VI –топ: Қозғалысқа берілген есептер (жылдамдық, уақыт, қашықтық)
6.1 Қашықтықты табу:
Жаяу адам 5 км/сағ жылдамдықпен жүреді. 3 сағатта ол неше километр
жол жүреді?
1 сағ - 5 км 5 ∙ 3 = 15 (км)
3 сағ - ? км Жауабы: 15 километр
6.2 Жылдамдықты табу:
Жаяу адам 3 сағатта 15 км жүреді. Ол қандай жылдамдықпен жүрген?
3 сағ - 15 км 15 : 3 = 5 (км/сағ)
1 сағ - ? км Жауабы: 5 км/сағ
6.3 Уақытты табу:
Жаяу адам 5 км/сағ жылдамдықпен 15 км жол жүреді. Ол қанша уақыт жүрген?
1 сағ - 5 км 15 : 5 = 3 (сағ)
? сағ – 15 км Жауабы: 3 сағат.
Негізгі ұғымдар:
Жай есеп, жай есептердің классификациясы
Негізгі сұрақтар:
Жай есеп дегеніміз не?
Кіші жастағы оқушыларды оқытудағы жай есептердің рөлі.
Математиканың бастауыш курсында оқылатын жай есептердің классификациясы.
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Т.В., Полевщикова А.М. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы.- Мектеп, 1978, 213-бет.
2. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтар бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: «Атамұра», 2005, 112-бет
3. Оспанов Т.Қ., Ш.Х. Құрманалина, С. Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі . - Астана: Фолиант, 2003, 255б.
Лекция№4
Достарыңызбен бөлісу: |