Қауіпсіздік әліппесі



Дата07.02.2022
өлшемі22,48 Kb.
#93158
Байланысты:
қауіпсіздік әліппесі


Қауіпсіздік әліппесі
Мақсаты:

  • Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту; алғашқы дәрігерлік көмектің қарапайым түрін көрсете білуге үйрету;

  • Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту;

  • өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу

Көрнекілік:

  • фигуралар,

  • қорапша

  • йод, зеленка, мақта, градусник, дәрі, дәкі

  • АКТ құралы

Өту барысы
Тәрбиеші: – Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Ережелер еліне
Саяхатқа барайық
Қауіп-қатер төнсе егер
Сақтық жолын табайық.
Біздер Қауіпсіздік Ережесі еліне  пойызға мініп аттанамыз. (бірінің-артына бірі тұрып пойыз болып айналып шығу)
Міне, біздер Қауіпсіздік Ережесі еліне келдік. Мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр:
Жұмбақ:
Үш көзді батыр
Жол көрсетер батыл.
Үш көзі үш түрлі:
Қызыл, сары, жасыл. Бұл не? (Бағдаршам)
І.–Сендер жолда жүру ережесің білесіңдер ме?
Презентациямен жұмыс
ІІ. –Кенет Қауіпсіздік Ережесі елінде адасып қалсаң не істейсің?
Сергіту сәті “Мен біркүні адастым ”
Мен бір күні адастым – (қорыққанды көрсету),
Бірақ тез-тез ойландым – (маңдайын қолымен жайлап соғып күлімсіреу),
Жан жағыма қарадым – ( қарау),
Анам жоқ, енді не істеймін – (қолын екі жағына жаяды),
Оңға қарай жүгірдім – (орнында жүгіру),
Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау),
Солға қарай жүгірдім – (орнында жүгіру),
Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау),
Айналамды қарадым – (айналу),
Көріп қалам ба екен деп– (айналасына қарау),
Жоқ. Қозғалмаймын орнымнан – (қолын кеудесіне қою),
Осы жерде күтем тек
ІІІ. Бұл пойызда жұмбақ тиелген вагон бар.
Аузы жоқ , сөйлейді,
Көзі жоқ, көрсетеді. (Теледидар.)
.Өзі күнде шаң жеген,
Шаң жеп әбден дәндеген. (Шаңсорғыш.)
Көйлек қыртыс-қыртыс
Ол жүріп өтсе теп-тегіс (Үтік.)
Қалай ойлайсыңдар, киім үтектеген соң, теледидар қарап, шаңсорғышпен тазалап болған соң не істеу керек? (балалар жауабы)
– Дұрыс айтасыңдар, электрқұрылғыларды сөндіру керек.
Дидактикалық ойын


Д\О «Болады- болмайды». (ойынның шарты болмайтын жағдайда қызыл түсті,болатын жағдайда жасыл түсті көрсетеміз)
Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға ........
Жанып тұрған сіріңкені тастауға.........
Өрт кезінде үлкендерді көмекке шақыруға.....
Өрт шыққан жерде қалуға......
Өрт кезінде шкафтың,төсектің астына тығылуға......
Бетімізді су орамалмен орауға...........
Өрт кезінде газды жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға........
Өрт кезінде есік терезені ашуға........
Ойын-жаттығу “ Алғашқы көмек көрсету”

ІV. — Сен құлап қолыңды жарақаттап алдың дейік. Берілген заттар ішінен жарақатты (йод, мақта, ине, зеленка, градусник, дәрі, дәкі) өндейтін заттарды көрсет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет