5 в 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша білімалушыларға «Жалпы тіл білімі» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарға арналған


Тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет18/22
Дата12.10.2020
өлшемі90,7 Kb.
#65924
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибелік сабақты орындауда студент жаттығу, талдау, зерттеу, реферат, конспект жұмыстарын орындайды.

Оларға дайындалу кезінде студенттің қажетті әдебиеттерді қарастырып, тиісті материалдарды сұрыптауы, өзіндік ғылыми тұжырым жасай білуі, тапсырмаларды орындауда жоспар құрып, сол жоспар негізінде өз бетімен ізденуінің мәнісі зор.

Тәжірибелік сабақты орындауда оқыған материалдарын қорытындылап тұжырымдауға, талдау жасай білуге септігін тигізеді. Сондай-ақ,

студенттің ойлау қабілетін белсендіреді, берілген материалдарды толық меңгеруге, ұғынықты етіп талдауға көмектеседі. Сонымен қатар, мақсат қоя білуге, мәселелерді шешуге, ережелерді есте сақтауға ықпал етеді.

Тәжірибелік сабақ студенттің алған теориялық білімін деректі материалдармен толықтыруға және теорияны тәжірибеде қолдануда біліктілікті арттыруға мүмкіншілік береді. Тәжірибелік сабақ – білім алудың тәжірибелік әдісі. Тәжірибелік сабақтар өзін-өзі бақылау мақсаттарын шешуге, таным белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Конспект жұмыстарын жүргізу

Конспект материалды толық меңгергеннен кейін іске асатын жұмыс. Ол берілген мәтіннен қысқаша ғана қажетті деректерді алу. Конспект нақты, таза жазылуы тиіс. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтін мазмұнын тиімді қамти алуды көздейді. Конспек жұмысында мәтіннің беттері міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Конспектіде жұмыс авторының аты-жөні, жұмыс атауы, баспасы, жылы, беттері толық көрсетілуі қажет.

Реферат жұмысын жазу

Реферат – баяндаманың басылған немесе жазылған күйіндегі қысқаша түрі. Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша материалдарды, әдебиеттерді таңдауы, сұрыптауы, жоспар құруы қажет. Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Рефератты орындауда баяндама 10-15 минутты қамтуы тиіс. Орындау барысында тақырып мәні толық ашылып, айтылатын негізгі ой айқындалуы қажет. Орындау кезінде өзіндік тұжырым қоса танылып отырылуы керек. Жұмыс соңында міндетті түрде өзіндік пікір, қорытынды жасалады. Орындаушы аудиторя тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап беруге міндетті. Қойылған сұрақтар бойынша басқа студенттер де өз пікірлерін білдіре алады.



  • Рефераттың көлемі 8 беттен кем болмау керек және 12 беттен аспау керек.

  • Баяндаушыны бағалауда жұмысты орындаудағы сенімділік, тақырыптың ашылуы, дәлелді айғақтар келтіру, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өз көзқарасын білдіруі есепке алынады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет