ПОӘК 042-18-15.1.14/03-2014
|
2014 жылғы
№1 басылым
|
51 беттің -шісі
|
5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
«Ғылыми-танымдық журналистика» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2014
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
5 Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін жұмыстары
6 Өзгерістерді тіркеу парағы
7 Әріптестердің танысуы
1 ГЛОССАРИЙ
1 АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.
2 АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.
3 АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.
4 АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.
5 АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.
6 АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.
7 АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.
8 АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.
9 АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін.
10 АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.
11 АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.
12 АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.
13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.
14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.
15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.
16. ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.
17 ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.
18 ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.
19 ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.
20 ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.
21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады.
22 ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.
23 ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.
24 ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.
25 ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.
26 ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.
27 ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.
28 ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.
29 ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.
30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау.
31 ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.
32 КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.
33 КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.
34 КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.
35 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу.
36 КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.
37 КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.
38 КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп.
39 ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.
40 МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі.
41 ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.
42 ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.
43 ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.
44 ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.
45 ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.
46 ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.
47 ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.
48 ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.
49 ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.
50 ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.
51 ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.
52 ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.
53 ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.
54 ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.
55 ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.
56 ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің
баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.
57 РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.
58 РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.
59 РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.
60 СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.
61 ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.
62 ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.
63 ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.
2 ДӘРІСТЕР
1-Дәріс Хадистер және ғылым, ғалым мәселелер
1.1. Аталған дәуірдегі тіл білімін ерекшелейтін негізгі белгілер.
1.2. Негізгі грамматикалық категорияларды анықтау.
1.3. Үндістан тіл білімі. Панини грамматикасы.
1.4. Араб тіл білімі. Махмұд Қашқаридың«Диуани лұғат ит түрік» еңбегі
Хадис – ислам дінінде Құран Кәрімнен кейінгі екінші орында тұрған қасиетті сөздер жиынтығы. Бұған тұтастай алғанда, Мұхаммед пайғамбарымыздың көзі тірісінде айтқан діни-философиялық өсиеттер мен тұжырымдары негіз болған. Былайша айтқанда, «Хадистер – Мұхаммед ғ.с. мен оның серіктерінің істері мен сөздері жөніндегі нақымият деуге болады» Халифа Алтай.
Пайғамбарымыз (ғ.с.) ел санасын, жаңадан ғана ботатірсектеніп он сегіз мың ғаламдағы ең әділ де озық дінге қадам басқандарға дәріс беруге тек қана Құранмен шектеліп қалмады. Оған қосымша ғибадаттық тағы төтенше, біздерге салса, «идеологиялық әдіс» мұқтаждық қылды. Оны тапты да Хадистер Мұхаммед пен оның серіктестіктерінің келгендердің пайдаланулары үшін жазылған көптеген хадис кітаптары бар.
Ислам дініде баян етілетін алты хадис кітапты өте елеулі деп санаған, бұларды алты шындық деп санаған.
Хадис туралы түрік тілдерінде ең көбі 40 шақты түсініктеме берілген, әр дәуірде түрікше жазылып басылған. Одан кейін татарша, өзбекше, әзірбайжанша түсіндірілген. Қазақ совет энциклопедиясында: Мұса Бекейұлы қазақ тіліне 1912 жылы аударылды. Бірақ, ол жарыққа шықпай қолжазба күйінде қалған.
Әл Тарази «1001 хадис»-тің авторы. Онда: «Адам баласы ақтық дүниеге дейін дұрыс жолдан ауытқып кетпес үшін алланың елшісі артына 2 түрлі мәлімет жинаған», - деген.
Пайғамбарымыздың қасиеттері өте көп. Оған ақыл-кеңес, түсініктемелер және құдайдың дінімен байланысты әр алуан анықтамалар жазғаны куә бола алады. Пайғамбарымыздың хадистері ешқашан да Құранның қасиетті жазуларына қайшы келмейді.
Ғылымның алғашқы азаншысы Мұхаммед Пайғамбар.
Майкл Хард: «100 Великих людей» кітабының авторы. Ол кітапта «Нағыз ықпалды адамдардың арасынан тізімге Мұхаммедті 1-ші ғып таңдап алғаныма базбір оқырманндардың таңдаулары мүмкін. Алайда, ол тарихта дін саласында, сондай-ақ қоғамдық тұрмыста да ең биік сатыға көтеріле алған жалғыз дара адам», -дегені бар. Күллі адамзаттың рухани дамуына зор еңбек сіңірген 100 қайраткерлер хақындағы кітапта Мұхаммед 1-ші орында тұр. Бұдан кейінгі орындарда:
Иссус Христос – 3-ші орын
Будда – 4 Микело Анжело – 50
Эйнштейн – 10 Эрнест Ризирфорд - 56
Аристотель – 13 Сталин – 66
Дарвин – 16 Юли Цезер - 67
Карл Маркс – 27 К.Рентген - 57
Шыңғыс хан – 29 Вольтер - 74
Шекспир – 31 Ж.Руссо - 78
Напалеон – 34 Дж.Келли – 81
Гитлер – 39 Ленин - 84
Платон – 40 Мао Цзу - 89
А.Флемент – 43 Горбачев - 95
Бетховен – 45 Габер - 98
Вахабира – 100
Пайғамбар туралы ұлылардың айтқандары. «Философ, шешен, пайғамбар, заңгер, жауынгер, ой-сананы баулап алушы, ең пайдалы дінді пұтқа табынбайтын ғибадатты қалыпқа келтіруші, жер бетіндегі бір ғана өзі 20 мемлекетті сизызған – ол Мұхаммед» - деген Альфонс.
Британия энциклопедиясының 12-ші томында: «Ертедегі көптеген қоғам қайраткерлері оның адал, әрі тура мінезді осы қасиеттерімен және басқа да тура мінезді адамдардың жан-тәнімен ықылас құрметіне ие», - делінген.
Ағылшын философы, тарихшысы Томас Карней «Қаһармандар және қаһармандарға табыну» атты еңбегінде былай дейді: «Көшпелі Араб халқын, оларды өзара жаулаушы тайпаларын бір адам жалғыз өзі небәрі екі он жылдықта қалай ғана ел қуатты және өркениетті ұлтқа айналдырғанына қайран қалғандар көп».
Бақылау сұрақтары:
1. М.Пайғамбардың өмірбаяны жөнінде бақылау жазу.
2. М.Пайғамбардың образын жазу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «Жалын» журналы, 1994 №11,12
2. «Мың бір хадис» 1991 таңдамалы
3. «Мұхаммед Пайғамбардың хадистері» 1994 ж
4. «Заң» газеті 1994 ж, 14 декабрь
5. Халифа Алтай «Таңдамалы хадистер аудармасы» 1994 ж
6. «Жұлдыз», «Зерде» журналдары
2-Дәріс. Ғылыми – гуманитарлық баспасөз
2.1 Информацияларды іздеуді автоматтандыру
2.2 Адамдардың ой еңбегінің механикаландыру мен автоматтандырудан туған өзгерістер.
Кез келген ғылыми проблеманы шешерде ең алдымен осы проблема бойынша дүние жүзінің бірқатар елдерінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесімен танысу керек, былайша айтқанда, қажетті ғылыми немесе гуманитарлық информацияларды іздестіру мәселесі қойылады. Зерттеуші – филологтың жұмыс уақытының балансын статистикалық зерттеу оның қажетті ғылыми информацияны іздеп табуға жұмыс уақытының 30-60 процентіне дейін жұмсайтындығын көрсетеді. Бірақ әрбір ғылыми қызметтер өзі көңіл бөлетін мәселе бойынша шығып жатқан әдебиетті үнемі қадағалап отыруға тиіс. Ал шығып жатқан әдебиеттің, яғни информацияның саны үздіксіз және өте шапшаң өсіп келеді және өсе береді. Енді не істеу керек? Демек, информация іздестіруді жаңа әдіспен қаруландыру талабы туындады. Осы мәселені шешу үшін әлемге жақын ақпарат таратушы «Интернет» дүниеге келді. Оны компьютерден хабары жоқ адам игере алмайды. Ғылымның басқа саларында да ғылыми жаңалықтарды жаңашылдандыру үшін информацияларды іздеуді автоматтандыру жөніндегі жұмыстар табысты жүргізілуде.
Адамның ой еңбегіндегі шаршап-шалдығуды білмейтін осы көмекшілер еңбек процесінде адаммен неғұрлым тығыз байланыста дамып, жетіле түсуде. Тіл – адамның неғұрлым қарым-қатынас жасауының басты құралы. Нақ сондықтан да адамның машиналармен жазу және ауызша сөйлесу арқылы байланыс жасауы осы жаңалықтардың бірі ғана. Программаны тікелей сөз формасында берілген бұйрық түрінде қабылдайтын эксперименттік қондырғылар да бар. Дауыс арқылы басқарылатын және адам дауысымен жауап беретін, яғни адаммен тілдесу арқылы қарым-қатынас жасайтын машина жасап шығарыуда.
Бұл – ой еңбегін автоматтандырудың тек алғашқы қадамдары ғана. Біз адам еңбегінің даму тарихындағы өзінің маңызы жағынан ең орасан зор процесті қолданудамыз. Адамдардың ой еңбегінің мазмұны мен сипатындағы оны механикаландыру мен автоматтандырудан туған өзгерістер мыналар:
Біріншіден, қызметкерден тіпті орта білімнің болуын да талап ететін аз мамандырылған ой еңбегінің бірте-бірте жойылуы.
Екіншіден, ой еңбегінің техникамен жарақтандырылуының артуы негізнде оның біршама қарапайым белгілі бір шаблон бойныша қайталанып отыратын және сонымен бірге еңбекті өте көп тілейтін операциялардан бірте-бірте құтылуы. Адам еңбегінің информация жинау, сақтау, өңдеу және талдау жөніндегі барған сайын өсе түсетін бөлігі бірте-бірте машиналарға берілді.
Үшіншіден, ой еңбегінің күрделілігінің артуы.
Төртіншіден, дамуының шегі жоқ нағыз творчестволық еңбек тек қана қоғамдық тіршілік иесі ретіндегі адамға тән машина адам міндеттерінің тек кейбіреулерін ғана модельдендіреді, бірақ ол адамның табиғатқа өктемдігін күшейте отырып, оның міндеттерін мың мәрте арттыра алады. Техникаларды қолдану бүтіндей адамның және тұтас алғанда қоғамның интеллектуалық қуатын бірнеше рет көбейтеді, мұның өзі ой еңбегі қызметкерлерінің үлкен бір жаңа тобын пайдаланғанмен бірдей.
Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми-гуманитарлық баспасөздер.
2. Ғылыми материалдардың сипаты.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «Жалын» журналы, 1994 №11,12
2. «Заң» газеті 1994 ж, 14 декабрь
3. Халифа Алтай «Таңдамалы хадистер аудармасы» 1994 ж
4. «Жұлдыз», «Зерде» журналдары
3-Дәріс. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлаһ Әл-Фараби еңбектері
3.1 Әл-Фарабидің шығармаларының негізгі тақырыбы
3.2 Теориялық-таным проблемаларын көтерген шығармалары
3.3 Жаратылыстану ғылымдарына қосқан үлесі
Ибн Саид Әл-Кифти (1167-1248) «Фарабдан шыққан фәлсафашы» мақаласында: «Ол кезде бұл кездегідей ғылымға таңдау жоқ еді. Ал әл-Фараби логиканы зерттеді. Ол Платонның фәлсафасын зерттеді. Оның еңбектерінде лайықты атаулар беріледі. Аристотель еңбектерінде де солай етті. Ол Аристотельдің еңбегіне атышулы алғы сөз жазды. Аристотельдің философиясын бақайшығына дейін зерттеді. Содан кейін бірінен соң бірін кітапқа жазды. Мен фәлсафашыларды жеріне жеткізе талдап, әр уақытта ұғынықты етіп түсіндірген Әл-Фараби болмаса Аристотельдің «Категориясының» мән-мағынасын, ойын түсіну қиын болар еді. Тек Әл-Фараби арқылы ғана Аристотель еңбектерінің мән-мағынасын саралады. Кейіннен ол құдіретті және өркениеттік ілім хақында еңбек жазды. Екеуі де баға жетпес кітаптар».
«Қайырымды баға жетпес адам туралы» кітабы
«Қайырымдылықтың белгілі құпиясы»
«Сөз – ғылымдардың классификациясы туралы»
Ахмад ибн Хамел Хан (1211-1282)
«Аса ірі фәлсафашы» деген еңбегінде: «Мен бұл кітапты 100 рет оқып шықтым, » - депті. Аристотельдің «Жан туралы» кітабын. Сол сияқты Аристотельдің «Физика» кітабына: «Мен бұл кітапты 40 рет оқыдым, сонда да қайта оралуға мәжбүрмін», деп айтыпты Әл-Фараби.
«Әл-Фарабидың өз үйі болмаған. Ол ешқашан өз қамын ойламаған. Оған қазынадан күн сайын 4 дильхам беріп тұруды бұйырған. Өйткені әл-Фараби осы бағаны қанағатеткен. өле-өлгенше осылай күн кешкен. Хиджраның 139 жылының Раджаб айында дүниеден қайтқан. Осы кезде Әл-Фараби 80 жаста болатын - дейді Ахмад ибн Хами Хан.
Ибн Әби усайбиға (1203-1270) «Шамнан шыққан дәрігер» деген естелігінде: «Әбу Насырды Мәшһүр еткен алғашқы еңбегінің бірі – ғылымды жіктеу және мақсатты айқындау болып саналады. Өйткені, оған дейін сол тақырыпқа кітап жазған ешкім болмаған. Ғылыммен әуестенгендер осы кітапқа соқпай кете алмаушы еді. Олардың ой-өрісін дамытуда атқарған еңбектері ұлан ғайыр. Оның зерттеуге негіз болатын «Аристотель» сынды фәлсафашының «Арифметика» кітабы.
Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, (942 ж Бағдадта бастап, Дамаскіде аяқталған, 948 ж Египетте үлкен 6 топқа бөлген). Бұл еңбегімен ол өзінің философия ілімін қаншалықты жетік меңгергенін дәлелдеді. Аристотельдің мақсатын айқындай отырып, оның еңбектері хақында түсіндірмесі бар. Бірнеше кітап жазды. Аристотельдің бізге 1 рет жеткен «Метафизика» деп аталатын кітаптың түсініксіз жерлерін ашты. Өзінің осындай түсіндірмеден тұратын еңбегін «Жаратылыс тану ғылымы» кітабында түсіндірме жазумен аяқтады.
Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол: жүз алпысқа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын-философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен ботаниканы, минерология мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды. Осынау ұланғайыр еңбектерінің ішінде философия мен социологияның, этика мен эстетиканың проблемалары үлкен орын алады.
Ол жалпы теориялық ой-пікірдің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре түсті. Халық даналығы туғызған данышпандық пікірлерге ден қойды, сөйтіп өзінің философиялық төл концепциясын жасады. Қоғам туралы ілімді, этика мен эстетиканы дамытты. Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып, ол антика заманының теориялық озат ой-пікірлерін сыннан өткізіп барып, бойына сіңірді, өз заманының ілімін белгілі бір жүйеге салды.
Фараби жан-тәнімен ақыл-ойдың қорғаушысы, ақыл-ой қадір-қасиетін мадақшаушы, оны қорғаушы болды. Теориялық-таным проблемаларын қарастырғанда, логиканы негізінде және оны мазмұндағанда ғана емес, адамның іс-әрекетіне, ақыл-ойына негізделген, өздігінен дамыған философияның, этиканың, эстетиканың, жалпы ғылым атаулының дінге байланыссыз-ақ дербес өмір сүре алатындығын дәлелдегенде оның рационалды ойшылдығы айқын көрінді.
«Логикаға кіріспе трактаты» атты шығармасында логикалық форма тұрғысынан ғылыми білімді сипаттай келіп, оны силлогикалық және силлогиялық емес деп екіге бөледі. Бірінші топқа, диалектиканы, поэтиканы, ритоиканы, ал екінші топқа медицинаны, егіншілікті, ағаш шеберлігін т.б. қысқасы, практикалық міндеттерді шешетіндерді жатқызады. Фараби ғылымдарды нақты ғылым және ой-қиялдағы ғылым немесе абстракты ғылым деп бөледі. «Бақытқа жету туралы» атты еңбегінде Фараби ғылымды теориялық және практикалық ғылым деп екіге бөледі. «Бақытқа баратын жолды көрсету» атты трактатында ғылымды классификациялаудың қалыптасқан дәстүрін сақтай отырып, ол философияны теориялық философия және практикалық философия деп бөлді.
Жоғарыда аталған шығармаларында Фараби білімдердің типологиясы туралы мәселеге белгілі бір жәйттерді талдау үстінде ішінара қана тоқталады. өйткені, бұл мәселе жөнінде оның «Ғылымды классификациялау және анықтау туралы кітап», «Китаб фи ихсо әл улум ва ат-таприб», яғни қысқаша «Ихсо әл-улум» деп аталынатын арнаулы еңбек берді. Еңбек 5 үлкен бөлімнен тұрады. Онда Фараби орта ғасырдағы білімнің классификациясын беріп қана қоймайды, сонымен бірге барлық ғылым саласын сипаттап соларды жан-жақты талдап береді.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде Фараби заманында медицина ғылымы жақсы дамыды. Ол әрі ғылым, әрі «емдеу» өнері түрінде дамыды. Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина жөніндегі білім бір-бірімен тығыз байланысты болатын. Көптеген философтар дәрігерлікті, дәрігер философияны қатар зерттейтін. Фараби творчествалық мұрасында медицина саласынан да еңбектер бар. Олар ғалымның бұл саланың теориялық негіздерін, оның тарихын өте жітік білетінін байқатады. Оның медициналық-философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана совет ғалымдарының зерттеу объектісіне айналды. Оның медицина проблемаларына арналған «Адам денесінің органдары», «Адам денесінің органдары жайында Аристотельмен келіспеуіне байланысты Галенге қарсылық» атты трактатарының орыс тіліне аударылып басылып шыққаннан бері зерттеле бастады. өзбек ССР-інің Шығыс тану институтында сақтаулы жатқан қолжазбалардың ішінде Фарабидің «Жануарлардың органдары олардың функциясы мен потенциясы» атты еңбегі бар екені айтылады.
Ол медицина практикалық өнер деп қарап, оның міндеті, мақсатын, функциясын ерекше даралап айтады: Медицинаның әрекеті белгілі бір аурумен ауырған адамға емдік ету арқылы денсаулығын қалпына келтіруге бағыт алған.
Медицина пәнін, міндеті мен мақсатын түсінуде Фараби материалистік позицияда тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда ол орта ғасырлардағы ұлы ғалым, медик, көп томдық «Медицина каноныдары» атты еңбектің авторы Әбу әли ибн Синаның тікелей алдында тұрған жолын ұстап, оның негізгі идеяларын қабылдаған.
Азаматтық ғылым мен оның бөлімдері, яғни мемлекет – қала туралы ғылым – «илм мадания» демек қаланы басқару туралы ғылым, юрипруденция және догматикалық құдайшылық. Мұнда мемлекетті басқару проблемасы этика мен тәрбие мәселесі қаралады. Басқа Әл-Фарабилардың негізгі толық аттары:
Әби Ибрагим Исхах Әл-Фараби
Әбу Насыр Исмаил Ибн Хаммад Әл-Фараби әл-Жауһари
Бурхан Әл-Дин Ахмад Әл-Фараби
Әбу-л-Қасым Әл-Фараби
Махмуд Әл-Фараби
Хауан әд Әл-Фараби
Маула Мухаммад әл-Фараби
Исмаил әл-Хуани әл-Фараби
Әл-Фараби
Философияны білуден бұрын Әбу Насыр Әл-Фараби былай дейді. 9 нәрсені зерттеп біліп алу қажет және мұның өзі Аристотель еңбектерінде кездесетінін айтқан.
Философиялық ағымдар мен мектептерді білу
Аристотельдің әрбір кітабының мақсатын білу
Философияны зерттеуге негіз етіп алынған ғылымды білу
Философияны зерттеудегі ғылым маңызы
Философияны ұғынғысы келген адамның дұрыс жол таңдап ала білуі
Әрбір Аристотель кітабының тіл ерекшелігін білу
Достарыңызбен бөлісу: |