5 в 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған



бет2/3
Дата19.07.2020
өлшемі122,5 Kb.
#74433
1   2   3
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы мен пән туралы жалпы мәлімет

Жұмағұлова Ә.М. ф.ғ.к., кафедра меңгерушісі

Кафедра «Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі»

Кафедраның мекен-жайы: оқу ғимараты № 8, 224 кабинет

Ақпараттық қатынас: телефон:

Кафедрада болатын уақыты: дүйсенбі, жұма: 8.00-17.00

Сабақ өтетін орын: 223, 219 аудитория

Кредит саны: 3

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

Тілді талдаудың негізгі әдістері, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдалу. Тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелері.

1.3 Осы курстың мақсаты:

Лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсіну, тілдің мәні және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен коммуникативтік қызметі, тіл- ойлау- ақиқат, тіл және қоғам, басқа да коммуникативтік құралдар мәселелерін танып білу.

1.4 Курстың негізгі міндеттері:

Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен

теорияларды талдай білуге дағдыландыру.

1.5 Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:

- Жай сөйлем синтаксисінің өзекті мәселелерін білуі керек;

- Алған білімдерін практикада қолдана білу;

- Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек;

- Теориялық талдау жасай алу;

- Жай сөйлем синтаксисінің тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;

- Өзіндік пікір айта алу;

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Тіл біліміне кіріспе

1.6.2 Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

1.6.3 Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі

1.6.4 Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі

1.7. Курстың постреквизиті:

1.7.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі

1.7.2 Стилистика және тіл мәдениеті





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет