Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, талдау.
Көрнекілігі: сызбалар, ақын портреті, интерактивті тақта.
ІІ. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Өткен сабақты қорыту.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.Топтық тапсырмалар беру.
І топ Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер? Шәкәрім қандай өлең, дастандар жазған?
ІІ топ «Еңлік-Кебек» поэмасы кімнің ақыл- кеңесімен жазылған?Абайдың Шәкәрім
шығармашылығына тигізген әсері жайлы баянда.
ІІІ топ «Еңлік - Кебек» поэмасының оқиға желісі қандай? Бұл поэманы қандай жанрға
жатқызуға болады? Өлең құрылысы жайлы баянда.
Оқушылар төмендегі тірек - кестелер бойынша тапсырмаларды айтып шығады
1 кесте
Ш.Құдайбердіұлы (1858-1931)
Туған жері - бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы.
Абай басшылығымен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерген.
1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барған.
Поэмалары: «Нартайлақ-Айсұлу», «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек», «Мұтылғанның өмірі».
|
2 кесте
«Еңлік –Кебек » 1891 жылы жазылған.
Оқиға болған жер – Шыңғыстау өңірі, 18 ғасырдың сексенінші жылдары.
Жанры – эпикалық-ғашықтық дастан.
Тақырыбы – екі жастың махаббат трагедиясы.
Идеясы – қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық.
Өлең құрылысы –11 буынды, қара өлең ұйқасымен жазылған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |