5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет11/12
Дата05.11.2016
өлшемі1,79 Mb.
#793
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сабақтың мақсаты:

В.Скоттың ағылшын романтизміндегі орнын айқындау, шығарма-ларының көтерген тақырыбының маңызын ашу.



Сабақ жоспары:

  1. В.Скотт шығармашылығының басты кезеңдері.

  2. Скоттың романтикалық поэмалары.

  3. Скотт – тарихи роман жанрын жасаушы.

  4. Скоттың ағылшын романтикалық әдебиетіндегі орны.

Әдістемелік нұсқау: Скотт балладалары мен поэмаларының халық әдебиеті дәстүрлерімен байланысын анықтау. Жазушының тарихи-романдарымен танысып, мазмұнын айту.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15.
9. Тәжірибелік сабақ: Франция романтизмінің қалыптасуы, оның көрнекі өкілдері.

Сабақтың мақсаты: Францияда романтизмнің туу себептерін аша отырып, оның көрнекі өкілдерінің шығармашылығымен таныстыру.

Сабақ жоспары:

  1. Француз романтизмінің қалыптасу кезеңдері.

  2. Франсуа Рене де Шатобрианның «Атала», «Рене» повестерінің басты идеясы.

  3. Француз лирикасында романтизмнің қайта жандануы.

  4. Альфонс де Ламартин, Альфред де Виньи, Огюст Барбье, Альфред де Мюссе, Жерар де Нервальдардың романтикалық шығар-малары.

Әдістемелік нұсқау: Франция романтизміне байланысты зерттеу еңбектерді шолу. Олардың ғылыми тұжырымдамаларына өзіндік баға беру.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 23.

10.Тәжірибелік сабақ: А.Дюма мен Ж.Санд шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: А.Дюма мен Ж.Санд туындыларын саралап, жан-жақты қарастыру.

Сабақ жоспары:

  1. Дюма романтикалық тарихи драмалардың ізін салушы.

  2. Дюманың «Үш ноян» романындағы тарихи шындық.

  3. Дюманың гуманистік идеялары.

  4. Ж.Санд шығармаларының басты тақырыбы.

  5. Сандтың «Орас», «Консуэло» романдары.

Әдістемелік нұсқау: А. Дюма мен Ж.Санда шығармашылығын қазақшаға аударған ақын-жазушылар еңбегімен танысу. Мәтінмен жұмыс жасап, дәстүр жалғастығын анықтау.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 23.
11. Тәжірибелік сабақ: В.Гюгоның өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Студенттердің француз әдебиетінің тарихынада елеулі орын алатын Виктор Гюгоның лирикалық, сатиралық, эпикалық поэзиясымен, драма, романдарымен және сыни-әдеби мақаларын талдау арқылы қаншалықты меңгергендігін тексеріп, бағалау.

Сабақ жоспары:

  1. В.Гюгоның өмірі жыйлы қысқаша тоқталу.

  2. 1826 ж «Одалар және балладалар» атты жинағында автордың өзін алғаш романтик екенін жария етуі.

  3. Ақын одаларында көтерген идеясы.

  4. Гюгонің «Шығыстық сарын» поэзиясында адамның ой-арманын, сезімін нақты ашып көрсете білген ақын-романтик ретінде көрінуі.

  5. Гюго драмалары жайында.

  6. «Франция әдебиетінде вальтерлық романның негізін салушы» атануы.

Әдістемелік нұсқау: В.Гюго шығармашылығын зерттеген орыс ғалымдарының еңбектеріне шолу жасай отырып, жан-жақты талдау.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 23.

12. Тәжірибелік сабақ: Польша әдебиетіндегі романтизм. Адам Мецкевич шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Ұлт-азаттық көтерілістің Польша әдебие-тіне әсерін, романтикалық бағыттың тууын және А.Мицкевичтің Польша әдебиетіндегі орнын студенттердің қандай дәрежеде меңгергенін бағалау.

Сабақ жоспары:

  1. Польшадағы ұлт-азаттық күрес.

  2. Романтизмінің поляк әдебиетінде үстемдік етуі.

  3. А.Мицкевич поляк романтизімінің классигі.

  4. А.Мицкевич шығармашылығын үш кезеңге бөліп қарастыру.

  5. Мицкевич поляк және орыс әдебиетін байланыстырушы ретінде танылауы.

  6. Автордың «Поэзия» жинағына енген шығармалары жайында тоқталу.

Әдістемелік нұсқау: Полбша романтизмінің ірі өкілдерінің шығармаларын талдап, ғылыми тұжырымдар келтіру. Белинский пікірлерінің маңызын ашу.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 14.
13. Тәжірибелік сабақ: АҚШ романтизмінің қалыптасуы және оның көрнекті өкілдері.

Сабақтың мақсаты: АҚШ-та романтизмнің қалыптасуы, оның Еуропа әдебиетінде романтизмінің тууына тигізген әсерін айқындап, В.Ирвинг және Дж.Купер шығармашылығымен таныстыру.

Сабақ жоспары:

  1. АҚШ романтизмінің қалыптасуының алғы шарттары.

  2. В.Ирвинг шығармашылығымен ағартушылық ағымымен романтизмнің келуі.

  3. Ирвингті америка-орыс әдебиетін байланысын жалғастыру-шы ретінде қарастыру.

  4. Купер американдық ұлттық әдебиеттің негізін салушы.

  5. Дж.Купердің «Тыңшы» тарихи романы жайында.

  6. Купер шығармашылығындағы үндістер тақырыбы.

Әдістемелік нұсқау: АҚШ романтизмінің қалыптасу кезеңдерінің тарихи маңызына тоқталу. Батыс Еуропа романтизмімен сабақтастығы.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 26, 27, 28, 29.
14. Тәжірибелік сабақ: Г.У.Лонгфелло және Э.А.По мұралары-ның АҚШ әдебиетіндегі орны.

Сабақтың мақсаты: Студенттермен бірге Американ әдебиетін-дегі көрнекті тұлғалар Г.У.Лонгфелло және Э.А.По шығарма-шылығының көркемдік ерекшеліктерін және поэтикалық жаңашылдығын ашу.

Сабақ жоспары:

  1. Г.У.Лонгфелло шығармаларындағы үндістер тақырыбы.

  2. Лонгфеллоның «Еріксіздік жырлары» атты өлеңдер жинағындағы құлиеленушілікке қарсы әуендер.

  3. Э.Поның психологиялық новеллаларының неміс романтизмі-нің принциптерімен байланысы.

  4. Поның атақты «Қарға» поэмасының басты идеясын ашу.

  5. «Шығармашылық философиясы» атты мақаласындағы эстетикалық ұстанымдардың шығармаларында жүзеге асуын қарастыру.

  6. Э.Поның ғылыми фантастиканы қалыптастыруы.

Әдістемелік нұсқау: Э.По шығармашылығындағы басты тақырып, идея төңірегенде сөз қозғау. Ғылыми еңбектерге шолу жаскау.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 26, 27, 28, 29.
15. Тәжірибелік сабақ: Г.Бичер-Стоу мен У.Уитмен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Студенттер Г.Бичер-Стоу мен У.Уитмен шығармаларының тақырыптық идеясын қаншалықты меңгергендігін тексеріп, бағалау.

Сабақ жоспары: Абстракционизм

  1. Бичер-Стоу–аболициондық әдебиеттегі ең әйгілі жазушы әйел

  2. Г.Бичер-Стоу «Том ағайдық лашығы» романының құлдыққа қарсы күрестігі ерекшелігі.

  3. У.Уитменнің «Шөптердің жапырақтары» жинағындағы шығармаларының жазылу тарихы.

  4. Уитмен туындыларының стилдік ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: Американ романтизмінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен таныса келе әлем әдебиетіндегі орнын айқындау.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 26, 27, 28.

Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыс шеңберіндегі тапсырмалар


  1. СОБӨЖ. Батыс Еуропа әдебиетінде романтизмнің қалыптасу кезеңдері /реферат 13-15 бет көлемінде/.

Өздік жұмыстың мақсаты: тарихи материалдармен жұмыс жасауға төселдіру.

Әдістемелік нұсқау:

  1. ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропадағы тарихи оқиғаға қысқаша тоқтал.

  2. Романтизм анықтамасы.

  3. Романтизмнің қалыптасу себептерін, кезеңдерін жаз.




  1. СОБӨЖ. Германиядағы романтизм, оның көрнекі өкілдері. /баяндама жасау 5-7 бет көлемінде/

Өздік жұмыстың мақсаты: Студенттерлі өз бетімен ізденуге жол ашу.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Германия романтизмі жайында.

  2. Өкілдерінің шығармаларына жалпы шолу жаса.

  3. Туындыларының басыт идеясын аш.



  1. СОБӨЖ. Э.Т.А.Гофманның «Дон Жуан» шығармасының философиясы /талдау/.

Өздік жұмыстың мақсаты: Шығарманы әдеби талдауға баулу.

Әдістемелік нұсқау:

  1. «Дон Жуан» новелласын Гофман кімге арнаған

  2. Шығармада кейіпкерлер образын ашу.

  3. Новелланың негізгі идеясы.




  1. СОБӨЖ. Гете және Абай /талдау/.

Өздік жұмыстың мақсаты: Гете мен Абай арасындағы байланысқа студент назарын аударту.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Абай аудармалары.

  2. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін талдау.

  3. Гете мен Абай байланысы.


5.СОБӨЖ. Англиядағы романтизм бағытының өкілдері /конспект/.

Өздік жұмыстың мақсаты: Дәріс, семинар сабақтардың ғылыми мәнін арттыру, студенттердің қабілетін дамытып, ғылыми жұмысқа жетелеу.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Ағылшын романтизмінің кезеңдері.

  2. Лейкистің ағым жайында.

  3. Көлдік мектеп өкілдері.

  4. Ұстанған басты идеясы.


6. СОБӨЖ. Дж. Байронның поэтикалық жаңашылдығы /баяндама 5-7 бет/.

Өздік жұмыстың мақсаты: ДЖ.Байрон шығармашылығы – әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі екенін дәлелдеу.

Әдістемелік нұсқау:

  1. романтикалық кейіпкер бейнесі.

  2. лиро-эпикалық поэма жанры.

  3. өлеңдік өлшемдер.




  1. СОБӨЖ. Шелли шығармашылығы /реферат 13-15 бет/

Өздік жұмыстың мақсаты: Шелли шығармашылығын терең тануға жол ашу.

Әдістемелік нұсқау:

1. Шелли өмірі, шығармашылығы.

2. Шығармашылығының негізгі идеясы.

3. дидактикалық поэмалары.

4. Саяси-әлеуметтік туындылары.


  1. СОБӨЖ. Скотт шығармаларында тарих көрінісі /реферат/

Өздік жұмыстың мақсаты: Шеллидің тарихи қақтығыстар аясындағы халықтық және бейнені мүсіндеуін ашу.

Әдістемелік нұсқау:

1. Скотт – тарихи роман жанрын жасаушы.

2. Шығармаларында жергілікті және тарихи ерекшеліктерді бейнелеуі.

3. Скотт тарихи романдарының даму кезеңдері.




  1. СОБӨЖ Францияда романтизмнің қалыптасуы /конспект/

Өздік жұмыстың мақсаты: Франциядағы романтизмнің қалыптасуы жөнінде өзіндік ойларын конспектілеу.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Францияда романтизмнің қалыптасу алғышарттары.

  2. Романтизмнің даму кезеңдері.

  3. Алғашқы романтикалық ойлар.

  4. Француз романтизмінің көрнекті өкілдері.


10. СОБӨЖ. Ж.Санд шығармаларының әлем әдебиетіндегі орны /баяндама/.

Өздік жұмыстың мақсаты: Ж.Санд шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын айқындау.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Ж. Санд шығармашылығының француз әдебиетіне әсері.

  2. Жазушының алғашқы романдары

  3. Санд шығармаларының басты тақырыбы.

  4. Шығармаларының әлем әдебиетіндегі орны.


11. СОБӨЖ. В.Гюго шығармашылығы /ауызша баяндау/

Өздік жұмыстың мақсаты: Гюго шығармашылығымен студенттерді жете таныстыру.

Әдістемелік нұсқау:

1. В. Гюгоның француз романтизіміндегі орны

2. Гюго – француз поэзиясының жаңашылы.

3. Гюго романдарындағы халық өмірінің панорамасы.


12. СОБӨЖ. Польша романтизмі /конспект/.

Өздік жұмыстың мақсаты: Студенттерге Польша романтизімінен мағұлматтар беру.

Әдістемелік нұсқау:

1. Поляк әдебиетіндегі романтизмнің қалыптасуындағы ағартушылық әдебиеттің орны.

2. Польша романтизмінің қалыптасу кезеңдері.

3. Романтизмнің алғашқы қарлығаштары.


13. СОБӨЖ. АҚШ романтизмінің қалыптасуы /конспект/.

Өздік жұмыстың мақсаты: АҚШ романтизмінің қалыптасу кезеңдерімен жете таныстыру.

Әдістемелік нұсқау:

  1. АҚШ әдебиетіндегі тарихи әлеуметтік жағдайлардың романтизмге әсері.

  2. Романтизмнің қалыптасу кезеңдері.

  3. Романтизмнің басты өкілдері.


14. СОБӨЖ. Э.По шығармаларының басты тақырыбы /конспект/

Өздік жұмыстың мақсаты: Эдгар По туындыларының американ романтизміндегі орнын айқындау.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Э.Поның поэтикалық жаңашылдығы.

  2. Новелла жанрындағы еңбектері.

  3. Детектив жанрын қалыптастырушы.

  4. Ғылыми фантастикаға қалам сілтеуші.


15. СОБӨЖ. Б.Стоу – аблициондық әдебиеттегі ең әйгілі жазушы әйел.

Өздік жұмыстың мақсаты: Бичер Стоу шығармашылығымен таныса келе, АҚШ әдебиетіне қосқан үлесін ашу.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Американ әдебиетіндегі романтизм идеясын қалыптастырушылардың өкілі.

  2. «Том ағайдың лашығы» романының азаттық күрестегі маңызы.

  3. Стоу шығармаларының әлемдік әдебиеттегі орны.



Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыс шеңберіндегі тапсырмалар
1. СӨЖ. Эрнст Теодор Амадей Гофманның «Мурр мысықтың тұрмыстық көзқарасы» шығармасы /ауызша/.

Әдістемелік нұсқау: автордың қоғамға деген қарсылығын, сатиралық шеберлігін, өзіне ғана тән ерекшілігі бар, өзгеден дара шығармасы екендігін Мурр мысық пен қожайын Иоганн Крейслердің өмірбаяндарын қатар өрбіту арқылы ашқанына назар аудар.
2. СӨЖ. Вольфганг Иоганн Гетенің «Батыс-Шығыс диуанынан» үзінді жаттау.
Теріскей, Күнгей, Түнжақта

Патша жоқ, тақ жоқ бұл уақта,

Аттан сен алыс Шығысқа,

Ауамен көне тыныста,

Махаббат, шарап, жыр елін,

Жаңғыртып, тірілт жүрегін.


Пендесі хақпен тілдескен,

Сұхбатпен сұлу күн кешкен,

Азат боп елі шер, дықтан,

Тәңірінің нұрын жерде ұққан,

Сөзін ұқ сонда нәбидің,

Қалпына түсіп сәбидің.


Дініне берік затында,

Көнбейтін көлгір ақылға,

Саф таза, сара тіл деген,

Өйткені жазу білмеген.

Дұшпаннан айыл жимайтын

Елді көр қартын сыйлайтын.


Қой бағып қаңғыр дүзінде,

Саяла шынар түбінде,

Ындыны кепкен шілгерде,

Сопақсыз шағыл құм жерде


Жібек пен жұпар, кофе артып,

Керуенді баста жол тартып.


Аулақ кет, аяр мекер кіл,

Тұратын ақын мекен – бұл,

Жыр шалқып енді кетеді,

Жаннатқа барып жетеді,

Есігін жайлап қағады.

Өшпейтін өмір табады.



(аударған Қ.Бекхожин)

3. СӨЖ. Вольфганг Иоганн Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» Абай аудармасын жаттау.
Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап.


Шаң шығармас жол дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.


4. СӨЖ. Дж.Байронның «Еврей саздары» Ғ.Қайырбековтің аударуында «Иеффай қызының» азаматтық ерлігін суреттейтін өлең жолдарын жаттау.
Туған жердің маңдайының қырсығын,

Арылтуға керек болса бір шығын.

Жаным әкем, құрбандыққа мені шал,

Қиналма сен, қиылар деп қыршыным!


Өз мұңымды әлдеқашан ұмытқам,

Сұм өмірден көңілімді суытқам.

Арманым жоқ ажалымды тапсам мен

Жақын жаннан, сүйіктімнен, жуықтан.


Біл сен, әке! Менің қаным – адал қан,

Ақырғы арман аңсауынан жаралған.

Жаным, әкем, құшағыңды аш маған,

Ақтық рет бата аяма балаңнан.


Жоқтар Сәлім, ол қайғыдан езілер,

Сен берік бол, төрелігін өзің бер!

Туған отан, сен азат бол деуменен

Қызың мәңгі тыныш табар, көз ілер.


Қаным суып, жүрек тынса, көм мені,

Жаным, әкем, ұмытарсың, өңгені,

Ұмытпа тек, ұмытылмасын өтінем,

Есіл қызың езу тартып өлгені!


5. СӨЖ. Перси Биши Шеллидің «Маб ханшайым» туындысы /ауызша/.

Әдістемелік нұсқау: Шелли поэмасында жалпы халықты жаулаған басқыншылардың жәбірлеушілері, халықтың бақытсыз бейнесінің көрінісі. Шелли қоғамның әділетсіздігін сынап, сатқын жандар адамның жақсы қасиеттерінен айырылатыны жайлы жырлай-ды. Білімге ұмтылу, намыс, ар-ұят, адамгершілік қасиеттерінен поэмада ақын демократиялық құқығы үшін күресін. Поэмадағы халықтың оптимистік рухын алға жетелеуіне назар аудару.
6. СӨЖ. В.Скоттың «Айвенго» романы /ауызша/.

Әдістемелік нұсқау: романтикалық тарихилықтың типтері, шынайы және қиялдан туған бейнелер, харатерлер мазмұны және оның жасалу жолдары. Оқиғаны суреттеу және кейіпкерлер бейнесін ашу.
7. СӨЖ. Ф.Р.Шатобрианның «Атала» повесі /ауызша/.

Әдістемелік нұсқау: Шатобриан «Аталаны» Америка елді мекендерінің табиғаты және континенттің бұрындағы тұрғында-рының әдет, салт-дәстүрінің көрінісі. Шығармадағы кеіпкерлердің көңіл-күін табиғат құбылыстары арқылы білідруі.
8. СӨЖ. А.Дюманың «Үш ноян» романы /ауызша/.

Әдістемелік нұсқау: Дюма іс-әрекеттер бейнесімен кейіпкерлер арқылы тарихи шындыққа ұмтылады. Драматургтың басты мақсаты бұрынғы тарихи оқиғаларды қайтадан жандандыру екеніне назар аудару.
9. СӨЖ. Жорж Сандтың «Орас» романы /ауызша/

Әдістемелік нұсқау: Жорж Санд халықтың бақыты мен бостандығына бейбітшілікпен қол жеткізуге шақыруының романдағы көрінісі. Романдағы бас кейіпкер Орас образымен оған қарама-қарсы қойылған Әрсен образын ашу.
10. СӨЖ. Виктор Гюгоның «Париждік әулие ана шіркеуі» шығармасы /ауызша/

Әдістемелік нұсқау: Францияның ортағасырлық тарихын көрсететін тарихи романтикалық шығармадағы оқиға көрінісі. Тарихи және көркемдік шындықті ашу.

11. СӨЖ. Жюль Верннің «Он бес жасар капитан» фантастикалық романы. /текстпен жұмыс/

Әдістемелік нұсқау: Ж.Верн шығармашылығындағы фантастика жанры. «Он бес жасар капитан» романының тақырыптық-идеялық, көркемдік қырлары.
12. СӨЖ. Амад Мицкевичтің «Сонеттерін» жаттау
Жалған емес сөзің де, жанарың да,

Келбетіңе жүректің күймеуі хақ.

Жақсы-ау бірақ үнің де, ажарың да,

Ханшадайсың малшының киімінде-ақ.

Кеше сауық, айтыста уақыт өтті,

Тым көп болды әдемі құрбыларың.

Біреу мақтап оларды, біреу сөкті,

Сен кіргенде, сыбырсыз тынды бар үн.


Осындай ғой балда да, ән-күй салып,

Зал ішінде айқай-шу молайғанда,

Кенеттен би құйыны тына қалып.
Ән басылып, қонақтан үн қалғанда,

Демей ме ақын: «Періште өтті-ау ағып!»

Танымай-ақ құрметтер халық сонда.

(Аударған І.Мәмбетов)


13. СӨЖ. Джеймс Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» романы /ауызша/

Әдістемелік нұсқау: ХVІІІ ғасырдың 50 жылдары Англия мен Францияның Америка жерін бөліске түсіре алмай қақтығысқан тұстарының романдағы көрінісі. Чингачкук ерлігін ашып көрсету. Романда автор суреткер ғана емес, табиғат суретін шебер бере алатын пейзажист екеніне назар аудару.
14. СӨЖ. Бичер-Стоудың «Том ағайдың лашығы» атты романы /ауызша/.

Әдістемелік нұсқау: Қара нәсілді құлдардың тағдыры, өмірі романда анық және шынайы да шыншыл бейнеленген. Бичер Стоудың құлдықтың эксплуаторлық бейнесін ашуға ұмтылмаған-дығын, оны ең алдымен құлиеленушілер мен құлдармен маральдық декрадация мәселесі қобалжытқанын және шығарманың идеялық ерекшелігі жазушының сол кездегі америка өмірін көрсете білгендігінде екенін көрсету.
15. СӨЖ. У.Уитменнің «Шөп жапырақтары» атты өлеңдер жинағындағы шығармаларының басты идеясын ашу. /конспектлеу/

Әдістемелік нұсқау: У.Уитмен халықтық-ұлттық идеялардың жаршысы. «Шөп жапырақтары» жинағындағы шығармаларының жазылу тарихы, композициясы. Стиль ерекшеліктері.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
І-нұсқа


  1. ХІХ ғ. Батыс Еуропа әдебиеті шартты түрде неше кезеңге бөлінеді?

А. Бір Д. Екі

В. Үш Е. Төрт

С. Бес


  1. ХХ ғ. басындағы қазақтың романтик ақыны.

А. А.Байтұрсынов Д. М.Жұмабаев

В. Ш. Құдайбердіұлы Е. М.Мақатаев

С. Қ. Аманжолов


  1. ХІХ ғ. неміс әдебиетінің екінші кезеңі.

А. 1806-1814 ж. Д. 1807-1820 ж.

В. 1790-1805 ж. Е. 1810-1823 ж.

С. 1805-1812 ж.


  1. Неміс романтизмі қай мектептен бастау алады?

А. Көлдік Д. Гофмандық

В. Гейдельбергтік Е. Лейкистік

С. Иендік


  1. Новалистің «неміс романтизмінің бағдарламасы» іспетті туындысы.

А. «Күтуде» Д. «Вильгелм Майстер»

В. «Орындалу» Е. «Фауст»

С. «Генрих фон Офтердинген»


  1. Иендік мектеп өкілін ата.

А. Клеманс Брентано Д. Генрих Клейст

В. Людовик Тик Е. Альберт Шамиссо

С. Амадей Гофман


  1. «Аққұба Экберт» новелла-ертегісінің авторы.

А. Новалис Д. Л. Арним

В. Ф. Шлегел Е. Л.Тик

С. Г. Клейст


  1. Гейдельбергтік мектеп өкілдерін ата.

А. К. Брентано, Л.А.Арним Д. Ф.Рунге , А.Шамиссо

В. Ф.Герденберг, А.Шлегель Е. А.Шлегель, Л.Тик

С. Л.Тик, А.Гофман


  1. Ағайынды Гримдердің атақты еңбектері.

А. «Сиқыр мүйізді бала» Д. «Гамбургтік ханзада»

В. «Балалар мен үй іші ертегілері» Е. «Алтын құмыра»

С. «Сынған құмыра»


  1. «Михаэль Кольхаас» повесінің авторы.

А. Амадей Гофман Д. Людвиг Арним

В. Эрнст Мориц Е. Генрих Клейст

С. Теодор Кернер


  1. Амадей Гофманның туған жылы.

А. 1822 ж. Д. 1801 ж.

В. 1776 ж. Е. 1783 ж.

С. 1765 ж.


  1. Алғашқы неміс романтикалық операсын («Унида») жазған адам.

А. Р.Вагнер Д. А. Шамиссо

В. А. Гофман Е. Ф. Шуберт

С. Ф.Шлегель


  1. Гофманның жаңа типті романтикалық қаһарманы.

А. Ансельма Д. Мартин

В. Вероника Е. Глюк

С. Крейслер


  1. Гетенің ең көлемді еңбегі.

А. «Пария» Д. «Алыстағы досыма»

В. «Гедхера» Е. «Теңізші анасы»

С. «Фауст»


  1. Гете өмір сүрген жылдар.

А. 1749-1832 ж. Д. 1736-1825 ж.

В. 1755-1843 ж. Е. 1764-1847 ж.

С. 1742-1836 ж.


  1. Ағылшын романтизмінің алғашқы өкілі.

А. В.Вордсвордт Д. Д. Остен

В. В.Блейк Е. Т.Мур

С. Г.Байрон


  1. «Көлдік мектеп» өкілін ата.

А. С.Колридж Д. Г.Байрон

В. Ф. Берни Е. Гете

С. М.Эджуорт



  1. С. Колридж дің белгілі балладасы.

А. «Біз жетеуміз» Д. «Жарлының мұңы»

В. «Көкек» Е. «Мэдок»

С. «Кәрі теңізші»


  1. Саутидің наполендық соғыс кезеңінде жазған еңбегі.

А. «Жарлының мұңы» Д. «Бленхаймдық ұрыс»

В. «Мэдок» Е. «Артурдың қазасы»

С. «Нельсонның өмірі»


  1. «Әрбір ұлы ақынның өзі – оның қасіреті мен қуанышы қоғам өмірімен, тарихымен терең тамырлас болуында. Тап осындай өмірі де шығармасы да тарихи-қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болған орасан зор ақын» - деп Белинский баға берген тұлға.

А. А.Гофман Д. Шелли

В. Гете Е. В.Скот

С. Байрон


  1. Байрон кіммен кездесуінен соң астыртын ұйымға мүше болып кіреді?

А. Шеллимен Д. Белинскиймен

В. Лейламен Е. Чайльд Гарольдпен

С. Терезо Гвичольмен


  1. Европа романтизмінің ірі жетістігі болған Байронның атақты туындысы.

А. «Корсар» Д. «Паризина»

В. «Лара» Е. «Чайльд Гарольдтың сапары»

С. «Гяур»


  1. Байронның «Шильон тұтқыны» туындысын аударған қазақ ақыны.

А. Х. Ерғалиев Д. Т. Молдағалиев

В. А. Құнанбаев Е. Т. Жароков

С. Ғ. Қайырбеков


  1. Байронның «Шығыстық поэмаларың» басты кейіпкерлері көбінесе кімдер?

А. Билеуші топтар Д. Бүлікшіл жеке тұлғалар

В. Көзсіз батырлар Е. Сауықшыл қауым

С. Қайыршылар мен шаруалар


  1. Байронның өлеңмен жазылған романы.

А. «Еврей саздары» Д. «Дон Жуан»

В. «Құртақандай Цахес» Е. «Гяур»

С. «Прометей»


  1. П.Б. Шеллидің өмір сүрген жылдары.

А. 1792-1822 ж. Д. 1768-1814 ж.

В. 1785-1818 ж. Е. 1777-1806 ж.

С. 1796-1833 ж.


  1. Гете еліктеп тұтастай бір шығармалар циклін жазған шығыс шайыры.

А. Фирдоуси Д. Аль-Фараби

В. Хафиз Е. Сағади

С. Новои


  1. Шеллидің «Маб ханшайым» туындысы жазылған жыл.

А. 1810 ж. Д. 1817 ж.

В. 1805 ж. Е. 1813 ж.

С. 1820 ж.


  1. Вальтер Скоттың қай әдеби жанрмен аты шықты.

А. Махаббат лирикасы Д. Драмалық туындылар

В. Саяси романдар Е. Тарихи романдар

С. Трагедия


  1. В.Скоттың тарихи-әлеуметтік қайшылықтарды бейнелейтін романы.

А. «Айвенго» Д. «Наполеонның өмірі»

В. «Марлион» Е. «Шотландия тарихы»

С. «Гец фон Берлихинген»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет