Зерттеу жобасы: Қаламыздағы ұлттық дене тәрбиесін тереңдетіп беретін спорт мектептерінің іс- тәжірибесін зертте.
Ақпараттық жоба: «Мектеп жағдайында қолдануға болатын «Қазақтың ұлттық ойындары» деген тақырыпта шиырма жаса.
№9 Халық педагогикасындағы адамгершiлiк, имандылық тәрбиесi
Жоспар
1.Халықтық педагогикадағы адамгершілік ұғымы.
2.Әдептіліктің діни ұғыммен байланысы.
3.Имандылық тәрбиесi.
4.Ы.Алтынсариннің «Мұсылмандық тұтқасы», Ш.Құдайбердиевтің «Мұсылмандық шарты» еңбектеріндегі әдептілік ұғымы.
5.Абайдың адамгершілік - имандылық туралы қара сөздері.
1. Әдеп(дәстүр, тәрбие) Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы еркектің әйел алдындағы, әйелдің еркек алдындағы әдеп сақтау үлгілерінің тамаша үлгілері өте көп. Мысалы үлкеннің жолын кеспеу, бұрын сөйлемеу, келінге сыпайы сөйлеу, ата алдындағы иба, халық ортасындағы инабат, мешіт ішіндегі әдептілік, сәлем беру, сәлем алу жолы тағы сол сияқты адамгершілік, сыйлау, сыйласу халқымыздың ертеден келе жатқан әдеті әрі ғұрпы.
Адамгершілік тәрбиесіне, үлкендер мен ата-аналарды құрметтеуге баса назар аударылды.
Ақкөңілділік - өзгенің жетістігіне, қуаныш, бақытына өз жетістігі мен игілік бақытындай көріп қуану. Ақкөңіл адамдар-жекенің бақытынан қоғамның бақытын көретін адамдар. Олар баршаның ісі ілгері бассын, көптің көңілі өссін, төңірек түгел болсын, жұрттың жүзіне жайдарылық нұры жайылсындеп тілейтін, соған өздерінің көңілі көншитіндер. Ондай адам басқаға сұратпай көмектесуге әзір тұрады. Басқаны көңілдендіруге, шаттандыруға, қиындықтан құтқаруға құмар.Халық ондай адамды ақ жүрек кісі деп марапаттайды, құрметтейді. Ең қайырымды, халық намысын ойлайтын азаматын ел «ақжүрек ердің өзі» екен деп бағалайды. Ондай адам адамдардың ұқыптылығын, дәулеттілігін, бір-бірімен сыйластығы мен татулығын табиғи, солай болуға тиісті деп есептейді. Ақкөңілдің аты айтып тұрғандай жанында кіршік болмайды, ол өтірік айтып, жалған сөйлеуді білмейді. Оған баққұмарлық, мақтаншақтық, күншілдік, жымысқылық пен арамзалық, қулық-сұмдық пен бақай есепшілдік сияқты жаман қылықтар жат
Кісі күту, қонақжайлық-ұлттық салтқа айналған дәстүр. Бұл халықтың , кең мекендік, тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүр. «Қонақ десе қоң етін кесіп беретін қазақпыз»-деп халық бекер айтпаған. Қонақты қарсы алу, қонақты күту, қонақты шығарып салу рәсімдерін халық ұрпағына ұлағатпен үйретіп,үлгі-өнеге ретінде оны тәрбиенің ең негізгі бір саласы деп қараған. Ертеде алыстан келе жатқан кісілер кешке қарай бір ауылдың тұсына келіп:
-Кім бар-ау? Құдайы қонақпыз!-деп үн қатқанда үй иесі:
-Өзіміз бар! Қонақ болсаңыз, аттан түсіңіз!-деп қонақтың атының шылауын ұстап, қолтығынан демеп, оны аттан түсіріп, қонақ етуге міндетті болған. Ал арнайы шақырылған кісіні немесе өздігінен келіп қалған үлкен кісіні мейман дейді. Үйдің ең кішісі қонақтың атын байлауға, ең үлкені қонақты қолпаштап, төрге шығаруға тиіс болған. Қонақты күту кезінде оның қолына су құйып, сүлгі ұсыну, астың дәмдісін алдына қою,сыбағасын лайықтап ұсынут.б. игі іс-әрекеттерді орындау көбінесе балаларға жүктелді.
Қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойды. Ер балаларды қос қолдап сәлем беруге, қыз балаларды ибалық жасап, үлкендерге жол беруге, олардың алдын кесіп өтпеуге тәрбиеледі. «Сіз-сыпайылық, сен - анайылық», «Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді», «Құдай деген құр қалмайды» деген қағидалар балаға айтыла берді. Халқымыз аталған қасиеттерді тәрбиелеуде ата-ананың үлгілі болуын талап етті.
Қоғамның тәрбиесі аналарға байланысты екендігін ескертті.Сондықтан қыз балаға үлкен жауапкершілік жүгі артылды. Оны «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қысыла-қысыла қыз болдым» деген мақал-мәтелдерден көруге болады. Қыз баланы бүкіл ауыл-аймақ тәрбиелеу керектігін меңзейтін мақал-«Қыз өссе-елдің көркі».
Адамгершiлiк қасиеттiң өзектi мәселесi – қайырымдылық достық халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершiлiк қасиеттердiң 2 түрлi белгiсi ретiнде егiздiң сынарындай салыстырылады Ел қамын жеген ер деп халыққа жақсылық жасаған адамды дәріптеген. “Жақсының жаттығы жоқ”, “Жақсы - аймен күндей, єлемге бiрдей”, “Жақсы туса – ел ырысы”, “Жақсы келуi дегенше, жарық келдi десеңшi” жақсылықтың лебiн ала келдi десеңшi деген нақылдар жақсы адамның көпшiл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенiн дєлелдейдi. «Қол ұшын беру» (дәстүр). «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей жұмыс істеп жатқан жерге келген әр адам қанша асығыс болса да сәл аялдап қол ұшын беруге тиіс. Мысалы, үй салып жатқан жерде ағаш, кесек әперу, егін жинап жатқан жерде екі - үш күрек дән тасып әкелу тағы сол сияқты көпшілік жұмылған іске өз үлесін қосу азаматтық борыш, міндет болып саналады. Егер мұндайда біреу еңкеймей тұрса, онда оған «өңкей қол ұшын бер, балаңның белі бүкір болады» деген әзіл – шыны аралас ескерту жасайды. Осындай көп жұмылған жерде бос тұру тәрбиесіздік, әрі білімсіздік болып саналады.«Жаман қорыққанын сыйлайды», «Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас», «Бір жаман мың қолды ірітер, бір құмалақ бір қарын майды шірітер» деген мақалдар өзiмшiл, қорқау, қорқақ, алдампаз, опасыз жандарды сынайды. Қазақ халқында серттесiп достасу салты ертеден қалыптасқан.“Қанды көйлек киiсiп, жүректерi түйiсiп” дос болған адамдар бiрiнен бiрi жанын да аямайды. Олар бiр-бiрiне қамқор, көмекшi, тiлектес, мақсаты ортақ, жаны бiр адамдар.
“Досыңа достық – қарыз iс” деп, Абай атамыз дос болған соң, достық жасаудың жолдарын жақсы бiлудi уағыздайды. Шын дос болу – бақыт: жалған достық – жауыздық. Досқа атылатын оққа өз кеудесiн тосып досы үшiн жанын құрбан еткен нағыз достар тарихта көп болған. Досқа сыйлық тарту, достың қалағанын беру, досқа сауға (араша) болу, достың көңiлiн сұрау, оған көңiл айту т.б. халықтық жөн-жоралғылар салт болып қалыптасқан.Халықта “Жiгiттi жолдасына қарап таны” деген мақал бар, ол әркiмнiң жақсы болуы көбiнесе жолдасына байланысты екенiн аңғартады. Жолдастың көршi жолдас, жолсерiк жолдас т.б. түрлерi көп. “Жақсы жолдас жеткiзедi мұратқа, жаман жолдас қалдырады ұятқа” деп халық жақсы жолдастықты адамның адамгершiлiк қасиеттерiне байланыстыр£ан. Нағыз жолдас кiшiпейiл, қамқор, тiлектес, ниеттес болуға тиiс.Халық “Бiр көрген – бiлiс, екi көрген – таныс, үшiншi көргенде жабыс” деп танысты сыйлау рәсiмдерiн де ерекше бағалайды. “Жүздiң жүзiн көргенше, бiрдiң атын бiл” деп атын бiлген танысқа сыйласым рәсiмдерiн көрсете бiлудi халық талап етедi. Тiптi таныс болмаса да, жат жұртты адамгершiлiкпен сыйлай бiлу халықтық салтқа айналған.Халық мақалдары жақсы мен жаманды салыстырады: «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді», «Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер, жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер». Халық ертегілерінде ел қамын жейтін батыр ұлдарға абайсызда жармасып, жауыздық жасайтын жексұрын бейнелер - мыстан кемпір, жалғыз көзді дәу, жез тырнақ. Олардың опасыздығы жаман істері арқылы әшкереленеді. Ал сүйікті кейіпкерлер жауды жеңіп шығады. Бұл - жауыздықты әділдік жеңеді деген халық түсінігі. Қобыландыға опасыздық жасаған Қараман, Алпамысқа опасыздық жасаған Ұлтанды, Қозы Көрпешке қастандық жасаған Қодарды олардың өлімін суреттеу арқылы «Қарақшыны қарғыс атады», Опасыз оңбайды», «Арамның айласы іске аспайды» деген пікірді қорытты. Бұл жерде біріншіден жастарды халық қамын ойлайтын батырларға сүйіспеншілікті тәрбиелеу көзделсе, екіншіден опасыз жандарға өшпенділік сезімін оятады.Халық шығармалары дос пен қасты ажырата білуге меңзейді. «Досыңмен дос болғанға шаттан, дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан», «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас», «Жақсы жаныңа жолдас-жаман малыңа жолдас», «Есептескен ел болмас» деген мақалдар кейбір адамдардың опасыз болатындығын ескертеді. «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» жырында дүниеқоңыз, бас пайдасы үшін достықты ұмытып кететін, опасыз жандардың жиынтық бейнесі ретінде Қарабай бейнесі алынған.«Алыстағы дұшпаннан, қасыңдағы қас жаман», «Жыланның уы басында, бейқамның жауы қасында», «Мың жаудан бір жансыз жаман» деген мақалдар өтірік дос болғысы келетін адамдардан жастарды сақ болуға шақырады.
«Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді» деген ой-пікірлер шынайы достықты дәріптеуге арналған. Достықты отбасынан бастау керектігін ескертеді: «Әйеліңмен дос бол,берекең кіреді, азаматпен дос бол, ақыл-кеңес береді».
Көп адамда кездесетін кесапаттық - малға, басқа масаттану. Соны көп көрген халық
Малым бар деп мақтанба,
Боран соқса қайтесің
Басым бар деп мақтанба
Ажал соқса қайтесің
-деп кейбір адамдарды қауіп қатерден сақтандырады.
Кейбір шақтарда өз елiн бiлмейтiн адамдар асып тасып, сабыр салмағынан ақыл-арнасынан айырылып қалады. Осындай жандарды халық өзiнiң нақыл сөздерiмен ескертiп қауiп-қатерден сақтандыра бiлген.
Адамым көп деп топтанба
Малым көп деп мақтанба
Бiлгiшсiнiп сұқтанба
Бәрiмiзден де зор бар
Мың асқанға – бiр тосқан.
Тосылмайтын жүйрiк шошымайтын жүйрiк жоқ, көп бiлемiн деме, көптiң талқысынан асып ешқайда бармайсың дегендi меңзейдi. Қарын тойса құдайын ұмытып кешегi досын бүгiн танымайтындарға халық
Тасыма жiгiт, тасыма
Тасыған жетер басыңа
Ителгiдей томсарсаң
Кiм келедi қасыңа?
деп басу айтып сабасына түсiрiп кеңес бередi.
Көшпелі қазақ халқының этикалық ұлттық нормалары, жоғары адамдық идеалдары «ар», «намыс» және «ұят». Қазақтар ар үшін өз өмірлерін қиды. Олай болса халқымыздың тәрбие құндылықтарының ішінде «ар», «намыс», туған жер бірінші орында тұрады, өте жоғары бағаланды.
Адамгершiлiк қасиеттiң жоғары түрi – ар-ұят сақтау. Халық мақалдарында жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырады. Халқымыз “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы”, “Өлiмнен ұят күштi”, деп ар – ожданды қастерлеген, оны адамгершiлiктiң туы ғып көтерген, арды жаннан да қымбат қасиет деп есептейдi.
Ұят – адамгершiлiктi сақтай бiлудiң иамндылықтың жотасы. ұят нышандары сәбилiк шақтан қалыптаса бастайды. “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетедi” деп халық ұятсыздық, өтiрiк айту т.б. адамгершiлiк қалыпты бұзу деп есептейдi. Халық ұяла бiл, бiрақ ынжық болма деп үйретедi. Ал ұятсыздық - ел ұғымында адамгершiлiк қалыпты бұзудың ең дөрекi түрi. Арсыз адам – халыққа қасiрет, ұлттық намысқа дақ салатын, кiсiлiгi жоқ, адамдық қасиеттен жұрдай бiрдеңе. Осындайларды кемеңгер Абай: “Ұятсыз, арсыз салтынан, қалғып кетер артынан” деп жерiне жеткiзе шенеп - мiнеп, арсыз адам адамгершiлiктi бiлмейтiн кiсiлiгi жоқ, адамдығы төмен, барып тұрған кесапат жан деп түйiндеген.
Адамгершiлiлiктiң асыл белгiлерi: ар-ұят, ождан сақтауды, сыпайыгершiлiктi, әдептiлiктi, достықты уағыздай отырып, осы тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын өтiрiк, өсек, ерiншек, мақтаншақ сияқты жаман әдет, жат мiнездерден сақтандырады. Жастарға олардың зияндылығын түсiндiредi. “Өтiрiк өрге баспас”, “Өтiрiктiң құйрығы бiр-ақ тұтам”. “Өзiн-өзi мақтаған өлiммен тең” деу арқылы өтiрiк өсек айтудан орынсыз бос мақтаннан аулақ болуға шақырды.
Қазақ дәстүрi бойынша үлкендi сыйлау, құрметтеу, оның кiсiлiгiнен тәлiм алу – әрбiр баланың парызы. Үлкен кiсiнiң алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын берiп құрметтеу, көңiлiне қарау – атадан балаға ауысқан тамаша дәстүр. Кiсi өзiн сыйлата бiлу үшiн өзiнiң кiсiлiк дәрежесiн биiкке көтерiп, адамгершiлiк көрсете бiлуге тиiс, олай етпесе, халық оны “Кiсi емес” деп жек көредi.
Адамгершiлiктiң ең жоғарғы түрi – бауырмалдық бүкiл адам баласын бауыр, дос тұту, тату болу. А.Байтұрсынов “Оқу құралы”еңбегіне Ата насихаты деген ел аузындағы әңгімені енгізген.Онда мынадай оқиға суреттеледі
Әкесi балаларына тату тұрындар деп талай айтыпты. Балалары тiлiн алмай, араздаса берiптi. Бiр күнi бiр байлам сабауды алып келiп, балаларына берiп, сындырындар дейдi. Балалары бiрiнен соң бiрi алып, сындырайын деп едi, сабаулар сынбады. Әкесi сабауларды алып шештi де, бiр-бiрлеп сындырыңдар дейді. Сонда әкесi айтыпты: “Араздасып, араларың ашылса, сендерде осы сабау сияқты боласыңдар. Ұйым болындар, жау жеңуi қиын болар”.Көпшiл болу, қонақжайлылық, барын қонақтың аузына тосу – халқымыздың ежелгi бауырмалдық меймандостық дәстүрiнiң мәдениетi. Қазақ жыл мезгiлiнiң, күн тәулiгiнiң (азанғы, сәске, бесiн, намаздыгер, ақшам т.б.) қай кезiнде болмасын “құдайы қонақпын” деп келген адамды танысын танымасын құрақ ұшып қарсы алуға, ренiшсiз қабылдауға, дастарқан жайып барын беруге мiндетті болған. “Қонақасы – тәңiр ақысы”, “Құтты қонақ келсе, қой егiз табады” деген мақалдар кең пейiлдi қазақ халқының меймандостығын дәлелдейдi. Адам баласы қоғамда өзiнiң қайырымдылығымен, адалдығымен, әдiлеттiлiгімен ерекшеленедi. Осыны түсiнген халқымыз кiшiпейiлдiлiктi, iзеттiлiктi, имандылықты тәрбиеледi. Ер балаға қос қолдап сәлем берудi үйреттi.
Жетi атасына дейiн қыз алыспау дәстүрiн ежелден берiк сақтаған қазақ елi жақын туыстар бiр-бiрiне үйленсе, халық санының өспейтiндiгiн, тегiн аздыратынын байқаған. Қазақтың ел басқарған көсемдерi, ақылгөй ақсақалдары әрбiр жеткеншектiң жетi атасын бiлуiн мiндеттеп, “жетi атасын бiлмеген жетесiз” деп қатты сөгiп, ал жетi атасын бiлгендердi “Жетi атасын бiлген ер, жетi жұрттың қамын жер” – деп артына аталы сөз қалдырған. “Жетi атасын бiлу” дәстүрi күнi бүгiнге дейiн әр қазақтың отбасында сақталып келедi. “Жетi ата – дала тұрғындарының аты – тегi жазылған паспорты, сондықтан әрбiр ата- ана бала тiлi шыққаннан оған жетi атасын үйретедi. Мәселен: қазақ арасында сiрескен монғолдар мен арабтар ертеректе қанымызды қара қазақпен араластырмаймыз” – деп балаларын бiр – бiрiне үйлендiре беретiн. Осының салдарынан олардың саны өспей, азайып кеткенi көпшiлiкке мәлiм, күнi бүгiнге дейiн туыстас өзбек, ұйғыр, түркiмендер жақын туыстарына үйлене салады. Жақын туысқандардың үйленуiнен дүниеге әлсiз сәби келiп, тiрiлерi “кемтар” болып жатқанын олар қазiр ашық айтып отыр. Елiмiзде осындай салт-дәстүрдi берiк ұстаған басқа да халықтар кездеседi. Мысалы: грузиндер мен армяндар туыстық араға сегiз ата салып үйленсе, қырғыздар төрт атаға дейiн қыз алыспайды.
Ауыз әдебиетiнiң асыл үлгiлерiнде махаббат пен зұлымдылықтың адамгершiлiк пен екiжүздiліктiң, кеңпейiлдiлiк пен дүниеқоңыздықтың тартысы арқылы өмiр шындығына оқушының көзiн жеткiзу зор адамгершiлiк қасиетiн мәпелеу сезiмдерiн ояту көзделедi. Мұндай ізгілік қасиеттердi қастерлеу оған деген құштарлық сезiмдi ояту этикалық тәрбиенiң басты шарты.
2. Дiни қағидалар салттың сақталуына әсер етедi. Халқымыз исламға дейiн тәңiрге сендi. Ислам - негiзгi дiн. Тәңiрге сену әлi бар. Жерлеу салты, келiндi түсiру, келiн келгенде отқа сыйыну исламда жоқ. Дiн үлкен роль атқарады. Халық тәрбиешiлерi балаларды дiнiн, ұлтын сатпауға үйреттi. Себебi басқа дiнге сену сананы өшiретiндiгiн түсiндi. Дiн уағыздалып, оның адамгершiлiгi балаға айтылды
Этномәдениетке дін де енеді. Дін-мәдениет саласы. Этнопедагогика діннің тәрбиелік жағын зерттейді.Ш. Уәлиханов адамның діни наным-сенімдері оның табиғатпен қарым-қатынасынан туындағанын айтады. Ол қазақ даласында шаман дінінің кеңірек тарағанын анықтады. Діни елестер мен сенімдер білім ғылымнан кенже, тәжірибесі аз адамның табиғатпен күрестегі әлсіздігінен, оған тәуелділігінен пайда болды. Шоқан қазақ халқының арасында кең тараған ем, ұшық, сиқыр, арбау, кесір, кие, тіл тию, ырым сияқты шамандық ұғымдардың мәнін ашты. Отты құдірет деп тану, отқа май құйып ырым жасау, отқа түкірмеу, аруақты сыйлау, құдайы садақа беру, айға қарап тілек айту, малдың сүйегін баспау, малдың сұтін төкпеу деген шамандық ұғымдардың маңызы түсіндірілді. «Қазақ даласындағы мұсылмандық туралы» атты еңбегінде татар молдаларының схоластикалық оқу жүйесін сынады. Ы. Алтынсарин « Мұсылмандық тұтқасы» деген еңбегінде діннің тәррбиелік мәнін жоғары бағалады. Дін қағидаларын түсінбей жаттаудың күнә екендігін атап көрсетті. Ол отқа табыну, пұтқа табыну, аллаға сыйыну-тәрбие құралдары деген. Орыс оқымыстыларының мұсылмандықты елемеуіне қарсы шықты. Ы. Алтынсарин намаз оқу, ораза тұтудың тәрбиелік мәні зор екендігін атап көрсетті.
Дiни iлiмдерге өзектi қағидалар да (нысап, нәпсiнi тыю, қайырымдылық, ғайбат сөз айтпау, кiсiге қиянат жасамау, жоқ-жiтiк, кемтарларға қайыр-садақа беру, ұрлық-қарлық жасамау, алдап-арбап, өтiрiк айтпау, ата-ананы ардақтап, жетiм-жесiрдi налытпау, күш көрсетпеу, тазалық сақтау, таза жүру және т.б.) педагогикалық талаптармен үндесе балалардың имандылық-адамгершiлiк. физиологиялық-гигиеналық тәрбиесiне өзiндiк үлесiн қосты. Балалардың құран сөзiн, мақамын бiрнеше мәрте қайталауы - түсiнiксiз сөздердi тез ұстап қалуына, құран сөзiн түсiнiкпен жылдам меңгеруiне септiгiн тигiзсе, құран сөздерiн алдымен ептеп, сонан соң буындап әндетiп айтуы - мақамды бipiгiп айту, мақамды орындау кезiнде бipiн-бipi тыңдай бiлу тәжiрибесiн дағдыландыруға көмегiн тигiздi десе артық болмайды.Құран оқу кезiнде кеуденi тiк ұстап отыру, құран сөздерiн анық, таза айту, мақамды интонациялық тұрғыда таза орындау, мақамды айқайламай, майда, қоңыр дауыспен айту, көңiл мен зейiндi тек құран сөзi мен мақамына аудару да балаларда елдiң алдында сөйлеу, жеке адамдармен сөйлесу мәдениетiн көпшiлiк арасында өзiн-өзi ұстау әдетiн, алдына келген адамды тыңдай бiлу қабiлетiн дамытты.Бүгiнгi таңда дiни iлiмдердегі адамгершiлiк пен имандылықтың өзектi қағидаларынан жеткiншектерге түсiнiктер бepiп, таныстыру мақсатында мектептерде пайдаланса артық болмайды. Бұрынғы Одақ кезiнде Қазақстанда құранды оқу орындарында оқытуға тыйым салынғанда көптеген мемлекеттерде оған адамдық құндылық шоғырланған рухани мәдениет шығармалары тұрғысында қарап жаңа өмiрдi жетiлдiруге қажет дегендердi пайдаланған. Бiздiң ойымызша құрандағы кейбiр нұсқауларды тәрбие барысында негiзге алу оқушылардың рухани өмiрiн бұрынғыдан да байыта түседi.Сондықтан Мұхаммед Пайғамбар (570-633) қалдырған адамдық пен адалық хақындағы ойларды ұсынамыз.Әзәзiл жан: «Алланың әмiрiне қарсы кеп, Бiрлiк бұзып, сор шамса – бұйырмайды ақырет” (2,25).Өтiрiкшiге қарсы: “Ақиқатты бiле тұрып жасырма, шынды бүркеп, шикiлiктi асырма” (2,39).Тәубелiкке табыну: “Тәңiрiм дәйiм тәубешiлдiң серiгi” (2,148).Тәубешiл жан сүйген құлы тәңiрiнiң” (3,140).Шапағатқа талпыну: “Тигiзерде шапағат, Бiр-бiрiңнен озып жүр!” (2,143).Жақсылықты жасырып, жамандық асыра алмайсың: “Игiлiктiң киесi мен зұлымдықтың иесiнТаразыға тартатын да тәңiрiм” (2,219).Рахымдылық: “Жан семiртер жақсы сөз бен мейiрiмдi рақым, Садақадан көш iлгері көңiлiңе алып тұратын. (2,265).
Екi жүздi жүзіқара: “Оның сыйқы жаңбыр шайған жалаңаш жар секiлдi. Жазбайды Алла жанкөшпеге тура жолмен өтудi!” (2,266).
Iзгiлiкке ұмтылу: “Ортаң болсын оң iстерге, iзгiлiкке бастайтын. Ықыласты бұйыртып, ықылассыздыққа баспайтын. Мiне солар бақытты” (3,100).
Ағайындыққа асығу: “Қырғиқабақ кездерiңде тәңiрiм рақым еттi де, айналдыңдар араздаспас ағайынды тектiге!” (3,98).
Екiжүздi мен күншiлдерге қарсы: “Тұрар олар жанашыр бол, жалпаң қағып жаныңда! Бүркемелеп көңiлi мен күншiлдiгiн тануға. Кеудесiнде пасық ойын бықсытатын пенделер, Жалғыз қалсаң жарамайды серiктiкке алуға!” (3,114).
Сен оларды адалдықпен алаламай сүйеп ең,
Әрқашанда ақпейiлiңмен арамзадан биiк ең.
Оңашада бармақ шайнап, басын тасқа ұрады.
Айт оларға: “Ей, пақырым, күншiлдiктен күйiп өл!” (3,115).
“Алла жар боп жарылқаумен жақсылыққа кезіксең, iшiн тырнап тыпыршиды күншiл адам сезiкпен.
Бiр жамандық алмағайып шаужайыңа жармасса қуанады жандай-ақ бiр қазынаға кезiккен” (3,116).
Опасыз жан: “Аллатағала опасыз бен күнәкарды сүймейдi” (4,107).
Тәңiрден безгендер: “Тамұқ отының тамызығы болады” (72,15).
Ата-анаңды сүйе бiл: “Адамзатқа арнадық бiз өсиет,
Ата-анаңа жақсылықты несiбе ет” (29,7).
Менменшiлдер: “...Менменсумен кеуде керген пасықты, алла азаптап, алмастан жасытты” (4,172).
Келiсiм: “Келiсiмге келелi бол, уәдеге уәлi бол” (5,1).
Өзара түсiнiстiкке тырыса бiл: “Бiрiн-бiрi танып - бiлiп жүрсiн деп, Ұлыс еттiк, ру еттiк сендердi” (49,13).
Шапағатқа ұмтылу: “Бiле-бiлсең шапағаты барларың, сүйген құлы боларың қақ алланың” (3,141).
Адамдардың жауапкершiлiгi: “Жамағатым, жақсылығың жасаған, түбiнде бiр өз бойыңа жұғады.
Жамандықпен тас атсаңдар тасадан, өз қанжарың өзiңдi кеп сұғады” (17,7).
Аударған Тұтқабай Иманбеков.
Ескерту: жақша iшiндегi алғашқы сан сүренiң, екiншi сан аяттың ретiн бiлдiредi.
Жарапазан – қазақ халқының ислам дiнiн қабылдаған сәтiнен бастап оның өмiрiмен бiте қайнасып кеткен дәстүрлi салтының бiрi. Рамазан айында кешке қарай ауыз ашқан соң үй - үйдi қыдырып жүрiп айтатын мадақ өлең. Ғылыми тiлмен айтқанда, халық ауыз әдебиетiнiң қазынасына үлкен үлес болып қосылған тұрмыс-салт жыры. Оған негiзiнен дiни сенiм арқау болады. Насихаттық, уағыздық қызмет атқарады. Адамдарға жақсы тiлеу тiленiп, адалдыққа, адамгершiлiкке, табандылыққа, имандылыққа үндейдi. Ораза ұстағандардың көңiлiн көтерiп, рухын жебейтiн ғибраттар айтылады. Сондықтан да жарапазанның мадақ тiлеулерi елдiң көңiлiне орнығып, ұлттық салтқа айналып кеткен. Жарапазан – он бiр буынды қара өлең ырғағымен келедi.Тек әр шумақ айтылып болған соң: “Мұхаммед үмбетi айтқан жарапазан, Оразаң қабыл болсын ұстаған жан” деген тiлек қайталанып отырады. Жарапазан айтылған үй жарапазаншыларға ырым бойынша сый ұсынады, тәттiлер үлестiредi. Ұсынылған сыйды алғаннан кейiн жарапазаншылар үй иелерiне қол жайып тiлек айтады, бата бередi.Жарапазан ораза кезiнде ғана орындалады, басқа уақыттағы той-томалақта айтылмайды. Жарапазан айтудың мерзiмi, белгiлi бiр тәртiбi бар. Ол ораза ұсталатын отыз күн бойы үздiксiз айтылмайды. Оразаның бас кезiнде үш күн, орта кезiнде үш күн және ай аяғында үш күн айтылады. Оны ересектер де, балалар да айта бередi. Ораза ұстағандар ауыз ашып, тамақтарын iшiп, көңiлдерi жадырай бастаған кезде жарапазаншылар үй-үйдi немесе ауыл-ауылды аралап, жарапазан өлеңiн әуенге қосып, өз сарынына салып айтады. Елдi үйiрiп, өлеңдi әсерлi жеткiзу үшiн әсем әуендердiң әр түрiн пайдалана бередi. Ал ендi қалалық жерде жарапазан айту мәселесiне келсек, оның ешқандай өрескелдiгi жоқ. Төрт-бес бала жиналып, өз аулаларында тұратын аралас-құралас мұсылман таныстарына, көршi- қолаңдарына, бiр-бiрлерiннiң үйлерiне барып, жарапазан айтқанда тұрған не бар? Қайта, сол салттың қалалық жерде қанат жаюына ұйтқы болып, бастамасын бастап берсеңдер, сендердi iлiп әкететiндер молынан табылары сөзсiз.
3. Иман араб тiлiнен алынған сөз, төл тiлiмiзде “сенiм” деген ұғымды бiлдiредi. Адамгершiлiгi аса жоғары кiсiнi халық иманды деп құрметтейдi. Адамгершiлiгi, ар-ұяты бар адамның, бет бейнесi, иманжүздiлiгi жарқын, биязы, өзi парасатты келедi. Ондай адамды халық “иманжүздi кiсi” деп құрметтейдi. Қазақ халқының ата-баба дәстүрiнде имандылық тек дiни сенiм емес, ол сондай-ақ, ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелiкке айналған құбылыс. Жас адамды имандылыққа баулу үшiн олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, iлтипаттылық, кiшiпейiлдiлiк, қамқорлық, адалдық, iзеттiлiк сияқты әдептiк - психологиялық қасиеттерлердi олардың бойына сiңiру-әрбiр отбасының, балалар бақшасы мен мектептiң басты парызы.
Қазақ ұғымына адамгершiлiк ұғымымен астарлас келетiн моральдық атаулардың бiрегейi – кiсiлiк ұғымы.
Кiсiлiк - өмiр барысында бiртiндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершiлiк iс - әрекетiмен мiнез-құлқының азаматтық ар-ұжданы. Халқымыз: “Адам болар баланың кiсiменен iсi бар,адам болмас баланың кiсiменен несi бар”, - деп тәрбиелi адамның үлгi-өнегесiн жоғары бағалап жастарға жарлы болсаң да, арлы бол деп талап қойған.
Борыш пен жауапкершiлiк. Бұл екеуi- кiсiлiктiң басты белгiсi, терең жєне күштi сана-сезiмдi қажет ететiн қасиеттер. Борыш пен жауапкершiлiктi түсiне бiлуден адамның имандылығы мен адамгершiлiгiнiң дәрежесi байқалады.
Имандылық мінез туралы әңгімемізді Қ.А.Иассауидың мына өлең жолдарымен қорытындылаймыз
Есiң болса, өкпелеме жалғанға,
Ертеңiңдi, алдағыңды арманда.
Пенде болсаң, түзет мiнез-құлқыңды,
Бой алдырма қызықтарға бiр күнгi.
***
Қызмет еткеннiң жарым жолда қалғаны жоқ...
Ақыр заманның үмбеттерi үйлерiн безендiредi.
***
Әуейiлер нәжiске де қызығар,
Әр сәт сайын имандары бұзылар.
Атақ - абырой, даңқ қана ойлары,
Шен-шекпенге үйiр келер бойлары
Базбiреулер дүниенi өткiншi деп бiлмейдi,
Қасиеттi кiсiлердiң iсiн көзге iлмейдi.
***
Наданға айтып сөзiңдi,
Бос қор етпе өзiңдi.
***
Әр нәрсеге алаң болып теңселме,
Имансыздан қайыр күтпе өлсең де.
***
Күншiл, қаскөй, қу арам
Арылмайды күнәдан.
***
Үмбет болсаң, жалықпа,
Қамқоршы бол ғарыпқа.
6.Ы.Алтынсариннің «Мұсылмандық тұтқасы», Ш.Құдайбердиевтің «Мұсылмандық шарты» еңбектеріндегі әдептілік ұғымы.Ыбырай Алтынсарин діннің тәрбиелік рөлін жоғары бағалады. Діни мәтіндерді түсініп жаттап, оның тәрбиелік мәнін тыңдаушыларға аша білу парыз деп түсіндіреді. Ұлағатты ұстаз ислам дінінің аяттарындағы адамгершілік, имандылық қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын өзінің педагогикалық көзқарастарында негіздеді. Дін қағидаларының тәрбиелік мәнін ашып көрсетіп, ұстаз шариғат сүрелерін ана тілінде түсіндіріп, діни терминдердің мән – мағынасын ашуға зер салды. Намаз оқу мен ораза тұту парыздарының рухани да тәрбиелік те мәні зор екенін: намаз ішінде он екі парыз бар, оның алтауы тысқары, алтауы ішкері парыз. Тысқары парыздың(денені тазалау, намаз оқитын жерді пәк ету, денені жабу, денені дұрыс қимылдату, қолды, аяқты, басты қимылдату, бәрі тән тәрбиесіне арналады, ал ішкі парыздардың ой – пиғылдары намазға арнап, беріліп оқуы – жан тәрбиесіне арналады дейді. Еңбегінде Ораза, Зекет, Хаж, парыз, дұға туралы жазған. Иман – құдай бұйрығына шындық деп сену, құдайдың барлығын , жалғыздығын дәлелмен ақылмен ойлап білу. Ш.Құдайбердиевтің «Мұсылмандық шарты» еңбегінде байлық, кедейлік, құлдық, сұмдық, адамшылық, жақсылық , жамандықтың бәрі құдай ісі – деп өз бойындағы мініңді құдайға жауып, күнәдан пәк болғың келеді», «дүние алдамшы, өмір қу» дейсің, бойыңды , мініңді біреуден көрмей өз бойыңнан ізде, «тумақ, өлмек, қартаймақ» табиғи құбылыс, «себепсіз нәрсе жаралмақ емес» - деп дүние сырын ұғуға, мінездегі мінді түзеу өзіңе байланысты, ол үшін талаптан, талпын, адал еңбек ет, өз мініңді өзің көріп, түзете біл дейді. Ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің жұмбақ сырын ұқ, байлығын қажетіңе жарат, бұл үшін жаратқан адамға ми береді, білу, нану, ұғыну, тану – барлығы ақыл ісі, олар мидан шығады дейді. Адамдықтың басты парызы - әр нәрсені сарапқа салу, байыбына бару, терең ойлау, топшылау, ақылмен іс қылу. «Нағыз тәңірі жолы – қиянатсыз ақ жүрекпен адал еңбек ету», - деп. ой түіндейді. Өлген Жан жоғалып кетпейді, тек түрі өзгереді. Жан мен тән тығыз байланысты, дене сезіміне нанба, бәрінде тапқан таза ақыл… Бар ғылымның түп атасы – таза ақылмен ойлану – деп жан мен тән байланысын ашқысы келеді. Пайғамбар - «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ» деген. Қазақ мақалы: «Ұят кімде болса, иман сонда; Олай болса – ұят – иманның бір мүшесі. Ұлы Абай: “Иман сақтауға қорықпac жүрек, айнымас көңiл, босамас буын керек”, - дейдi. Абай «Надандық ұят, жақсы адамның алдына жазықсыз - ақ әншейін барып жолығысудан ұялу, шариғатқа, ақылға теріс жазығы жоқ болса да, ұялмас нәрседен ұялу – ақымақтық, жамандық. Шын ұят шариғатқа, ақылға теріс іс жасау. Оның екі түрі бар. Ондай қылық өзіңнен шықпай – ақ бір бөтен адамнан шыққанда, оны есіркеп, «Япырмай, мына байғұсқа не болды, енді мұның өзі не болады деп, іштен рақым айтып, өзің қысылып, қызарасың. Адамшылыққа кесел, қылық, қатеден, яки, нәпсіге еріп, өз бойыңнан шығады. Мұндай ұят қылығыңды бөтен кісі білмесе де өз ақылың өзіңді сөгеді, іштен ұялып, өзіңе жаза тарттырады. Өзің ұят іс жасағанда кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалып, өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішінен өз мойныңа салып, сөгетін қысымның аты. Ол уақытта тіл байланып, ой көмескіленеді, көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгілі, ешнәрсені көрмейді. Мұндай адамға тағы да аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің де, өзінің де адамшылығы жоқ. Осы күні менің көрген кісілерім ұялмақ түгілі қызармайды да. Ұялтамын десең: пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді? т.б.» - дейді. Абай ұят туралы пікірлері психология ғылымының қағидаларымен үндесіп жатыр. Абай «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, сенің нең бар?» т.б, сөздер айтатын адамның иманы бар дейміз бе?» деп мәселелі сұрақ қояды.
Абайдың 37 – қара сөзіндегі адамгершілік туралы пікірлері:
1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді.
2. Өзімшіл наданға ақыл сөздер өшеді
3. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл
4. Көпте ақыл жоқ, ебін тауып, тап та, жөнге сал.
5. Мен, егер закон қуаты қолымда болса, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
6. Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені
7. Жамандықты кім көрмейді. Үмітін үзбек қайратсыздық…Жамандық баяндап қалмайды. Қыс артынан жаз келмеуші ме еді!
8. Ашулы адмның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болады.
9. Егер ісім өнсін десең ретін тап.
10. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық.
11. Тіленші – адам сайтаны.
12. Жаман дос көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.
13. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол.
14. Қайратсыз ашу тұл... шәкіртсіз ғалым – тұл.
Зерттеу жобалары
1. Көргенділік – қазақ тағылымының басты шарты.
2. Ата – баба дәстүрі - әдептілік негізі.
3. Көре алмау, іштарлық, бақталастық – араздық арналары.
4. Ислам – имандылық бастауы.
5. «Тәрбие және дін»
Достарыңызбен бөлісу: |