Күні: 13.02.2016
Пәні: логика
Тақырыбы: Суретші нені шатастырған?
Мақсаты: 1.Суретші шатастырған суреттерді табуға баулу.
2. Ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: логика дәптері, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қарындаштар.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Достар, бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге
Қуанышпен еніңдер.
Кіріспе әңгіме.
Суретші дегеніміз кім? Ол не істейді? Оған қажетті құралдарды атап беріңдерші. Сендерге сурет салғанда не қажет?
ІІ. Жаңа сабақ.
Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пенИ. Бродскийден сабақалды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Балалар, біз бүгін мына көріп тұрған суреттердегі суретші шатастырған суретті табуымыз керек. Қане суретші мырзаның қателерін атап беріңдерші.
Балалар жауаптары....
Балықтар аспанда ұшпайды
Шыршада гүл өспейді
Тәттілер аспанға ұшпайды
Велосипед төртбұрышты дөңгелекпен жүре алмайды.
Иттің үстінде көбелек тұрмайды
Бағдаршамда көк түс болмайды.
Жүзім ағашы басқа болуы тиіс
Күн мен ай бір мезгілде шықпайды
Жаз мезгілінде қар жаумайды
Үйдің есігі төбеде болмайды
Үйге терезе арқылы кіре алмаймыз
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кім кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Америкалық суретші Ра Ролетт өмірінің 10 жылдан астам уақытын армандаған үңгірін қашауға жұмсады. Оның мұндай ауқымды жобасы Нью-Мексика штатында жүзеге асқан. Суретші үңгірдің барлық қабырғасын өзі ойлап тапқан сан алуан өрнекпен безендірген.
ІІІ. Қорытынды.
Балалар, бүгінгі сабақта не істедік?
Сабақ ұнады ма?
Суретші деген кім екен?
Тексерілді:
Күні: 13.02.2016
Сабақтың тақырыбы: «Қаңбақ шал мен Дәу» ертегісі.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: ертегіні тыңдау, әңгімелеу білімдерін тыянақтау;
2.Тәрбиелік: ертегіні тыңдап,ретімен әңгімелеуге тәрбиелеу
3.Дамытушылық : сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың әдісі: таныстыру, сұрақ -жауап
Көрнекілігі: ертегі мазмұнына сәйкес суреттер,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин) Балалардың көңілін сабаққа аудару.
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.
3.Сұрақ – жауап: - Қаңбақ шал не істеді?
– Дәу не істеді?
– Кімдердікі дұрыс,кімдер дұрыс істемеді?
Сабақты қорытындылау: Ертегіні сахналау.
Тексерілді:
Күні: ___________ Пәні: қол еңбегі
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Сүлгіні кестелеу.
Мақсаты: матамен жұмысты жалғастыру; қарапайыс кесте тігу өнерімен таныстыру; кестежіптің ерекшелігін түсіндіру; тігіс түрлерін орындау, көркемдеу дағдыларын жетілдіру; инемен жұмыс істеу ережелерін сақтай білу.
Керекті құралдыр мен материалдар: шашақталған сулықтар (балалардың жұмысы), ине, екі түсті жіп (қызыл, жасыл), қайшы, тігіс түрлері, кесте үлгілері, әліппе – дәптер.
Әдіс – тәсілдер: кесте тігу жолдарын түсіндіру, әңгімелесу, үлгіні талдау.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: тігіншілер еңбегімен таныстырып, еңбек туралы мақал – мәтелдер жаттату; әдемі кестеленген сулықтардың үлгісін көрсетіп, әңгімелету.
Сабақтың барысы:
Өткен сабақта шашақтаған сулықтарына бүгін кесте тігетіндерін айтып, балалардың іс – әрекетке деген қызығушылығын арттырады. Алдымен балалар инемен жұмыс істеу ережесін естеріне түсіреді, жіпті қалай өлшеу, қалай сабақтау, ұшын түю керектігін көрсетеді. Әліппе – дәптердегі үлгіге талдау жасалады, көктеп тігу тәсілінің үлгісі көрстіледі.
Алдын ала шашақталған сулықтардың шетіне қарындашпен түзу сызық сызып қояды. Бір сызықтың бойына балалар шаншым арасындағы бірдей қашықтықты дұрыс сақтау үшін, ине шаншатын орынды белгілеп көрсетіп қояды. Балалр сызық бойымен алдыңғы сабақта үйренген көктеу тігісін жүргізіп шығады. Содан соң педагог басқа түсті жіпті алып, тігістің арасынан иректеп өткізу тәсілі көрсетеді. Жіпті арасынан өткізген кезде матаға шаншымайды.
Санап тігілетін кесте
Санап тігілетін кесте.Тік түскен тігіс
Санап тігілетін кесте. Көлденең түскен тігіс
Бұл кестені матаның жібін санап отыру арқылы тігеді. Кесте төгілетін мата селдір болуы керек. Кестелейтін жіптің жуандау болғаны дұрыс, өйткені ашық жер қалмай жиі тігіледі. Тігістің тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. Тік түскен тігістің саны мен биіктігінің алмасып келуі ирек-ирек өрнек түсіреді, ал тік және көлденең тігістердің жымдаса түсуінен басқа бір өрнек туады. Кестелеуді солдан оңға қарай жүргізеді. Инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіреді. Сосын матаның астына түскен инені алғаш шанышқан жермен дөңгейлестіре, оң жаққа қарай әкеліп, жаңа тігіс түсіреді.
Шым кесте
Шым кесте - сурет бойынша кестелеу. Кестенің бұл түрін кез келген матаға түсіруге болады.Оның бірнеше түрі бар.
Бір жақты тығыз кестенің оң жағы
Бір жақты тығыз кестенің сол жағы
Түйіндеу кесте
Бір жақты тығыз кесте ("верхошов" немесе "владимир кестесі") - мұндай кестемен жастық тысына, дастарқанға т.б. өсімдік сабақтарын, гүлін, жапырағын салып кестелейді. Мұның бір өзгешелігі, тігілген кестенің тігістері түгелдей матаның оң жақ бетіне түседі, ал теріс жағынан матаның небәрі бірнеше жібі ғана іліп алынады. 6 қабатталған мулине жіппен немесе жүн жіппен тігіледі. Әдете, қызыл жіпке көк, сары, жасыл және ақ жіпті үйлестіріп алады. Бұл кестенің тігістері біріне-бірі тым тақау түспейді. Оң жақ бетіне негізгі сурет түседі, ал теріс жағына сурет нұсқасының бойымен көктелген сияқты бір қабат тігіс түсіп отырады.
Өсімдік жапырағын салып тігу үшін тығыз кестемен кестелейді - тігісті жапырақтың ортасынан бастап екі бағытта қиғаштай түсіреді, кестелеу жапырақтың сүйір ұшынан басталады:
бірінші - тігісті ұзын етіп ортаға қарай түсіреді;
алдымен жапырақтың бір жақ бөлігі тігіледі, сосын жоғарыдан төмен қарай екінші бөлігі тігіледі;
гүлін тіккен кезде тігісті ортаға қарай түсіреді, ортасын әдетте кереге көздеп толтырады. Кереге көзді түсіру үшін кестелеп отырған жіпті бір шетінен екінші шетіне көлденеңінен және тігінен тартады. Пайда болған кереге көздің қиылысқан жерлеріндегі жіпті бекітіп, крестпен немесе басқа да тігіс түрлерімен әшекейлеп тігуге болады.
Сергіту сәті: Ормандағы аю
Балалар іс-әрекеті:
Балалар екі түрлі кесте жіпті пайдаланып, сүлгіні кестелеу жұмысына кіріседі:
Шашақталған сулықтың екі шеті қарындашпен сызылады;
Қызыл түсті жіпті инеге сабақтайды, жіптің ұшын түю ескертіледі;
Балаларға инені дұрыс ұстауға бағыт беріледі;
Көктеу тігісін орындайды;
Екінші түрлі жіпті инеге сабақтап, ұшын түйіп алады;
Инені тігістің ең шеткі бөлігінен астынан үстіне қарай өткізіп алады;
Ине мен жіпті бір тігіс үстінен өткізіп, екіншісін келесі тігіске өткізіп кезектестіріп, жасыл жіпті жүргізіп шығады.
Сулықтағы кестенің тігісі, айшықтылығы балаларға қалай әсер қалдырды, сол туралы айтылып, еңбек нәтижелеріне баға беріліп, дайындалған сулықты жолдастарына, әже – апаларына, аналарына сыйға тартуға немесе ас мәзірін дайындағанда дастарқан басына жиналғандарға ұсынуға болатындығы айтылады.
Қорытынды: Сүлгі деген не? Не үшін пайдаланамыз?
Тексерілді:
Күні:________ Пәні: көркем жазу
Сабақтың тақырыбы: X және һ дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру.
2. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.
3. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дүрыс меңгерту.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, қол жаттықтыру жұмысы.
Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер.
Сабақтың барысы: I. Балаларды сабаққа ұйымдастыру.
II. Өткен материалдарды қайталау.
- Балалар, біз өткен сабақта сендермен қандай дыбыс, әріппен танысып едік?
- Дыбысты біз естиміз, ал әріпті көзімізбен көріп, қолымызбен жазады екенбіз. Біз сендермен көп дыбыс, әріптермен таныстық. Қане, маған кім бір дыбысты айтып, сол дыбысқа мысал келтіріп береді?
- Мысалы: а-алма, д-доп, қ-кияр, с-сағат т.б.
III. Жаңа сабақ. Ендеше, балалар, біз бүгін сендермен жаңа дыбыс X және һ дыбысымен танысамыз.
Қане, бәріміз X және һ деп айталық.
Балалар, мен сендерге осы әріпке байланысты жұмбақ жасырып көрейік, қане, бәріміз мұқият тыңдалық.
Аяғы жоқ, қолы жок.
Жүрмей тұғын жолы жоқ (Хат)
Сәлем алып алыстан,
Туысынан таныстан,
Кемтұғын "хат", "хабар",
Қай әріптен басталар? (X)
Балалар, мына суреттерді пайдаланып, сабағымызды жалғастырайық. Суреттерді атап, сөзде қанша дыбыс бар екенін айтып көрелік. Хат, хор, шахмат, қаһарман, жиһаз. Хат деген сөзде /х/ үш дыбыс бар. X дауыссыз, а-дауысты, т-дауыссыз.
Кеспе дыбыстарды пайдаланып сөз құрастырып жазғызу. Мысалы: ка-ла, доп, шар, ауа, бала.
— Балалар, енді мен сендерге сөйлем айтып берейін, сендер сөйлемде канша сөз бар екенін айтып беріндер.
Мен ағама хат жаздым. Бұл сөйлемде төрт сөз бар екен. Ауылдан хабар келді. Үш сөз бар екен.
Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
IV. 1,2 минут бой сергіту жаттығуы.
Жаңылтпаш: Хабиба-сумка көтерген,
Хат-хабар күнде әкелген.
Хатипа мен Ханипаға, қамарға,
Харьковтегі, Хамит аға
Хат жазыпты,
Хабарла!
Қол жаттықтыру, дәптермен жұмыс.
V. Сабақты қорыту. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Тексерілді:
Достарыңызбен бөлісу: |