Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерін білу



Дата08.06.2018
өлшемі17,66 Kb.
түріСабақ
Облыс: Ақтөбе облысы

Қала: Ақтөбе қаласы

Мектеп: № 22 орта мектебі

Пәні: технология және бейнелеу пәні мұғалімі:

Мұғалім: Шарапқанова Сәуле Әбдіманапқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерін білу.
Дамытушылық:Жас ұрпақты қазақтың ұлттық киім түрлерін оқып үйренуге баулу,олардың ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік:Әдемілілікке, сұлулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі.Киім үлгілері,  плакаттар, сауалнама, слайд.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру.
2.Үй жұмысын тексеру

«Мен өмірді сүйемін!Себебі...» ойыны арқылы оқушыларды шеңберге жинап өз ойларын айтқызу. Түсіне қарай тәтті кәмпиттер арқылы топқа бөлу.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.
 Жұмбақ шешу.

1.Әжеме өң берген,


   Жиегін көмкерген.
   Етегіжелкендей,
   Киімеді ол нендей?    \кимешек\
2.Әшекейлі күбіні,
   Үюлі тұрған шөмеле,
   Кигіздім биік төбеге.\сәукеле\
3.Судан ғайып,
   Әжемде бар қос қайық.\кебіс\
4.Іші егіс, сырты тегіс. \тон\
5.Дорбаға  тығып бас бағын,
   Байлай салдым қос жағын. \тымақ\
-  Дұрыс. Енді , осы киімдер қай киімдер түрлеріне жатады?
-  Ұлттық киімдер.
-   Өте жақсы. Енді тақтаға назар аударамыз.
    Қазақтың  ұлттық киімдарі сызбасымен (слайдпен) жұмыс жасау.
    4.Слайдпен жұмыс.
     Қазақтың  ұлттық  киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, сәнімен сан ғасырлық  тарихтың иісін сақтап, бедерін жеткізген. Түрлі замандағы киім-кешек үлгілеріне қарап, қазақтардың қандай болғанын
Айтқызбай немесе өзін көрмей білуге болады дер едім.
      Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін  жоймай, қол өнерінің  озық  үлгісі  ретінде  ғана  емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен  де
Пайдаланудан қалмай келе жатқан  қазақтың  ұлттық  киімдері  әлі де аз емес.
Олардың кейбіреулерін  ескінің  көзі  қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады.

Қазақша киім - көненің көзі. Қазақта салтанатты киім мен күнделікті киім-кешектің пішінінде айырмашылықтары бола бермейді. Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан жазда күннің ыстығынан қорғайды. Оның қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени-тарихи өмірінде елеулі орын алатыны даусыз.

Өйткені қазақ киімі ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келе жатқан елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамы. Мүмкін кейін сендердің араларыңнан моделъер, дизайнерлер, тігіншілер шығып, көненің көзін жанғыртып, қазақ киімінің жаңа үлгілерін шығарып, шығармашылықпен айнанысатын нағыз ұлтжанды азаматтар шығар. Сол үшін қазірден бастап сезінуіміз керек.

Қазақ киімдерінің түрі, үлгісі көп. Кейбір сырт көріністері мен атаулары-өзбек, қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің киім пішіндері мен нақыштары өзгеше.

                         

 5.Сергіту сәті.


6.Практикалық жұмыс
Әр топқа дайын адам сұлбасы беріледі.Соған сәйкес түрлі түсті қағаздардан ұлттық киім үлгісінде киіндіру керек.Жұмысқа 10 мин беріледі. Жәй  музыка әуенімен жұмыс жасаймыз.

Жұмыс аяқталғаннан кейін әр топ өз жұмысын сипаттап қорғап шығу керек.

 8. Сабақты бекіту.
«Бүгінгі сабақтан не алдым ?»  сауалнама.

1.Жұмбақ шешу. «Көйлек»

2.Киім атауларының түрлерін білу.

 ә\   Сұрақ-жауап.


-Ұлттық киімдердің түрлерін атаңдар?
- Кебіс   киімнің қай түріне жатады?
-Іштік киімдерді атаңдар?
8. Сабақты қорытындылау.
Ең әдемі киім ұлтыңның киімі деген екен ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің  түрі де, үлгісі де еш халықтан   кем болған жоқ. Оның көркем үлгілеріәлемнің этнографиялық музейлері мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый –сияпат, дипломатиялық қатынастарға ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Сондықтан, өзіміздің ұлтық кімдерімізді қадірлеп, қастерлеп жүрейік.

9. Оқушыларды бағалау .


 Үйге тасырма беру «Басқа ұлттың киімдерін құрастырып түрлі түсті қағаздан жасап келу»
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет