5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған


Эдгар Аллан По (1809-1849)



бет10/12
Дата31.12.2019
өлшемі0,7 Mb.
#54763
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Эдгар Аллан По (1809-1849). Өзінің бойына суретші, математик, табиғат зерттеуші дарындылығын сіңірген Эдгар По өз заманының білімді адамдарының бірі болды. Бірақ тағдыр тауқыметі оны өлімнен кейін де аңдыды. По өзінің шығармаларының редакторы қылып тағайындаған Р.Грисаулд оның өмірбаянының текстін де өзгертіп отырды. Грисаулдық Эдгар По туралы өтірігін ашу үшін зерттеушілердің көптеген жылдар бойы тер төгуі қажет болды. Оңтүстіктегі құл иеленуші штат Виргинилда өскен ақын көбінесе оңтүстік аристократтардың көзқарасын бөліп көрсетті.

Басқа қырынан қарағанда өмір бойы қайыршылық қасіретін тартқан По буржуазияның қыспағын, адам тұлғасын бағаламаушы-лықты, өнерді бұрмалаушылықты көріп өтті. Сондықтан По бойында ойшыл-рационалист және романтик қасиеті қалыптасты. Ол өзінің шығармаларында қатал өмірдің зұлым жақтарын, сатушылық прессасын көрсете білді. Ақын қостаған Р.Купер, Н.Готорн, Г.Монгрелло шығармашылығы дүние жүзілік әдеби процесінің бөлігі ретінде санаған ұлттық әдебиет дамуында үлкен роль ойнады. Европа әдебиетінің шығармаларына дұрыс баға беру қабілетін Б.Шоу жоғары бағалады. Ағылшын әдебиетінен По Шекспирді, Мильтонды, Дероны ерекше бағалады.



Поэтикалық шығармалары. Эдгар По – талантты лирик, поэтикалық тілді қолдану мүмкіндіктерін кеңейткен күшті экспериментар. Өлеңнің аяқталған теориясын құрастырушы американ әдебиетінің алғашқыларының бірі болды. Поның ерте поэзиясы жетістіктерге ие болмаса да, онда ақынды өмір бойы алаңдатқан басты сұрақтар орын алды. Ол кейінгі лирикасының (1845-1849) мазмұнында жоғары әдеби баға алды. Оның «Ворон», «Улалюм», «Эннабел Ли», «Эльдорадо», «Қоңырау» атты шығармалары үлкен атақ әкелді. По өлеңге қысқалың, жаңалылық және шындық тән болу керек деп санады. Ақынға үлкен атақ әкелген өлеңі «Ворон» (1845) деп аталады. В.Брюсов «Воронды» «қорқыныш» шынайлықтан табылған Эдгар Поның ерекше шеберлігі деп таныды. Поэманың қысқаша мазмұны мынандай: «Жоғалған Леонара туралы» қайғырып отырған жалғыз қиялшыл адамның бөлмесіне құйын кіріп кетеді. Леонора дегеніміз, біреу «ешқашан» деген сөзді үйретіп қойған қарға Ақынның өзі «Қарға» деген тақырыпты «әдемі жас келіншектің өлімі» ретінде анықтайды. По әдемі әйелдің өлімін әлемдегі поэтикалық сюжет ретінде қараған По поэзиядағы музыканың ролін әдейілеп оқып үйренді. Мәселен, «Қоңырау» өлеңінде әрбір бөлім әуенділікті иеленеді. Оқырманның алдында туу, үйлену, қайғы, өлім сияқты адамзат тағдырының кезеңдері ашылады. По лирикасының әуенділігіне ырза болған Морис Равель мен Клод Дебюсси ақын сюжетіне музыка ойлап шығарды. Фольклор балладасының жанрын пайдалана отырып, По махаббаттың шексіздігі туралы «Эннабел Ли» өлеңін жазды. Поның әйелінің анасы Марии Клеммге арнаған «Менің анама» атты сонеті адам баласын шынайлығы және қарапайымдылығымен қозғайды. По прозаикалық өмірге эмоцияналдықты, руханилықты, идеялдылықты кіргізбекші болған романтиктерге жатады.

Эдгар По – новеллашы. Ирвинг және Готорнмен бірге Эдгар По новелла ұлттық жанран құрушылардың бірі болды. Американ және әлемдік әңгімеге ықпалын тигізген 70 әңгіменің иесі болды. Райнов «Эдгар Поны толық негізбен үш жанрдың: детективтік, ғылыми-фантастикалық және қорқыныш әдебиетінің бастаушысы деп санауға болады деп атап көрсетті. По шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге фантастикалық сипатқа ие болған 30 жылдары жазылған әңгімелері жатады. Оның «Қорқынышты» және «құпия» әңгімелерінің астарында өмірге деген терең қанағатсыздық, оның философиялық және эстетикалық қайыршылығы көрініс табады. По өмірінің соңына шейін әлеуметтік зұлымдықтың себебін білмейді. «Ашерлер үйінің құлауы» (1839) - жалғыздық тақырыбына құрылған әңгімесі. Шығармашылығының бірінші кезең бұл әңгімемен аяқталады. Родерик Ашер – нәзік сезімді суретші, қайғылы музыкалық әуендердің дарыны, жалғыздық қасіретін тартып, аса жақсы көретін апайын Мэдиллейннің ауруына түңілген жан ретінде суреттеледі. Ол өзінің жақын арадағы қазасын сезініп, мәңгілік қорқынышпен өмір сүреді. Қатты талып қалған ауру апайын Родерик жерлейді. Өзіне келегн апайы зираттан шығады. Ол өзімен бірге бүкіл қорқынышты алып келді. Мэдиллин мен Родерик нәзік сөзімді жандар өзін қоршаған ортаға сай бейімделмеген еді. Бауыры мен апайы – бір бүтін, біреуінің өлімі екіншісінің өліміне алып келеді. 40 жылдары Эдгар По американ және европалық детективтік әдебиетке зор ықпал еткен детективтік әңгімелерін өмірге әкеледі. Олар: «Морг көшесіндегі өлім» (1841), «Мари Роже құпиясы» (1842), «Алтын қоңыз» (1843), «Ұрланған хат» (1845) және т.б. По новеллаларының кейіпкері, тергеуші Дюпенің құпия өлімді ашуы туралы «Морг көшесіндегі өлім» новелласында айтылады. Оны өлімнің хайуандық сипаты таң қалдырады; ол кісі өлтірушінің ерекше даусына назар аударады, себебі көргендердің бәрі бір сөз немесе адамға тән дыбыс естілмеген. Өлген адамның жарақатына қарағанда қылмыскер алып күштің иесі болғанын да Дюпен байқады. Бойында ерекше жеңілдік бар қылмыскер терезеден секіргенін де Дюпен түсінеді. Кенет Дюпенге ой келеді. Оның шешімі шындыққа айналды. Булан орманыннан иесінен қашқан орангутан табылады. Артынан теңізші иесі де өлім туралы айтып келеді. «Алтын қоңыз» әңгімесінде По ауыз әдебиетіндегі қарақшылар жаулап алған қазына туралы аңыз негізінде жазылған. Аналитикалық ақылды меңгерген Легран ерекше әдемі қоңызды тауып алады. Жұмысшы негр Юпитер оны пергаминтке орайды. Пергаменттегі бас сүйек Легранға пергамент бір кездері қарақшылардыкі болғанын байқатады және де пергамент алдында қазынаның тұрақты жері туралы жазылған. Жылудың әсерімен пергамент «сөйледі»: онда бас сүйек бастырмасы. Шифр және қарақшы Киддтің қолы анықталады. Поның детективтік әңгімелерінде шынайшылық ізі байқалады. По шығармашылығынан сонымен бірге біз ғылыми – фонтастикалық әңгімелер байқаймыз. По өз замнының ғылыми ойшыл әдебиетшісі болған, ол атақты Ньютонның, Лапластың, Фергюсонның, Гумбольдтың теориясын оқиды, астрономияны жақсы білді, Айды зерттеді. Дыбыс және түс туралы зерттеулер жазады. Бұл тақырыпта «Бутылкадан табылған қолжазба», «Низвержение в Мальстрем», «Шехеразаданың мың екінші ертегісі» атты еңбектері бар. Онда ол әдебиетпен ғылымды біріктіреді. По сонымен қатар юмористикалық, сатиралық әңгімелер қатарын жазады. Ол «Черт на колькольне» (1839), «Челове дела» (1840), «Эксвайдердің Томның әдеби өмірі» (1844) деген әңгімелерінде алаяқтық өмірін кертартпа суреттейді.

М.Горький Поны «форманың өе жақсышебері», шынайы суретші ретінде таниды. Жазушы ағылшын тілінің аса құдіретті стилистерінің бірі болады. Поның ойынша әңгіменің бірі болады. Поның ойынша әңгіменің басы оқырманды еліктіретіндей бояу керек. Сондықтан әңгіменің басына көп көңіл бөлді. Эдгар По және Ж.Гонкуралар 1856 жылы қолжазбаларында былай деп жазады: «Поны оқығаннан кейін бізге ерекше бір жаңалық ашылды. Оны халық, я оқырман байқамайтын сияқты. По- бұл жаңа әдебиет, ХХ ғасыр әдебиеті.» Змандастары жазушыны түсінбеген. Тек кейінгі ағым өкілдері Бадлер, Валери, Ремболар Поның жаңа қоғамға әйгілеген шығармашылығының мәнін ашты.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Лонгфеллоның «Еріксіздік жырлары» атты өлеңдер топтамасының тақырыбы.

  2. Лонгфеллоның өмір сүрген жылдары.

  3. Э.По шығармашылығындағы жаңашылдықты қайдан аңғарамыз?

  4. Э.По американ әдебиетінде қандай жанрлар қалыптастырды?


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 26, 27, 28, 29.
ДӘРІС 15. Г. БИЧЕР-СТОУ ЖӘНЕ УОЛТ УИТМЕННІҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ
Дәрістің мақсаты: Студенттерді Г.Бичер-Стоу мен Уолт Уитменнің шығармашы-лық мұрасымен таныстыру.

Тірек сөздер: аблициондық әдебиет, мулат, Бруклин, фермер



Дәрістің жоспары:

  1. Г.Бичер-Стоу аблициондық әдебиеттегі ең әйгілі жазушы әйел.

  2. «Том ағайдың лашығы» романының маңызы.

  3. У.Уитмен – көрнекті американ ақыны.

  4. «Шөптердің жапырақтары» жинағындағы шығармаларының жазылу тарихы, басты тақырыбы.

  5. Уитмен туындыларының стильдік ерекшеліктері.


Гаррист Бичер-Стоу (1811-1896). Гаррист Бичер-Стоу шығармашылығы аболиционистік қозғалыс саласында дамыған. Ол 1830-1850 жылдары Вергиниядағы құлдар көтерілісімен сәйкес келеді. Осы оқиға өрісінде жазушының «Хижина дяди Тома» атты романы жарық көрген.

Құлдыққа қарсы буржуазиялық-демократиялық қозғалыс пен американдық жазушылардың қозғалысы байланысты. Гаррист Бичер-Стоу шығармашылығы аболиционистік қозғалыстың күшті және әлсіз жағын көрсете білді.

Гаррист Бичер-Стоу 1811 жылы Лаймен Бичер деген шіркеушінің отбасында дүниеге келген. Ол өте қатал дәстүрлі тәрбие алған, сол себепті бұл тәрбие оның шығармашылығынан айқын көрінеді. Сонымен қатар әкесінің, ағаларының құлдыққа қарсы көзқарастары Бичер-Стоуды аболиционистер қатарына қосады. Жас кезінде Гаррист қыздар мектебінде сабақ береді. 1832 жылы Бичер отбасы Коннектикут штатынан құлиеленушілік оңтүстікпен шекаралас Огал штатына орын тебеді. Бұл жерде құлдықтың қандай екендігін өз көзімен көріп, көзқарасын құлдықты жоюға одан әрі кеңейте түседі. Бұны жазушының жұбайы, құдай сөзін зерттеудің профессоры Кальвин Стоу алады.

Гаррист Бичер-Стоу 30-шы жылдардан бастап жазады. Оның алғашқы әңгімелері мен очерктері аты әйгілі «Дамский» журналында жарияланады. Жазушының таланты «Хижина дяди Тома» романында шыңдалады. Романмен Бичер-Стоу 1851-1852 жылдар аралығында жұмыс жасайды. Бұл роман «Национальная эра» журналында жарияланып, үлкен жетістікке жетеді.

«Хижина дяди Тома» - америка әдебиетіндегі реалистік бағыт, сарын байқалатын алғашқы әлеуметтік романдардың бірі. Қара нәсілді құлдардың тағдыры, өмірі романда анық және шынайы да шыншыл бейнеленген. Бірақ Бичер Стоу құлдықтың эксплуаторлық бейнесін ашуға ұмтылған жоқ, оны ең алдымен құлиеленушілер мен құлдармен маральдық декрадация мәселесі қобалжытты. Шығарманың идеялық ерекшелігі жазушының сол кездегі америка өмірін көрсете білуі. Яғни қара нәсілділерді құлдықтан босату үшін жүргізілген күрес мәселесінің ұлттық мәселеге айналуы.

Том деген негрдің қайғылы тағдырын әңгімелеп, Бичер-Стоу ақтардың қара нәсілдірлерге көзқарастарының немқұрайлы екендігін шебер бейнелеп береді. Құлдардың төмендегі және қайғылары жайлы жазады.

Гаррист Бичер-Стоу «қара нәсілдерлерді бостандықта өмір сүре алмайды және бостандықта өмір сүруге болмайды»,-дегендерге қарсы шығады. «Романда өзінің адамдық қасиеттерімен қара нәсілділер ақтардан қалыспайды»,-деп жазады Бичер-Стоу. Кітапта ақ адам мен қара нәсілді адамды қатар қойып, қара Сэмнің ақылы мен даналығы Вашингтондағы кез-келген саясаткерден кем түспейтінін көрсетеді. Том ағайдың жанұясына деген сағынышы кітапта мынадай теңестіру арылы берілген: «өзінің жалғыз, сүйікті қызын жерлеп келген Цицерон оны қалай сағынып, қайғыланса, біздің бейшара Том да солай таза, пәк сағынышқа толы еді. Себебі ол екеуінің де жүрегі адамдікі емес пе?»- деп келтіреді. Бостандық консепциясы романның ІІ бөлімінде құрылған. ХХҮІІ бөлім «Бостандық», ХХҮІІІ «Жеңіс». Бұнда екі негізгі кейіпкер Джордж Гаррис пен Том ағайдың өмірлік жолының нәтижесі берілген. Біріншісі шынында да нақты бостандыққа жетеді. Бостандыө жайлы арман және оған жетуге құштарлық Гаррис және оның әйелі Элиза және Том ағай арқылы беріледі. Олардың өмірлерінің оқиғасы романның екі сюжеттік сызығын құрайды. Олар бір-бірін толықтырып бір бүтін және бір-біріне қарама-қарсы автордың бостандық консепциясын құрады. Романда қара нәсілді халқының барлық шығармашылық мүмкіндіктері ашылған. Мысалы: Гаристің таланттылығы, әр нәрсені ойластыра білуі, Томның нәзік сезімдері, Сэмнің ораторлық мүмкіндіктерін алуға болады. Бірақ барлық қара нәсілділер жағымды кейіпкер негізінде бейнеленбеген, олардың қатал өмірі, қара нәсілділердің жаман қасиеттерге бейімделіп, қаталдануына әкеп соғады. Оған мысал ретінде легридің құлдары – Сэмбо мен Квимбоны алуға болады. Гаррист Бичер-Стоу құлдардың өтірікке, құлдыққа бейімділігін ескере отырып, бұндай құлдық жүйе адамзатқа шен екенін жазады. Яғни, осылай жазушы құлдыққа қарсы қоғамдық қарсылықты байқатады.

1853 жылы Г.Бичер-Стоу өзінің тағы бір еңбегін жарыққа шығарады.

Онда жазушы романды жазу үстінде қолданған құжаттарын көрсетеді. Құлдықты жою қажет деген мәселені Бичер-Стоу «Повесть о проклятом Болоте» деген құлиеленушілікке қарсы романында тағы да көтереді. Бұнда басты назар қара нәсілдерді қалай тәуелсіз ету деген сұраққа ауады. Жазушыны «қанды, әлде бейбітшілік жолмен бе?» деген сұрақ толғандырады.

Г.Бичер-Стоудың құлиеленушілікке қарсы романы американ-дықтардың ойына қатты әсер етеді. Бұл, әсіресе, сол кезде солтүстікте жүріп жатқан «адамзат соғысынан» байқалады. Бұл тұрғыда Авраам Линкольн Г.Бичер-Стоуға өз ойын білдіреді. Л.Н.Толстой «Хижина дяди Тома» романын өнердің ең жоғарғы үлгісіне жатқызып, бұның негізі жақын адамға махаббат деген екен.



Уолт (Уолтер) Уитмен (1819-1892). Ұлы ақын – новатор Уолт (Уолтер) Уитмен (1819-1892) жылдары Нью-Иорк қаласынан алыс емес, Лонг-Аилен жерінде шаруалар отбасында дүниеге келген. Кейін отбасы Бруклинге көшіп кетеді. Ол екі жасқа дейін болашақ ақын бастауыш мектепке барып, одан кейін оның өмірлік еңбектері басталады. Ол көптеген мамандықтарды ауыстырды: типографияда оқытушы болып жұмыс істейді, кейіннен жинақтаушы, ауылдық мұғалім, ұста репартер, редактор қызметтерінде болды.

Уитмен әрқашан өздігімен дайындалып систематикалық болмаса да, көлемді білім алды.

Осы жылдары оның өміріне деген көз-қарасы, қарапайым халыққа деген үлкен сеніммен, мүмкіншілдікпен болды. Уитмен өзінің күшін поэзияда да сонымен бірге прозада да сынады. Бірақ 1855 жылы отыз алты жастағы Уитмен өзінің ең бірінші «Шөп жапырақтары» атты өлеңдер жинағы шықты. Бұл жинақта 12 шығармасы кірді.

Уитменнің бірінші шығармасының өте қатты сынға алынуы, ақынды ешқандай абыржытқан жоқ.

1855 жылы оның «Шөп жапырақтары» атты жинағының екінші жинағы шықты. Уитмен өзінің шығармаларын тірі кезінде тоғыз басылымы шықты. «Шөп жапырақтары» өлеңдер жинағында көптеген өлеңдер, үлкен поэмалар, «Үлкен жол өлеңдері», «Бруклиндегі көшіру» және тағы басқа өлеңдері кірді.

1861 жылы Солтүстік пен Оңтүстік арасында азамат соғысы басталды. Сол жылдары Уитмен қайырымдылық әскери ауруханасында жұмыс істеді. Осы кезден бастап оны «Мейірбан бурыл ақын» атап кеткен.

Соғыс біткеннен кейін Уитмен сыртқы істер министірлігінде жұмыс істеді. Бірақ министерстваның бастығы Уитменнің өлеңге ақындыққа жақын екенін біліп оны жиырма төрт сағаттың ішінде жұмыстан шығару керек екенін айтады.

Осы кездерде оның өлеңі тек өз елінде ғана емес, сонымен қатар Европаға тарады. Оқырмандары көбейе бастайды, әсіресе «Шөп жапырақтары» атты поэмасын оқуға.

1873 жылы Уитмен сал ауыруына ұшырап, өмірбойына мүгедек арбасында бұғауланады.

Ақын Кәмден қаласына барады. Ол жерде оның жақын досы жас журналист Г.Тробек келіп тұрған.

1873-1874 жылдары оның «Европа», «О'Франце жұлдызы», «Жеңіске жеткен Европалық революционер». Уитменнің көркем-идеялық ашулары: оның еркін өлеңдер, тақырыптар мен интонациясы сол кездегі Америка әдебиетінің өркендеуіне үлкен әсерін тигізді.

ХХ ғасырдың басында Уитменнен кейінгі ізбасар шәкірттері К.Сейндибери, Э.Л.Мартерс, В.Линдий, Х.Крейн.

Уитменнің орыс әдебиетімен байланысы әр алуан болған. Ең бірінші ақынның атын орыс сынына 1861 жылы алды. Ол кез ХІХ ғасырдың 70-ші жылдардың басы Уитменнің өлеңдерімен И.С.тургенов таңданған. 1880 жылдардың аяғында Л.Н.Толстой өте қызығушылық танытқан.

1907-1969 жылы Уитменнің он екі аудармалар кітабы шыққан. Оның ең ақырғы басылымы «Менің Уитменім» деген атпен басылды. Уитменнің өлеңдері В.Брюсов, А.Блоктың поэзиялары арқылы орыс әдебиетінен орын алды.



1881 жылы Уитменнің өлеңдері орыс тіліне аударыла бастағанда ол қысқа «Ресейге хат» деген өлеңін жазады. Бұл өлеңде оның арманы халық достығы жоғары дәрежеге жетсе дейді. У.Уитменді Американ әдебиетінің ірі өкілі деп айтуға болады. Өйткені оның шығармалары өте кең көлемде және әртүрлі тақырыпта жазылып, Америка романтизмін жоғары дәрежеде көрсеткен. Оның шығармала-рын көптеген ұлттар оқыған. Америкада У.Уитменді романтист ретінде танылған.
Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Г.Бичер-Стоу қай әдебиеттің өкілі.

  2. Стоу романдарының басты тақырыбын айт.

  3. У.Уитмен халықтық-ұлттық идеялдың жаршысы екендігін қай туындыларынан аңғарамыз.

  4. Уитменнің «Шөптердің жапырақтары» жинағының американ романтизміндегі орны қандай?


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 26, 27, 28, 29.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР


  1. Тәжірибелік сабақ: ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропа және АҚШ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. Романтизм – шығармашылық әдіс.

Сабақтың мақсаты: Студенттер романтизм туралы пікірлерін ортаға сала отырып, оның Батыс Еуропа және АҚШ әдебиетіндегі қалыптасу кезеңдеріне тоқталады.

Сабақ жоспары:

  1. Романтизмнің анықтамасы.

  2. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы тарихи-әлеуметтік жайлар.

  3. ХІХ ғ. Батыс Еуропа және АҚШ әдебиетін шартты түрде кезеңдерге бөлу.

  4. Романтизм әдісінің көркемдік тұрғыдағы жеңісінің көріністері.

Әдістемелік нұсқау: Романтизм туралы академик З.Ахметовтің анықтамасымен танысу. Романтизмнің көркемдік әдіс екендігі, оның сан-қырлы жақтары бар екендігін ашып көрсету. ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. бірінші жартысындағы тарихи оқиғалардың Батыс Еуропа және АҚШ әдебиетіндегі романтизмді қалыптастырудағы әсер-ықпалын анықтау. Қазақ романтикалық туындыларына тоқталу.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12.


  1. Тәжірибелік сабақ: Герман романтизмінің қалыптасуындағы романтикалық мектептердің ролі.

Сабақтың мақсаты: Германиядағы романтизмнің қалыптасу кезеңдеріне тоқтала келе студенттер оның көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасымен таныстырады.

Сабақ жоспары:

  1. Неміс мәдениетіндегі романтизмінің ролін айқындау.

  2. Алғашқы романтикалық ойлар.

  3. Неміс романтизмінің қалыптасу кезеңдерін айту.

  4. Иендік мектеп өкілдерінің шығармашылық мұрасымен таныстыру.

  5. Гейдельбергтік мектептің романтик өкілдері.

  6. Германиядағы ұлт-азаттық көтерілістің романтизм идеясына ықпалы.

Әдістемелік нұсқау: Батыс Еуропадағы тарихи оқиғалардың неміс романтизмінің дамуына тигізген әсерін анықтау. Иендік және Гейдельбергтік мектеп өкілдерінің шығармаларымен таныстыру. Ағайынды Гриммдердің «Балалар мен үй іші ертегілері» жинағын оқыту. Белинскийдің «Көлдік мектеп» өкілдері туралы айтқан құнды пікірін қарастыру.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 24, 25.

  1. Тәжірибелік сабақ: Э.Т.А.Гофманның шығармашылық мұрасы. Неміс романтизміндегі орны.

Сабақтың мақсаты: Гофманның романтикалық еңбектерімен таныса отырып, оның неміс романтизмін қалыптастырудағы ролін ашып көрсету.

Сабақ жоспары:

  1. Гофманның дворяндық ортаны сатира тілімен сынауы.

  2. Гофмандық «қосдүниелілік» әлем туралы, оның Абай шығармаларындағы көрінісі.

  3. Жазушының жаңа заман ертегілері.

  4. Гофман шығармаларындағы романтикалық көркемдік ойлар.

  5. Гофман шығармашылығының орталығы - өнер тақырыбы мен суреткер бейнесі.

  6. Суреткердің романтикалық әдістері.

Әдістемелік нұсқау: Гофман туралы орыс сыншысы Белинскийдің айтқан пікірлерін келтіру. Гофман туындыларымен таныса отырып, оның тақырыптық, көркемдік қырларына үңілу. Абай шығармаларындағы Гофманмен үндестікті табу.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 24, 25.



  1. Тәжірибелік сабақ: Гете Иоганн Вольфганг шығармашылығы романтизим дәуірінде

Сабақтың мақсаты: Гете шығармашылығындағы романтикалық иірімдерді ашып көрсету

Сабақ жоспары:

1 Неміс халқының ұлы ақыны Гетенің алғашқы эстетикалық ойлары.

2. Гетенің Наполеонға қатысты пікірі

3. «Фауст» ақынның саналы ғұмырының жемісі

4. «Батысты-Шығыстық жинақтың» мәні.

5. Гетенің лирикалық туындыларының басты ерекшеліктері.

6. «Гете дәуірі» және басқа ақындар

7. Гете және Абай: аударма, шығармашылық үндестік



Әдістемелік нұсқау: Гете шығармаларының пәлсапалық-саяси идеяларын ашу. «Фауст» трагедиясының тууы және көркемдік сипаты. «Фауст» туралы аңызды Пушкиннің өзіндік шешіммен жазуы. Т.Манн және И.Бехерлердің Гете туралы пікірлері. Абайдың Гетені аударудағы сыры.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 24, 25.


  1. Тәжірибелік сабақ: Англиядағы романтизм және «Көлдік мектеп» өкілдерінің шығармашылық мұрасы.

Сабақтың мақсаты: Студенттердің Англия романтизмнің қалыптасу кезеңдеріне тоқтала отырып, «Көлдік мектеп» өкілдерінің шығармашылығымен танысуы.

Сабақ жоспары:

  1. Англия романтизмінің қалыптасу кезеңдеріне шолу

  2. «Лейкистік» ағым өкілдерінің романтикалық туындылары

  3. Уильям Вордсворт шығармаларының басты тақырыбы.

  4. Ақынның философиялық лирикасы

  5. С.Колридж шығармашылығының жемісті кезеңі

  6. Ақынның «Кәрі теңізші» балладасының көркемдік идеясы.

  7. Роберт Саутидің эстетикалық көзқарасы

  8. Саути туындыларындағы романтикалық ойлар

Әдістемелік нұсқау: «Лейкистік» ағым туралы мағұлмат беру. Өндірістік төңкерістің романтизмді қалыптастырудағы мәнін ашу. «Көлдік мектеп» өкілдері туындыларындағы ортақ ойлар. «Көлдік мектеп» туралы ғалымдардың ой-пікірлерін ортаға салу.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16.
6.Тәжірибелік сабақ: Дж. Г.Байрон шығармашылығы-әлемдік әдебиеттегі романтикаық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді Байрон шығармашылығымен жан-жақты таныстыра отырып, туындыларының көркемдік-эстетикалық қырларын анықтау. Ақын өлеңдерін жатқа айту.

Сабақ жоспары:

  1. Байронның шығармашылық өмірбаяны.

  2. Ақынның күрескерлік патриоттық рухы.

  3. Байроның алғашқы шығармаларының мәні

  4. «Чальд-Гарольдтің сапары» атты туындысының көтерген мәселесі.

  5. «Шығыстық поэмалар» шығармалар тобының романтикалық қырлары.

  6. Байрон лирикасының тарихи -әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық маңызы.

  7. Байронның әлем әдебиетіндегі алатын орны.

  8. Байрон және Абай, аударма мәселесі.

  9. Ақын жайлы ғалымдардың ғылыми тұжырымдары.

Әдістемелік нұсқау: Байрон туралы Белинскийдің пікірі. Абай мен Байрон арасындағы рухани үндестікті шығармаларынан анықтау. Басқа қазақ ақындарының аудармасымен таныстырып, жаттату.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16.
7. Тәжірибелік сабақ: П.Б.Шеллидің өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: П.Шеллидің шығармашылық мұрасына талдау жасау.

Сабақ жоспары:

1. Шеллидің шығармашылық мұрасын баяндау.

2. Шелли шығармашылығындағы романтизм идеясы.

3. Ақын туындыларындағы саяси-әлеуметтік, пәлсапалық ойлар.

4. Табиғат лирикасына шолу жасау, аудармаларын жатқа айту.

5. Шеллидің дидактикалық поэмаларының мәнін ашу.



Әдістемелік нұсқау: Шеллидің лиро-эпикалық, дидактикалық поэмаларын оқыту. Шеллидің романтикалық, пәлсапалық көзқарастарына үңілу. Ақын аудармаларымен таныстыру.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15.
8. Тәжірибелік сабақ: В.Скотт туындыларының ағылшын романтикалық әдебиетіндегі орны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет