Сабақтың тақырыбы: Кесте леп тігу. Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата26.08.2017
өлшемі1,12 Mb.
#29323
түріСабақ
  1   2   3   4
Үйірме жұмысының күнделікті сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Кестелеп тігу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қол тігістері арқылы шеберлікке баулу. Кесте тігу өнерін үйрету барысында оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке, көркемділікке, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Технологиялық карта, қол тігістің түрлері, кесте түрлері, сәндік жастықтар.
Қажетті құрал-жабдықтар: Бір түсті мата, түсті кесте жіптер, ине, қайшы, кергіш, бор, үлгі, калька қағазы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабақ

өтуге дайындау, қауіпсіздік ережесін сұрау .

Практикалық жұмыс:

Бүгін біз үйірме жұмысын жалғастырамыз.Кестелеп тоқу,яғни бастаған жұмысымызды әрі қарай жүргіземіз.Кестелеу жұмысын тіге отырып, сұрақтарға жауап бере отырамыз. (қыздар жұмыстарын жалғастырады)



Кестелеу дегеніміз не?

Кестелеп тігу кезінде ең бірінші жасайтын жұмысымыз қандай?

Матамен жіпті қалай таңдаймыз?

Қандай тігіс түрлерін білесіңдер?


Өрнек- бұл қандай да бір зат немесе бұйымдарды сәндеуге арналып,
бір элементті бір ырғақпен қайталай отырып құрастырылған немесе бүтін композиция құрайтын сурет.
Кесте өрнек құрастыру кезінде суретші нұсқаға қарап нобайлар жасайды. Қазақ сәндік бұйымдарын кестелегенде көбінесе кесте тек тұрмыстық бұйымдарды сәндейді, бірақ ол өзінше жеке мәнге ие бола алмайды. Ал, бұйым кестенің көмегімен ғана көркем де сәнді болып бағалана алады. Қазақтың ұлттық, жануарлар, өсімдік бейнесіндегі геометриялық ою-өрнектерін таңдайды. Олардың өзін кестеленетін бұйымның түріне, материалдық фактурасы мен кесте түріне қарап қолданылады. Мысалы геометриялық өрнектерді көбінесе ірі тоқылған маталарға айқас тігісінен кесте тіккенде салады.
Кестеленетін кестенің қай түрімен немесе қандай жіппен тігуіне байланысты әр түрлі етіп салуға болады.
Өрнекпен бұйымның барлық жері тегіс немесе оның жеке бөліктері дастархан шеті, жастық қаптың ортасы т.с. кестеленіп сәнделеді. Өрнектің барлық бөліктерінің өлшемдерін дұрыс орналастыру керек. Ереже бойынша кесте белгілі бір геометриялық формамен шектелген жазықтық бетіне түседі, мысалы төртбұрышты дастархан, үшбұрышты шәлі, дөңгелек формалы жастық қап.
Қазақ кестелері негізінен симметриялы болып келеді. Өрнектің орналасуы бұйым түрі мен шебердің ойластыруына байланысты






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет