Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!



Дата14.03.2023
өлшемі20,59 Kb.
#172407
Байланысты:
армысың әз наурыз gulnar baitana


Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты:
1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

І жүргізуші: Кең болсын қазағымның керегесі,


Кетпесін АЛЛА берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын Наурыз мерекесі.

ІІ жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермен қауым.


Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, өмірің нұрланатын
пейілің түзелетін, көңілің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын.

І жүргізуші: Наурыз – бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы басқа ұлттар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.


ІІ жүргізуші: Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.


І жүргізуші: Ал енді осындай керемет Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін


Оқу ісі – жөніндегі орынбасары Жылқыбаева Жанат әпкейге сөз береміз.

ІІ жүргізуші: Уа, ағайын халайық,


Мұнда назар салайық.
Мерекесі Халықтың
Наурыз тойын бастайық. – деп ортаға Айымның Сайлаубектің құттықтау сөзін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Наурыз тойым, наурыз тойым,


Құтты болсын халайық
Қане достар, қане достар,
Шырқап әнге салайық.
Алдарыңызда Малика мен Ұлпанның орындауында «Наурыз думан» әнін тамашалаңыздар.

ІІ жүргізуші: Көктем келді балақай,


Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
«Анаға сый» әнін Ақсұлтанның орындауында қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Наурыз келді еліме,


Наурыз келді жеріме.
Байлық, байлық тілеймін,
Бүкіл қазақ еліме.
«Наурыз көктем». Орындайтын Аянат.

ІІ жүргізуші. Жылдың басы Наурыз,


Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз.
Алдарыңызда Айым Сайлаубектің биін тамашалаңыздар.

І жүргізуші: Наурыз келді сан құрып,


Жасарып, жаңарып.
Құлпырды жер мен көк,
Мейірім таң күліп.
Алдарыңызда Ерасылдың орындауында Наурыз әнін қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші: Наурыз – бұл мереке,


Құтты болсын береке.
Қыдыр ата келсін,
Жақсы тілек әкелсін.
Уа Ағайын «Наурызым - бабамның сөзі, Наурыз - анамның сөзі, ғасырдан ғасырға
Жеткен даламның сөзі» демекші, Қыдыр атамыз келіп қалыпты, Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.

І жүргізуші: Наурыз тойы — тамаша,


Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Алдарыңызда Әбдіуәлі Әйгерімнің орындауында «Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші. Наурыз тойы — салтанат,


Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Сайлаубек Айдананың орындауында Гүлдерайым әнін қабылдаңыздар.

І жүргізуші: Алдарыңызда дәстүрлі би Қаражорға.


ІІ жүргізуші: Айналайын халқым – ай


Құтты болсын салтың – ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын – ай - деп мерекелік іс - шарамызды ары қарай ұлттық салт – дәстүріміз тұсау кесу мен жалғастырамыз.

І жүргізуші: Бірде аққу болады,


Бірде тауыс.
Раушан гүлде биледі,
Жалқаулықты білмеді.
Бүгін жаным қазақ деп, Тағы бір би биледі.
Алдарыңызда мың бұралған бишіміз Меруерттің биін тамашалайық.

ІІ жүргізуші: Ғасырдан жеткен ғасырға,


Ұлтымның ұлы дастаны.
Жасай берсін мәңгілік,
Ғасырдан өткен ғасырғa.
Алдарыңызда Ақсұлтанның орындауында Наурыз әнін қабылдаңыздар.

І жүргізуші: Ау, халайық, халайық,


Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілмен,
Бірге қарсы алайық.
Би биленсін қауым боп,
Уақыт болды тұрмайық
Кезекте «Адай» биін тамашалаңыздар.

ІІ жүргізуші: Наурыз тойы – береке,


Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз!
Ортада Зарина мен Маликаның орындауында «Наурыз көктем» әні.

І жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз,


Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас – кәріміз,
Би билейміз бәріміз.
Би билейік ән салып,
Келді Наурыз, жар салып.
Жылда келсін Ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып.- деп кезекті тағы әнге береміз.
Ортада Томирис пен Нұрайды ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Айналайын халқым – ай


Болсын жүзің жарқын – ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай
Алдарыңызда көрініс: сал - дәстүрден үзінді.

І жүргізуші: Сәнді көктем – нұрымыз,


Наурыз тойы – жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Тіршілік жаңа оянсын.
Қарақат пен Нұрсаяның испан биін тамашалаңыздар.

ІІ жүргізуші: Жарқыраған жас нұрлы,


Жаса, Наурыз дәстүрлі!
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз.
Осынау байтақ елімде,
Айтылады жырымыз.
Мереке әнін орындаушылар Нұрай, Аслан.

І жүргізуші: келесі кезекте тағы биші қыздарды тамашалаңыздар.


Томирис, Жарқынай.

ІІ жүргізуші: Әнім де саған, биім де


Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Сабина мен Саяжанның орындауында Әке мен Ана әнін қабылдаңыздар.

І жүргізуші: Адарыңызда Қазақ биі «Хафиз».


ІІ жүргізуші: Наурыз келді әнімен,
Салтанатты сәнімен
Қуантады біздерді.
Қыздарымыз әнімен.
Ортада Маликаның орындауында «Көңілді күн» әнін тамашалаңыздар.

І жүргізуші: Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Соның ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т. б ойындар


– Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар. Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі.

ІІ жүргізуші: Кезекті биге береміз. Шығыс биі. Әйгерім.


І жүргізуші: Хор: Туған жер.
ІІ жүргізуші: Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған шағын концертіміз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет