5 в 050121 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Аударудағы морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер



бет4/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,84 Mb.
#35275
1   2   3   4   5

1. Аударудағы морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер.


2. Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің (лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік) бір-бірімен тығыз байланыстылығы.

Кез келген тілде басқа тілдерге де ортақ грамматикалық ортақ әмбебаптықтың болуы — заңды құбылыс. Дей тұрғанмен тұпнұсқа тіл мен аударма тілде грамматикалық сәйкестіктердің болуы сиректеу кездеседі, Осыдан келіп аударуда морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер туады. Тілдердің грамматикалық құрылысындағы айырмашылықтарға аударма теориясында ерекше орын берілуі де осыдан.


Тұпнұсқаның грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды. Аударманың мақсаты — тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Жат тілдегі кейбір өзгеше грамматикалық құрылымдарды игеру қиын болуы мүмкін. Алайда осы сияқты тұлғалардың аударма тілге белгілі бір схема арқылы жететіні де болады. Мысалы: Я знал, что придешь деген орыс тілінің сабақтас құрмалас сөйлемінің бағыныңқы компоненті («что придешь») қазақ тіліне көбіне тура толықтауыш болып аударылады. Мұндағы ерекшелік сол, қазақ тілінде толықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жоқ.

Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің (лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік) бір-бірімен тығыз байланысты екені ерекше көрінеді. Мәселен, «Он намерен это сделать» деген сөйлемді «Ол бұны істемек» деп аударамыз. Байқап тұрғанымыздай, «намерен» деген лексикалық сөз қазақшаға -мақ жұрнағы арқылы аударылып жүре береді. Лексикалық бірлік пен морфологиялық тұлғаның байланысы көз алдыңызда.

Ешқандай теория, соның ішінде аударма теориясы да, типтік құбылыстарды жинақтаусыз іске аспайды. Алайда сол жинақтаулардың өзі де материалдың көлеміне, қандай тұсқа қолданылуына байланысты айқындалады, жіктеледі. Тілдің (тұпнусқа және аударма тілдің) өзіндік ерекшеліктерін әрқашан назардан тыс қалдырмау керек. Міне, сондықтан да тұпнұсқа тілінің грамматикалық құбылысын басқа тілге жеткізудің қолда бар мүмкіндіктеріне байланысты қолданылатын жинақтаушы мәні бар қағидалар жеке жайттарды тексеруге, зерттеуге байланысты.

Дәрісті қорытындылау:

1. Тұпнұсқаның грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды. Аударманың мақсаты — тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу.

2. Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің бір-бірімен тығыз байланысты екені ерекше көрінеді.
Бақылау сұрақтары:

1.Аударудағы морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттерге не жатады?

2. Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің бір-бірімен тығыз байланысты екені неден көрінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

28 Дәрістің тақырыбы: Түпнұсқа мәтінін аудару жолдары.

1. Түпнұсқадағы сөзбен сөйлем мағынасын аударудың басты жолдары.

2. Аудармадағы грамматикалық мағыналардың рөлі.

3. Аудармадағы грамматикалық белгілер.
Аударма мәдениеті үздіксіз өсіп келеді. Сонымен бірге, қазіргі бар аудармалардың өзінің де маңызын елемей, оны “мәртебелі ғылымның” назар аударуына арзымайтын нәрсе деп кемсітуге болмайды. Ондай пікірден қауіпті қорытынды шығып кетуі мүмкін. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару – түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді.

Тарихи мәні бар бір мысал келтірейік. Әрі аудармашы, әрі аударматанушы ретінде Мұхтар Әуезов «Дворянское гнездо» атты Тургеневтің шығармасын өзі аударуына байланысты былай деп жазады: «Мен шамам келгенше, ең алдымен романды дәл аударуға тырыстым. Тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады. Бұл жөніндегі дәл аудару дегенді мен сөйлеміне сөйлем орай етіп аудару деп түсінемін. Сондықтан қанша ұзын болса да романның өзіндегі сөйлемдері үзіліп, бөлшектеніп, бірнеше сөйлем болып берілмейді. Соның орайына орысша текстің өзінде болған тыныс белгілерінің көбі қазақша тексте де мол қолданылады.Сөйтіп Тургеневтің сөйлемдері қазақшасында да өзінің ұлынды-қысқалы көлемімен дәл беріледі».

М. Әуезовтің нақты бір шығармаға байланысты айтқан бұл пікірі де «Дворяндар ұясы» шығармасын аударуы да сыннан сыртқары қалған жоқ. Сын айтушылардың тілге тиек еткен себептерінің бірі сөйлем тіркестерінің тұпнұсқаға тіпті жақын тұруы еді. Мұнда бір-бірінен тілдерінің грамматикалық байланысы шамалы екі халықтың тілін жақындастыру мақсаты қойылғанға ұқсайды. Мұхтар Әуезовтің тіл шеберлігі, дарыны мұны көп орайда жеткізе де білді. Олай дейтініміз М. Әуезов түпнұсқа тілінің кестесін, ой астарын тамаша меңгерген.

Формалық-грамматикалық тепе-теңдік деген нәрсе аудармада тіпті өте сирек болады екен. Түпнұсқа мен аударма тілдегі грамматикалық айырмашылықтардың болу жағдайлары. Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің арасында болатын айырмашылықтардың үш типі бар:

1.  Түпнұсқа тілде кездесетін элементтерге аударма тілде формалық-грамматикалық сәйкестіктердің болмауы. Мысал ретінде орыс тілін тұпнүсқа тіл деп алсақ, ол тілдегі етістіктің вид категориясы, род категориясы, сын есімнің қысқа формасы т.с.с.

2. Керісінше, аударма тілде бар элементтер түпнұсқа тілде болмайды. Бұған орыс тілінен қазақ тіліне аударуда кездесетін қазақ тіліндегі етістіктің нақ осы шағы, бұрынғы өткен шағы, өзгелік етіс, тәуелдік жалғау т.с. жатқызуға болады.

3.    Аударма   тіл   мен   түпнұсқа   тілде   формалық-грамматикалық жағынан бір-біріне сай келетін элементтер болғанмен аудару үстінде олар қызметтері жағынан әртүрлі болып келуі мүмкін. Мәселен, орыс тіліндегі «и» көп мағыналы ол кейде себеп-салдар мағынасын берсе, кейде шарттылық мағынасын да береді.

Дәрісті қорытындылау:

1. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару – түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді.

2. Мұхтар Әуезов «Дворянское гнездо» атты Тургеневтің шығармасын аударған.

3. Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің арасында болатын айырмашылықтардың үш типі бар.



Бақылау сұрақтары:

1. «Дворянское гнездо» атты Тургеневтің шығармасын кім аударған?

2. Түпнұсқа мен аударма тілдегі грамматикалық айырмашылықтар не себепті болады?

3. Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің арасында болатын айырмашылықтардың неше типі бар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.

29 Дәрістің тақырыбы: Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері .


1.Көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілері.

2. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері .


Қоғамдық істің басқа бір түрі сияқты, аударма да белгілі бір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын қажеттілік.
Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді.
Ғалым А.Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады: а) көркем аударма – ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар;
ә) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;
2) Ақпараттық аударма – қандай да болмасын ақпаратты, мәліметтерді беру болып табылады. Ақпараттық аударманың өзі өз ішінде мынадай түрлерге жіктеледі:

- ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады.

Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн.
- ресми-іскери аударма. Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен бастап күрделі түрлеріне дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар түгелдей дерлік аударма үдерісі арқылы жүзеге асырылады.
- газеттік-ақпараттық аударма – жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Газеттік-ақпараттық аударма өз ішінде екіге бөлінеді: а) Газет мәтіндерін аудару. ә) Публицистиканы аудару.

- тұрмыстық аударма ─ тұрмыстық немесе іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына  тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынастың диалогтік формасы жағдайында туындайды.


   

Дәрісті қорытындылау:

1.Қоғамдық істің басқа бір түрі сияқты, аударма да белгілі бір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын қажеттілік.

2. Ғалым А.Алдашева көркем аударманың әр түрлі айырым-белгілерін ұсынады.

3.Ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады.

4.Ғылыми мәтіндер қатаң морфологиялық және синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан.
Бақылау сұрақтары:

1. А.Алдашева көркем аударманың қандай айырым-белгілерін ұсынады?



2. Ғылыми-техникалық аудармаға нелер жатады?

3. Ғылыми мәтіндерге қандай белгілер тән ?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

30 Дәрістің тақырыбы: Аударма техникасы.



1.Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. 2.Аудармашының стратегиясы. Аударманың техникалық амалдары.

Қазіргі «ақпараттар легі» ғасырында аудармашының жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай ретпен әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет.


     Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:
1)   Жалпы дереккөздерге жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен энциклопедиялар жатады.
2)   Арнайы дерек көздергеарнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, анықтамалықтар және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған арнайы әдебиеттер жатады.
   Зерттеуші-ғалым А.Қ. Жұмабекова «Аударматанудың негіздері» атты кітабында аудармашылық қызмет субъектісінің  сипаты мен оның аударылып отырған мәтін авторына қарым-қатынасы бойынша ажыратылатын аудармалардың мынадай түрлерін келтіреді:
1.   Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма – адам жасайтын аударма. Дәстүрлі аударманың келесі түрлері ажыратылады: а) Авторлық емес аударма (немесе жай аударма), авторлық аударма (немесе автоаударма) , автор мақұлдаған аударма– автор талқылауынан өткен түпнұсқа мәтінінің аудармасы.
2.   Машиналық (автоматты) аударма – арнайы бағдарлама бойынша компьютер жасаған аударма.

3.   Аралас аударма – мәтіннің дәстүрлі (немесе машиналық) өңдеуінің едәуір үлесін пайдалану арқылы жасалған аударма.


     Аудармаға қойылатын басты талап – автордың стилистикалық өзіндігін сақтау, яғни адамдардың келбет-бітімі, жүріс-тұрысы бір-біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз саптау машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше сол ерекшелікті айыра білу керек.  

Дәрісті қорытындылау:

1.Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:


Жалпы дереккөздерге және арнайы дереккөздер.

2.А.Қ. Жұмабекова «Аударматанудың негіздері» атты кітабында аудармалардың мынадай түрлерін келтіреді: Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма, машиналық (автоматты) аударма, аралас аударма.



Бақылау сұрақтары:

1. Аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін нені білуі керек?



2. Ақпараттың барлық дереккөздерін нешеге бөлуге болады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері .Алматы, 2012. - 296 б.


2. Бархударов Л.С. Язык и перевод (Вопросы общей и частной теории перевода). –М.: Международные отношения, 1975. – 240 с.
3. Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы). –А., 1957.
6. Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті.А., 2005. – 60 бет..


Тәжірибелік сабақтар

Сағат

саны


Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Аударма теориясының негіздері пәнінің, міндеттері мен мақсаттары. Аударма теориясының даму, қалыптасу тарихы.



1

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері. Алматы, 2012. - 296 б.


2. Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.





1

1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері. Алматы, 2012. - 296 б.
2.Аристов Н.Б. Основы перевода. — М., 1959


3.Аударма – ұғымы туралы түсінік.

Қазіргі аударма ісінің даму заңдылықтары.





1

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері. Алматы, 2012. - 296 б.



4. Әдеби аударматану мен лингвистикалық аударматану.

1

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2.Федоров, А.В. Аударма мәселелері / А.В. Федоров. – А., 2007. – 245 б.



5. Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа пәндермен байланысы.

1

1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері. Алматы, 2012. - 296 б.
2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216

6. Шетелдік және отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары.


1

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216



7-тақырып.

Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынас құралы.

1

1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері. Алматы, 2012. - 296 б.
2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216

8-тақырып.

Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.


Аудармаға қойылатын талаптар.

1

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216



9. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма.

1

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216



10. Аударманың негізгі түрлері.

Жазбаша және ауызша аударманың түрлері, оның негізгі сатылары



1

1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері. Алматы, 2012. - 296 б.
2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216

11. Аудармадағы трансформациялық үдерістер.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.Қосу трансформациясы.

1

1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері. Алматы, 2012. - 296 б.
2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216

12. Аударма-технологиялық әрекет.

Аудармалық транскрипция мен транслитерация түсінігі.

Калькалау.Лексикалық-семантикалық ауыстыру.



1

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2.Аристов Н.Б. Основы перевода. — М., 1959




13. Аударматанудағы баламалық мәселелер туралы.

1

1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері. Алматы, 2012. - 296 б.
2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216

14. Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары.

1

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

22. Комиссаров В.Н. Теория пперевода — М., 1990


15. Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі.







 

1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері. Алматы, 2012. - 296 б.


2. Бархударов Л.С. Язык и перевод. — М., 1975

15 сағат







Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет