Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Пәннің атауы: «Табиғатты пайдалану экологиясы және экономикасы» Оқу жылы: 2022-2023 оқу жылы №8 дәріс Табиғатты қорғауды және пайдалануды басқару 1972ж. БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Стокгольм Конференциясынан кейін көптеген елдерде келісілген экологиялық саясат, оның ішінде басқару саласында да жүргізіле бастады
1972ж. КСРО Жоғары Кеңесінің «Табиғатты қорғауды күшейту және табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту туралы» қаулысы шықты. Соған сәйкес табиғатты қорғау міндеттері жекелеген министрліктер мен ведомстволарға жүктелді
Мемлекеттік гидрометереология комитеті Атмосфераны қорғау мен бақылау
Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі Су ресурстарын қорғау мен пайдалануды басқару
Балық шаруашылығы министрлігі Балық қорын қорғау мен пайдалану
Ауыл шаруашылық министрлігі Жер ресурстарын қорғау мен пайдалануды басқару
Құзырлы органдардың басты кемшілігі – ведомстволық көзқарас болды. Әрқайсысы өздерімен өздері бақылады, табиғатты қорғауға кешенді көзқарас болмады, жоспарланған шаралар орындалмай қағаз бетінде ғана қалды немесе олардың орындалғаны туралы өтірік ақпарат берілді.
1988ж. Үкіметтің «Елімізде табиғатты қорғау жұмысын түбегейлі өзгерту» қаулысымен табиғатты қорғау жөніндегі КСРО Мемлекеттік комитеті құрылды.
06.11.2002ж. күні ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып қайта құрылды
Табиғатты қорғауды басқарушы құрылымдарды екі қатарға бөлуге болады: арнайы және жалпы міндетті
Жалпы міндетті мемлекеттік органдарға: Президент, Парламент, Министрлер кабинеті , облыстардың өкілетті және атқарушы органдары және жергілікті органдар жатады. Табиғатты қорғау олардың арнайы міндеті емес. Олар табиғатты қорғау мәселесімен қатар өздерінің арнайы міндеттерін де атқарады
Арнайы міндетті мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау міндеті арнайы жүктелген органдар жатады. Тәуелсіздік алғаннан бері басқару органдарының құрылымын жетілдіру мақсатында табиғат қорғауды басқарушы арнайы органдар көптеген құрылымдық өзгерістерге ұшырады
Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және пайдалану жөніндегі экологиялық саясаты БҰҰ 1992 Рио-де-Жанейро Конференциясында қабылданған құжаттарға, «Қазақстан-2030» Бағдарламасына сәйкес дамиды және оның негізгі бағыттары:
Қазақстан халқының игілігі үшін экологиялық дамудың нақты территориялардың экологиялық табиғи-географиялық жағдайыы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету
Нақты территорияларды санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес өмір сүруге қолайлы жағдаймен қатар халықтың ұрпағының денсаулығы жақсартуға жету
Биосфералық тепе-теңдікті, жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық тұқым қорларын сақтау және қалпына келтіру
Қазақстанның барлық табиғи ресурстар потенциалын тиімді пайдалану
Парламент Табиғатты қорғау мәселелері бойынша халықаралық қарым-қатынас жасайды
Табиғатты қорғау заңдарының орындалуын бақылайды
Экологиялық қауіпсіздік және экологиялық зардап шеккен азаматтардың құқықтарын анықтайды
Халықтың атынан табиғат байлықтарына иелік етеді
Еліміздің экологиялық саясатын анықтайды
Табиғатты және оны құраушы бөліктерін қорғау туралы заңдар қабылдайды
Мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекітеді
Қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтық реттеу негіздерін белгілейді
Төтенше экологиялық жағдайларда, экологиялық апатты аймақтардағы құқықтық тәртіптерді анықтайды