5 туризмнің теориялық аспектілері қОҒамдық дамудың экономикалық критериясы ретінде


“Kami travel” туристік фирмасындағы маркетинг және



бет3/4
Дата27.02.2020
өлшемі0,65 Mb.
#58727
1   2   3   4

2.3 “Kami travel” туристік фирмасындағы маркетинг және

нарықтық талдау
Маркетиг және нарықты талдау.

1. Дислокацияны таңдау.

Бұл кезеңде құрылтайшыларға олардың қай жерде орналасатының шешу керек және кәсіпорын үшін болашағы бар ауданды таңдауға тырысу керек.

Бұл дипломдық жұмыста біз Алматы қаласы сияқты ауданды алып көрсетейік.

Негіздеме: Алматы қаласының туристік нарығы бай клиенттерге толы. Осы тұста 3 негізгі фирманы қарастырайық.

2. Бәсекелестікті талдау.

Бұл кезеңде біз, белгіленген ауданда тіркелген фирмалардың сандық статистикасын зерттейміз. Тур қызметтердің шығару көлемін, баға белгілеуді талдаймыз және біздің фирмамен салыстырамыз.
7-Кесте. Маркетинг және нарықты талдау




Аты

Орналасқан жері

Нарықтың бөлігі

1

Жана Арка

Қарасай батыр көшесі -85, Сейфуллин даңғылы

35%

2

World Travel Service

Шевченко көшесі - 112,Байтұрсынов даңғылы

20%

3

Grand Tour

Қонаев көшесі, 132

15%

4

Басқа фирмалар




20%

Тур бойынша сұранысты көбейту мүмкіндігін беретін, сенімді және тексерілген операторлармен жұмыс істеуге үйреніп қалғандықтан, бұл көрсетілген 3 фирманың туристук бағыттарының ассортименттері бар, ал біздің фирма одан да үлкен ассортиментті ұсынады.

Қызметтің туристік саласындағы ең қатаң бәсекелестіктің затына (түріне) келесілерді жатқызамыз:


  • баға;

  • фирманың беделі;

  • сапа;

«Жана Арка» фирмасы жарнамаға ең ерекше көңіл бөледі ( телетекстерде хабарландыру, баспаларда, теледидардағы жарнамалық бағдарламаларда, визиткаларды тарату, телефон анықтамаларындағы жарнама, кірістегі хабарландыру).

«World Travel Service» (кірістегі хабарландыру, баспалар арқылы хабарландыру, телефон анықтамаларындағы жарнама).

«Grand Tour» (кірістегі хабарландыру, қаланың стенттеріндегі жарнамалар, визиткаларды тарату).

«Kami Travel» туристік фирмасы осы мәліметтерді талдап қызметтің бірінші кезеңдерінде жарнамаға көп мән (көңіл) беру керек деген шешім қабылдады.



Атап көрсеткен сұрақтар бойынша, салыстырмалы артықшылықтарын бағалау үшін, ақпаратты жүйелендіруге мүмкіндік беретін негізгі бәсекелестері бойынша нарықты сегменттеу әдісін қолдануға болады,бұл ақпаратты келесі кестеде көрсету ыңғайлы
8-Кесте. Бәсекелестері бойынша нарықты сегменттеу





Бәсекеге қабілетті факторлар

Kami travel

Жана - Арка

World Travel Service

Grand Tour

1

Сыртқы жарнама және ақпарат

10

9

7

7

2

Офистің интерьері

9

9

6

6

3

Менджерлердің сыртқы түрі және қабілеті

10

8

7

7

4

Энтузиазм

10

9

6

7

5

Мамандылық

7

10

10

9

6

Білім бағыты

8

9

8

8

7

Визалық сұранымдағы сақтандыру түсінігі

9

9

9

9

8

Төлем қабілеті

6

6

6

6

9

Компьютерді қолдану

10

10

10

10

10

Каталогтарды қолдану

10

10

10

10

11

Клиенттің сұранысына сәйкес келуі

10

8

7

6




Жалпы ұпай:

99

97

86

85

Бағалау 10 ұпайлық жүйеде жүргізілген. Берілген мәлімет бойынша «Жана – Арка» туристік фирмасы – ең басты бәсекелес екенін көрсетеді. Ең жоғары жалпы ұпай саны – 110, соған ұмтылу арқылы лидерлікке (көшбасшылыққа) жетуге болады.



Сатып алушыларды зерттеу. Тауарды сатып алушыларын табу және сұранысты зерттеу қажет. Біз келесі әдістерді қолданамыз: сұраныс, интервью алу, сұрақ – жауаптар. Барлық өткізілген жұмыстың нәтижелері, сатып алушылардың жеке сегменттерін анықтау мақсатында біріңғай диаграммаға біріктіреді. Біз тек қана адамдардың төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар, олардың демалысқа деген көзқарастарын, яғни, демалыстың қандай болу керектігін зерттейміз.

Туризм әртүрлі түрлер мен формаларға бөлінеді. Біз ішінен тек жақсыларын ғана анықтап, өз жұмысымыздағы мәліметтерден алшақтаймыз.

Туризмнің келесі түрлерін анықтауға болады:


  • ішкі туризм;

  • сыртқы туризм;

  • қысқа мерзімді туризм;

  • ұзақ мерзімді туризм;

Сапардың орташа мерзімі 7 – 14 күнге дейін. Демалыс үшін 10 күн оптималды мерзім, бірақ сапардың мерзімі, оның мақсатына байланысты.

- интенсивтілігі бойынша.

Алматыда туризм маусымдық сипатта болады. Жаздық (60% сатылым), қыстық (14 – 22%), маусым аралық (23 – 25%), өлі (4%).


  • саяхат мақсаты бойынша.

Курортты сауықтыру, спорттық, көңіл – көтеру, танымды – істік, экологиядық, шоп – турлар, білім беру, экзотикалық, діни және тағы басқа.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде, адамдар туризмнің келесі түрлерін таңдайды:



  • шетелге шығу;

  • қысқа мерзімді;

  • жаз немесе қыз маусымында;

  • көңіл – көтеру мақсатында.

Әрі қарай сауалнаманы ұсынамын.
Сауалнама


  1. Жасы ______________________________________________________

  2. Жұмысы ( оқиды немесе жұмыс істейді) ________________________

_____________________________________________________________

  1. Жынысы __________________________________________________

  2. Жылдық табысы ____________________________________________

  3. Тұрмыстық жағдайы ________________________________________

  4. Ұлты _____________________________________________________

  5. Тұрғылықты жері __________________________________________

  6. Сізде 18 жастан төмен қанша баланыз бар (жасын көрсетіңіз)

____________________________________________________________

  1. Білімі ____________________________________________________

  2. Сіз демалысқа көбіне қанша ақша жұмсайсыз ____________________

  3. Туристік сапарларға барған негізгі мақсаттарынынызды атаныз

_____________________________________________________________

12. Қандай тасымал қызметтерін қолданасыз (әуе-, көлік-, темір жол-,

_____________________________________________________________

13. Сіз Қайда барғанды қалайсыз (керегін сызыңыз)

А) Қазақстан Республикасы

В) Шетел


14. Сіз ҚР-да әлде, шетелде тұрғанды қалайсыз ____________________

15. Сіздің ең ұнаған саяхатыныз (қызмет керсетуін көрсетіңіз)

_____________________________________________________________
Қолда бар мәліметтердің қолдануын талдау. Туристік фирма болып табылатын «Kami Travel» туристік фирмасы, өзі үшін келесідей қызметтің келесідей түрлерін таңдады:


  • халықаралық туризм;

  • ішкі туризм;

  • Қазақстан бойынша сапарлар;

  • экскурсиялық туризм.

Бізде бар, материалдық базаны ескере отырып, оны пайдалану мүмкіндігіне талдау жүргіземіз. Сол арқылы тек қана туристік фирма қызметінің негізгі түрінің, яғни, туристік жолдамаларды өткізудің нәтижесінен ғана емес, сонымен қатар, өзінің мүлігін қолданудан алатын табысты талдай аламыз. Бұған материалдық немесе материалдық еместігіне байланыссыз кез келген жеке меншіктен табыс алуға мүмкіндігін беретін, Қазақстан Республикасының «жеке меншік туралы» заңы негіз бола алады.

Ғимаратты жалға алу. Материалдық – техникалық база.

Туристік фирманы құру барысында, оның құрылтайшылары туристік фирманың жарғылық капиталына үлес ретінде қосатын, белгілі бір меншіктің иелері болып табылады.

Кіргізілетін меншік болып келесілер болып табылады:


  • Pentium 4 маркалы жеке компьтер (бағалау құны 200000 теңге (екі жүз мың теңге));

  • HP Laser Jet 6L принтері (бағалау құны 20000 теңге (жиырма мың теңге));

  • EPSON 3L ксероксі (бағалау құны 30000 теңге (отыз мың теңге));

  • PANASONIC телефаксі (бағалау құны 40000 теңге (қырық мың теңге));.

Өз ғимаратымыз болмағандықтан, біз жеке иеленушінің 57 кв.м – лі, офистік жиһазбен жабдықталған, ортақ коридор мен санитарлық узелі бар пәтерді жалға аламыз.


Еңбек қоры.

Ж.Ш.С «Kami travel» туристік фирмасы Қазақстан Республикасының азаматтарымен негізделген қоғам болып табылады. Олар құрылиайшылар және туристік фирма қызметкерлері болып табылады. Тәжірбие жүзінде анықталған жаңа құрылған туристік фирма ретінде «Kami travel» туристік фирмасында екі негізгі жымысшы және бухгалтер қызмет атқарады (сурет3).



Сурет 3. Туристік фирманың құрылымы
Мұндай қызметкерлар арасында қарым – қатынас тығыз байланыстыы. Кейде бухгалтердің орнына маман шақырылады, ол келіп – кетуші бухгалтер болып саналады. Директор – басқару қызметінен басқа да маңызды жауапкершілікті қызмет атқарады, мысалы, туристердің келуі немесе кетуіне құжаттарды рәсімдеу. Туризм маманы – офис – менеджер қызметін атқарады, ұсыныстар жібереді және де қызметтестермен қарым – қатынаста болады.

Егер, біздің туристік фирма осылай әрі қарай жұмыс істейтін болса, онда алдағы уақытта тағы екі маман жұмысқа алынады (сурет4.) деп болжалып отыр. Ол төмендегідей құрылым болады.




Сурет 4. Болжалып отырған туристік фирманың құрылымы

9-Кесте. Туритік фирма қызметкерлерінің жалақы көрсеткіші






Аты, жөні

Айлық жалақы

Жылдық жалақы

1

Ауызбаева Г.С.

85.000

1.020.000

2

Абдрахманова А.К.

50.000

600.000

3

Нусупова Г.Е.

40.000

480.000

Барлығы

175.000

2.100.000

10-Кесте. Туристік фирманың қаржылық – экономикалық көсеткіштері






Экономикалық- техникалық көрсеткіштердің атауы

Бірлік өлшем

Көрсеткіш

1

Реализацияның жылдық көлемі

Мың теңге

7000000

2

Реализацияның жылдық өлшемі (салықты қоспағанда)

Мың теңге

5200000

3

Негізгі персонал саны

Адам

2

4

Негізгі персоналдың жылдық жалақы көлемі

Мың теңге

2.100.000

5

Рентабелділік

%




6

Жылдық баланстық табыс

Мың теңге

20000000

7

Жылдық таза табыс

Мың теңге

18000000

Саяхаттаушы тұлғалар санаты ретінде материалды игіліктерімен қызметтерді өндірушілерден айырмашылығы келіп-кетушілер ұлттық өнімді түтынушылар болып табылады. Туристермен экскурсанттар жолсапарға жүмсайтын ақша құралдарымен тұтынушы болады.

Саяхатқа жұмсалатын шығындар жайлы ақпараттар өте аз. Бірақ Ұлыбританияда олардың ағылшынның орташа жылдық отбасылық бюджетінің 19% - ын құрап, тамақ пен тұрғын үйге кететін шығындардан кейінгі орында тұратын белгілі. Германияда бұл көрсеткіш 16%-ға тең, Франция мен АҚШ-та12%. Орташа америкалық отбасы саяхатқа 1 жылда 4000-ға жуық америка долларын жұмсайды. Дәл осы соманы олар медицинаға немесе тамақ, сусын, темекіге құртады және киімге жұмсалатын шығындары бұдан екі есе аз болады.

Шекарадан тыс жерлердегі келіп – кетушілердің тұтынушылық сипаты әлемдік шаруашылықтағы ақша ағымының белгілі бағыттылығын білдіреді. Туристер мен экскурсаннтар тұрғылықты елінен қабылдаушы келуге ақша жиынын тасымалдайды. Ләззат үшін, іскерлік, емдіу және мәдени тағы басқа мақсаттарда саяхаттаушы азаматтар қабылдаушы елге валюта алып келеді және тең дәрежеде ол бюджетіне пайда түсіреді. Сондықтан, олардың келіп-кетушілердің жеке санатына біріктірілуі экономикалық жағынан ақталған.

Туризм инфрақұрылымын, ең алдымен орналастыру базасын дамытудың болашағын анықтау үшін саяхаттаушы тұлғалардың ішінен келіп-кетушілерді мынадай түрде бөліп алу маңызыд: түнеуші келіп-кетушілер яғни, туристер және бір күндік келіп-кетушілер, яғни эксурсанттар.

Сонымен «турист» ұғымына келіп-кетушінің жеке жаағдайы ретінде күнделікті ортасынан тыс жерге шығып, келген жерінде уақытша болатын, рекреациоондық, іскерлік және ағы басқа да туристік мақсаттармен саяхаттайтын тұлғалар жатқызылады. Тек осы белгілердің барлығының дерлік болуы ғана саяхаттаушы тұлғаның турист ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді.



Төменгі диаграммадан біз 2000 – 2005 жылдар арлығындағы негізгі туристер мен экскурсанттар санының құрылымын көре аламыз. Мұнда әрқайсысына тақталатын болсақ: -

  • Резиденттер емес құрылым: 2000 жылы (29,5%) 2001жылға (6,4%) қарғанда 23,1% жоғары; 2002 жылдан(34,5%) 2001жыл (6,4%) 28,1% төмен; 2002 жылдан(34,5%) 2003 жыл (41,6%) 7,1% жоғары; 2003 жыл (41,6%) 2004 жылдан (24%) 17,6% жоғары; 2005 (19,1%) 2004 жылдан (24%) 4,9% төмен екендігін көреміз.

  • Резиденттер: 2000 жыл (58,2%) 2001 жылдан (49,5%) 8,3% жоғары; 2001 жылдан (49,5%) 2003 жыл (41,6%) 7,9% төмен; 2003 жыл (41,6%) 2004 жылдан (53,1%) 11,5% жоғары; 2004 жылдан (53,1%) 2005 жыл (63,1%) 10% жоғары екендігін көреміз.

  • Ішкі туризм: 2000 жыл (12,3%) 2001 жылдан (44,1%) 31,8% төмен; 2001 жылдан (44,1%) 2002 жыл (18,3%) 25,8% төмен; 2002 жылдан (18,3%) 2003 жыл (16,2%) 2,1% төмен; 2003 жыл (16,2%) 2004 жылдан (22,9%) 7,8% төмен; 2004 жылдан (22,9%) 2005 жыл (17,8%) 5,1% төмен екендігін көре аламыз.


Диаграмма 3. Туристер мен экскурсанттар санының құрылымы
Туристік өнімнің калькуляциясы
Франция (50 путевка)


    1. Жол ақысы 200$

    2. Қонақ үй 100$

    3. Трансфер 15$

    4. Экскурсия 120$

    5. Сақтандыру 50$

    6. Қосымша қызмет 50$

    7. Комиссия 15$

    8. Шығын соммасы 22$

Барлығы: 572$

Греция (50 путевка)




  1. Жол ақысы 100$

  2. Қонақ үй 50$

  3. Трансфер 50$

  4. Экскурсия 100$

  5. Сақтандыру 50$

  6. Қосымша қызмет 40$

  7. Комиссия 15$

  8. Шығын соммасы 457$

Барлығы: 852$

Турция (100 путевка)




  1. Жол ақысы 100$

  2. Қонақ үй 50$

  3. Трансфер 50$

  4. Экскурсия 50$

  5. Сақтандыру 50$

  6. Қосымша қызмет 45$

  7. Комиссия 15$

  8. Шығын көлемі 22$

Барлығы: 382$

Есептік бөлім.

Маркетингтік зерттулерге сәйкес (бәсекелестер және тұтынушылар) жылдық өткізу көлемі 350 ден 400 ге жуық саяхатты құрайды. Бірақ қиын жағдайға түспес үшін ең аз санды алайық.

Бір саяхаттың орташа құны 600 – 700$.


  1. 350 турды 600$ бағасымен өткізгенде, түсетін пайда: 210000$.

Орташа % комиссия 15% тең

210.000$: 100% × 15% жылына = 31.500$



  1. 08.05.2007жыл 1 АҚШ доллар құны 119.28 теңге

210.000$ × 119, 28 теңге = 25.048.800 теңге

3) Салықты қоспағандағы айналым = 25.048.800 теңге

4) Сатылым айналымы салықты қоспағанда:

25.048.800 : 105% × 100% = 23.856.000 теңге

5) Салық қосылмаған құн айналымы:

23.856.000: 120% × 100% = 19.880.000 теңге


Шығын сметасы:

  1. Жалақы көлемі = 2.100.000теңге

  1. 20% сақтандыру қорына:

2.100.000 : 100% × 20% = 420.000 теңге

2) Арендалық төлем: 20.000 теңге × 12 ай = 240.000 теңге

3) Негізгі қор амортизациясы 10% құрал – жабдық құнынан:

20.000 – 2.000 + 3.000 + 4.000 = 25.000 теңге

4) Ғимарат шығындары:

- жылуға қуатына төлем – меншік иесі өзі төлейді

- электр қуатына 500 теңге (айына) × 12 ай = 6.000 теңге

5) Телефон және факс байланыстарына төлем:

- қалалық, қала аралық байланыстар және факс 5.000 теңге (айына) × 12 ай = 60.000 теңге

6) Банк қызметі – 20.000 теңге

7) Жарнама – 500.000 теңге жылына

8) Таныстыру шығындары – 40.000 теңге жылына

9) Жолға шығу (командировка) – 50.000 теңге жылына

10) Кеңсе тауарлары, бухгалтерия бланктер және т.б – 20.000 теңге жылына



Қорытынды: барлық шығын көлемі жылына 3.481.000 теңгені құрайды.
Енді табысымызды табамыз

210.000$ - 31.500$ (комиссия) = 178.500$ × 119,28 теңге (1$ құны) = 21.291.480 - 3.385.000 (жылдық шығын көлемі) = 17.810.480 теңге

Салық төлемі (НДС)

17.810.480 – 14% (2.493.467) = 15.317.013 теңге

Басқа да салықтар ( әлеуметтік салық, зейнетақы қоры, меншік салығы, жер салығы және т.б салықтар) – 30%

15.317.013 - 30% (4.595.103 теңге) = 10.721.910 теңге + 19.880.000 теңге (қалдық көлемі) = 30.601.910 теңге (таза пайда)

Қорытындылай келе, өткізілген талдау, «Kami Travel» туристік фирмасы әрі қарай пайдамен жұмыс істейтінің көрсетті. Біз біздің тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысын дәлелдедік.

Туризм нарығы әлі де толығымен зерттелмеген және әрі қарай дамытуға ұмтылыс бар.

Бізлің мемлекеттеріміз бойынша «Kami Travel» туристік фирмасы – тек қана 350-400 ғана адам саяхатқа бара алатын ғана емес, сонымен қатар болашақта бірнеше адам жұмыспен қамтылатын нақты жоба.

БӨЛІМ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы
Соңғы кездері азақстанда туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны жиі – жиі әнгіме болып отыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, мемлекет қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы осы туризмнен түседі екен.

Қазақстан туристік ел болуға толық мүмкіндігі бар бірден – бір ел қатарына жатады. Алайда, Қазақстанда туризм бәсең дамып келеді. Оның дәлелі, елімізге шеттен келетін туристердің басым көпшілігі – келуге тиісті іс – сапарлармен, кәсіби жұмыс бабымен келгендерден құралып отыр (89,7 пайыз). Соған қарамастан, әрбір турист шамамен 700 АҚШ долларын қалдырады екен. Әйткенмен, бұл көрсеткіш әлемдік орташа бағадан (1000 доллар) әлдеқайда төмен.

Қазақстанда туризмнің қанат жаюы үшін, шекаралық тексерулер мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, туристерді тасымалдау, яғни, көлік қатынасына жағдай жасау санды факторларды іске асыруды дұрыс жолға қою керек.

Қазақстанда қазіргі жаңа экономиканың қызмет етуі жағдайында, салаларды дамыту стратегиялық мінезге ие болады, болжау мәні бірден өседі, әлеуметтік, экономикалық және сыртқы экономикалық приоритеттерінің қалыптасуы негізінде қоғамдық ұдайы өндірістің барлық процестерін реттеуге алғышарттар жасалады. Республикада соңғы жылдары туристік саланы дамытуға бағытталған және мемлекет жағынан оны жан-жақты қолдау шараларының кешені жүргізілді. Сондықтанда жүргізілетін шаралардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау және жүргізілген талдау негізінде туристік қызметтің жақсаруын қамтамасыз ететін шаралар ұсыну қажеттілігі туды (кесте 11).Туризм сферасында мемлекеттік басқару органдарының жүргізген ұйымды-экономикалық шаралары, толығымен, конструктивті мінезге ие, бірақта талдау туристік нарықта сәтті қызмет үшін белгілі бір резервтер бар екендігін көрсетті.11-шы кестеде көрсетілген деректерден келесідей шешімдер жасауға, белгіленіп отырған бірқатар шаралар саланың қыземтін жақсартуға мүмкіндік береді, экономикалық тиімділік көрсеткіштерін көтереді, туристік белсенділік дәрежелері көрсеткіштерін жоғарлатыды, ішке кіру туризмін дамытады, шетелдік туристерді тартады.



11-Кесте. Қазақстан Республикасында туризмді ұйымды-экономикалық қолдау бағасы


Сала деңгейінде туризмді ұйымдық және экономикалық қолдау шаралары

Мемлекетпен құрылған шаралар

Ұсынылатын шаралар



Мазмұны

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Интегра-циялық процестер

ДСҰ-мен қолдау және ынтымақтасу

Дүниежүзілік туристік агенттіктер ассоциациясының федерациясымен, Халықаралық туристік альянспен мүлдем ынтымақтаспайды

Дүниежүзілік туристік агенттіктер ассоциациясының федерациясымен, Халықаралық туристік альянспен ынтымақтастық құру

Ұлы Жібек Жолының қайта жаңғыруы

Жібек Жолында визалық рәсімдеулерді жеңілдеті, ескерткіштерді қалпына келтіру және қазіргі жағдайға сай келетін инфрақұрылым құру, шетелдік инвестицияны тарту

Шетелдік туристер үшін ойын-сауықтық құралдардың шектелуі

Қазіргі ойын-сауықтық индустрияны құру мақсатталынған

Саланы инвести-циялау

Инвестицияның негізгі бөлігі қонақүйлік секторды дамытуға,коммуника-цияны салуға, туристік ескерткіштерді қалпына келтіру мен жаңартуға қолданылады

Демалысты ұйымдастырудың нысандарын дамыту үшін инвестициялар қолданылмайды.

Қаржылық құралдардың бір бөлігін шетелдік туристердің қажеттіліктерді оқып-үйренуге, белсенді демалуға бағыттау

Маркетингті қолдану

Туристік биржар мен көрмелерге қатысу, каталогтар мен жарнамалық проспектілер шығару, топтық сапарлар үшін жеңілдіктер беру, сапарлар географиясын кеңейту

Белсенді кең масш-табты жарнамалық компаниялар қолдан-байды, тұтынушылар сгементін есепке ала отырып бағаларды дифференциациялау және тұтынушыларды сегменттеу, туризм сферасында маркетингтік зерттеу жүргізбейді

Туристік маркетинг институтын құру, арзан пэкидж–турларды қалыптастыру

Статисти-калық есепті ұйымдас-тыру

Статистикалық есептілікті жетілдіру, ТЭ-1 есебін қалыптастыру

Туристердің барлық категорияларын есепке алу қамтамасыз етілмеген

Туристік, кедендік органдардың бірігіп жұмыс істеуі мақсатталынған

Визалық режим

Визалық рәсімдеудің жеңілдетілуі, ішке кіру визасын алуды жеңілдету

Еуропалық елдер мен Америкаға виза алудың қиындылығы,ішке кіру визалары құнының жоғарлығы

Ішке кіру визаларының құнын төмендету

Туристік фирмалар қызметінің экономикалық жағдайларының шамалас жүйесін және оның әкімшілікпен және басқа органдармен өзара әрекеттері кезіндегі мүдделерін, сонымен қатар дамытудың негізгі приоритеттерін анықтау қажет (кесте 12).

Туристік фирмалардың қызметтерін жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі шаралар – бұл шағын бизнес кәсіпорындарын капиталдандыру, фирмалардың қызметін маркетинг принциптеріне қайта бағыттау, лицензиялық жүйені жетілдіру. Қазақстанда туристік қызметтің әлеуметті-экономикалық механизмдерін оқып-үйренумен қатар, туристік ағымдар болжамын есептеуді жүргіземіз және мемлекеттік бағдарламамен ұсынылған болжаммен талдау.

Қазақстанда «Қазақстан Республикасында туризм индустиясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» құрылды, онда 2010 жылға дейінгі туризм бойынша көрсеткіштер мен туристік ағымдардың болжамы есептелінді. Осы кезде болжамдарды есептеу кезінде қонақ үйлер мен басқа орналастыру құралдарының максималды сыйымдылығы есепке алынды. Орналастыру орындарында қажеттілік пен туристердің жалпы болжамды ағымының құрылымы математикалық әдістер көмегімен өткен көрсеткіштер негізінде бағаланатын болжамның сандық әдісі негізінде анықталынған.

Қазақстан туризм саласында дүниежүзілік тәжірибені, ғаламдар болжамын ескере ортырып, төл туристік бизнесін жедел дамытуға күш салуы тиіс. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет азаматтарының ой - өрісін көрсетеді. тарихи мұрағаттар да, туристік бизнес те болашаққа қызмет етеді, стартегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар көпір болады.

Дүниежүзілік туристік ұйымның болжамы бойынша, 2020 жылға қарай саяхатшыларды ең көп қабылдайтын ел Қытай болмақ. Ал, осы елге жетудің тиімді де қысқа жолының екеуі де Қазақстан арқылы өтпейді ме?

Өркениетті елдерде туризмді дамыту басты мақсаттардың біріне жатады және туризм елдің мәртебесін (имидж) қалаптастыратын құрал болып есептеледі. Елінің сұлу табиғатымен әлемді тандандыру арқылы мемлекет бюджетіне ақша түсірі, кіріс келтіру ең пайдалы іс екені де белгілі.

Осы туризм арқылы қалтасын қампайтып отырған елдерде жетерлік. Кіп – кішкентай Израильдің бюджетіне тек қана туризмнен – 2 млрд. доллар, Тайландқа – 7 млрд. доллар, ал АҚШ – тың қоржынына 50 – млрд. доллар пайда түседі екен.

Ал, бізде сыртқа шығатын туристік сапарлардың мөлшері – 50 пайызға жуық ьолса, елімізге келетіе туристік сапарлар – 16 пайызды ғана құрайды. Туристер ағының қайткенде көбейтуге болады? Осы орайда Туркия мен Тайландтың туризмнен түсетін кірісті көбейту үшін визаны арзандатып, кейбір елдер үшін визасыз жүе кіргізгені нәтижелі болған. Туркия мен Тайландты туристер тасқыны басып қалды. Тайланд визасы небәрі 8 доллар тұрады.

12-Кесте. Қазақстан Республикасында туристік фирмаларды ұйымды-экономикалық қолдаудың бағасы




Кәсіпорын деңгейінде туризмді дамытуды қолдаудың ұйымдық және экономикалық шаралары

Мемлекетпен құрылған шаралар

Ұсынылатын шаралар



Мазмұны

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Лицензиялаудың эволюциялық жүйесі

Қызмет көрсету сапасының жоғарылауы

Туроператорлық және турагенттік қызметтер үшін лицензияны алу кезіндегі монополияландыру

Туризм бойынша жергілікті басқару органдарында лицензия алу құқығын делегирлеу

Алматы қаласын-да KIFT туризм бойынша жыл сайын халықаралық көрмелерді ұйымдастыру

Фирмалардың туристік белсенділіктерін жоғарлату

Шағын туристік фирмалар үшін қатысудың жоғары құны

Алматы қаласындағы туризм бойынша халықаралық көрмеге бірқатар туристік фирмалардың қатысуы үшін мемлекеттік қолдау

Туристік фирмаларды инвестиция-лау

Негізінен ірі ұлттық компаниялар инвестициялайды

Шағын бизнес кәсіпорындары қаржылық қолдаусыз қалады

Шағын бизнес кәсіпорындарын қаржылық қолдау бағдарламасын жасау

Маркетингті қолдану

Каталогтар мен жарнамалық проспектілерді шығару, жарнамалық құралдардың кең арсеналын қолдану, туризм бойынша көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, шетелдік туристік фирмалардың өкілдері үшін ақысыз танысулық турлар ұйымдастыру

Маркетингті қолдану үшін ресурстардың шектелінуі, көрмелерге қатысу үшін шығындар деңгейінің жоғарлығы, ірі туристік фирмаларда ғана маркетингтік бөлімдердің болуы

Маркетингтік концепцияны қалыптастыруға және маркетолог мамандарды ұстау үшін кәсіпорын қаражаттарын қайта бөлу

Туризм бойынша көрсеткіштерді болжау кезінде орналастыру орындарының өткізілімдік мүмкіндігін ғана есепке алып қана қоймай, сондай-ақ көрсету объектілерінің өткізілімдік мүмкіндіктерін, сонымен қатар республика ландшафтарының максималды мүмкін болатын туристік жүктелімді есепке алу қажет.

Осымен бірге туристік ағымды шектейтін негізгі факторларының бірі неғұрлым әйгілі ескерткіштер немесе құнды градоқұрылыстық ансамбльдердің және қызмет көрсету объектілерінің өткізілімдік мүмкінділіктері болып табылады.

Туризмдегі физикалық жүктелім туризм мен қоршаған орта арасындағы сандық-сапалық өзара байланысты көрсетеді. Қабылдау жүктелімі туристік топтардың жекелеген мінездеріне әлеуметті-психологиялық тәсілге негізделген, бұл көрсеткішке туристердің талғамдары, әдеттері мен жергілікті халықтың дәстүрлері және т.б. әсерлерін тигізеді. Осы кезде жүктелім түрінде субъективті элементтер үлкен мәнге ие болады, сондықтан да туристік ағымдарды болжау рекреациялық ресурстардың физикалық жүктелімінен шыға жүргізіледі. Әрине, бұл тәсіл кезінде, экономикалық көзқарас жағынан берілген ресурстарды қолдану тиімділігін есептеу керек.

Күнделікті тұтынушылар циклі бір күндегі туристік қызметтер сағытының санын әрбір туриске қызмет сағатының санына қатынасы ретінде анықтайды. өткізілімдік мүмкіндікке негізделген туристік ағымдарды есептеу жоғары жүктелімдіктің салдарынан табиғи ландшафтарды ң бұзылуына алып келуі мүмкін. сондықтан да болжау кезінде туристердің өтілімділік көрсеткіші, сонымен қатар туристік жүктелім нормативі оптималды сәйкес келуі керек.

Туристік жүктелімді анықтау туристік ағымды болжау кезінде неғұрлым объективті болып табылмайды, өйткені ол тек сезілетін және сезілмейтін көптеген параметрлерге байланысты сандық көрсеткіш. Бұл көрсеткіш ұзақмерзімді жоспарлау кезінде пайдалы ақпарат береді.

«Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» бойынша болжамдық көрсеткіштер мен туристік жүктелім параметрлері бойынша болжамдық көрсеткіштерге зерттеу жүргіземіз. Бірақта жұмыста көрсетілген көрсеткіштерге жету осы бөлімнің басында көрсетілген саланы дамыту жағдайларын қалыптастыру кезінде ғана мүмкін. 13-ші кестедегі көрсетілген болжалынған көрсеткіштер шетелдік туристердің белсенді демалуы үшін жағдайлар жасау мен дамыған туристік инфрақұрылымы кезінде неғұрлым нақты болады.

Болжамдарды салыстыру туристік сыйымдылық шегі 1020 мың адамды құрайтынын көрсетеді, ал «Қазақстан Республикасында туоизм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» бойынша 2010 жылы бұл көрсеткіш 1510 мың адамды құрды, норманы 490 мың адамға жоғарлатадығ ал туристер ағымының жоғарылымы – жылына 8,8 млн. адам-сағат. Осы көрсеткіштің жоғарлауы салдарынан табиғи ресурстардың деградациясы болуы мүмкін, басқа жағынан тарих пен мәдени ескерткіштерінің эстетикалық негіздерін бұзуына алып келеді.

Туристік ағымдарды болжаудағы маңызды мәнге неғұрлым аттрактивті туристік аймақтардың приоритеттерін анықтау ие болады.

Бұл туристік қызмет көрсетуді болжау мен жоспарлау тәжірбиесінен шығады, сонымен қатар бар туристік бағдарлар, туристік аймақтар бойынша орналастыру объектілерінде қажетті орын санын анықтау және оларды жоғарлату бойынша жобалық шешімдерді қабылдау.


13-Кесте. Қазақстан Республикасында туризм бойынша болжамдық көрсеткіштер




Көрсеткіштер

2010 жылға туристік толығу бойынша болжамдық көрсеткіштер

2010 жылға бағдарлама бойынша болжамдық көрсеткіштер




Туристердің саны (мың адам)

1020

1510


2

Туристік ағым (жылына млн. адам/күніне)

17,9

26,7


3

Шетелдік туристердің саны (мың адам)

153

154


4

Шетелдік туристердің туристік ағымы (жылына млн. адам/күніне)

1,7

1,8


5

Отандық туристердің саны (мың адам)

867

1356


6

Отандық туристердің туристік ағымы (жылына млн. адам/күніне)

16,0


25,0

Осыған орай, ежелде «Ұлы Жібек Жолы» өткен туристік аймақтарда туристердің қандай ерекше қызығушылықтары бар екендігін анықтауға болады. Ұлы Жібек Жолының қазақстандық бөлігінде болжанылған туристердің ағымы жылына 50 мыңға жуық шетелдік туристерді құрайды. болжауға әсер ететін орналастыру объектілерінің сыйымдылығы, туристердің ағымы, туристік объектілердің өткізілімдік мүмкіндіктері, сонымен қатар бір туристен алатын табыс сияқты негізгі факторларға сүйене отырп, толығымен Қазақстан Республикасы бойынша пайда мен өткізілген өнімдер бойынша болжанылған көрсеткіштерді есептеу жүргізілді.

Тәжірибеде болжалынған көрсеткіштерді алу үшін келісілген инвестициялық саясатты жүргізу қажет. Біз көңілімізді туристерді қабылдаумен айналысатын фирмалар, яғни ішке кіру туризмін сегменттеуде ғана инвестициялық және салықтық қолдауға көңіл бөлінеді. Барлық сала қызметінің тиімділігі үшін оның барлық бөлімшелік құрылымдарының өзара байланысы қажет, бір уақытта әртүрлі қалаларда орналастыру, тамақтану, көліктік және экскурсиялық қызмет көрсету сұрақтарын шешу үшін біртипті туристік ұйымдар әрекет етуі қажет. Бір элементінде жетіспеушілік пайда болған кезде потенциалдық клиент үшін тізбектеме аттрактивтілігін жоғалтады. Сондықтан да толық құнды және сапалы туристік өнімді жасауға барлық қатысушылардың мүдделерін үйлестіру туралы сұрақ тұр.


3.2.Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері
Туристік ағымдарды болжаумен қатар, туризмнің Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсерін анықтау өте жоғары мәнділікке ие болып отыр, елдің экономикасына туризмнің әсерлері қысқа мерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Қысқамерзімді әсер негізінен тек қана туристік секторда дамитынын көрсетеді. Егер де экономикаға көпқырлы ұзақмерзімді әсерлері туралы айтатын болсақ, онда бұл әсердің маңызды аспектілері туралы айту қажет, туризмнің жалпы жұмыспен қамтылу мен белгілі бір аймақтар мен салалардың дамуына; қонақ үй индучтриясына, жол салу, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, саяжайлар, аттракциондар, экскурсиялық бюролар мен т.с.с. әсерін көрсетеміз.

Ұлттық экономикаға туризмнің тигізетін әсерлерін оқып-үйрену үшін бірқатар әдістерді қолдануға болады. Неғұрлым тиімдісі болып арнайы мультипликаторларды құру болып табылады. Нақты уақытта мультипликаторлардың үш әртүрлі типтерін бөліп көрсетуге болады:

1. Кіріс мультипликаторы, оған туристік шығыстардың әсер етуінің үш аспектісін енгізеді:

- тікелей әсер ету, яғни туристік индустрияда өндіруге жұмсалған шығындардың тікелей табыстарды қамтамасыз етуі;

- жанама әсерлері туризм үшін тауарларды жеткізуші-ұйымдарда байқалады, өйткені олардың кірістері туризммен байланысты басқа салалар жағынан сұраныстың өсуі есебінен көтеріледі;

- ынталандырушы әсері елдің немесе аймақтың экономикасында туристердің шығыстары қосымша табыстар жасайды және осы қосымша табыс көтерілген тұтынуға алып келуі нәтижесінде пайда болады.

2. Өнім шығару мультипликаторы туристік шығыстардың жалпы өсімінің нәтижесі арқылы жоғарылаған тауар айналымын бейнелейді.

3. Жұмыспен қамту мультипликаторы алдындағыларына қарағандағы айырмашылығы туристік шығыстардың жоғарылауы жұмыспен қамту деңгейінің өсуіне алып келуі мүмкіндігін көрсетеді. Жұмыспен қамту мультипликаторын тікелей жұмыспен қамтудың туристік шығыстардың қосымша жоғарылауымен шақырылған жанамаға қатынасы арқылы қарастыруға болады.

Олардың алдындағы тұрған тапсырма – мультипликаторлық эффект қандай болатынын көрсету үшін инвестициялық салымның қажетті сомасын анықтау. Жоғары дамыған туристік индустрияны жасау үшін үлкен материалдық және қаржылық салымдар қажет. Көптеген дамушы елдерге осы мәселені шешу үшін шетелдік капитал қызметіне жүгінуге алып келеді. Шетелдік тәжірибені есепке ала отырып шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықтың біз үшін неғұрлым жағымды нұсқасын таңдап алуға болады.шетелдік инвестицияларды тартумен қатар мемлекеттік әсер етудің келесідей құралдарын қолдану қажет, яғни туристік орталықтарды салу кезінде жергілікті жұмыс күштерін қолдану, туристік орталықтарды жабдықтау үшін жергілікті материалдарды қолдану, туристерді тамақтандыру үшін жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін шығыстау сияқты.

Жоғарыда атап кеткен параметерлерді есепке ала отырып, туризм экономикасына шетелдік инсвестициялардың қалай әсер ететінін анықтауға болады. Шетелдік инвестицияларды қолдану кезінде сервис сапасын жоғарлату үшін шетелдік тауарларды сатып алумен байланысты валютаның шығуы қандай мөлшерде кететінін есептеу қажет. Әлемдік баланстың есептеуі бойынша туристер үшін импортқа 15-тен 55%-ға дейін жергілікті емес ресурстармен туристік индустрияны қамтамасыз ету мен экономиканы дамытуға байланысты түскен түсімдер кетеді.

Бірқатар басқа салалардан туристік индустрияның айырмашылығы жоғары капитал салымдылығымен ерекшеленеді және сондықтанда оның дамуы үшін үлкен көлемде қаражат керек. Сондықтанда Қазақстанның туризм индустриясына салынған қаражаттар қандай көбейтінді эффект беретінін есептеу мақсатты пішімделге.

«Туристік мультипликатордың» әрекеті шетелдік туристерден алынған ақшалай қаражаттарды дұрыс қолдану арқылы көрінеді. Бұл қаражаттар туризмге тартылған көппішімді қызмет түрлерінің салдарынан экономиканың басқа салаларына қарағанда тез айналымға түсуі мүмкін, олар көптеген аралас салаларды қамтиды – құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, көлік, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары және т.с.с., және осының арқасында экономикалық белсенділіктің жоғарылауына мүмкіндік береді.

Туризмге деген халықтың қажеттіліктерін анықтау үшін, ең алдымен, жеке адамның нақты тұтынушылық тәртібіне әсер ететін факторлардың жиынтығын анықтау қажет. Егер де негізгі факторлар анықталынса, онда екінші тапсырма тұтынушылық тәртіптерінің (стиль, мінезі) пішімін бір уақытта анықтаумен жиынтық тұтынушылық топтарды бөлу болып табылады. Осы тапсырмаларды шешу көмегімен ағымдағы (репрезентатитвті) сұранысты анықтау әдіснамасын жасауға болады.

Туристік қызметтерді тұтынушыларды сегменттеу көпфакторлы сегменттеу әдісі бойынша іске асырылған, топтарға тұтынушыларды бөлу кезінде негізгі белгілері ретінде келесідей факторлар қолданылды: жасы, жанұялық жағдайы, әлеуметтік статусы, тұтынушылардың квалификациялық деңгейі. Осы кезде туризм сферасындағы қызметтер бойынша тұтынушылардың тәртібі мінезіне талдау жасалды. Туризм сферасында тұтынушылық приортеттер әрбір бөлінген тұтынушылық сегмент үшін анықталды.

Шоп-туризмдегі үлес салмақтың төмендеуіне қарамастан, салыстырмалы ақыл-ой еңбегіндегі адамдар материалдық мәселелерін шешу үшін сауда-саттық бизнесімен айналысуға мәжбүр. Осыған орай, бұл жағдайдағы туристік фирмалардың негізгі тапсырмасы – қызметтер ассортиментін кеңейту, яғни қызметтерді дифференциациялау, әсіресе, егер де фирмалар шоп-туризмге мамандалса, онда республикаға халықтық тұтыну тауарларын жеткізудің басқа әдістері мен құралдарына көшу нарықтағы жағдайлардың өзгеруіне алып келеді, ал ол шоп-туризмнің құрып кетуіне алып келеді.

Әлеуметті-экономикалық топтар рангісінің көтерілуіне қарай элитарлы туризм үлес салмағының жоғарылау тенденциясы байқалады. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, бұл топ үшін туризмнің экстреналды және экзотикалық түрлерін дамыту мақсатты болып отыр.

Барлық сапарлардың құрылымда үлкен үлес салмақ спортты-ойын-сауықтық туризмнің үлесіне келеді, саяхат кезінде туристердің тәртібінде белсенді уақыт өткізу приоритетімен түсіндіруге болады.

Толығымен туристік қозғалыс, тұратын ел шекарасының ішінде, сондай-ақ шетелдік сапарлармен байланысты, адамдардың әлеуметті-экономкалық және демографиялық статусымен корреляцияланады, статустық өсуіне қарай көтеріледі (шоп-туризмнен басқасы).

Әрбір әлеуметті-кәсіби топтардың ішінде туристік қызметтерге төлемқабілетті сұраныс айырмасы мен туристік тұтыну мінезіндегі айырма негізінен жанұядағы табыссыз мүшелерінің санымен және сомалық жанұялық табысқа байланысты, адам басына шаққандағы табыстардың деңгейімен шартталған.

Сонымен бірге, әрбір топта респонденттер бар екенін айтып кеткен жөн, өйткені олар негізінен ұйымдастырылмаған өзіндік әрекеттегі демалысты қалайды, ол өте арзан және қол жеткізерлігімен түсіндіріледі.

Туристік тұтынуды оқып-үйрену мен туризмді дамытуды болжау Қазақстанда жағымсыз аспектілерді минимумға дейін жеткізуге және жағымды аспектілерін күшейтуді көрсетеді.

Толығымен, экономикалық және маркетингтік аспектілер туристік саланың дамуын анықтайды және тұтынушыларға бағытталған мүлдем жаңа туристік өнімді жасауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Оны қалыптастыру макро-, және микродеңгейлерде туристік қызметті активизациялау көмегімен мүмкін болады.

2001 жылдың 13 маусымында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңды басшылыққа және әлемдік туризм тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүргізу, құс салу, үкі асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы ай налдыру, қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Қазіргі шетел туристерін зауыт – фабриктер, олар шығарған өнімдер қызықтырмайды. Оларды еліміздің өзіне тән табиғи дәстүрлері мен салттары ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға таяу ұзын жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек тоқу, тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, сақина соғу шеберлерін тұрақты орналастыру мәселесін шешу керек.

Туризм саласының болашағын айқындайтын ұсыныстар әзірленіп жатыр. Алдымен туристік саланың құқықтық – нормативтік базасы мен мемлекеттік үйлестіруді жетілдіруіміз керек. Бұл туризмді экономиканың кірісті саласы мен бәсекеге қабілетті индустриясы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет