4.2.Өзара кері есеп
«Кері есептер» ұғымымен таныстыру үшін оқушыларға үш есепті салыстыруға тапсырма беріледі:
Есеп №1. “Қаныш 5 ертегі, ал Олжас 3 ертегі артық оқыды. Олжас неше ертегі оқыды?”
Қаныш – 5 ер. 5 + 3 = 8 (ер.)
Олжас– ?, 3-еуі артық Жауабы: 8 ертегі.
(санды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есеп)
Есеп №2. “Қаныш 5 ертегі, ал Олжас 8 ертегі оқыды. Олжас неше ертегі артық оқыды?”
Олжас – 8 ↓ ? (ер.) артық 8 - 5 = 3 (ер.)
Қаныш – 5 ер. Жауабы: 3 ертегі артық.
(айырмалық салыстыруға берілген есеп)
Есеп №3. “Олжас 8 ертегі, ал Қаныш одан 3 ертегі кем оқыды. Қаныш неше ертегі оқыды?”
Олжас – 8 ер. 8 – 3 = 5 (ер.)
Қаныш – ?, 3-еуі кем Жауабы: 5 ертегі.
(санды бірнеше бірлікке кемітуге арналған есеп).
Бұлар – өзара кері есептер:
Ұқсастығы: мазмұны (Қаныш пен Олжас, ертегі туралы); сандары: 5, 3, 8.
Достарыңызбен бөлісу: |