Мақсаты: оқушының жарнама туралы өзіндік қатынасын және қазіргі шынайылықтағы оның рөлін қалыптастыру.
Әдісі: "Дискуссиялы ойын": студенттерге мәселеге байланысты екі командаға бөліну ұсынылады.
Әр топтың бір адам ортаға шығады. Олар жарнаманы қолдау және оған қарсы аргументтерді көрсете білуі керек. Кімнің аргументі бірінші аяқталса, сол жеңіледі. Команда мүшелері қажет жағдайда қз адамдарына қолдау көрсетуге болады.
Талқылауға арналған сұрақтар тізімі:
1. Адамның өмірлік құндылықтарына жарнама әсер ете ме? Қалай әсер етеді? Бұл ықпалдың әсері қандай? Бұл ықпалдың жағымсыз және позитивті сәттері қандай?
2. Жарнаманың ақпарат құралдарымен өзара байланысы қандай? Олардың қайсысы анықтаушы болып табылады? Бұл ықпалдың қайсысы жағымды және жағымсыз аспектілер болып табылады?
3. Қазіргі жарнама әдепті ме? Оның сапасы, саны, тақырыбы, формасы орнықты ма?
4. Жарнама біздің қзіміз және басқалар туралы ойларымызға қалай әсер етеді? Жағымды және жағымсыз жақтары
5. Үгіт-насихат жарнамасы
Әдебиеттер:
Ч. Сэндидж, В. Фрайцбургер. К. Ротцолл гл. "Изучение потребителей" фрагмент из книги "Психология и психоанализ рекламы": учебное посбие для факультетов психологии, социологии, экономики и журналистики / ред.-сост. Д.Я. Райгородский.-Самара: Издательский Дом БАХРАХ-М, 2001.
№2 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Жарнаманы құру технологиясы
Мақсаты: жарнамалық ақпаратты ойлап құрастыру іскерлігін қалыптастыру және зерттеу іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру.
Болашақ жарнмалық жұмысты құрастыру.
1. Жарнамалық объектінің және біртұтас аудиторияны анықтау (оны ары қарай үйрету мүмкіншіліктері үшін өте локальды, спецификалық сегмент, мысалы, гуманитарлық факультеттің бірінші курстары немемсе шет тілі кафкедрасының оқытушылары).
2.Психологиялық зерттеу бағдарламамсының бағыттары бойынша топтық өңдеу:
-әлеуметтік-демографиялық мінездемелер
-базалық құндылықтар
-тұтынушылық
-жарнамаланған объектіге деген қатынас
Жобалар қорғауға, ұжымдық талқылауға және істелген жұмыс бойынша рефлексивті бағалар.
№3 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Жарнамалық концепцпияның өңдеуі
Мақсаты: жарнамалық ақпарат концепциясын құру іскерлігін қалыптастыру.
Дәріс материалының негізінде және өосымша әдебиеттерді оқу барысында болашақ жарнамалық роликті ойластыру ұсынылады:
-жарнама объектісі бейнесін деңгей бойынша (аксиологиялық, динамикалық, статистикалық).
-біртұтас аудиторияны анықтау(оның әлеуметтік-демографиялық бейнесі, психологиялық мінездемесі,жарнама объектісіне ерекше қатынасы).
-жарнама мақсатын анықтау (оның нақты формасы)
-жарнама пәнін анықтау (тұтынушыға жеткізуге арналған нақты мазмұны).
Семинар сабағында концепция қорғауға ұсынылады, ұжымдық талқылауға және істелген жұмыс бойынша рефлексивті бағалауға.
№4 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Жарнамалық концепция разработкасы
Мақсаты: жарнамалық ақпарат концепциясын құру іскерлігін қалыптастыру, зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын бекіту.
Целевой аудиторияны зерттеу нәтижелерін ұсыну. Топ алдында талқылап, оны қорғау және бағалау.
№5 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Жарнамалық стратегия разработкасы және жарнамалық жоспар
Мақсаты: жарнамалық ақпарат концепциясын құру іскерлігін қалыптастыру, зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын бекіту.
Берілген семинарда жарнамалық стратегияны қорғау жүзеге асады. Студенттер жарнамалық концепция реализациялау тәсілдерін көрсететін жарнамалық стратегия разработкасын ұсыну керек.
1. Негізгі және қосалқы тапсырмаларды анықтау
2. Шешілетін тапсырмалардың бірізділігін анықтау
3. Әрбір тапсырманың шешілу тапсырмасының анықтамасы
4. жарнаманың көлемін және шығу интенсивтілігін анықтау
5. жарнамалық ақпаратты құру тәсілдерін анықтау
6. моноторинг критерилері мен тәсілдерін анықтау
Стратегияға жазбаша түрде барлық жұмыс түрлерінің орындалу жоспары ұсынылады.
№6 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Жарнаманы қабылдау психологиясы
Мақсаты: жарнамалық ақпараттарды қабылдаудың психологиялық облысы негізінде теориялық білімдерді практикалық өңдеу, аналитикалық қабілеттерін дамыту.
Студенттер мультимедиялық тақтадан көрсетіліп тұрған оларды қабылдаудағы шеберлігіне қатысты бірнеше жарнамалық бейнебаяндарға анализ жүргізу тапсырмаларын алады.
Практикалық сабақ №7.
Жарнамалық ақпараттардың конструкциялау мазмұны тақырыбы бойынша
Мақсаты: жарнамалық ақпараттардың конструкциялау області бойынша теориялық білімді практикалық өңдеу, аналитикалық қабілеттерін дамыту.
Студенттерге арналған тапсырмалар:
Пәнге арналған жарнамалық ақпарат мәтінінің ұқрылымының дұрыстығына анализ жүргіз. Әлсіз, басым жақтарын көрсетіңіз.
Байқалған уақиғалар негізінде мәтін жазыңыз:
Эмоциональді деңгейі: күлкілі (күлкі туғызатын), қорқынышты, қызықты, қызықты емес, аяныш сезімін тудырады.
Ақпараттық деңгейі: ақпараттық мінездеменің мәтіні, бағалаулар мен фактілердің ажыратылуы.
Қатынастың деңгейі: нақты дәлелденген нақтылық туғызатын ақпараттық мінездеменің мәтіні.
Жарнамалық ақпараттардың ережесін сақтай отырып берілген тауар бойынша қателердің саны аз болуымен жарнамалық мәтін жазыңыз.
Балаларға, жастарға, пенсионерлерге сол бір тауарды сатыңыз.
Практикалық сабақ №8
Жарнамалық бейнелерді құрудың әдістері мен ережесі тақырыбы бойынша
Мақсаты: жарнамалық бейнелерді психологиялық-сауатты құрылымдау області бойынша теориялық білімдерді практикалық өңдеу, аналитикалық қабілеттерін дамыту.
Бірнеше аналогикалық тауарлардың жарнамалық бейнелерін салыстыру және анализдеу тапсырмалары беріледі.
Берілген тапсырма бойынша жарнамалық бейнелерді кешенді бағалаудың келесідей параметрлеріне назар аударған жөн:
Жарнамадағы түстердің қолданылуы
Жарнамадағы графиканың қолданылуы
Жарнаманың дыбыстық қолданымы
Жарнамадағы мәтіндік-дыбыстық қолданулар
Осы элементтердің тұтас қолданылуы.
Практикалық сабақ №9.
Жарнамадағы манипуляция және сендіру технологиялары тақырыбы бойынша.
Мақсаты: жеке тұлғаның өміріне жарнамалық іс-әрекеттің әсері туралы студенттерде ой қалыптастыру.
Ф.Бегбедераның «99 франк» атты көркем кітабы негізінде топтық дискуссия өткізу.
Сұрақтар тізімі:
Кітаптың негізгі кейіпкерлері кімдер? Олар қандай? Олардың жеке деформациясы қалай көрініс береді?
Жарнамалық роликті құру процесі кітапта қалай суреттелген? Оны кім және қалай жасаған?
Қоғамдық постмодернизмді Бегбедер қандай метафорлар көмегімен сипаттаған және оған қандай мінездеме берген?
Бұл шындықтың болашақтағы дамуы қалай деп ойлайсың? Бұдан шығар қандай жол бар деп ойлайсың?
Практикалық сабақ №10-11.
Жарнамалық хабарламалардың көрсетілімінің кәсіптік каналдары тақырыбы бойынша.
Мақсаты: Жарнамалық хабарламалардың көрсетілімінің кәсіптік каналдары бойынша жинақталған теориялық білімді практикамен ұштастыру.
Әр түрлі канал коммуникациялары бойынша бір тауар бойынша жарнамалардың мәні жөнінде миға шабуыл әдісі бойынша топтық бағдарлама құрастыру, баспасөздік қорғаныс және топтық талдау.
Практикалық сабақ №12.
Нақты ғылыми жобалар бойынша студенттерге мысалдар тақырыбы бойынша.
Мақсаты: психологиялық және зерттеу аясы бойынша психологиялық жарнамалар бойынша білімдерін бекіту және жалпылау.
Тапсырма: жеке зерттеу жұмыстары бойынша және адекваттық пәні бойынша берілген жоба бойынша экспертиза жасау.
Практикалық сабақ №13.
Іскерлік ойын формасында өтеді.
Студенттер топтарға бөлінеді, өздерін жарнамалық агенттіктің ұжымы ретінде таныстырады. Әрбір агенттік пошталық жарнамалық өнімнің бір түрін қолданады. Студенттерге өз қарсыластарынан асып түсетіндей пошталық жарнамалық хабарландыру жазуы қажет, дәрістік сабақтарда оқыған теориялық білімдеріне сәйкес болуы қажет. Төменгі курс студенттері қорғауға шақырылады. Презентация мен жоба жасау жұмыстарынан кейін, «Қандай тауарға өз дауысыңды берер едің» деген сұрақ бойынша сауалнама өткізіледі. Тұтынушылардың дауысын көп жинаған команда жеңіске жетеді. Әрбір топ студенттерінің іс-әрекетіне кешенді және дифференциялық бағалау жүргізіледі.
Жарнамаға арналған объектілердің тізімі:
Coca-Cola
Pepsy-cola
Fanta
Gazer
Квас Никола
Практикалық сабақ №14.
Жарнамалық зерттеулердегі заказ берушімен жұмыс тәртібі тақырыбы бойынша.
Мақсаты: жарнамлық бизнесте заказ берушімен қарым-қатынас шеберлігін арттыруды дамыту.
Іскерлік ойын формасында өткізіледі. Топ өзара жарнама берушілер ұжымы, психологтар ұжымы және шығармашылық бөлім болып үш топқа бөлінеді. Мақсаты – өзара келісімшарт орнату.
Қортындылар бойынша топтық талдаулар жүргізіледі, әр топ бір-бірінің әлсіз және белсенді жақтарын көрсетеді.
Практикалық сабақ №15.
Бұл сабақта шақырылған арнайы эксперттер мен көрермендер алдында авторлық роликтерін қорғауға ұсынылады. Эксперттік, критерийлік бағалаулары айтылады, топтық талдау жүргізіледі.
4. Студенттердің өздік жұмысы.
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
№1 өздік жұмысына арналған тапсырмалар мен сұрақтар
"Қазіргі әлемдегі жарнаманың рөлі" тақырыбына келесі аспектілерді есепке ала отырып эссе жазу.
1. Жарнамалық іс-әрекетті оқытудағы психологияның рөлі қандай?
2. Жарнамалық іс-әрекетті оқытудағы қандай бағыттар перспективті болып келеді?
3. Жарнамалық іс-әрекетті оқытудағы қандай сұрақтар барынша дискуссиялы болып келеді?
4. Жарнама психологиясы ғылымының мақсаты және оның функциялары қандай?
№2 өздік жұмысына арналған тапсырмалар мен сұрақтар
Ұсынылған әдебиет негізінде сізге берілген сұрақтар бойынша ж жазбаша жауапта даярлау.
1. жарнамалық объекті үшін біртұтас аудитория қандай принцип бойынша таңдалады?
2.Оны оқу негізінде қандай сұрақтар жатады?
3. Біртұтас аудиторияны оқыту қандай тәсілмен жүргізіледі?
4. Оны оқыту қандай бағыттармен жүзеге асады?
5. Зерттеуші қандай негізгі қателіктермен кездеседі?
Әдебиеттер:
1. Сэндидиж Чарльз, Фрайбургер Вернон, Ротцолл Ким: Реклама. теория и практика. -М.; Прогресс,-1989г.
2. Бове Корланд, Аренс Вильям. Современная реклама. -Тольятти, Издательский дом "Довгань" 1995
3. Фоефанов О.А. США: Реклама и общество. -М.: Мысль,-197Ромат Е.В. Реклама. -Учебное пособие. Изд.2-е. Харьков-НВФ "Студцентр",1996
4. Крылов И.В. Теория и практика рекламы в России. М.,Изд-во "Центр",1996
№3 өздік жұмысына арналған тарсыпмалар мен сұрақтар
Жарнамалық роликке ұсынылған концепцияны талдауды міндетті түрде жүргізу керек.
1. Coca-cola
2. Pepsy-cola
3. Fanta
4. Gazer
5. Квас Никола
Талдауға арналған критерилер:
-объектілер (жарнама объектісі сапасы ретінде шығуы)
-жарнамалық мақсат (роликтің негізінде қандай мақсат жатыр және қандай тәсілдермен ол жетістікке жетеді)
-біртұтас аудитория (кімнің біртұтас аудиториясы барынша спецификалы болып табылады, целевой топтардың қызығушылықтары қаншалықты есепке алынған).
-сыртқы жағдайға бағытталыуы, кқңіл аударуы.
Ұсынылған әрбір жарнамалық роликтен жарнамалық концепция сапасы бойынша қорытынды жасау. Істелінген концепцияның өзінен жарнаманы анықтау.
№4 Өздік жұмысына арналған тапсырмалар мен сұрақтар
Әртүрлі целевой аудиторияларға аналогиялық тауарларды жылжытуға арналған жарнамалық стратегияны құру.
Жұмыс этаптары:
1. тауарды таңдау немесе қызметтер
2. Ұсынылған целевой аудиторияның бейнесі және анықтау (келесі параметрлерді есте сақтау керек: әлеуметтік-демографиялық мінездемелер, базалық тұтынушылық шарттар, құндылық және қабылдау стереотиптері).
3. нәтижелерді таблица формасында ұсыну.
№5 өздік жұмысына арналған тапсырмалар мен сұрақтар
Тапсырма: Кешенді жарнамалық компанияның тауарын өңдеу
Жоспар: А. Аналитикалық этап (концепция)
1. Мәселе, ЖК қажет етуші мәселе
2. Мақсаты, (күтілетін нәтижелер)
3. Тапсырмалар (нәтиженің жеткен жетістігі есебінен)
4. Целевая аудитория жарнамалық компанияның: (ЦА мүмкін нұсқалары: целевой сегмент, потенциальды сегмент).
5. ЦА қажеттіліктері, а) тура қажеттіліктер,сіздің тауарыңызды тура сынан қанағаттандыра алады. б) қосымша қажеттіліктер, сіздің тауарыңызға көз салуы мүмкін қанағаттанушылық.
6. Жарнаманың оптимальды түрі, ЦА қажеттілігінен және тапсырмадан туындайтын.
7. Жарнаманы оптимальды тасушылар. ЦА қандай тасымалдаушыларды қолданады, сіздің мүмкіншіліктеріңіз (ТВ, радио, пресса, сыртқы жарнама).
8. Жарнаманың оптимальды тақырыптары. ЦА ішкі конфликтілерінен және қажеттіліктен туындайтын.
9. Жарнаманың омтимальды орналасуы
А) Электронды ақпарат құралдарында жарнаманы қай уақытта шығару
Б) неше секунд
В) прессада жарнаманың орналасуы
Г) сыртқы жарнаманың орналасуы
1. Жарнаманың оптимальды кезеңдері
2. Жарнамалық компаниялардың оптимальды ұзақтығы
3. Қаржылық шығынның алғашқысын анықтау, қаржылық мүмкіншіліктерімен келісу.
Б. ЖК жоспарлау
Жарнамалық компанияны жоспарлау
Блок 1 Сценарии разработкасы
Күні
|
Әрекет
|
Жауапты
|
Орындаушылар
|
Құны
|
|
Мысалы, жарнаманың дизайнын өңдеу, сценарий жазу, тапсырыс беру.
|
|
|
|
Блок 2 Жарнамалық компанияны жүргізу жоспары
Күні
|
Тасымалдаушы
|
Уақыты/орны
|
Жауапты
|
Орындаушылар
|
құны
|
|
|
|
|
|
|
Мысалы, осы екі блокты күні бойынша топтап, біріктіруге болады.
В. ЖК жүзеге асуы-Б пунктіндегі жоспардың жүеге асуы
Г. ЖК тиімділік бағасы.ЖК бағалау критериін өңдеу.
№6 Өздік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Позицирование тауарды, қызметтер, фирмалар
Мақсаты – позиционировать тауар, қызметтер, фирмалар немесе оларды құттықтауы.
Жағдаят: Сіздер –
Тапсырма: Белгілі бір әдіс бойынша товар/қызметтерді позиционировать (дифференциация, позиционирования картасы, позиционирования кестесі)
Нұсқалар: (кез келген біреуін таңдау)
Қарсы фирмалардың товарынан өз товарың
Товарлардың ішіндегі өзіңнің фирмаңда өндірілген бір товарың, әр түрлі дақтарға бейімделген (мысалы, «Миф», «Ариэль», «Тайд» ұнтақтары, «Procter & Gamble» өндірген).
Фирма
Орындалу жоспары
Қысқаша өзіңнің тауарыңды/қызметтер/фирмаларыңды сипаттау
Позиционированияның барлық негізгі критерийлерін санау (бақталастық артықшылықтары) («дифференциацияға» - жеке түрлер бойынша, ал қалғандарына – жалпы тізім бойынша)
Позиционированияның оптимальді критерийлерін анықтау (фирманың мүмкіндіктері мен миссиясына байланысты) – «позиционированияның карталарына» екеу, «дифференциацияға» бесеуге дейін, «позиционированияның кестесіне» жиырмаға дейін.
Позиционированияның карта-кестесін құрастыру. Критериилерді 1-ден 3-ке дейін қысқарту.
Позицияны анықтау
Позициялардың құралымының комплексті шараларын анықтау (10-12 шараны атау).
Өздік жұмыс №7
Бренд және брэндинг
Мақсаты – брендті талдау және брэндингті бақылау.
Тапсырма – кез келген брэндті таңдаңыз (ыңғайлы болу үшін, ең жақсысы – қарапайым немесе отбасылық) сызба бойынша:
І. Брэндтің түрі: қарапайым, мультибрэнд (отбасылық, зонттық)
ІІ. Базардағы позициясы (анық лидер – лидерленуші (бірнеше фавориттер арасында) – орташа деңгейі – орташадан төмен – аутсайдер)
ІІІ. Брэндтің элементтері
Брендтің аттары:
Қандай құрылымының әдістерінің аттары қолданылған, қайсысы қолданылмаған, көрсетіңіз.
Тұтынушылардың брэндтің атын психологиялық қабылдауын бағалаңыз (сіздің көзқарасыңыз бойынша):
5 ұпай – эмоциональді тартымды;
4 ұпай – басында тұтынушыға жат болған атау, кейін жақсы таратылды;
3 ұпай – атауға деген эмоциональдық селқостық, атауға деген көзқарас бірқалыпты;
2 ұпай – атауы тауармен, фирмамен ассоциацияланбаған;
1 ұпай – атауға деген немқұрайлылық (маркетингтенбеген).
Тауар – тауарды немесе тауардың түрін санау.
2 Логотип – логотиптің психологиялық қабылдауын атау, бағалау («брэндтің атауын психологиялық қабылдау» сызбасы бойынша).
Символ – символды қабылдаудың психологиялық жақтарын атау, бағалау.
Ораушы – формасы (дәстүрлік - түпнұсқа), түстің шешімі (қаптаманың түсін қабылдаудың қысқаша психологиялық интерпретациясы), анимация, жазулардың орналасуы.
Слоган-атау.
Бренд тауарының бағасы: жоғары аналог- аналогтармен ұқсастығы-аналогтан төмен.
Брендтің аңызы- тарихы белгілі ме.
IV. Брендтің психологиялық қалыптасуы
Брендтің жиынтық ресурстары (5-7-ін атау).
Брендтің позициясы (позиция- мифтың қарабайыр сойлемшесі және сөздің бір имиджі)
Брэндтің аңызы
Бренд ассоцияциясының негізгісін негіздеңдер (тауарды суреттеуші және ішкі келісілген)
Бренд ассоцияциясының қолайлысын негіздеңдер (ықыласты суреттеуші және шынайы артықшылық )
Бірегей ассоцияция ( өндірістік компанияның бірегейлігі, өндірістік елдің, каналдық және нүктелік таратушылықтар, басқа маркалардың, қызметі,уақиғалар)
Брендтің имиджі
Брендтің негізгі имиджі (брендтің негізгі ассоцияциясы)
Қолданушының имиджі (ассоцияциялар, брендті қолданушымен байланысты)
Имидж (кескін ) қолданудың (ассоцияциялар, брендті қолданушы жағдайымен байланысты).
V. Брэндинг
Брендтің қалыптасуы- бренд элементтерін жоспарлау- тексеру қажет емес.
Тарату – брендтің алға жылжуының бағдарламасын жоспарлау.Тұтынушылар көрсеткіші бойынша негізгі идеяларды моделдеңіз (1 әрбір түріне) Брендтің алға жылжуының бағдарламалары (маркетинг- микс)
Маркетинг жоспары- брендтің дамуы қайда апарады
Сауда маркетингі (ассортимент сапасы, тауарлар саны )
Баға маркетингі
Өткізу маркетингі
Бақталастық маркетингі
Зерттеу маркетингі
Коммуникациялық маркетингі (жарнамалар, жәрменкелер мен көрмелер, демеушілік)
Брендті қолдау- брендті қолдау бағдарламасы (маркетинг-микс)
Өздік жұмыс №8.
Тауардың немесе қызметтердің визуальді бейнесін құрастыру (түсті элементтерді сипаттау, алқаның таратылушылығы, формасы, сызықтардың бағыты мен түсі).
Жарнамаға мәтіндік-дыбыстық компонент құрастыру (барлық формальді және мазмұндық талаптарға сай жарнамалық хабарламалар мәтінін құрастыру, дауыстық компоненттердің мінездемесін, функциональдық рөлін анықтау).
Біртұтас жарнамалық бейнені рәсімдеу. (аудио-визуальдық, мәтіндік элементтерді бір жүйеге келтіру, олардың байланысын түсіндіру)
Жарнамалық объектілер: кітапхана, кез келген кафедра, мамандық, тәртіп.
Өздік жұмыс №9.
«Жеке тұлғаның өміріне жарнамалардың тигізер әсері» тақырыбына эссе жазу.
Жұмыста келесідей аспектілер қаралуы тиіс:
Жеке тұлғаның өміріне жарнаманың әсері.
Шығармашыл тұлғалардың өміріне жарнаманың тигізетін әсері.
Тұтынушылардың өміріне жарнамалардың әсері қандай?
Кешенді қортынды жасау.
Өздік жұмыс №10.
Газеттегі жарнама мазмұнының анализі.
Газетті таңдаңыз, 3 ай ішіндегі жарнама мазмұнын анализдеңіз.
Бір ғана жарнаманы пайдаланыңыз.
Классификаторды жоспарлаңыз.
Санаңыз:
Жарнамалар санын
Газет ауданының көлемі;
Берілген газет номеріндегі жарнама мазмұнын анализдеңіз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Аудан көлемі бойынша мөлшері бойынша жарнама хабарландырудың әр-түрлі топтарының ұқсастықтары неде?
Көлемі мен саны бойынша қандай хабарландырулар топтары қарастырылады?
Жарнаманың көп бөлшегі кімдерге бағытталған?
Өздік жұмыс №11.
Келесі төмендегідей психотехникалық әдістерді қолдана отырып, жарнамалық радио-роликтің сценарийін құрастырыңыз.
Гипноз
Сендіру
Еліктеу
Асқыну, жұқтыру
«Бүркіт» механизмі
«25 кадр» технологиясы.
Өздік жұмыс №12.
Жарнамадағы манипуляция және сендіру технологиясы тақырыбы бойынша.
Мақсаты: жеке тұлғаның психологиясына тұтынуды орнату қызметінің әсері туралы бейне қалыптастыру.
Жеке тұлғаның психологиясына тұтынуды орнату қызметінің әсері туралы бейне қалыптастыруда Э.Фроммның «Болу немесе өзіңде болу» философиялық эссесін қарастыру. Жеке шығармашылық тұрғыда әр студент эссе жазу.
Қарастырылатын сұрақтар:
Фромм өзінің философиялық эссесінде қандай екі әдісті көрсетеді?
Меңгеру модусы қандай? Оның негізгі қызметі? Оның табиғилығы қандай?
Тұрмысиық модусы қандай? Оның негізгі қызметі?
Әсерлесу әдісінің қатынастағы рөлі мен өмірлік принциптердің активтілігі мен пассивтілігі.
Фромм тұжырымдамасындағы негізгі антогонитикалық категориялары.
Өздік жұмыс №13.
Жарнаманың психологиялық эффектісі.
Талдауға арналған сұрақтар:
Жарнамалардың психологиялық зерттеулердегі мазмұны және формальді-динамикалық мінездемесі.
Жарнаманы психологиялық экспертизалау мәселесі.
Жарнаманың эффективтілік бағасы.
Жарнамадаға диалогтық қызмет.
Өздік жұмыс №14.
Кез келген бір интернет сайттары бойынша жарнамаға анализ жүргізу.
Газеттегі жарнама мазмұнына анализ.
Сайттағы кез келгенін таңдаңыз.
Онда жарияланған жарнамалар бойынша сапалы-сандық анализ жасаңыз.
Бір ғана жарнамалық хабарландыруды қолданғаныңыз дұрыс.
Классификаторды жоспарлаңыз.
Есептеңіз:
Хабарландырулар санын
Сайттың аудан көлемін, категория бойынша алғанда.
Берілген сайттағы жарнама мазмұнын анализдеңіз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Аудан көлемі бойынша әр-түрлі жарнамалық топтар өзара қалай сәйкестендіріледі?
Сапасы мен саны бойынша қандай хабарландыру топтары маңызды?
Жарнама көп мөлшерде кімге бағытталған?
Қандай психотехникалық әдістер қолданылған?
Өздік жұмыс №15.
Маркетингтегі жарнама психологиясы тақырыбы бойынша.
Келесі төмендегі тақырыптарға баяндама әзірлеу:
Жарнамалық коммуникациялар – маркетингтегі психологиялық зерттеулердің объектісі ретінде.
Маркетинг – өндірістегі негізгі тұжырымдамалардың бірі және қазіргі нарықтық қызметтегі тауарларды өткізу мен қызмет түрінің іске асырылуы.
Жарнамалық қызметтердегі зерттеулерді ұйымдастырудың екі стратегиялары мен жоспарлары.
Жарнамадағы және маркетингтегі психографикалық анализ.
Маркетингтегі жарнамалық коммуникация типтері.
Жарнама психологиясы және маркетингтік коммуникациялар кешені.
Өздік жұмыс №16. Жарнаманың психологиялық эффектісі.
Талдауға арналған сұрақтар:
Жарнамаларды психологиялық зерттеу кезіндегі мазмұнды және формальді-динамикалық сипаттамасы.
Жарнамадағы психологиялық экспертиза мәселесі.
Жарнамадағы эффектіні бағалау.
Диалог түріндегі жарнамалық қызмет.
Реферат тақырыптары:
Жарнамалық өнім өндірудегі креативтілік технологиялардың рөлі.
Балаларға арналған жарнамалардағы манипуляция әдістерін зерттеу.
Имиджді жарнамадағы жарнамалық бейнені өндірудегі архетиптердің қолданылуы.
ТАА әдісі бойынша жарнамалық өнімді зерттеу.
Саяси жарнамадағы архетиптік феноменге анализ жасау.
Жарнамалық мәтін құрастырудағы стереотиптерді зерттеу.
Жарнамалық қызметте проективті әдістерді қолдану.
Жарнамада метафораны қолдану.
Жарнамалық бейнелерді құрастыру кезінде психологиялық түстерді қолдану
Реферат жазуға қойылатын талап:
Беттің көлемі: 15-20 бет аралығында.
6-8 әдебиеттер қаралуы тиіс. Әдебиеттерге сәйкес сілтемелер көрсетілуі тиіс. Соңында толық қолданылған әдебиеттер тізімі болуы қажет.
Мәтінге қойылатын талаптар: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 25 мм, төменгі жағы – 20 мм. Шрифт мөлшері – 14 кегль, жартылай интервалда.
Құрылымы. Жұмыс бес бөлімнен тұрады: 1) кіріспе – мәселелерді қою және жұмыстың мақсаты; 2) негізгі – тақырыптың негізгі мазмұнын ашу; 3) қорытынды – қортынды ойлар мен пікірлерді көрсету қажет. 4) қолданылған әдебиеттер тізімі; 5) глоссарий.
Тест
Жарнамалық қызметтің дамуының қай кезеңінде басылымды жарнама пайда болды:
А) 1-кезең. Антикалық – жарнамалық қызметтің пайда болуы.
Б) 2-кезең – Батыс-Европалық ортағасыр (ХІІ-ХV)
В) 3-кезең – Бастапқы Батыс-Европалық журналистика (ХVІ-ХVІІғ.ғ.)
Г) 4-кезең ІХ-ХХғ.ғ. Жаңа ғасыр
Жарнама берушінің бір немесе бірнеше жарнама агенстволарының назарын аудару мақсатында жасалған жарнамалық іс-шаралардың жүйесі, әр түрлі жарнама түрлері мен құралдары арқылы таралуы аталады_____________________________________________
Жарнама түрі мен мақсатын сәйкестендіріңіз
Жарнама түрі
|
Мақсаты
|
Сауда маркасының жарнамасы___________________
Әр түрлі тауар жарнамасы_______
Саяси жарнама____________
Мекен-жай-анықтамалық жарнама
Дұрыс емес жауапты жарнама______
Бизнес жарнама_______________
Мекемелік жарнама___________
Қоғамдық, әлеуметтік жарнама_____
Салалы және профессиональды жарнама___________
Корпоративті және имиджді жарнама______
|
А) Мақсаты-саяси ойлардың дамуы, саяси образын жасау
Б) Мақсаты-танымдылық образын жасау
В) Мақсаты-барлығына ортақ құндылықтарды жариялау
Г) Мақсаты-жіберушімен кері байланыс орнату
Д) Мақсаты-бағасы, сатылу орны мен тауардың ерекшеліктері туралы ақпарат беру
Е) Мақсаты-көрсетілген ұйымдарға назар аударту
Ж) Мақсаты-бизнес серіктестері мен өндіріс иелеріне арнай ақпарат беру
З) Мақсаты-нақты тұлғаларға ақпаратты жеткізу
|
Достарыңызбен бөлісу: |