Пәннің атауы: «Табиғатты пайдалану экологиясы және экономикасы»


Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы орган ретінде табиғатты қорғау саласында



бет2/6
Дата26.11.2022
өлшемі314,68 Kb.
#159992
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№8 дәріс ТПЭЭ
10с з.ж, Голощекинің ген-WPS Office
Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы орган ретінде табиғатты қорғау саласында:
  • Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және техникалық шараларды әзірлейді;
  • Мемлекеттік экологиялық бағдарламалар әзірлейді және оларды бекітуге ұсынады;
  • Министрліктердің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың және жергілікті атқарушы органдардың жұмысына басшылық етеді;
  • Мемлекеттік меншікті басқарады, оны пайдалану жөнінде үкіметке жүктелген шараларды жүзеге асырады;
  • Қоршаған орта сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;
  • Табиғи ресурстарды пайдалануға береді, табиғат пайдалану шарттарын, лимиттер мен квоталар белгілейді;
  • Ерекше қорғалатын объектілердің тізбесін бекітеді, мемлекеттік қорықтар, ұлттық және табиғи парктер, басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырады;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттік статистиканы жүргізу тәртібін белгілейді;
  • Табиғатты пайдалануды басқару және бақылау органдарын белгілейді, олардың қызметін айқындайды, экологиялық аудиторлық қызметке лицензия беру мен жүргізу тәртібін белгілейді;
  • Төтенше экологиялық жағдайлар хабарлау ережесін бекітеді;
  • Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады

Аталған міндеттерді 7 топқа бөлуге болады
1.Экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау, экологиялық бағдарламаларды бекіту, табиғат қорғауды басқарудың құқықтық және экономикалық негіздерін белгілеу және экологиялық қауыпсіздікті қамтамасыз ету
2. Экологиялық бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтау, табиғатты қорғау әрекеттерін үйлестіру
3. Табиғат ресурстарын есептеу және бағалау, табиғи ортаның жағдайын болжау, табиғат ресурстары кадастрларын жүргізу және табиғи ортаның сапасын бақылау (мониторинг)
4. Зиянды әсерлердің табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің, зиянды заттарды шығарғаны және қатты қалдықтарды орналастырғаны үшін өлшемдердің нормативтерін бекіту
5. Мемлекеттік экологиялық бақылау мен сараптама, экологиялық зиянды өндірістерді, қызметтерді тоқтату, шектеу шешім қабылдау. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қолдану. Экологиялық құқық бұзушылардың үстінен сотта іс қозғау
6. Қорықтар жұмысын ұйымдастыру, табиғат ескерткіштерін қорғау, қызыл кітапты жүргізу, экологиялық тәрбие мен білім беру
7. Халықаралық бірлестік қарым-қатынас
Аталған мәселелер мен міндеттерді барлық басқарушы құрылымдар орындайды
Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер өкілетті және атқарушы органдар арасында бөлінеді.
Табиғатты қорғау заңдарына сәйкес жоғары өкілетті органның құзыретіне
    • Экологиялық саясаттың басты бағыттарын анықтау;
    • Мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекіту;
    • Табиғатты қорғау қатынастарының құқықтық негіздерін анықтау;
    • Табиғатты қорғау саласындағы құзыретті және осы саладағы басқару органдарының әрекеті мен ұйымдастыру тәртібін анықтау;
    • Экологиялық апат және экологиялық төтенше жағдайлар аймақтарындағы тәртіпті белгілеу

Облыстық өкілетті органдардың құзыретіне
    • Табиғатты қорғау және тиімді пайдалану бағдарламаларын бекіту;
    • Экологиялық қорлар құру және жер бөлімшелерін беру тәртібін анықтау;
    • Өз территорияларында қорғалатын табиғат нысандарын жариялау;
    • Табиғатты қорғау инпекцияларын құру және олардың әрекеті бойынша шешім қабылдау

Жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес қалалық, аудандық өкілетті органдардың құзыретіне
    • Табиғатты қорғау және пайдалану тәртіптерін белгілеу;
    • Өздерінің территорияларында қолайсыз экологиялық салдарға соқтыратын шараларға тыйым салу;
    • Өздерінің қарауындағы территорияларда экологиялық, санитарлық немесе құрылыс нормалары бұзылғанда ондай нысандарды салуды, пайдалануды тоқтату туралы шешім қабылдау;
    • Экологиялық, тариха, ғылыми маңызы бар жергілікті маңыздағы нысандарды табиғат ескерткіші деп жариялау және олрды қорғау тәртібін анықтау

Табиғатты қорғау жөніндегі ауылдық өкілетті органдардың құзыретіне
    • Өз территорияларында муниципиалдық меншікке жатпайтын кәсіпорындарды орналастыру жағдайы мен тәртібін белгілеу;
    • Экологиялық және санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған жағдайда құрылысты немесе нысандарды пайдалануды тоқтату;
    • Өз қарауындағы территорияларды қолайсыз экологиялық салдарға соқтыратын шараларға тыйым салу. Бұл санэпидстанцияның немесе табиғат қорғау комитетінің қорытындысына сәйкес жүзеге асырылады.

Халықтың, қоғамдық ұйымдардың, халық қалаулыларының талаптарына сәйкес барлық деңгейдегі өкілетті органдар атқарушы органдардың құзыретіндегі басқа мәселелерді де қарастыра алады. Сонымен қатар, өкілетті органдар өздерінің құзыретін табиғат қорғау жөніндегі нақты шешімдер қабылдау үшін атқарушы органдарға бере алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет