ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
|
Әдістемелік нүсқаулық
|
042- 13 -1.____/01.2017
|
«Абайтану» пәнінен (БӨЖ) әдістемелік нұсқаулық
|
№1 басылым 28.08. 2017 ж.
|
5В 011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
АБАЙТАНУ ПӘНІНЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
СЕМЕЙ 2017
1 Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы: Сулейменова Р.Ш. – қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі
___________ «0 » 0 . 2017 жыл.
«Абайтану» пәнінен БӨЖ әдістемелік нұсқаулығы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттерге арналған
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды
Хаттама № «0 » 0 . 2017 жыл.
Кафедра меңгерушісі __________ Жундибаева А.Қ.
Әдістемелік нұсқаулық қазақ филологиясы факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, оқу үрдісінде қолданылуға ұсынылды
Хаттама № 1 «0 » 0 . 2017 жыл.
Төрайым ____________ Самекбаева Э.М.
Мазмұны
1 Қолдану аясы.....................................................................................................4
2 Нормативті сілтемелер.......................................................................................4
3 Жалпы ережелер........................................................................................4
4 «Абайтану» пәні бойынша СОӨЖ тапсырмалары.........................................7
1 Қолдану аясы
Осы әдістемелік нұсқаулық Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттіік университеті қазақ филологиясы факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын студенттердің өздік жұмысын орындау және рәсімдеуге бірыңғай талаптарды бекітеді
2 Нормативті сілтемелер
Әдістемелік нұскаулық келесі нормативтік құжаттар талаптары мен ұсыныстарына сәйкес құрастырылған:
- Оқу үрдісін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру ережелері. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген;
- «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде оқу үдерісін кредиттік жүйе бойынша ұйымдастыру туралы ереже»;
- «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде студенттердің өздік жұмысы туралы ереже»
- Типтік бағдарлама негізінде жасалған
- Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы №319-ІІІ ЗРК «Білім туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;
- 5.04.019-2011 ҚР МЖМБС «Жоғарғы білім беру. Бакалавриат. Негізгі Ережелер» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 17.06.2011 ж. №261 бұйрығымен бекітілген;
- Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациясын ағымдағы бақылауды жүргізудің үлгілік ережелері.
- ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы № 1080 қаулысымен бекітілген ЖОО жалпыға бірдей мемлекеттік стандарты бойынша:
– Жоғары білімнің білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.05.2013 ж. № 499 қаулысымен бекітілген;
- Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациясын ағымдағы бақылауды жүргізудің үлгілік ережелері. Білім және ғылым министрлігінің 16.03.2011 ж. № 94 бұйрығымен бекітілген;
- Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережелері. Білім және ғылым министрлігінің 20.04.2011 ж. №152 бұйрығымен бекітілген.
3 Жалпы ережелер
БӨЖ, семинар, тәжірибелік сабақтарының мақсаты мен міндеттері
Оқытушымен бірге студенттің өздік жұмысы кредиттік жүйедегі білім берудің бір түрі. Ол аудиториялық сабақ түрінде жүргізіледі. БӨЖ кеңес беру және бақылау қызметтерін атқарады. БӨЖ студент пен оқытушының бірігіп жұмыс жасауының нәтижесі.
Әр БӨЖ-ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет. Олар белгілі бір сұрақтарды шешуге, оларды кеңейтуге, түрлі тапсырмаларды шешуге, талдауға негізделеді.
БӨЖ мынадай қызметтер атқарады:
Кеңес беру қызметі: студенттердің өздік жұмысында әр пән бойынша материалды меңгеруде қандай әдісті қолдану керектігін таңдауға; студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беруге; оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға, ғылыми шығармашылықпен айналысуға көмек беру.
Бақылау қызметі: білім алушы студеттің білімін бағалап және қорытындылап отыруды қадағалайды.
БӨЖ-ді орындауда студент жаттығу, талдау, зерттеу, реферат жұмыстарын орындайды.
Оларға дайындалу кезінде студенттің қажетті әдебиеттерді қарастырып, тиісті материалдарды сұрыптауы, өзіндік ғылыми тұжырым жасай білуі, тапсырмаларды орындауда жоспар құрып, сол жоспар негізінде өз бетімен ізденуінің мәнісі зор.
Өздік жұмыс түрлері студенттің ойлау қабілетін дамытады, дағдысын, танымдық көзқарасын қалыптастырады. Сондай-ақ оқыған материалдарын қорытындылап тұжырымдауға, талдау жасай білуге септігін тигізеді.
Семинар сабағы
Семинар сабағының басты мақсаты – студенттің білімді өз бетінше игеруіне негізделеді. Семинар сабақтары студенттің ойлау қабілетін белсендіреді, берілген материалдарды толық меңгеруге, ұғынықты етіп талдауға көмектеседі. Сонымен қатар, мақсат қоя білуге, мәселелерді шешуге, ережелерді есте сақтауға ықпал етеді.
Тәжірибелік сабақ
Тәжірибелік сабақ студенттің алған теориялық білімін деректі материалдармен толықтыруға және теорияны тәжірибеде қолдануда біліктілікті арттыруға мүмкіншілік береді. Тәжірибелік сабақ – білім алудың тәжірибелік әдісі. Тәжірибелік сабақтар өзін-өзі бақылау мақсаттарын шешуге, таным белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Конспект жұмыстарын жүргізу
Конспект материалды толық меңгергеннен кейін іске асатын жұмыс. Ол берілген мәтіннен қысқаша ғана қажетті деректерді алу. Конспект нақты, таза жазылуы тиіс. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтін мазмұнын тиімді қамти алуды көздейді. Конспек жұмысында мәтіннің беттері міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Конспектіде жұмыс авторының аты-жөні, жұмыс атауы, баспасы, жылы, беттері толық көрсетілуі қажет.
Реферат жұмысын жазу
Реферат – баяндаманың басылған немесе жазылған күйіндегі қысқаша түрі. Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша материалдарды, әдебиеттерді таңдауы, сұрыптауы, жоспар құруы қажет. Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Рефератты орындауда баяндама 10-15 минутты қамтуы тиіс. Орындау барысында тақырып мәні толық ашылып, айтылатын негізгі ой айқындалуы қажет. Орындау кезінде өзіндік тұжырым қоса танылып отырылуы керек. Жұмыс соңында міндетті түрде өзіндік пікір, қорытынды жасалады. Орындаушы аудиторя тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап беруге міндетті. Қойылған сұрақтар бойынша басқа студенттер де өз пікірлерін білдіре алады.
Рефераттың көлемі 5-8 беттен кем болмау керек.
Баяндаушыны бағалауда жұмысты орындаудағы сенімділік, тақырыптың ашылуы, дәлелді айғақтар келтіру, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өз көзқарасын білдіруі есепке алынады.
Тезис құрастыру
Тезис – мәтіннің қысқа тұжырымдалған басты ережелері. Тезисте ереже бойынша деректі материалдар қарастырылмайды, ол материал мәтінде айтылатын жағдаяттарды түсіндіру, дәлелдеу немесе дәйектемелеу үшін беріледі. Тезис мәтінді алдын-ала зерттеу негізінде ғана дұрыс құрылуы мүмкін.
Мақалаларға аңдатпа мен ой-пікір жазу
Аңдатпа – шығарма мазмұнының қысқаша сипаттамасы, ол әдетте басты сауалдардың тізімі түрінде беріледі. Аңдатпада шығарманың кейбір ерекшеліктері де аталуы мүмкін: басылған уақыты, құрылымның құрылуы, жұмыстың кімге немесе неге арналғанын көрсету және т.б.
Ой-пікір – белгілі-бір шығарманың сындық талдауы. Ой-пікірде ереже бойынша жұмыстың көкейкестілігі атап өтіледі, оның құрылымы ашылады, жұмыста қарастырылатын негізгі сауалдар атап өтіледі, оның тәжірибелік маңыздылығы ескеріледі. Ой-пікір беруші мазмұндалған мәселеге өз көз қарасын білдіреді, қойылатын талаптарға сәйкес орындалған, орындалмағанына ескере отырып бағалайды.
Курстың белгілі бір тақырыптары бойынша библиография құрастыру
Тақырып бойынша әдебиет жинақтау кезінде кітапханадағы жүйелік каталогқа, әдеби, ғылыми және де басқа журналдарға («Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ізденіс», «Ұлт тағылымы», «ҚазМҰУ хабаршысы» және т.б.), Интернетке жүгіну керек.
Библиографиялық тізімді хаттау кезінде барлық әдеби жұмыстарды авторларының тегі немесе жинақтың атауы бойынша әліпбилік тәртіп бойынша орналастыру керек.
Әр жұмысты сипаттау кезінде автордың тегі мен аты-жөні, жұмыстың атауы, баспасы, жылы, толық беттері көрсетілуі тиіс. Журналдық мақалаларды сипаттау кезінде мақаланың авторы, мақаланың атауы, мақала басылған журналдың атауы, нөмірі мен жылы көрсетіледі. Мақалалардың жинағын сипаттау кезінде соның ішіне оның редакторының аты-жөнін енгізу керек.
Әдебиеттерді пайдалану
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізуде, олардың тізімін беруде автордың аты-жөнін немесе оқулық атын әліпбилік тәртіпте қадағалау қажет.
Әрбір әдебиет жазылғаннан кейін автордың аты-жөні, оқулық аты, баспасы, жылы мен беттері көрсетіледі. Ал журналдағы мақаланың авторы, мақала тақырыбы, журнал атауы, баспасы, нөмірі, жылы жазылады.
Оқытушының әрекеті
- Сабаққа толыққанды дайындалу
- Сабақ барысында қолданылатын әдістерді пайдалана білу
- Студенттермен қарым-қатынас жасау
- Сабақтың нәтижелі болуын қадағалау
- Педагогикалық шығармашылық таныту
- Студенттің өздік жұмысын орындауға бағыт-бағдар беру, көмектесу
Әдістемелік нұсқаулық
Әдістемелік нұсқаулық типтік, оқу, жұмыс бағдарламасы негізінде жасалады. Әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты – әр пән бойынша студенттердің семинар, тәжірибелік, БӨЖ жұмыстарын жүргізуге көмектесу. Студенттердің тапсыруға тиісті БӨЖ тапсырмалары, семинар, тәжірибелік сабақтары бойынша конспект, реферат, аңдатпа, ой-пікір жазу, тезис құрастыруға, әдебиеттерді пайдалана білуге бағыт-бағдар береді.
«Абайтану» пәні бойынша БӨЖ мақсаты - студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру, әлі толық ашылмаған жайттарға студенттердің назарын аудару. Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдың ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларының рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады. БӨЖ тапсырмаларын мұқият орындап, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу қажет.
№1 БӨЖ (3 апта)
Тапсырма: Абайтанушы ғалымдар
Бақылау нысаны: конспек, ауызша баяндау
Әдістемелік нұсқау: Абайтанушы ғалымдар, олардың еңбектері, әр кездегі ғалымдардың құнды пікірлеріне шолу жасау. Практикалық сабақ жоспарында көрсетілген тақырыпты қамтитын мәселелері оқу бағдарламасындағы әдеби, мәтіндік, тоериялық, практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерілуін мақсат етеді. Осы сұрақтар айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікіріне салыстырулар жасап, түйінді ой-тұжырымдарын дәйектеу керек.
№2 БӨЖ (4 апта)
Тапсырма: А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» мақаласы
Бақылау нысаны: конспек, ауызша баяндау
Әдістемелік нұсқау: А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» мақаласының мәні. 1909 жылы шыққан тұңғыш мақалаға сыни пікірлерге шолу. Практикалық сабақ жоспарында көрсетілген тақырыпты қамтитын мәселелері оқу бағдарламасындағы әдеби, мәтіндік, тоериялық, практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерілуін мақсат етеді. Осы сұрақтар айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікіріне салыстырулар жасап, түйінді ой-тұжырымдарын дәйектеу керек.
№3 БӨЖ (5 апта)
Тапсырма : М.Әуезов және Абай
Бақылау нысаны: талдау жұмыстары /сұрақ-жауап әдісі арқылы/
Әдістемелік нұсқау: М.Әуезов және Абай ғылыми өмірбаянының қалыптасу жолдары. Практикалық сабақ жоспарында көрсетілген тақырыпты қамтитын мәселелері оқу бағдарламасындағы әдеби, мәтіндік, тоериялық, практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерілуін мақсат етеді. Осы сұрақтар айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікіріне салыстырулар жасап, түйінді ой-тұжырымдарын дәйектеу керек.
№4 БӨЖ (6 апта)
Тапсырма: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Бақылау нысаны: ауызша баяндау, өлең жаттау
Әдістемелік нұсқау: Абайдың поэзияға қояр талабы. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп басталатын өлеңін көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау. Жаттау. Практикалық сабақ жоспарында көрсетілген тақырыпты қамтитын мәселелері оқу бағдарламасындағы әдеби, мәтіндік, тоериялық, практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерілуін мақсат етеді. Осы сұрақтар айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікіріне салыстырулар жасап, түйінді ой-тұжырымдарын дәйектеу керек.
№5 БӨЖ (6 апта)
Тапсырма: Абай сатирик
Бақылау нысаны: жаттау
Әдістемелік нұсқау: Абай сатирик. Поэзиясындағы сатиралық образдар, мысқыл, ащы сын сипаты.(“Күлембайға”,”Дүтбайға”) өлеңдерін жатқа айту. Практикалық сабақ жоспарында көрсетілген тақырыпты қамтитын мәселелері оқу бағдарламасындағы әдеби, мәтіндік, тоериялық, практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерілуін мақсат етеді. Осы сұрақтар айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікіріне салыстырулар жасап, түйінді ой-тұжырымдарын дәйектеу керек.
№6 БӨЖ (7 апта)
Тапсырма: «Жастықтың оты қайдасың» өлеңі
Бақылау нысаны: жаттау
Әдістемелік нұсқау: «Жастықтың оты қайдасың», «Әсемпаз болма әрнеге», «Жүректе қайрат болмаса», «Жастықтың оты жалындап» өлеңдерінің идеялық-көркемдік қуаты. Тақырыпты қамтитын мәселелері оқу бағдарламасындағы әдеби, мәтіндік, тоериялық, практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерілуін мақсат етеді. Осы сұрақтар айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікіріне салыстырулар жасап, түйінді ой-тұжырымдарын дәйектеу керек.
№7 БӨЖ (11 апта)
Тапсырма: Абай қарасөздерінің қайнар көздері
Бақылау нысаны: жаттау
Әдістемелік нұсқау: Абай қарасөздерінің қайнар көздері. 7,11,17,32 қара сөздеріне жеке тоқталып, тақырыбы, мәніне тоқтала отырып қара сөздерін жатқа айту. Практикалық сабақ жоспарында көрсетілген тақырыпты қамтитын мәселелері оқу бағдарламасындағы әдеби, мәтіндік, тоериялық, практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерілуін мақсат етеді. Осы сұрақтар айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікіріне салыстырулар жасап, түйінді ой-тұжырымдарын дәйектеу керек.
№8 БӨЖ (12 апта)
Тапсырма: Абай-көңіл-күй сырларының шебері
Бақылау нысаны: жаттау
Әдістемелік нұсқау: Абай-көңіл-күй сырларының шебері. (“Көңілім қайтты”,”Қартайдық қайғы ойладық”,”Келдік талай жерге енді”т.б. өлеңдеріне терең тоқталып, біреуін жатқа айту. Практикалық сабақ жоспарында көрсетілген тақырыпты қамтитын мәселелері оқу бағдарламасындағы әдеби, мәтіндік, тоериялық, практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерілуін мақсат етеді. Осы сұрақтар айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікіріне салыстырулар жасап, түйінді ой-тұжырымдарын дәйектеу керек.
№9 БӨЖ (13 апта)
Тапсырма: Абай және Лермонтов
Бақылау нысаны: жаттау
Әдістемелік нұсқау: Абай және Лермонтов. «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қорқытпа мені дауылдан», «Жалау», «Жартас» «т.б. өлеңдерін түпнұсқамен салыстыра талдау Практикалық сабақ жоспарында көрсетілген тақырыпты қамтитын мәселелері оқу бағдарламасындағы әдеби, мәтіндік, тоериялық, практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерілуін мақсат етеді. Осы сұрақтар айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікіріне салыстырулар жасап, түйінді ой-тұжырымдарын дәйектеу керек.
.
№10 БӨЖ (14 апта)
Тапсырма: «Ескендір» поэмасының тақырыптық-идеялық сипаты
Бақылау нысаны: үзінді жаттау
Әдістемелік нұсқау: «Ескендір» поэмасының тақырыптық-идеялық сипаты. Шығыс әдебиетінде сомдалған Ескендір бейнесі және Абай Ескендірін салыстыра отырып сипаттама беру. Абай Ескендірінің ерекшелігіне талдау жасап, үзінді жаттау. Практикалық сабақ жоспарында көрсетілген тақырыпты қамтитын мәселелері оқу бағдарламасындағы әдеби, мәтіндік, тоериялық, практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерілуін мақсат етеді. Осы сұрақтар айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікіріне салыстырулар жасап, түйінді ой-тұжырымдарын дәйектеу керек.
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Негізгі әдебиеттер:
1 Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Ғылым, 1977. – Т.1. – 454 б.
2 Абай әзілдері. – Алматы: Ғылым, 1995. – 96 б.
3 Абай туралы Төлеу ақынның есте қалғандарынан // Жүрегімнің түбіне терең бойла: (Абай туралы естеліктер). – Алматы: Жазушы, 1995. – 296 б.
4.Абай, Сабырбай ақын және Қуандық қыз // Абай. – 1993. – №7. – Б.92-93.
5 Абай. Энциклопедия (Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев). – Алматы: Қазақ эциклопедиясы, 1995. – 720 б.
6 Абайды зерттеудегі бұрмалаушылыққа қарсы // Социалистік Қазақстан, –1951, 4 шілде.
7 Абайдың келіні, Әубәкірдің әйелі Камалияның есте қалғандары // Жүрегімнің түбіне терең бойла. – Алматы: Жазушы, 1995. – 296 б.
8 Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы кітапханасының қолжазбалар қоры. № 66-бума.
9 Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы кітапханасының қолжазбалар қоры. 174-бума.
10 Абайдың үш билігі // Жалын. – 1995. – №7-8. – Б. 20-22.
11 Алдажаров Н. Абай туралы әңгімелер // Жұлдыз. – 1992. – №1. – Б.80-103.
12 Алтынбаев Қ. Зере әже // Абай. 1996. – №2. – Б. 16-17.
2. Қосымша әдебиеттер:
1.Ақтайлақ би: Өлеңдер мен толғаулар, шешендік және билік сөздер. (Құраст. С.Қорабай). – Астана, 2003. – 208 б.
2.Алтынбаев Қ., Жұмахан Е. Ақсуат. – Алматы: Ер-Дәулет, 1998. – 288 б.
3.Ахун Ә. Қазақтардың асыл түбінің қайдан шыққанының хикаясы // Дала уалаятының газеті. – 1894, 22 мамыр.
4.Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Ғылым, 1997. – 504 б.
5.Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
6. Ғаббасов С. Тарих қазақ жайынан // Айқап. – 1915. – №9. – Б.128-129.
3 Интернет ресурстар
1 https://kk.wikipedia.org/wiki
2 read.kz/892-abaitanu.html
3 magkaznu.com/ru/shop/
4 abai-inst.kz
Достарыңызбен бөлісу: |