5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы үшін



бет35/44
Дата07.02.2022
өлшемі237,11 Kb.
#97155
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
Байланысты:
22b79329-b2d4-11e4-bd4b-f6d299da70eeказ умм

Айырмашылығы: шарты, сұрағы, шешуі мен жауабы.
Байқадық: есептер бір-біріне өзара кері, яғни өзара кері есептер.
Қорытынды: өзара кері есептер – мәтіні мен сандары ұқсас, өзара бір-біріне кері болатын үш есеп.
Осы ұғымды бекіту үшін оқушыларға тапсырмалар ұсынылады: өзара кері есептер болып табыла ма? Неліктен?


4.3 Өзара кері есептер жүйесі
I – топ: санды бірнеше бірлікке арттыру, айырмалық салыстыру, санды бірнеше бірлікке кемітуге берілген есептер.

    1. Қанат 7 жем салғыш, ал Болат одан 3-еуі кем жем салғыш жасады. Болат неше жем салғыш жасады?”

Қанат – 7ж. 7 – 3 = 4 (ж.)


Болат - ?, 3-еуі кем Жауабы: 4 жем салғыш.



    1. “Қанат 7 жем салғыш, ал Болат 4 жем салғыш жасады. Болат неше жем салғыш кем жасады?”

Қанат – 7 ж. 7 – 4 = 3 (ж.)


Болат - 4 ж. ↑ ? кем Жауабы: 3 жем салғыш кем.



    1. “Болат 4 жем салғыш, ал Қанат одан 3-еуі артық жем салғыш жасады. Қанат неше жем салғыш жасады?”

Болат – 4 ж. 4 +3 = 7 (ж.)


Қанат - ?, 3-еуі артық Жауабы: 7 жем салғыш.


ІІ топ: белгісіз бірінші қосылғышты табу, қосындыны табу, белгісіз екінші қосылғышты табу.
2.1 “Саяжайдан 30 кг құлпынай және 20 кг қарақат жиналды. Барлығы неше кг жидек жиналды?”

Құлпынай – 30 кг


Қарақат – 20 кг Шешуі: 30 + 20 = 50 (кг)
Барлығы - ? (кг) Жауабы: барлығы 50 кг жидек.

2.2 “Саяжайдан 30 кг құлпынай және бірнеше кг қарақат жиналды. Барлығы 50 кг жидек жиналды. Неше кг қарақат жиналды?”


Құлпынай – 30 кг


Қарақат – ? (кг) Шешуі: 50 - 30 = 20 (кг)
Барлығы - 50 кг Жауабы: 20 кг қарақат.

2.3 “Саяжайдан 20 кг қарақат және бірнеше кг құлпынай жиналды. Барлығы 50 кг жидек жиналды. Неше кг құлпынай жиналды ?”


Құлпынай – ? (кг)


Қарақат – 20 кг Шешуі: 50 – 20 = 30 (кг)
Барлығы - 50 кг Жауабы: 30 кг құлпынай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет