем қабылдау, сүтпен ем қабылдау және тағы басқа;
2) рекреациялық туризм. Мұнын негізінде адамның физикалық және рухани күштерін қалпына келтіру мұқтаждығы жатыр. Рекреациялық туризмге бағдарламалар кіреді:
а) көріністі – ойын сауық (театр және кино, жәрменкелер мен би кештері, қала күндері мен фестивальдар тағы басқа);
ә) өз қызығушылығымен айналысу (аңшылық және балық аулау, көркем және музыкалық шығармашылық, коллекционерлер үшін турлар жуне тағы басқа);
б) үйретуші (сопрт түрлері, өнер, кәсіп тағы басқа);
в) «этникалық» және тұрмыстық (ұлттық мәдениетті және дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);
г) туристік – сауықтырушылық ( суға шомылу, тау шаңғысы тағы басқа);
3) спорттық туризм. Екі түрі бар:белсенді және енжар. Бенлсенді түрінің негізінде адамның спорттың белгілі бір түрімен айналысу қажеттілігі, ал енжар туризм спорттың әйтеуір бір түріне қызығушылық, яғни жарыстар немесе спорттық ойындарды тамашалау мақсатында саяхаттау жатыр;
4) танымдық туризм. Мұның түп негізінде білімін әр түрлі бағыттарда жетілдіру мақсаты бар. Экологиялық туризм осыған жатқызылады;
5) іскерлік мақсаттағы туризм. Бұған әр түрлі серіктестермен іскерлік байланыстар орнату немесе дамыту мақсатындағы сапарлар жатады;
6) табынушылық (діни) туризм. Екі түрі бар;
а) табыну орындарына діни мейрамдарға бару;
ә) қасиетті орындарға күнәсінен арылу мақсатында бару;
7) ностальгиялық туризм. Бұл адамдардың тарихи орындарға бару қажеттілігіне негізделген.
8) транзиттік туризм. Мұның негізі екінші бір елге бару үшін бір елдің территориясын кесіп өту.
9) көркемөнерпаздық туризм. Мұнда белсенді демалуды ұнататындар, шаңғы, тау, су туризмдерімен айналысатындар бірігеді. Ерекшелігі сонда, турларды туристік фирмалар емес, туристердің өздері ұйымдастырады.
ІІ Қозғалыс құралдарына қарай:
1) автомобиль туризмі. ХХғ. ІІ жартысынан бері қарқынды дамуда;
2) темір жол туризмі. ХІХғ. 40-жылдарынан бастап дамуда;
3) әуе туризмі. Мұның даму болашағы зор, өйткені туристерді жеткізуде уақыт үнемделеді;
4) су туризмі;
5) автобустық туризм;
6) велосипед туризмі;
7) жаяу туризм;
III туристерді орналастыру құралдарына қарай:

  1. қонақ үйлердегі туризм;

  2. мотельдердегі туризм;

  3. пансиондағы туризм;

  4. кемпингтік туризм;

  5. туристік ауылдағы туризм, туристік базадағы туризм.

Қонақ үйлер, әдетте, не қала орталығында, не әуежайға немесе темір жол
бекетіне жақын орналасады.
Мотельдер не автомобиль жол бойында, не қала шетінде орналасады. Мотельде тұрған уақыттарында туристердің автокөліктеріне барлық қызметтер көсетілуі тиіс (автотұрақтар, жанар – жағармай құю стансалары, автосервис тағы басқа).
Қонақ үй типтестуристік пансиондарда бір басқару, жеке ас үй түрінде көрсетіледі.
Кемпингтер, туристік базалар – бұл қаладан тыс жерде орналасқан, автотуристермен қатар басқа да туристерді орналастыруға бағыттаоған тұрғын жай.
Туристік ауылдар – туристердің демалуы мен түнеп шығуына арналған, өзіндік түнеу жабдықтары жоқ, қоршауланған тұрғын үй.
V Саяхаттың мезгіліне қарай: маусымдық және маусымдық емес.
VI Саяхат ұзақтылығына қарай: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді (5-7күн)
VII Топ құрамына қарай:
1) топтық туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);
2) жеке туризм;
3) отбасылық туризм, яғни отбасы мүшелерімен бірге саяхаттауы;
4) жастар (студенттік) туризм;
5) туризмі. Жастар және балалар тиризмі шеңберінде саяхаттаушылар қызметтерге жеңілдіктер алуға құқылы.
VIII Туристік өнім бағасының қалыптасуын анықтаушы қағидатқа қарай: әлеуметтік (дотациялық) және комерциялық туризм.
Әлеуметтік туризмде өз демалыстарын ұйымдастыруға қажеттілікті ақша қаражаты жоқ халықтың өз қамтылған бөлігіне (зейнеткерлер, студенттер) туристік шаралар ұйымдастыру үшін әр түрлі формадағы белгілі дотацияларды мемлекеттік ұйымдармен қатар, қоғамдық ұйымдардан да алу көзделеді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет