Сабақтың тақырыбы : Заманауи психологияның салалары



бет1/5
Дата19.10.2022
өлшемі26,23 Kb.
#153838
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Заманауи психологияны салалары
stud.kz-16942, Кателіктер

1-практикалық сабақ


Сабақтың тақырыбы:Заманауи психологияның салалары.
Сабақтың мақсаты: Психологиялық құбылыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеудің негізінде психиканың әртүрлі салалары бойынша студенттердің білімін жүйелеу.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін факторлар
2. Ғылым және практика ретінде: бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы.


Әдістемелік нұсқаулар:
Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:
Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет