Мақсаты:
кіші жастағы оқушыларды оқытудағы жай есептердің рөлін; математиканың бастауыш курсында оқылатын жай есептердің топтауын білу
3.1 Жай есептер. Жай есептердің рөлі
3.2 Жай есептерді топтау
3.1 Жай есептер. Жай есептің рөлі Жай есеп - бір амалмен шығарылатын есеп.
Жай есептерді шешу барысында есеппен және оның құрамымен алғашқы таныстыру жүзеге асыру.
Жай есептерді шешу барысында оқушылар есеппен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін игереді.
Жай есептерді шешу барысында бастауыш математика курсының аса маңызды ұғымдарының бірі - арифметикалық амалдар, олардың қасиеттерімен өзара байланысы туралы ұғым қалыптасады.
Жай есептерді шешу - құрама есептерді шешу біліктерін игертудің дайындық басқышы, яғни құрама есептер бірнеше жай есептерді шығару барысында шешіледі.