58 жалпы орта мектеп Химия, биология-тіршілік тірегі



Дата28.01.2018
өлшемі70,78 Kb.
#35371
58 жалпы орта мектеп

Химия, биология-тіршілік тірегі.

( химия, биология пән бірлестігі апталығының ашылу жинағы)



Биология пәнінің мұғалімі: Курымбаева Г

Мақсаты:

Оқушыларға ізденімпаздығы мен танымдық әрекеттерін шығармашылыққа бейімдеу. Оқушылардың табиғатты аялауға, қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру. Ой өрісін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге үйрету.



  1. Жүргізуші:

Армысыздар ұлағатты ұстаздар, аяулы оқушылар, құрметті қонақтар! Химия, биология-тіршілік тірегі атты химия, биология пәні бірлестігі апталығының ашылу жиынына қош келдіңіздер!

  1. Жүргізуші:

Химия , биология –тіршілік тірегі атты химия, биология пән бірлестігі апталығын ашық деп жариялаймыз!

  1. Жүргізуші:

Табиғатым сырың терең сенің неткен,

Тау мен тастың сыңғырлаған сұлу өзен

Күн көзінен күмістей шағылған нұр

Көз алдымда көк орай гүлді кезең



  1. Жүргізуші:

Табиғаттың құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,

Білген сайын сырын оның жүреміз

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып



Ән: 6 «Г» сынып оқушысы Мұратбек Мөлдір, Сағынтай Алтынай

  1. Жүргізуші:

Табиғаттың қадірлеп қасиетін

Әділдікке әрқашан бас иетін

Атаңнан мал қалғанша тал қасын деп

Халық айтқан орынды өсиетін



  1. Жүргізуші:

Биология әлемі-қызықты әрі тартымды,

Өз сырымен биология қызықтырар әркімді.

Оқысаңдар ғылымға көз ашып,

Танырсыңдар табиғаттың ғажабын



«Биология әлемі» 7 сынып оқушылары арасында сайсымызды тамашалаңыздар

  1. Жүргізуші:

Сайыс Ү кезеңнен тұрады:

І.«Бәйге» кезеңі

ІІ.«Кім шапшаң» кезеңі

ІІІ.«Ойлан тап» кезеңі

ІҮ.«Кім өнерлі» кезеңі

Ү.«Кім тапқыр» кезеңі

Ал енді қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық:


  1. Оқушылар топқа бөлінеді І-ші топ « Бәйшешек», ІІ-ші топ «Қызғалдақ», ІІІ-ші топ «Көгершін».

  2. Жүргізуші:

Сайысымыздыңм алғашқы кезеңін бастайық

І. «Бәйге» кезеңі:

Бұл кезеңде әр топқа жеке-жеке 5 сұрақтан қойылады. Ол сұрақтар түрлі-түсті бағдаршамның артында жасырулы болады. оқушылар өздері таңдап алып жауап береді.



Сұрақтары (жауаптарымен)

  1. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі? (жасуша)

  2. Өсімдіктерге жасыл түс береді. (хлоропластар)

  3. Жануар және өсімдік тәрізді қоректенетін жәндік. (жасыл эвглена)

  4. Жануарлар ұлпасын ата? (4- эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке ұлпасы)

  5. Бүршіктену арқылы көбейетін ішіекқуысты ата? (гидра)

  6. Шығу тегі атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын не деп атаймыз? (ұлпа)

  7. Тамырлар шығу тегіне қарай қаншаға бөлінеді? (негізгі, жанама, қосалқы)

  8. Кірпікшелі кебісше қай типке жатады? (кірпікшелілер)

  9. Кәдімгі амеба қай типке жатады? (Тамыраяқтылар типі)

  10. Теңіз гүлі деп атайтын ішекқуысты ата? (Актиния)

  11. Өсімдіктер ұлпасын ата? (6-түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы)

  12. Жіктеу кезінде туыстық екі атау беру ? (қосарлы атаутізім)

  13. Жұмырылған дене сыртына тығыз қорғаныш қабат бөлініп шығады да не түзіледі ? (циста)

  14. Жануарлар әлемін жүйелеу ісінде білгірлік көрсеткен швед ғалымы? (Карл Линней)

  15. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым саласын атаңыз? (гельминтология)



  1. Жүргізуші ІІ. «Кім шапшаң» кезеңі

(бізден қазақша ,сізден орысша, ағылшынша) әдісі қолданылады. Мақсаты жүргізуші биология ғылым саласында кездесетін сөздерді қазақша айтады ал сайыскерлеріміз сол сөздердің орысша, ағылшынша айту керек.

  1. Ара-пчела-bee

  2. Бал-мед-honey

  3. Құмырсқа-муравей-ant

  4. Көбелек-бабочка-buttufly

  5. Ағза-организм-body

  6. Жасуша-клетка-cell

  7. Өрмекау-паутина-web

  8. Паразиттер-паразиты-vermin

  9. Тірі ағза- живой организм-living organism

  10. Шегіртке-саранча-disaster

  11. Індет-эпидемия-epidemic

  12. Құрт –червяк-worm

  13. Дәуіт-богомол-mantis

  14. Жаңбыр-дождь-rain

  15. Бит-вши-lice

  16. Ауа-воздух-air

  17. Бүрге-блоха-fiea

  18. Жел-ветер-wind

  19. Найзағай-молния-thunder

  20. Күн-солнце-sun

  21. Жер-земля-earth

  22. Қар-снег-show

  23. Көктем-весна-spring

  24. Жаз-лето-summer

  25. Қыс-зима-winter

  26. Күз-осень-autumn

  27. Гүл-цветок-flower

  28. Қоңыз-жук-beetle

  29. Шыбын-муха-fly

  30. Шаян-рак-cancer

  31. Саршаян-скарпион-scorpion

  32. Инелік-стрекоза-dragonfly



  1. Жүргізуші



  1. ІІІ. «Ойлан тап» кезеңі



  2. Бұл кезеңде әр топқа жеке-жеке 3 логикалық сұрақтар қойылады. Ол сұрақтар түрлі-түсті бағдаршамның артында жасырулы болады. оқушылар өздері таңдап алып жауап береді.

  1. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық. Барлығы неше мысық? (4мысық)

  2. Үш аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек? (3 сағат)

  3. Жұмбақты шеш: Аяғы бар басы жоқ,

  1. Тұлғасы бар қарны тоқ.

  2. Екі жақтау қорғаны,

  3. Ол болмаса сорлады. (Айқұлақ )

  4. «Ойлан тап» кезеңі

  1. Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?(30 жылқы)

  2. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды?(12-құс)

  3. Жұмбақты шеш: Аяғы,тұлға,басы бар,

  1. Сыртында сауыт тасы бар.

  2. Ойланып көр балалар,

  3. Шешуін оның табыңдар. (ұлу )

  4. «Ойлан тап» кезеңі

  1. Ұлу ағаштың басына шығуға күніне 5м жоғары көтеріледі. 3м сырғанап түседі. Ағаштың биіктігі 25м болса, ұлу ағаш басына неше күнде жетеді? (11-күні кешке)



  1. 2. 100шөже , 100кг бидайды 100күнде жейтін болса, 10 шөже 10 күнде қанша кг бидай жейді? (1-кг)

  2. 3.Жұмбақты шеш: Домалақ таудың басында,

  3. Тоқты қошқар ойнайды. Ол не? (Бит )

  1. Жүргізуші ІҮ. «Кім өнерлі» кезеңі:

  1. (әр сайыскерге бір-бір конверт, ішінде тапсырма жазылған, сол образға еніп, қимылмен көрсету)

  2. 1 .Гүлдің солуын қимылмен көрсет.

  3. 2. Судан шығып қалған балық.

  4. 3. пәнге байланысты (мақал, тақпақ немесе өлең жолдарын айту)



  5. 1.Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу.

  6. 2.Мысықтан қорқып қашқан тышқан.

  7. 3.пәнге байланысты (мақал,тақпақ немесе өлең жолдарын айту)



  8. 1.Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу.

  9. 2.Мысықтың тышқан аулардағы әрекеті мен қимылын көрсет.

  10. 3. пәнге байланысты (мақал,тақпақ немесе өлең жолдарын айту)

  11. 1. Жүргізуші. Ү.«Қол өнері» кезеңі:

  12. Әр топ өзінің қолдан жасаған заттарын көрсетеді



  13. Ән: Ән : Әдібай Аяулым 7А сынып оқушысы

  14. 2. Жүргізуші:Сөздің кезегін әділ –қазыларға береміз.

  15. 1. Жүргізуші: сонымен бүгінгі «Биология әлемі» атты сайсымыз өз мәресіне жетті. Ендігі кезек марапаттау кезеңіне өтеміз.

  16. 2. Жүргізуші:

  17. Кең даламда шертілген сыбызғы үні

  18. Тебіренген бар тіршілік, аспан нұры

  19. Құстарда қылықтап жан тербеген

  20. О, табиғат, не деген керемет ең

  21. Сенің әсем бейнеңнен әсер алам

  22. Ағаштарың әдемі бұралған

  23. Бар керемет қасиет сенен екен

  24. Әрқашан да боламын саған қорған

  1. жүргізуші

  1. «Биология-тіршілік тірегі» атты химия, биология пән бірлестігі апталғының ашылу салтанаты аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!






























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет