5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған



Дата28.01.2018
өлшемі418,02 Kb.
#34469

ПОӘК 042-18.1.21/01-2013


05.09.2013 жылғы

№ 1 басылым



22 беттің -шісі






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ


3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

УМКД 042-18.1.21/01-2013


ПОӘК

«Психологиялық коррекция және кеңес беру негіздері» пәнінің оқытушыға арналған



05.09. 2013жылғы

№ 1 басылым





5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған

«Психологиялық коррекция және кеңес беру негіздері» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ


СЕМЕЙ


2013

Кіріспе

1ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магиcтрі Куребаева Г.А.

25 «08» 2013ж.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама № 1 «03» 09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ псх.ғ.к. Джумажанова Г.К.

2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама № 1 «05» 09.2013ж.
Төрайымы _________________ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды.

Хаттама №1. 18 .09.2013ж.


ОӘК төрайымы________________ с.ғ.д. Искакова Г.К.

4  Бірінші рет енгізілген.



Мазмұны

1 Қолданыс аясы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің мазмұны (модуль)

5 СӨЖ тақырыптары

6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

8 Әдебиеттер



1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ

Психологиялық коррекция және кеңес беру негіздері пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттеріне арналған.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы Психологиялық коррекция және кеңес беру негіздері пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады.

Нақты білім беру деңгейінің жалпыға бірдей міндетті білім стандарты 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының типтік оқу жоспары,

- СТУ 042-ГУ-4-2013 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-1.01-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.

3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

Қазіргі қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік және т.б. өзгерістер ғылым мен техниканың жедел қарқынды дамуы, барлық салаларда кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды, әсіресе психолог мамандар даярлауды түбегейлі жақсартуды және сапалы өзгертуді талап етуде. Осы мәселеде психологиялық ғылымдардың алар орны ерекше. Әрбір жоғары білікті психолог маман болу үшін психологиялық коррекция мен кеңес беру механизмдерін, оның жалпы заңдылықтарынан хабардар болуы керек. Сондықтан қазіргі психологиялық ғылымдар талаптарын есепке алу, тұлға мен қоғамның қазіргі өзгерісі жағдайында оның рөлі мен әсерін көрсету қажет.

3.2 Пәнді оқытудың мақсаты: психологиялық коррекция және кеңес беру негіздері саласындағы психологтың практикалық әрекетінің ғылыми негіздерімен студенттерді қаруландыру.

3.3 Пәнді оқыту міндеттері:

-психологиялық коррекция негіздерімен таныстыру;

- кеңес беру негіздерімен таныстыру;

-отбасында кеңес беру;



-мектепке дейінгі мекемелерде, қазіргі мектеп жағдайларына сәйкес психологиялық білімнің дұрыс қолданылуының дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
3.4 Оқытудың нәтижесі:

Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:



- психологтың коррекциялық және кеңес беру жұмысының мазмұнын;

  • психокоррекция мақсаты мен міндеттерін;

  • психокоррекция формаларын.

Игеру керек:

  • мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары мен принциптерін;

  • әр түрлі жастағы балалардың дербес психологиялық және жас ерекшеліктерін оқып, үйренуді.

Меңгеру керек:

  • мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың әдістемелерін;

  • дарынды балалармен жұмыс істеу дағдыларын;

  • педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын.

Қолдана білу керек:

- Психологиялық коррекция және кеңес берудің негізгі әдіс-тәсілдерін қолдана білу;

- Психологиялық коррекция және кеңес беру бойынша меңгерген білімін кәсіби іс-әрекет практикасында өздігінен қолдана білу.

Түсінуі керек:


  • Психологиялық коррекция және кеңес беру негіздері саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулерді;

  • Психологиялық коррекция және кеңес беру негіздерінің негізгі түсініктерін, категорияларын, механизмдерін;

  • Психологиялық коррекция және кеңес берудің дамыу және қалыптасуы тарихын.

Істей алуы керек:

  • отбасына психологиялық көмектің әр түрлерін көрсете білу;

  • ата- ана, тәрбиешілер арасыңдағы ағартушылық жұмыстарын жүргізу;

  • сақтандыру жұмыстарын жүргізе білу.

Иемдену керек:

  • мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттарын;

  • әр түрлі жастағы балаларға психологиялық көмек көрсетудің әдістемелерін.


3.5 Курстың пререквизиттері: Жалпы психология; психологиядан практикум; психологиялық диагностика.
3.6 Курстың постреквизиті: психологиялық тренинг, жанұямен психологиялық жұмыс.

3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:


1 Кесте

Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

ОСӨЖ

(сағ)


СӨЖ(сағ)

Бар

(сағ)


Бақылау түрі

1

2

3

4

5

7

8

9

10

1

6

2

15

15

15

45

90

Емтихан



4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ

2 Кесте



Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары

Модуль 1. Психологиялық коррекцияға кіріспе

Тақырып 1. Психологиялық коррекция психологтың іс- әрекеті саласы ретінде. Білім беру жүйесіндегі  психологиялық  қызмет алғашқы кезде балалар үйінде жәие мектеп интернаттарда тәрбиеленетін балаларға  психологиялық  көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмай, жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Осы тәрбие орындарында психологиялық  қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтаушылар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, В.В.Давыдов, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд. У.В.Ульенкова т.б. анықтады. Балалар үйінде және жетімдерге арналған интернаттардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осы мекемелерде оқитын балаларға  психологиялық  қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер осы оқу орындарының келесі ерекшеліктерін көрсеткен. Психологтың  кеңес  беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, А.В.Забрамная  психологиялық  қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс тәсілдер үлгілерін жинақтаған. Сонымен қатар И.В.Дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадағы балалармен жүргізетін псхологиялық  кеңес  беру және психокоррекцияны  ұйымдастыру  жолдарын көрсеткен.

2

Тақырып 2. Жекелей психокоррекция.

Жекелей бағдарланған әдістердің мақсаты және міндеттері:



  • сырқаттың жеке басын зерттеу, оның эмоциялық қатынасын, мотивациясын және қатынастар жүйесін;

  • нервтік күйдің пайда болуы және сақталуына себептесетін механизмдерді анықтау және зерттеу;

  • сырқаттың өз ауруымен оның қатынастар жүйесінің ерекшеліктері арасындағы себеп-салдарлық байланысты түсінуі мен ұғынуына жетуі;

  • сырқатқа психологиялық жарақаттану жағдайларын ақылмен шешуге көмектесу;

  • сырқаттың қатынасын өзгертуі, мінез-құлық формалары мен рекациялар.

Әсер ету құралы вербальды және вербальды емес араласу топ қатынасушылары арасындағы. Топтағы өзара әрекеттсеудің басты формасы пікірталас. Топтық психотерапияның қосымша формалары: рөлдік ситуацияларды ойнау, психогимнастика, сурет және музыкатерапия.

Рөлдік ситуацияларды ойнау - топтық жеке қатынасушыларының мәселені түсінуі үшін материал.

Рөлдік ситуацияларды ойнау жеке сабақ болуы мүмкін немесе пікірталас барысында пайдалануы мүмкін. Егер жеке сабақ болса, онда барлық клиенттер бір тақырып алады және кезекпен оны ойнайды, топтан өзіне серік таңдай отырып. Мысалы: «Қиын әңгіме» (жағымсыз кісімен әңгімелесу).


1

Тақырып 3. Топтық психокоррекция. Психокоррекциялық топтар дегеніміз уақытша біріккен шағын адамдар, арнайы бекітілген жүргізушісі бар, белгілі бір уақытта кездесулер өткізетін. Бұндай топтардың негізгі міндеттері - өзара зерттеу, өзінің тұлғасы туралы білім алу, оның дамуы және өзін ашуы. Лакин (1972) психокоррекциялық топтар үшін ортақ болып табылатын, алты процесті жіктейді,топтар:

  1. эмоцияны көрсетуді жеңілдететін;

  2. ұжымға жататынын сезімді жасайтын;

  3. өзін ашуға ынталандыратын;

  4. жаңа мінез-құлық моделдерімен таныстырады;

  5. тұлғаның ерекшеліктерін топтың жеке мүшелерімен салыстыруға себептеседі;

  6. басқарушы мен қатысушылар арасында жауапкершілікті бқлуге септеседі.

Психокоррекциялық топтарды төрт категорияға бөлуге болады.

Топтардың төрт түрінің міндеттері практикада байланысқан, мысалы, көптеген оқу топтары соңғы нәтижесі бойынша терапевтік болып табылады.



1

Тақырып 4. Психокоррекциялық бағдарлама құру.

Коррекциялық бағдарлама



  1. Мақсаты: 5-6 жасар балалардың үрейін төмендету, өзбеттілігін дамыту.

  2. Міндеттері:

  • өзбеттілікті дамыту;

  • өз ұстанымында тұруында қалыптастыру;

  • өшпенділікті басу.

  1. Коррекциялық топқа таңдау критерийі

Балалар алдын-ала тестілеуден өтеді.

  1. Коррекциялық жұмыстың бағыты өзіне сенімділікті қалыптастыруда алдымен белсенді үрейлер мен алаңдаушылықты басып, кейін айналасындағыларға жағымды қатынасты қалыптастыру.

  2. Сабақты ұйымдастыру.

Сабақтардың саны, қатысушылардың саны мен жасы. Бағдарлама бүкіл оқу жылына жасалады. 5-6 жастағы балаларға, яғни балабақша балаларына бағдарланады. Топтағы балалар саны кемінде сегіз болуы керек.

  1. Сабақ типтері.

Ұзақтығы 30 минутқа дейін топтағы сабақтар аптасына 1 рет өткізіледі. Қажет болғанда жекелей жүргізіледі.

1

Тақырып 5. Практикалық коррекция әдістері.

Психотеепияның вербальды емес формаларына өнермен қарым-қатынас емдік әсеріне негізделген әдістер жатады: Музыктерепия, библиотерепия, имоготерепия, арттерепия, нотуртерепия, имиталттерепия, трансок анализ, мориттерепия.

Музыкатерепия - бұл әдіс тиімді деп есептелуі, егер әнді психотерапевт өзі орындаса, аяқастына өзара әрекеттесу жағдай пайда болуы,сенімділік орнайды.Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар жоғраы үрейлік, шаршау,тітіркенушілік.

Библиотерепия - кітап оқу көмегімен сырқат психикасын емдік әсер етуі.Кітап оқу барысында клиенткұнделік жүргізеді, оны талдау сырқаттың күйін объективті бағалауға көмектеседі.Бұл әдіс жекелей және топтық формада да жұргізіледі.Кітаптар тізімін клиент мәселесіне психолог іріктейді.

Арттерепия - өнермен емдеу. Жиі қолданбалы өнер түрлері пайдаланылады.Арттерепииялық сабақтар екі нұсқауда жүзеге асырылады: берілген материалмен белгілі тақырыпқа тапсырма, еркін материалмен еркін тақырыпқа сабақ (клиенттер өздері тақырыпты, материалды, құралдарды таңдайды). Сабақтың аяқталуы тақырыпты, орындауы мәнерін талдаумен аяқталады.

Ерекше назар негативизм көрінуіне бөлінеді.Арттерапияның тиімділігі туралы сырқаттардың жағымды пікірлері негізінде айтуға болады.

Бұл әдістің бірнеше нұсқаулары бар:


  1. Емдеу үшін бар өнер шығармаларын пайдалану, талдау.

  2. Клиенттерге өзіндік шығармашылықты ояту.

  3. Өнер шығырмаларын және өзіндік шығармашылығын пайдалану.

  4. Психотерапевтің өзінің шығармашылығын - мүсін, сурет және т.б клиентпен өзара әрекеттесуге бағытталған.




Тақырып 6. Психогимнастика.

Психогимнастика - өзара әрекеттесу заты қозғалыс экспрессиясына, мимика, пантомимика негізінде құрылады.

Психогинастикадағы жаттығулар екі мақсатқа бағытталған: күштенуді азайту, топ қатынасушыларының эмоциялық арақашықтығын қысқарту, өзінің сезімін, ойын, тілегін және басқа адамның көрсету іскерлігін бекіту.

Психогимнастика зейінге жаттығудан басталады. Мысалы:



    1. «қалумен жаттығу» - барлық топ қозғалысты немесе дене жаттығуын, жүргізушіден бір қозғалысқа қалып орындайды.

    2. «Ритмді шеңбермен беру» Бір қатынасушыдан кейін топтың барлық мүшелері кезекпен қайталайды, алақанды соғу.

    3. «Қозғалысты шеңбермен беру». Бір қатынасушы қиялдаған затпен әрекетті бастайды, көршісі оны ары қарай жалғастырады.

    4. «Айна». Топ қатынасушылары жұпқа бөлінеді және кезекпен серігінің қозғалысын қайталайды.

Күштенуді алатын жаттығулар қарапайым қозғалыстардан тұрады: суда малтап келемін, ыстық құммен жүріп келем, жұмысқа асығып барам, жұмыстан қайтып келем, дәрігерге бара жатырмын. Серігімен эмоциялық арақашықтықты қысқарту жаттығулары (кеңістіктік арақашықтықты қысқарту) серігімен тор көпірден өту, бір орындыққа отыру, ренжіген адамды тыныштандыру, басқа адамға өз қатынасыңды сүйкену арқылы беру, «сезімді шеңбермен беру».

Вербальды емес мінез-құлық. Басқа адамның сезімін түсінуге жаттығу.



  1. Әйнек арқылы сөйлесу: ым көмегімен бір нәрсе жайлы келісу.

  2. Адамның қандай да бір күйін бейнелеу: мысалы, қуаныш, ашу, реніш, жанашу, жек көру. Өзінің және басқа адамның психологиялық ерекшеліктерін бейнелеу: Мен қандаймын, мен қандай болдым, басқаларға қалай көрінем, қандай болғым келеді.

  3. Басқа адам қандай сезім көрсеткісі келгенін түсіну.

  4. Топтық зейінін өзіңе аударту.

Пантомима рөлі өсе түседі. Психолог тақырып береді, клиенттер вербальды емес құралдармен оны бейнелейді.

1

Тақырып7. Коррекциялық топ түрлері. Тренингтік топтар. Тренингтік топтардың құрылуы К.Левин есімімен тығыз байланысты. Тренингтік топта жұмыс істеу психологиялық қауіпсіздікті білдіреді. Тұлғааралық қарым-қатынас, тұлғааралық өсу сұрақтарын шешуге тренингтік топ міндеттері жақын болған сайын, әдіс-тәсілдер әсерлі болған сайын, тренингтік топтар кездесу топтарына жақындай түседі. Тренингтік топтың түпкі мақсаты - жаттығулар барысында жинақталған білім мен іскерлікті өмірде пайдалануға үйрету.

Гештальт топтар. Гештальт топтардың ерекшелігі - жетекші бүкіл топпен емес, топтың бір мүшесімен жұмыс істейді, яғни уақытша «ыстық орынға» отырып, ең басты тұлға болуға ерікті келісім берген қатысушы болады. Гештальт топтардың негізгі жұмыс формалары: Клиент-орталықтанған терапия; Тренер-орталықтанған терапия; «шеберхана»

Іскерлік топтар. Іскерлік топтар құрамына қарым-қатынаста және басқа адамдармен қатынаста қиындығы бар адамдардың тобы кіреді. Бұндай топ мүшелері өмірге бейімделуге көмектесетін қажетті іскерлік пен дағдыларды қалыптастырғылары келетін қатынастар ретін қарастырады. Іскерлік топтарда жұмыс жеткіншектік және ерте жасөспірімдік жастағы балаларға пайдалы. Коммуникативті іскерлікті қалыптастыру балаларды тәуелсіз, қарым-қатынаста ерікті етеді.


1

Модуль 2. Психологиялық кеңес беруге кіріспе




Тақырып 8. Психологиялық кеңес, ұйымдастыру, даярлық және өткізу. Психологиялық кеңес беру практикасындағы мүмкін бағыттарға сипаттама беріп кетеміз, олар қазіргі кезде психологияда қалыптасып болған негізгі бағыттар:

Психодинамикалық бағыт – психоанализ (З.Фрейд), жекелік психология (А.Адлер), аналитикалық психология (К.Юнг), транзакттық анализ (Э. Берн), және т.б. Бихевиористік бағыт - әлеуметтік хабардарлық тренингі; өзін оқыту; когнетивті терапия; рациональды-эмоциональды терапия және т.б.

Гуманистік бағыт – гештальт терапия (Р.Перлс), топтық терапия (К.Рождерс), логотерапия (В.Франкл), психодрама (Морена). Психодинамикалық теория оның негізін салушы З. Фрейд. Бүгін З. Фрейд жасаған психодинамикалық теорияның көптеген модификациялары бар А.Адлер, Э.Эриксон, Ф.Фромм, К.Хорни, К.Юнг, В.Рейх еңбектерінде көрсетілген. Ең танымалы Э.Берннің транзактың анализі, Р.Перлстің гештальттерапиясы, А.Лоувеннің биоэнергетикасы. З.Фрейд теориясының негізгі нүктесі – санасыздың концепциясы. Санасыздық ұғымы адам өмірінің күнделігі және бірқалыпсыздығын сипаттауға мүмкіндік береді.

1

Тақырып 9. Психологиялық кеңес беру түрлері. Психологиялық кеңес беру түрлері: Жекелей кеңес беру. Топтық кеңес беру. Отбасылық кеңес беру.

Өз еріктілік коррекциялық топқа жұмыс істеуді клиент өз еркімен қабылдауы керек. Өзін өзгертуге жеке бастық қызығушылықтары болуы керек. Адам өзінің қалауынсыз белгілі бір топта жұмыс істеуге мәжбүрлеуге болмайды. Ақпараттық принцип - клиент алдын-ала топта болатын және оның өзімен байланыстарын жағдайларды білуіне құқығы бар. Сондықтан жұмыс басталмас бұрын топ туралы, оның мақсаттары мен нәтижесі қандай болатындығы туралы оқылады. Жастық және жыныстық құрамы. Топтық психокоррекция түрлі жастарға мектепке дейінг жүргізіледі .Топтағы қатыстардың жас шамалары ұқсас психологиялық жақын болуы керек. Зерттеушілердің пікірінше топқа 4-5 жасқа дейін қатысуы керек нәтижеге жете алмайды. Топ құруда « құрамы қандай болуы керек гетерогенді және гомогенді» деген сұрақтар туындайды. 3 негізгі критерий ескеріледі.



1

Тақырып 10. Психологиялық кеңес беру техникасы. Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады. Отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын қабылдамайды. Екіншіден жағдайды талдауға және отбасын ролдік өзара әрекет тұрғысынан қарауды негіз етеді. Үшіншіден кеңес беру субьектінің жекелік ресурсын табуға көмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сөз етеді. Отбасылық кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы, рационалды-эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің орны болып табылады.

1

Модуль 3. Мектеп жасына дейінгі балалармен түзету жұмыстары.




Тақырып 11. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясы. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясы. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл -ойы дамуының коррекциясы. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы дамуын коррекциялау жолдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық процестерінің коррекциясы. Сөйлеуін дамыту.

Коррекцияның сенсорлық ортасы баланың тұлғалық-психикалық және жастық дамуына негізделген, яғни бала сенсорлық эталондар мен сенсорлық эталон жүйесімен таныс болмауы мүмкін; оның перцептивтік қабілеттері төмен дәрежеде болуы мүмкін; ол өзінде бар сенсорлық эталондарды танымға қолдана алмауы мүмкін; оның қалыптасқан сенсорлық эталондары мен перцептивті қабілеттері анағұрлым кіші жас балаларына сәйкес болуы мүмкін. Коррекцияның міндеті - заттар мен құбылыстарды зерттеу барысындағы игерілген сенсорлық эталондардың негізінде пайда болып жаңа мінез бен қасиеттерді баланың перцептивті қабілетінің дамувна көмек көрсету.

Мысалы, танымдық құрал ретінде заттардың жекелей қасиеттері, басқа заттағы сйкес әрекет орындауға жұмсалуы мүмкін. Осылайша жаңа заттың пішінін қабылдай отырып, бала оны алманың пішінімен салыстыруы мүмкін, осылайша заттардың сәйкес қасиеттері өзіндік эталон ретінде жұмсалады.

Баламен меңгерілген сенсорлық эталон жүйесі - ол жаңа объекттерді тануға жұмсалатын перцептивті қабілеттің негізгі құралы.



1

Тақырып 12. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық даму коррекциясы. Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сипаттамасы. Психологиялық зандылықтары және оларды коррекциялау. Жас және жеке психологиялық ерекшеліктерге байланысты қиындықтар.

Агрессивтілік - қастандылық, өшпенділік. Адамның басқа адамдарға, жануарларға және қорқыныш өмірге қатынасында өшпенділік жағдайында көрінетін мінездің ерекшеліктері.

Агрессия кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынастардан, қорқытып-үркітуден пайда болады. Бүгінгі кезде кино, бейнетаспалардағы қатігездік, күш көрсету көріністері көреремендердің агрессивтілік деңгейін арттыруға себеп болатындығы қазіргі кезде дәлелденген.

Егер қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өзі ыза-ашуын ата-ана алдында көрсетпей, ішінде сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл болмайды.

Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аударуы үшін агрессивті қылық көрсетеді.


1

Тақырып 13. Отбасымен психокоррекциялық жұмыс негіздері және кеңес беру. Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады.Отбаасылық кеңес беру, отбасы терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын қабылдамайды. Екіншіден жағдайды талдауға және отбасын ролдік өзара әрекет тұрғысынан қарауды негіз етеді. Үшіншіден кеңес беру субьектінің жекелік ресурсын табуға көмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сөз етеді. Отбасылық кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы, рационалды-эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің орны болып табылады.

Көптеген пікірлер бойынша отбасында жүргізілетін түзеу және психотерапия процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен басталады. Шын мәнінде ол маманның ќандай да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни отбасы мүшесі мектеп психологы, дәрігер, достары немесе қандай да бір таныстарының сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді. Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен, қандай түрдегі көмек алғысы келетіні туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан. Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік алатын адам болып табылады.

Отбасының қай мүшесін бірінші сессияға шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие. Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің берген мәліметтері негізінде анықтайды. Бірінші әңгімелесу барысында, психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып, қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын анықтауға кіріседі.

Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет:

1. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе олармен бірге тұратын басқада адамдардың жасы, жынысы).

2. Осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес алу) жұмыс түрлері жүргізілді ме, жүргізілсе қандай түрде және қашан?

3. Осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының ќай мүшесінің мазасыздануы жоғары, және қайыссында оның байқалуы басым?

4. Тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?

5. Бұл мәселе қай уақыттан басталды?

6. Отбасының қай мүшесі психотерапияға қатысуға дайын?




1

Тақырып 14. Мектепте оқуға психологиялық даярлықтағы ауытқуларды түзету және кеңес беру. Мектепте оқуға психологиялық даярлықтағы ауытқуларға түзету және кеңес беру. Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы. Мектепке оқуға даярлықты коррекциялаудын бағыттары. Коррекциялық сабақтарға қойылатын талаптар. Мектепке мотивациялық дайындықтың коррекциясы. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстары.

Балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығы.

А.Анастазии: Мектептік кемелділік – бұл мектептік бағдарламаны табысты меңгеру үшін қажетті ептіліктерді, білімдерді, қабілеттіліктерді, мотивацияны және т.б. игеру.

И.Шванцара: Мектептік кемелділік – бұл даму дәрежесіне жету, яғни баланың мектептегі оқытуға қатысуға қабілетті болуы.

Л.И.Божович: Мектепте оқуға дайындық, ойлау іс-әрекетінің дамуының, өзінің танымдық іс-әрекетін ырықты зерттеуге және оқушының әлеуметтік позициясына дайындықтың белгілі бір деңгейінен тұрады.

Мектепте оқуға дайындық – көп компонентті құрылым және де кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді.

Психологиялық дайындық құрылымында келесі компоненттерді бөледі:



  1. Тұлғалық;

  2. Интеллектуалдылық;

  3. Әлеуметтік.

Тұлғалық дайындық - балада жаңа әлеуметтік позицияның өзгеруіне дайындығын қамтиды- құқықтар мен жауапкершіліктері бар оқушы мүддесі. Осы тұлғалық дайындық баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, мұғалімдерге, өз өзіне деген қатынасынан көрінеді. Тұлғалық дайындыққа мотивациялық және эмоционалдық салалардың дамуының белгілі бір деңгейі жатады.

Интеллектуалды дайындық - балада ой-өрістің, нақты білімдер қорының болуын ұйғарады. Балада біртекті бөлшектенген қабылдау, аналитикалық ойлау, логикалық есте сақтау, ырықты сөйлеу болуы тиіс.

Әлеуметтік дайындық - балада басқа балалармен, оқушылармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті сапалардың болуын қамтиды. Берілген компонент балада қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің, балалар тобының мүддесі мен нормаларына бағыну ептілігінің дамуын ұйғарады.


1

Тәжірибелік (семинар) сабақтар




1 Тәжірибелік. Психологиялық коррекция психологтың іс - әрекеті саласы ретінде.

1.Психологиялық коррекция туралы жалпы түсінік.



2.Психокоррекцияның түрлері.

3.Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері, мақсаты мен міндеттері.

4.Психокоррекциялық іс-шараларды жүзеге асырушыға қойылатын талаптар.



1

2-Тәжірибелік. Жекелей психокоррекция.

1.Жекелей психокоррекция туралы түсінік.

2.Жекелей психокоррекциялық әсер етудің негізгі әдістері.

3.Жекелей психокоррекцияның психологиялық ерекшеліктері.

1

3-тәжірибелік. Топтық психокоррекция.

1.Топтық психокоррекция туралы жалпы түсінік.

2.Психокоррекцияның топтық формаларының ерекшеліктері.

3.Топтарды құру ерекшеліктері. Топтық динамика.

4.Психокоррекциялық топтарға жетекшілік жасау.

1

4-тәжірибелік. Психокоррекциялық бағдарлама құру.

1.Психокоррекциялық бағдарлама құруға қойлатын талаптар.

2.Бағдарлама құруда ескеретін принциптер.

3.Психокоррекциялық бағдарлама түрлері.


2

5-Тәжірибелік. Практикалық коррекция әдістері

1.Ойын терапиясы.Әдістің жалпы сипаттамасы.



2.Ойынның коррекциялық әсерінің негізгі психологиялық механизмдері.

3.Ойын терапиясының негізгі түрлері мен формалары. Психологқа қойылатын талаптар.

4.Арттерапия. Әдістің жалпы сипаттамасы. Арттерапияның мақсаты.



5.Арттерапиядағы негізгі бағыттар.

6.Музыкотерапия. Библиотерапия. Би терапиясы.


1

6 Тәжірибелік. Психогимнастика.

1.Психогимнастикалық сабақ және оның бөлімдері.

2.Мінез -құлықты коррекциялау әдістері.




1

7 Тәжірибелік. Коррекциялық топ түрлері. 1.Топтық коррекция. 2.Топтарды құру ерекшеліктері.Топтық динамика. 3..Психокоррекциялық топтарға жетекшілік. 4.Тренингтік топтар және әлеуметтік - психологиялық тренингтер. 5..Кездесу тобы. 6.Гештальттоптар. Іскерлік тобы. Бағдарлау тобы.

1

8- Тәжірибелік. Психологиялық кеңес, ұйымдастыру, даярлық және өткізу.

1.Психологиялық кеңес беру негіздері.

2.Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.

3.Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру.

4.ІІсихологиялық кеңес беру жұмысының тәртібі.

5. Психологиялық кеңес беруге даярлану.



6.Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.

1

9-Тәжірибелік. Психологиялық кеңес беру түрлері.

1.Психологиялық кеңес беру түрлері.

2.Сұхбат-психологиялық кеңес берудің негізгі әдісі ретінде.

3.Жекелей кеңес беру.

4.Топтық кеңес беру.

5.Отбасылық кеңес беру


1

10-Тәжірибелік. Психологиялық кеңес беру техникасы.

1.Психологиялық кеңес беру техникасы туралы түсінік.

2.Кеңес берушінің клиентпен қарым- қатынасы.

3.Кеңес беру үрдісіндегі қателіктер.


2

11-Тәжірибелік. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясы.

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы дамуының коррекциясы.

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы дамуын коррекциялау жолдары.

3.Сөйлеуін дамыту.

1

12-тәжірибелік. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық даму коррекциясы.

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сипаттамасы.

2.Психологиялық зандылықтары және оларды коррекциялау.

3.Жас және жеке психологиялық ерекшеліктерге байланысты қиындықтар.


1

13-тәжірибелік. Отбасымен психокоррекциялық жұмыс негіздері және кеңес беру.

1.Отбасы қатынастарының психокоррекциясы.

2.Отбасына психологиялық көмек беру жұмыстары.

3.Коррекциялық ата-аналар тобын құру.



4.Кеңес беру жұмысы.

1

14-тәжірибелік. Мектепте оқуға психологиялық даярлықтағы ауытқуларға түзету және кеңес беру.

1.Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы.

2.Мектепке оқуға даярлықты коррекциялаудың бағыттары.

3.Коррекциялық сабақтарға қойылатын талаптар.

4.Мектепке мотивациялық дайындықтың коррекциясы.

5.Коррекциялық-дамытушылық жұмыстары.


1


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Отбасылық тәрбиедегі түзету жұмыстары.

5.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық мінездеме.

5.3 Ойын түзету әдісі ретінде.

5.4 Психологиялық кеңес беру пәнінің негізгі ұғымдары.

5.5 Психологиялық коррекция пәнінің негізгі ұғымдары.

5.6 Тұлға дамуының коррекциясы.

5.7 Сенсорлық процестер коррекциясы.

5.8 Балалар қиялының дамуын түзету жұмысының негізгі бағыттары

5.9 Ақыл-ой дамуын түзету жұмыстарының негізгі бағыттары.

5.10 Бала бақша топтарындағы тұлға аралық өзара әрекеттесуді түзету.




6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3-Кесте


Тақырыптар

Көрнекі құралдар, плакаттар, лабораториялық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау

Түрі


Дәріс сабақ


Тәжірибелік сабақ


1

2

5

6




Психологиялық коррекцияны ұйымдастырудың әдістемелік негіздері


Психологиялық коррекция ұйымдастыру үшін психологиялық мәлімет алудың ерекшеліктері


Сызба: коррекция принциптері





Жазбаша, ауызша

Жекелей психокоррекция

Жекелей психокоррекция

Кесте: Коррекция түрлері


Коррекцияпринциптері

ауызша

Топтық психокоррекция

Топтық психокоррекция

Кесте: Коррекция түрлері


Топтық коррекцияның дамуы.


Жазба жұмыстар, әңгімелесу

Психокоррекциялық бағдарлама құру


Психокоррекциялық бағдарлама құру


Сызба: бағдарлама үлгісі


Бағдарлама құру принциптері

Жазбаша түрінде

Практикалық коррекция әдістері


Практикалық коррекция әдістері


Слайд

Коррекция әдістері

Жазбаша, әңгімелесу

Психогимнастика


Психогимнастика


Сурет:психогимнастика үлгілері


Психогимнастика

Әңгімелесу Талдау

Коррекциялық топ түрлері


Коррекциялық топ түрлері


Сызба: топ түрлері


Коррекция топ түрлері

Жазбаша, ауызша

Психологиялық кеңес, ұйымдастыру, даярлық және өткізу


Психологиялық кеңес, ұйымдастыру, даярлық және өткізу


Сызба

Психологиялық кеңес ұйымдас

тыру


Жазбаша, әңгімелесу

Психологиялық кеңес беру түрлері


Психологиялық кеңес беру түрлері


Кесте: кеңес түрлері


Кеңес түрлері

жазбаша, әңгімелесу

Психологиялық кеңес беру техникасы.

Психологиялық кеңес беру техникасы.

Сызба

Психология

лық кеңес беру техникасы




Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясы

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясы

Сабақ конспектісі


Мектеп жасына дейінгі балалардың коррекциясы

Жазбаша, әңгімелесу

Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық даму коррекциясы

Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық даму коррекциясы


Сабақ конспектісі


Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық даму коррекциясы


Әңгімелесу Талдау

Отбасымен психокоррекциялық жұмыс негіздері және кеңес беру.

Отбасымен психокоррекциялық жұмыс негіздері және кеңес беру.

Сабақ конспектісі


Отбасымен психокоррекция

лық жұмыс және кеңес беру.

Тірек схема, ауызша

Мектепте оқуға психологиялық даярлықтағы ауытқуларды түзету және кеңес беру

Мектепте оқуға психологиялық даярлықтағы ауытқуларды түзету және кеңес беру

Сабақ конспектісі


Мектепте оқуға психологиялық даярлық

Жазбаша, ауызша

7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ «Психологиялық коррекция және кеңес беру негіздері» ПӘНІНЕН

4-Кесте




Оқулық және оқу-әдістемелік құрал саны


Кітап саны

Студенттер саны

% Қамту пайызы

1

2

3

4

5

1.

Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005.

2

9

22

2.

Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995.

2

9

22

3.

Абрамова Г. С. Правтикум по психологическому консультированию. -Москва, 1995.

2

9

22

4.

Немов Р. С. Общая психологии. Кн. 1 М: Владос 1995ж.

15

9

100

5.

Карабанова О. А. Игра в коррекции психического развития ребенка. Москва, 1997.

3

9

33

6.

Групповая психотерапия /Под. ред. Б.Д. Карвасарского Москва, 1990.

1

9

10

7.

Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997.

5

9

55

8.

Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. - Санкт-Петербург, 1994.

5

9

55

9.

Рабочая книга школьного психолога. /Под. ред. Дубровиной И.В. — Москва, 1987.

10

9

100

10.

Немов Р.С. Психологическое консультирование. - Москва, 2003.

10

9

100

11.

Битянова.М.Р. «Организация психологической работы в школе». -Москва, 1997.

10

9

100

12.

Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. Москва, 1996.

5

9

55

13.

Возрастная психология // Под.ред. Л.Ф.Обуховой. М., 1996

5

9

55

14.

О.П.Солодилова. Возрастная психология. М., 2005

5

9

55

15.

В.С.Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.А., 1986

10

9

100





1

1.


8 ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер:

1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005.

2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995.

3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992.

4.Абрамова Г.С. Правтикум по психологическому консультированию. -Москва, 1995.

Қосымша әдебиеттер:

5.Карабанова О.А. Игра в коррекции психического развития ребенка. —Москва, 1997.

6.Групповая психотерапия /Под. ред. Б.Д. Карвасарского Москва, 1990.

7.Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. - Санкт-Петербург, 1994.

8.Рабочая книга школьного психолога. /Под. ред. Дубровиной И.В. — Москва, 1987.

9.Немов Р.С. Психологическое консультирование. - Москва, 2003.

10.Битянова М.Р. «Организация психологической работы в школе». -Москва, 1997.

11.Безруких М.М., Ефимова С.П. Знаете ли вы своего ученика?. — Москва 1991.

12.Овчарова Р.В. Справочная киига школьного психолога,- Москва 1996.

13.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. Москва, 1996.

14.Захаров А. И. Прелупреждение отклонений в поведении ребенка.-Санкт-Петербург, 1997.

15.СмирноваТ.П. Психологическая коррекция агрессивного поведения детей. - Ростов- на-Дону, 2005.

16.Дубровина И.В. Рабочая книга школьного психолога. - Москва, 1998.

17.БурменскаяГ.В. Возрастно-психологическое консультирвание.-Москва, 1990.

18.Абрамова Г.С.Введение в практическую психологию. Москва, 1994.

19.Жужикова Н.В. Учителю о практике психологической помощи. Москва, 1990.

20.Кон И. Психология ранней юности,- Москва, 1982.

21.Раттер М. Помощь трудным детям. - Москва, 1987. Москва, 1994.

22.Эмоциональное нарушения в детском возрасте и их коррекция/ Под ред. В.В.Лебединский. -Москва, 1990.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет