Айырмашылығы: шарты, сұрағы, шешуі мен жауабы.
Байқадық: бірінші есепте белгісіз болған дерек екіншіде белгілі, ал екіншіде белгісіз болған дерек біріншіде белгілі болды.
Қорытынды: кері есептер – мазмұны мен сандары ұқсас, бірақ біріншіде болған дерек екіншіде белгісіз, бірінші есепте белгісіз болған дерек екіншіде белгілі болатын екі есеп.
Осы ұғымды бекіту үшін мынадай тапсырмалар ұсынылады: есептер кері есептер ме? Неліктен? Оның үстіне қосындыны табуға және қалдықты табуға арналған есептер кері есептер болмайды, өйткені бұл есептерде қарама - қарсы мағыналы әрекеттерді білдіретін сөздер бар: келді - кетті, алды - берді, болғаны – қалғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |