«Жалпы тіл білімі» пәнінен коллоквиум тапсырмалары
1.Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері. Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Жалпы тіл білімі пәнінің мақсаты мен міндеттері. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салалармен, әсіресе, жеке тілдер жөніндегі іліммен қарым қатынасы.
2. Көне заман тіл білімі. Көне қытай тіл білімі. Көне үнді тіл білімі. Байырғы грек тіл білімі
3.Орта ғасыр тіл білімі. Әлемдік діндердің, конондық тілдердің пайда болуы, бұлардың тіл біліміне тигізген әсері. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік, номиналистік бағыттар. Орта ғасыр лингвистикасына тән негіәгі сипаттар.
4. Араб тіл білімі. Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі-арабтар. Халипат дәуірі.
5. Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі. Бұл дәуірдің өзіндік сипатына қысқаша шолу. Қайта өркендеу дәуірі тіл білімінің негізгі проблемалары: а) ұлттық тілді қалыптастырып, дамыту. ә)жаңа ашылған тілдерді үйреніп зерттеу. Пор-Рояль грамматикасы.
6. ХІХ ғасыр тіл білімі. ХҮІІ-ХҮІІІғ. Тіл біліміндегі ой-пікірдің әрі қарай тереңдеп дамығаны.
7. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Мұның объектісі, көздейтін мақсаты. Тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдар. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңі.
8. ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар. Натуралистік – биологиялық бағыт. Логика-грамматикалық бағыт. Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері.
9.ХХ ғасыр лингвистикасы Кеңес тіл білімі. Жас грамматизм бағытына қарсы күресте қалыптасқан тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер: сөздер мен заттар, эстетикалық бағыт, неолингвизм, социологиялық және этнолингвистикалық бағыттар.
10. Тіл білімінің қазіргі бағыт-бағдары. Басты проблемалары Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.
11. Тілді зерттеу әдістері. Лингвистикалық әдіс туралы ұғым. Философиялық және арнайы әдістер. Сипаттама әдіс. Тілдік экспериментжасау әдістемесі. Таксономиялық әдіс. Генетикалық әдіс. Типологиялық, лингвистикалық талдау әдістемесі.
12. Тіл білімінің ғылымдар ішіндегі орны және олармен байланысы. Ғылымдардың өзара байланысты болу фактілері, оның себептері. Тіл білімінің қоғамдық ғылымдар тобына қосылатыны, оның себептері.
Достарыңызбен бөлісу: |