4. Шығармашылық деңгейдің тапсырмалары оқушыны өнімді әрекет жасауға бағыттайды. Энциклопедияда шығармашылық «... ешқашан бұрындары болмаған, жаңа сапалы нәрсені тудырушы қызмет» ретінде қарас-тырылған. Балалар үшін бұл міндетті емес. «Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С. Л. Рубинштейін «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» дей келе, «шығармашылық шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста әсіресе бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М. Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «...Баланың атаға тартуы рас болса, сикырлы дала-ның баласы - казақ баласы киялқұмар болуға тиісті». Педагог-ғалымның айтқанының сөз өнері - әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М. Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».
Оқулықта 2-сынып оқушысы үшін шығармашылық жұмыс түрлері іріктеліп алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |