5 в 020500 «Филология: қазақ тілі», 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Жалпы тіл білімі»



бет2/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,5 Mb.
#30174
1   2   3

Бақылау сұрақтары:

1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?

2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?

3. Неолингвизм қашан қалыптасты?

4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996

2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993

3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975


12 дәріс тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.
1. Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі.

2. 20-30 жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар.

3. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі.
Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі – үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы – салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.

Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы «Правда» газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды.



Дәрісті қорытындылау:

1. Кеңес өкіметі жылдарында қалыптасқан Кеңестік тіл білімі көп салалы, жан – жақты дамыған, озық тіл біліміне айналды.

2. 20ғ. 30-шы ж. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді.

Бақылау сұрақтары:

1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?

2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин. «История лингвистических учении» М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974


13 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
1. Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.

2. Ғылымдар байланысының себептері.


Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.Ол – ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды.Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшінші біреулер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты.Олардың әрқайсыларының өздерінше дәлелдері, сүйенген негіздері болды.Ал, шындығына келсек, тілде аталған сипаттардың барлығы да бар.Әңгіме солардың қайсысының негізгі екенін дұрыс тануда.

Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.

Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.

Тіл білімі және психология. Психология – психика туралы ілім.Психологияның мақсаты – адамдардың психикалық әрекеттерінің объективтік заңдарын, адамның ой – санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптасып, даму жолдарын айқындау.

Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті – физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар.

Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл – айрылмас бірліктегі құбытлыстар.Тіл - әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.

Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.

Дәрісті қорытындылау:

1. Ғылым жаратылыстану ғылымдары және қоғамдық ғылымдар деп екі үлкен топқа бөледі.

2. Ғылымдардың бір-бірімен байланысы, олардың зерттейтін нысандарының ортақ болуынан да туады.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді?

2. Тіл мен ойлаудың қатынасы неден көрінеді?

3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

2. Қалиев Б. «Жалпы тіл білімі» Алматы 2000ж

3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974


14 дәріс тақырыбы: Тіл теориясы. Тіл және қоғам.
1.Тілдің анықтамасы.

2. Тілдің табиғаты.

3. Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері.
Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл – биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.

Тілдің құрылымы мен функциясы. Қоғамның әлеуметтік құрылысының тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық көрінеді.Өйткені тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны өз талап – тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады.

Тіл және сөйлеу. Тіл мен сөйлеудің бір еместігі, бұлардың арасында айырма барлығын ғалымдар ертеде – ақ байқаған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу мен тілдің бір еместігін 19 ғасырда өмір сүрген В.Гумбольдт, Г.Штейнталь, Г.Шухардт сияқты ғалымдар да айтқан. Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады.

Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті.



Дәрісті қорытындылау:

1. Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.

2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі коммуникативтік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивтік деп аталады.

3. Тіл мен сөйлеу бір – бірінен ажырамас бірлікте.



Бақылау сұрақтары:

1.Тілдің қызметіне не жатады?

2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?

3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.


15,16 дәріс тақырыбы:Тілдің таңбалық сипаты.
1. Тіл – таңбалар жүйесі.

2.Таңба және оның түрлері.

3.Табиғи таңба және жасанды таңбалар.
Тілде таңбалық сипаттың барлығы ежелгі грек философтарынан бері қарай айтылып келген. Бірақ тілді таңбалар жүйесі деп анықтау, тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф. Де Соссюрден басталады.

Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі таңба, көмекші немесе жасанды таңба деп екіге бөлушілік бар.Графикалық таңбалар. Бұған математика, физика, химия, логика ғылымдарында қолданылатын таңбалар және әр түрлі жазулар, мөр таңбалар жатады.Акустикалық таңбалар. Бұған сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар, белгілі мақсат үшін берілетін алуан түрлі сигналдар, дабылдар, қоңырау мен гудоктар жатады.

Заттық таңбалар. Бұған жол бойына, көшелерге, кәсіпорындары мен мекемелердің маңдайшаларындағы белгілер, көрсеткіштер және әлеуметтік топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары, зночоктар мен гербтер, әскери белгілер, түрлі жалаулар арқылы берілетін сигналдар, ен – таңбалар жатады.

Ақша таңбалар. Бұған әр елдің, әр дәуірдің қағаз, күміс, бақыр ақшалары жатады.Сәуле таңбалар. Бұған жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер, сигналдар – бағдаршамдар, су жолында қолданылатын маяктар, бакендер (су бетіне қауіпті жерлерге қойылатын қалқыма шырақтар) жатады.



Дәрісті қорытындылау:

1. Тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф. Де Соссюрден басталады.

2. Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе – зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері.

Бақылау сұрақтары:

1.Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не?

2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?

3. Тілдің таңбалық сипаты туралы пікір айтушылар кімдер?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975

2. М.Березин. История лингвистических учении., М.,1975

3. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979


17,18,19 дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам.
1. Дыбыс тілінің пайда болуы.

2. Тіл және этникалық бірлік.

3. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері.
Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады. Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы бұлдыр болжам ежелгі заман ойшылдарынан басталғанымен, тілді қоғамдық құбылыс деп санау, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру 19 ғасырдан ғана басталды.

Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті.

Тіл ғылымында тілді адамдардың этикалық бірліктерінің атымен ру тілі, тайпа тілі, халық тілі, ұлт тілі, туыстас тілдер семьясы деп атаушылық бар.Тілдерді былай бөлу – этникалық тұрғыдан сипаттағандық.

Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері. Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір – бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен.Тілдің қай – қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған.



Дәрісті қорытындылау:

1. Тілді қоғамдық құбылыс деп санау, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру 19 ғасырдан ғана басталды.

2. Этникалық бірліктің қандай түрінде болса да, олардың тұтастығын, бір бүтін екендігін білдіретін негізгі белгілердің бірі – тіл.

Бақылау сұрақтары:

1.Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы болжам, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру қай кезден басталды?

2. Тіл табиғатына қарай қандай құбылыстар қатарына жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996

2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993

3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

20 дәріс тақырыбы: Билингвизм.
1. Тіл біліміндегі билингвизм мәселесі.

2. Креол тілдер туралы.

3. Креол тілдерінің пайда болу себептері.
Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – құралас халық тілін де білу қажеттігі туады.Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді.Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.

Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адамдар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы – көп ұлтты мемлекет болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір – бірімен қарым – қатынас жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі – орыс ұлтының ана тілі болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық тіліне де айналды.

Африка, Оңтүстік – Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршыларының ұрпағы – креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.

Дәрісті қорытындылау:

1. Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану тіл білімінде билингвизм деп аталады.

2. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл біліміндегі билингвизм мәселесі туралы не білесің?

2. Креол тілдер қалай пайда болған?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

21,22 дәріс тақырыбы: Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.
1. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.

2. Жаргон – тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы.

3. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.

4.Ғылыми – публицистикалық, көркем туындылар тілі (дұрысы – стилі), соңғысын өз ішінен прозалық, драмалық, поэтикалық тіл (стиль) сипаттары


Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады.Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады.

Тіл бүкіл этникалық бірліктегілердің барлығына да ортақ, бәріне бірдей қызмет етеді, ал, диалект оның белгілі бір аймақта тұратын бір бөлігіне ғана қызмет етеді. Жалпыхалықтық тілдер сияқты жергілікті диалектілер де тарих құбылыс.Олар да қоғам дамуының белгілі бір тарихи дәуірінің жемісі. Жалпыхалықтық тілдің жергілікті диалектілерге қарағанда қызметі жағынан да, ерекшелігі жағынан да, қолданушы қауымның сандық шамасы жағынан да, едәуір шағын көлемді тармағы әлеуметтік диалектілер.Әлеуметтік диалектілерге кәсіби, жаргондық ерекшеліктер жатады.Кәсіби лексика - әдеби тіл сөздігінің бір саласы және оның әдеби тілге жаттығы да жоқ.Әр кәсіпорындарының өз ерекшеліктеріне лайықты қолданатын атауыш сөздері - әдеби тілдің байлығы.

Жаргон – тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы.Бұл табиғаты жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да диалектілерден мейлінше өзгеше.

Дәрісті қорытындылау:

1. Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы.

2. Жалпыхалықтық тілдер сияқты жергілікті диалектілер де тарих құбылыс.

Бақылау сұрақтары:

1. Жергілікті диалект дегеніміз не?

2. Диалектілер неге тарих құбылысқа жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975


23,24,25 дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылығы.
1. Тілдің дамуының заңдылықтары.

2.Лексиканың дамуы.Фонетиканың дамуы.

3.Грамматиканың дамуы.
Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі — ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші — басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады:

а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл — тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл — дивергенция деп аталады.

Тіл дыбыстарының қай-қайсысы да сөйлеу органдарының артикуляциясы арқылы жасалатыны белгілі. Тілдегі әрбір дыбыстың сол тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ, қалыптасқан артикуляциясы болады.Грамматиканың дамуы. Тілдердің грамматикалық құрылыстарының тұрақтылығы, оның өте баяу өзгеретінін тіл ғалымдары өткен ғасырлардың өзінде-ақ байқаған.

Дәрісті қорытындылау:

1. Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсысынан болса да өзгеріске бейім тұрады.

2. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады: а) алдыңғы ұрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы.

3. Грамматикалық жүйе – басқа қабаттар жүйесіне, әсіресе лексика жүйесіне қарағанда әлдеқайда күрделі, берік, қат-қабаты мол жүйе.

Бақылау сұрақтары:

1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бпр?

2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?

3.Грамматиканың қалай дамыған?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж


26,27 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің зерттеу методтары.
1. Ғылыми зерттеудің нысанды танып – білу үшін іске асырылды әрекетттер

2. Зерттеуде әр түрлі амал – тәсілдер

3. Тіл білімінің әдістері, олардың түрлері
Сипаттама әдіс – тіл білімі әдістері ішіндегі ең көнесі. Структуралық әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолданыла бастады.Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс.Құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, тіл біліміндегі ағым ретінде құрылымдық тіл білімі немесе структуализм деп те аталып жүр. Ал, дискреттік (латынша – бөлшектік) талдауда құрылымдық элементтер әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең ұсақ элементтерге дейін жіктеледі.

Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір-бірімен салыстыра тексеру – ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл. Тарихи-салыстырмалы әдіс. Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды.

Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған.

Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 – жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған.

Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде зерттейтін тіл білімінің саласы.

Психологиялық Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Бұл бағыт 19 ғасырдың орта шенінде пайда болған.



Дәрісті қорытындылау:

1. Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады.

2. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады: а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі ұрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы.

Бақылау сұрақтары:

1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бпр?

2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?

3.Грамматиканың қалай дамыған?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж


28,29 дәріс тақырыбы: Әлемдік тілдер.

1.Әр ғасырда даму кажеттілігінен туған ұлтаралық тілдердің даму қажеттілігі.

2. Волапюк, эсперанто ұғымы.

3. Жасанды тілдер немесе эсперанто тілі


Қоғамның, ғылым мен техниканың, халықтар қатынасының дамуы түрлі халықаралық кеңестердің, ұйымдардың, информацияның молаюы әлемдік тілдің болуын қай замандардағыдан да молырақ қажет етуде.

Қазіргі заманда кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет шеңберінде қалмай, дүние жүзінің түрлі аймақтарына таралу фактілері бар. Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр. Солардың ішіндегі ең елеулісі - волапюк, эсперанто деп аталатындар.Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған.Бұл жобаны 1880 жылы неміс католигі Шлейер жасаған.Кейбір әдебиеттерде бұл жасанды тілді 200 мыңдай адам қолданған дегенді айтады.Бірақ волапюк өріс ала алған жоқ. Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады. Эсперанто 19 ғасырдың екінші жартысынан бері қарай белгілі болып келеді.



Дәрісті қорытындылау:

1. Әр ғасырда даму кажеттілігінен туған ұлтаралық тілдердің даму қажеттілігі.

2. Қазіргі заманда кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет шеңберінде қалмай, дүние жүзінің түрлі аймақтарына таралу фактілері бар.

Бақылау сұрақтары:

1. Әлемдік тілдер туралы қандай мәліметтер бар?

2. Жасанды тілдер дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

4. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

30 дәріс тақырыбы: Тілдік одақ. Қазіргі кездегі тілдік одақтар. Тілдік одақтардың пайда болуы тарихы. Ностратикалық тілдер.


1. Тілдік одақтың пайда болу себептері

2. Тілдік одақ түрлері

3. Тілдік ұқсастық

4. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері.


Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте бір-бірімен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.

Қазіргі кезде белгілі тілдік одақтар мыналар: Балқан тілдік одағы – оған үндіеуропа семьясындағы әр түрлі топтарға кіретін болғар, македон, сербехорбат, албан, жаңа грек тілдері жатады. Еділ тілдік одағы – оған фин-угор семьясына кіретін марий, удмурт тілдері, түркі семьясына кіретін башқұрт, татар, чуваш тілдері жатады. Орталық Азия жеріндегі әр түрлі семьяға кіретін иран, үндіарий, дравид, тибет-қытай тілдері жатады. Тілдік одақтар Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Океания аймақтарында да қалыптасқаны туралы деректер бар.

Тілдік одақ туралы идея Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінде берілген. «Тілдік одақ» терминін алғаш қалыптастырған Н.С. Трубецкой. Ол тіл семьясынан тілдік одақты айырып қарау қажеттігін айтқан. Тілдік одақ мәселесімен кейін Р.О. Якобсон, В.Скаличка, А.В. Десницкая, Б.А. Серебренников, Г.В. Церетели т.б. ғалымдар шұғылданған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет