Бес жолды өлең.
Жаңа тақырыпты қорытындылауға қолданылады.
А) Зат есім (кім?)
Б) Сын есім ( қандай?)
Б) Етістік (не істеді?)
В) Сезіну
С) Синоним
5) Веннн диаграммасы.
Тақырыпты екі кейіпкердің 3 түрлі қасиетін бөліп көрсету және ортақ жақтарын табу.
6)Болжау стратегиясы.
Бұл оқушының қабілетін жетілдіру үшін қолданылатын тәсіл. Еркін шығарма жазу немесе ойын жалғастыру.
7)Еркін жазу стратегиясы.
Тақырып төңірегінде өз ойын жазбаша жеткізеді. (шығарма, эссе)
Топтастыру стратегиясы.
Бұл стратегия нәтижесі сабақты бекіткенде, жеке тұлғаға сипаттама бергенде оқушылардың жан – жақты ізденімпаздығын танытады.
Топтастыру –оқушылардың еркін ойлауға және тақырыпты ашық талдауға бағытталған стратегия, жаңа идеяларды жинақтап бір – бірімен сабақтастыру үшін қажетті құрылым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін қолданылады. Әр топ белгілі уақыт ішінде берілген тапсырманы топтап жазады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Т.Қ.Жұмажанова «Әдебиетті оқыту әдістемесі»
Қ.Бітібаева «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
А. Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы»
Т.Ақшолақов «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы»
14-дәріс.
Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту
Сабақтың жоспары:
1.Сабақ барысында ақын жазушылардың шығармашылығын талдау.
2.Танымдық ой-пікірлерді қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Педагогикалық әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқыту.
Әдістемелік нұсқау:
Сабақ барысында ақын-жазушылардың өмірі мен шығапрмашылығын оқытуды жоғарғы дәрежеде жүргізу үшін Қ.Бітібаева сынды методистердің әдістемелік жаңа технологиялармен танысуды нұсқадым.
Оқулық-хрестоматияның жаңа нұсқасындағы өзгешеліктің бірі – ақын-жазушылардың өмірінен берілген мәліметтер.
Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда олардың қабылдау, сезіну қабілеттерімен бірге көркем тексті ғылыми негізде талдай білуге үйретіледі. Бұның өзі жазушы не ақынның эстетикалық және тарихи көзқарасымен, дүниетанымымен, ол өмір сүрген дәуірмен, өзіндік ерекшелігімен тығыз байланысты.
Тарих адамға әр қырынан әсер қалдыратын болса, соған орай әр жазушының әсемдік әлемін қабылдауы да, сезінуі де әр түрлі болады. Демек, табиғат сұлулығын, адамның сезім тереңдігін, әсемдігін әр жазушы шығармаларында өзіндік ерекшелігімен танытады. Олай болса, белгілі бір шығарманы өтерде жазушының өмірбаянынан мәлімет берудің мәні зор. Айталық, 5-класта Абайдың “Күз” өлеңі мен Ә. Сәрсекбаевтың “Алтын күз” өлеңдері тақырып, жанр жағынан ұқсағанымен, олардың өмір сүрген дәуірі әр басқа болғандықтан, дүниеге көзқарастары да түрліше. Ендеше, “Күз” суретін сезінуі де, осы күз арқылы айтайын деген ой-сезімі мен көңіл күйлері де басқаша. 7-класта М. Өтемісов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ж. Жабаев, С. Сейуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Қ. Бекқожин, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Б. Бұлқышев, т.б. шығармалары оқылады.
Шығарманың идеялық мазмұнын ғылыми тұрғыда талдап ашуда жазушының эстетикалық талғамын, дүниетанымын, дүниеге көзқарасын танып білудің үлкен мәні бар дедік. Ал ол ақын-жазушылардың өмірінен мәлімет беру арқылы жүзеге асады. Соған орай орта кластардың өзінде оқылатын шығармалардың идеялық, композициялық,и жанрлық негіздеріне қарай жазушы өмірінің белгілі бір кезеңіне (қоғамдық көзқарасы, дүниетанымы т.б.) оқушылардың назары аударыла, ерекше мән беріле оқытылады. 1993 жылы 7-класқа арналған оқулық-хрестоматияның өңделіп, толықтырылған басылымында М. Өтемісов жайында Қ. Жұмалиевтің “Махамбет Өтемісов” деген еңбегінен берілген шағын мәліметтің өзі ақын өлеңдерінің шығу тарихын түсуге көмектеседі.
Мұғалімнің сөзі неғұрлым жазушының ой-өрісін, көзқарасы мен өзіндік ерекшелігін танытатындай дәрежеде болса, бұл оқушыларды ойландырады, ізгі әсер қалдырады.
Жазушының өмірбаянын оқытудың түрлі тәсілдері бар. Мұғалім жазушының өмірін әсерлі етіп баяндағаны жөн. Оның замандастарының жазушы жайында айтқан пікірлерінен үзінділер келтіріп, жазушының өзінің күнделіктері мен жазған хаттарынан немесе оның өмірі жайында жазылған көркем шығармалардан оқып берсе, сабақтың тартымды өтетіні сөзсіз. Мысалы, Ы. Алтынсариннің алғашқы хрестоматиясының «Кел, балар оқылық!», «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңімен ашылуын, С. Тоғайғыров шығармаларындағы ащы мысқыл мен зілді кекесіннің орын алуын ұғыну арқылы оқушылар ақын, жазушы өміріне қатысты кейбір деректерді білумен шектелмей, шығармаларындағы өзіндік ерекшеліктерін аңғарады, сондай- ақ олардың шығармашылығына әсерін тигізген кезең, не бір оқиғаға, болмаса шығармадағы негізгі тақырыпқа оқушылардың көңілін аударады. Ал мұның өзі жазушы шығармаларының идеялық мазмұнын ашуға көмектеседі. Мұғалімніңм негізгі көздеген мақсатын айқындайды.
Автор туралы өмірбаяндық мәлімет оның шығармаларының идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігін танытатындай дәрежеде берілген жағдайда да ғана көркем текстің идеясы, ондағы бейнелі сөздер оқушыға ұғымдырақ болады.
Демек, 7-класта ақын-жазушылардың өмірінен берілетін мәлімет қайткенде де оқылатын шығармаларының идеялық мазмұнын, композициялық ерекшелігін, суреттелетін кезеңін анықтайтындай дәрежеде болғаны абзал. Әрине, мұғалім оқулықтағы өмірбаяндық мәліметтерден тыс, қосымша материалдарды да қарастырып, сабаққа күні бұрын дайындалады. Соның бірі – ақын-жазушы өмірбаянына байланысты қолданылатын көрнекі құрал. Ол сабақтың ғылыми және тәрбиелік жағын тереңдете түседі. Осыған орай көрнекіліктің үш түрі қолданылады. Солардың бірі – көзбен көретін, екіншісі – құлақпен еститін, үшіншісі – сөзбен берілетін көрнекілік. Оларды сабақта жеке-жеке не аралас қолдануға да болады. Айталық, құлақпен еститін көрнекілікке күйтабақтан жазкшының сөйлеген сөзін, шығармаларынан оқылған үзінділер мен өлеңдерін, оларды сүйіп тыңдайтын музыкалық шығармаларын тыңдату оқушылардың ішкі сезімдерін оятып, сабақты қызықты өткізуге көмектеседі. Жазушының өмірбаянын өтуге байланысты сабақта портреттер, фотосуреттер, тағы да басқа көрнекіліктерді пайдалануға болады. Бірнеше фотосуреттерді салыстыра әңгімелесу де, жазушы өміріне сырттай ой жүгірту де сабақтың көрнекілігіне жатады.
Сабақта қолданылатын осындай жұмыс түрлері оқушыларға жазушының әр кезеңіндегі рухани өсу жолын танытады. Бұл арқылы оқушы мұғалімнің сөзін ғана тыңдап қоймай, жазушы туралы, оның ойы мен көзқарасы, жалпы ой-сезімі жайында мағлұмат алады. Демек, орта буында ақын-жазушылардың өмірбаянынан мәлімет беру оның шығармаларының мазмұнын ашуға, эстетикалық табиғатын танытуға бағыттала өткізілетін болғандықтан, мұғалім олардың өміріне байланысты оқулықтағыдан тыс естеліктер, өмірбаяндық шығармалар, хаттар, очерктер, сын мақалалар т.б. шығармалардан іріктеп материалдар дайындауға болады.
Айталық, әдебиет оқу құралындағы С. Сейфуллин шығармаларын оқуға орай, М. Әуезовтен бас-аяғы 2-3 сөйлемдік мәлімет берілген. Бұл – аз сөзбен берілсе де, терең мағынаға ие. Онда ақынның өмірі мен шығармашылық жолы – күрес жолы екендігінен, бірақ ақын басынан өткен қиыншылықтар оны мойыта алмағанынан хабардар етеді. Енді осыны толықтыра анықтай түсу үшін мұғалім қосымша материалдар пайдалануына да болады. Ол мұғалімнің ізденістеріне, іскерлігіне байланысты. Қайткенде де мұндай кіріспе сабақтар оқушыларды жалықтырмайтын нақты да шағын болғаны абзал. Мұндайда көркем шығармалардан үзінді, өлеңдерден шумақтар оқып беруге болады. Ол сабақты қызықты өткізуге мұрындық болады. Мағынасын, көрнекілігін арттырады. Осыған орай Ілияс Жансүгіровтің Сәкен Сейфуллинге арнаған “Тұлпарға” өлеңінің біннеше шумақтарын алып көрелік.
Шырқа, шырқа, көкке өрле,
Қыран “Қызыл сұңқарым”.
Қуанамын бәйгіңе,
Тарпаң “Асау тұлпарым!”.
Асау әсем күйменен
Әндеттің “Сыр сандығын”.
Тәтті ой, өткір тілменен
Кең даланы жарды үнің.
Қызыл желдей гулеткен
Сөзді сенің қаламың.
Ұлы ұранға күй шерткен
“Домбырасы” далаңның.
Жырламасқа теңіздей,
Қуаныштың шегі жоқ.
Ардақталған өзіңдей,
Қазақта ақын тегі жоқ.
Жазушы туралы осы сияқты мәліметтің оның сол класта оқылатын шығармаларын жан-жақты танып білуге көмектесетіні сөзсіз. Қайткенде де, оқулыққа енген ақын- жазушыларжайында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру мақсатымен, мұғалімнің қосымша материалдар арқылы сабақты ғылыми және тәрбиелік жағынан тартымды да қызғылықты өткізуге мүмкіншілігі мол.
Осыған орай тағы бір мысалға жүгінейік. Әдебиет оқулығында Б. Бұлқышевтың шығармасын оқытуға орай өте шағын мәлімет, оның шығармаларының атаулары ғана берілген. Мұнымен, әрине, оқушыларға бар болғаны 28 жыл өмір сүрген, осы қысқа ғұмырының ішінде артына өлмес мұра қалдырған, елін, халқын мейлінше сүйгеніп патриот жазушы Б. Бұлқышев бейнесін таныту мүмкін емес. Сондықтан өтілетін тақырыпқа лайықты, сонымен үндес, шағын және нақты қосымша материалдар қарастырылады. Ондай материалдардың бірі – Ғ. Мүсіреповтің “Өшпес мұра” атты шағын мақаласы. Ол мақаланы мұғалім уақыты жетсе, түгел, не үзінділер алып оқуына болады. Мысалы:
“Баубек заман біздікі дейді. Баубек майдандағы қазақ жастарының атынан сөйлейді. Тереңірек ойлансаңыз мұның екеуі де үлкен жауаптылықпен айтылатын сөздер. Ісіне, күшіне де еркін сенетін жас жазушы бұл жауаптылықтан тайынған жоқ. Заман жастардікі екені даусыз ғой, бірақ қандай жастардікі? Желбуаз, даурықпа жастардікі емес, Баубек сияқты өнімді еңбек иесі деп танырлық өнерлі де өнегелі жастардікі.
Қолында мылтығы, қалтасында қаламы. Елімізді қорлап, жерімізді ластап жүрген неміс фашистеріне екеуі де тас шоқпардай тиеді.
Амал не, Баубек майданнан қайтқан жоқ, қаза тапты.
Енді сол Баубекті еске алсам, көз алдыма аса бір дарынды жас келеді. Тұлғасына қызыға қарап қалар бір жігерлі жас болады ғой, Баубек маған солай елестеді”. (Ғ. Мүсірепов. “Өшпес өмір”, 1965 ж.)
Бұл жолдар, біріншіден, шәкірттерді Б. Бұлқышевтің адамгершілік, азаматтың бейнесіне тәнті етсе, екіншіден, оқылмақ шығарманың (“Шығыс ұлына хат”) идеялық мазмұнын ашуға көмектеседі.
Қорыта айтқанда, 5-8 кластардың аралығында ақын-жазушылар жайында өмірбаяндық мәліметтерді оқытудың әдіс-тәсілдері көбіне олардың шығармаларын таныту үшін жүргізілетін кіріспе сабақтардың дәрежесінде өтеді. Олай болса, ол сабақтардың 5-6 минуттан аспайтын мүмкіндіктерін қарастырған орынды. Қалай болғанда да мұғалімнің сабақтың бұл сатысын әр түрлі қосымша материалдар, көрнекі құралдар пайдалану арқылы қызғылықты да тартымды өткізуіне әбден болады.
Пайдаланған әдебиеттер
Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.
Жалпы орта білім беретін мектептердің қоғамдық- гуманитарлық бағдарындағы 10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2006.
Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965.
Қазақ әдебиеті тарихы Іт. Ікіт.-Алматы,1960.
Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті.-1974.
Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы,1982.
Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. –Алматы, 1993.
Батырлар жыры 1-6т. –Алматы, 1986-1990.
Тарихи жыр. Іт. Алматы 1995.
15-дәріс.
Дәстүрлі сабақ және дәстүрден тыс сабақ түрлері.
Сабақ жоспары:
1. Дәстүрлі сабақ түрлері
2. Дәстүрлі емес сабақ түрлері
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болады. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етуімен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтереді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласындың алдында да жаңа талаптар пайда болады. Оның дәлелі – «Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағыт - бағдарды айқындайды. Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтарынмен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру.
Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор екені даусыз.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени - этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкірт мектеп табалдырығынан аттап, сауат ашуға ден қоя бастаған кезден бастап, тіл, сөз өнерінің құпиясына бойлайды. «Әдебиет - сөз өнері» болғандықтан, онда сөз байлығының сан - салалы қырлары, эстетикасы ашылады.
Әдебиет - өнер, халықтың сана – сезімін, көркемдік ойлау қабілетін дамытатын рухани дүние. Әдебиетте адамның ілгеріге ұмтылған, жақсы өмірді аңсаған асыл арманы, ұшқыр қяалы, осы жолдағы күрес- тартысы, әр қилы оқиғалар, халқымыздың ерлігі мен елдігі, өмірі суреттеледі. Мектепте өтілетін әдебиет пәнінің міндеті – оқушылардың санасына көркем сөз құдіретін, эстетикалық, танымдық тәрбиені сіңіру. Соңғы жылдарда әдебиет сабағын оқытуды жақсарту жолында көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Семинар кеңестерде озық тәжірбиелерімен бөлісіп, насихатталса, жаңа оқулықтар заман талабына сай толықтырылып, өңделді. Қазіргі кезде пәнді оқытуға көп міндеттер жүктеледі. Себебі, ғылым мен техниканың ілгерілеуі, түрлі ақпараттар көздерінің молаюы, білім беру жүйесінің түрленуі, мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершілік жүктейді. Әдебиет пәнін оқыту мұғалімнен жан-жақты жауапкершілікті, дайындықты қажет етеді. Сабақты түрлендіріп, әдіс-тәсілді үнемі жетілдіру – оқушылардың үлгерімін, танымын жақсартып, қызғушылығын арттырады. Осыған байланысты мынадай негізгі міндеттерді нысана еттік:
Өнердің бір түрі ретінде көркем әдебиет оқушының сана – сезіміне әсер етуі тұрғысынан зор мүмкіндікке ие. Сол себепті әдеби шығарманы түсініп оқуға және бейнеленген көркемдік шындықты тұтас қабылдауға дағдыландыру - әдеби білім берудің негізі. Әдебиетті оқыту жылдар бойы педагогикалық тұрғыдан игерілген және әдебиеттану ғылымында жүйеленген дерек – мәліметтерге, эстетикалық-этикалық, философиялық ұғымдарға бағытталды. Ал, 12 жылдық білім беру кезеңінде бұл талаптардың тереңдей түсетіні сөзсіз.Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1-тәжірибе
5-10 сыныптарда әдебиетті оқыту методикасы
Сабақтың жоспары:
1.Сабақ және оның жүйесі.
2.Сабақ жоспарының түрі,әзірлеу үлгісі.
Сабақтың мақсаты:Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің пән ретінде қалыптасуы,даму жолдары. Арнайы бағдарламалардың жасалуы. Жаңару кезеңдері.
Мектеп, колледж, университет – білім беру мекемелерінің ішіндегі үздіксіз оқу процесін жүргізетін мекемелер. Ондағы басты мақсат –оқу процесі. Ол жалпы айтқанда оқушы мен мұғалімнің белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жүргізетін жұмысы. Оқу процесі мектепте бір оқу жылын қамтиды, ол оқу жартыжылдықтары мен оқу тоқсандарына бөлінеді.Оқу процесін ұйымдастыруда оқу материалдарын жоспарлау, оны сабақта қабылдатуға, игертуге жағдай туғызу –басты мәселе болады. Оқу процесін жоспарлауда екі мақсат көзделеді. Бірінщісі – бір қалыпты жұмысты ұйымдастыру; бақылап, саралау, бағыт бағдарын айқындау. Мектептегі оқу процесінде үш жоспар жүзеге асырылады.
Күнтізбелік;
Тақырыптық;
Сабақ жоспары.
Қолданылған әдебиеттер
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.
Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.
2- тәжірибе
Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
Сабақ жоспары:
1) Пәнаралық байланыс оқыту үдерісіндегі өзекті мәселе
2) Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
3)Психология, педагогика ғылымдарымен байланысы
4) Әдістеменің эстетика, тіл білімі, тарих, әдебиеттану ғылымдары-
Пайдаланылған әдебиетттер
А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
«Мектеп» баспасы Алматы – 1969 ж
Бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995
Мұсабеков О. « Пәнаралық байланысты жүзеге асыру».// Қазақстан мектебі , 1989. №13, 49-50 бет
Ж.Жиембаев « Оқу үрдісін жекелендіру үшін педагогикалық
3- тәжірибе
Сабақ және оған қойылатын талаптар.
Сабақтың жоспары:
1.Сабақтың білімділік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарына көңіл бөлуі.
2.Сабақ талдау үлгілері.
Сабақтың мақсаты:Сабақтың негізгі талдау үлгілері,бөлімдері.Мұғалімнің басты мақсатын айқындау.Жаңа заман талабына сай –ұзтаз дайындау.
Пайдаланылған әдебиетттер
А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
«Мектеп» баспасы Алматы – 1969 ж
Бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995
Мұсабеков О. « Пәнаралық байланысты жүзеге асыру».// Қазақстан мектебі , 1989. №13, 49-50 бет
Ж.Жиембаев « Оқу үрдісін жекелендіру үшін педагогикалық
4- тәжірибе
Әдебиетті оқыту әдістері
Сабақтың жоспары:
1. Оқытудың ауызекі және көрнекілік әдістері.
Сабақтың мақсаты:Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принциппен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар.Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыруды,оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қою.
Әдістемелік нұсқау
Сабақты толығымен меңгерсін деген мақсатта Қ.Бітібаева,А.Көшімбаев сынды ғалымдардың әдістемелік нұсқауларын оқуды нұсқадым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969
2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997
3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999
5- тәжірибе
Көркем шығарманы оқыту.
Сабақтың жоспары:
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Көркем шығарманы оқыту
2.Көркем шығарманы оқытуда баланың жас ерекшілігі.
3.Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану.
Әдебиеттер:
1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.
2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.
3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.
5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.
6- тәжірибе
Мәнерлеп оқуға төселдіру.
Сабақтың жоспары:
1.Мәнерлеп оқудың түрлері
2.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар.
Сабақтың мақсаты. Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.Көркем шығарманы жеткізуде мәнерлеп оқудың атқарар рөлін таныту.
Әдістемелік нұсқау.
Сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға төселдіруді жоғарғы дәрежеде жүргізу үшін Ә.Қоңыратбаев,А.Көшімбаев сынды методистердің әдістемелік ең бектерін басшылыққа алуды ұсындым.
7 тәжірибе Оқушыларды мәтін талдауға әзірлеу.
Сабақ жоспары:
1.Талдау сабақтарының мазмұны мен әдісі.
2.Талдау сабақтарының формалары
3.Жазушы және оның стилі.
Әдістемелік нұсқау: Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің мақала-зерттеулерінде жазушы-ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейлінше аз сөз болады. Классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақалаларды айтпасақ, қазақ совет әдебиетінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге еш нәрсе жоқ.
8- тәжірибе
Шығарма образдарын талдау.
Сабақтың жоспары:
1.Мінездеме жасау жолдары.
2.Шығарманың композициясы мен сюжетін талдау.
Сабақтың мақсаты:Мінездеме жасау жолдары.
Әдістемелік нұсқау: Көркем шығарманы талдау алдымен образдарын топтастырып,оларға дара,салыстырмалы,топтамалы түрде текстологиялық мінездеме беруден басталады.Бұл-талдаудың басты бір буыны.Жоғары сыныптарда образ мінездемесі әдіс,стиль,тарихи шындық,типтілік,жанрлар табиғатына сай жүргізілуі керек.Ол-әрбір образ табиғатын тақырып пен проблемадан,шындықтан туғызып,олардың әрбір повесте,әңгімеде,романда,поэмада қалай көрсетілгенін шығармадан мысал келтіре отырып талдау,мінездеу.
9- тәжірибе
Сабақтың тақырыбы. Теориялық ұғымдарды қалыптастыру.
Сабақтың жоспары
1.Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту
2.Оқу бағдарламасын әр сынып бойынша әдеби-теориялық ұғымдар
3.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін өз бетімен оқып талдауға баулу.
Әдістемелік нұсқау:Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева,А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969
2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997
3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999
Достарыңызбен бөлісу: |