5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы үшін


Бастауыш математика курсындағы кері және өзара кері есептер



бет32/44
Дата07.02.2022
өлшемі237,11 Kb.
#97155
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Байланысты:
22b79329-b2d4-11e4-bd4b-f6d299da70eeказ умм

Бастауыш математика курсындағы кері және өзара кері есептер


Мақсаты:
математиканың бастауыш курсында оқылатын өзара кері есептердің түрлерін білу;
кері және өзара кері есептер құрастыруды үйрену.


4.1 Кері есептер
4.2 Өзара кері есептер
4.3 Өзара кері есептер жүйесі


4.1 Кері есеп
Бірінші сыныпта салыстыру барысында оқушылар жай есептердің бірнеше түрлерімен танысады, олардың ұқсастығын және айырмашылығын анықтайды. Оның үстіне олар есептердің кейбір түрлері бір-бірімен байланысты екендігін анықтайды. Осыған орай, «кері және өзара кері есептер» ұғымдары пайда болады.
«Кері есептер» ұғымымен оқушылар бірінші сыныпта танысады.
Тапсырма. Салыстыр. Есептердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?
Есеп №1. “Ыдыста 6 қияр және одан 4-еуі артық қызанақ бар. Ыдыста неше қызанақ бар?”

Қияр – 6 6+4=10(қ.)


Қызанақ – ?, 4-еуі артық Жауабы: 10 қызанақ.

(санды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есеп).


Есеп №2. “Ыдыста 10 қызанақ және одан 4-еуі кем қияр бар. Ыдыста неше қияр бар?”

Қызанақ -10 10 - 4 = 6 (қ.)


Қияр – ?, 4-еуі кем Жауабы: 6 қияр.
(санды бірнеше бірлікке кемітуге арналған есеп).
Бұлар - кері есептер.
Ұқсастығы: мазмұны (ыдыс, қияр мен қызанақ туралы); сандары: 6, 4, 10.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет