Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Музыка мұғалімі қандай орындаушылық іс-әрекеттермен айналысады?
2. Әнді үйретудің қандай әдіс-тәсілдері бар?
3. Музыкамен қимылдау, балалар аспаптарында ойнауда қандай іс-әрекеттер жүзеге асады?
4. Музыка сабағында мұғалімнің көркемдік коммуникативті іс-әрекеті.
5. Музыка мұғалімінің оқушылармен эмоционалды рухани байланысына жетудегі қатынас тәсілдері.
6. Музыка сабақтарында, сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық тәрбиені жүзеге асыруда педагогтың көркемдік- ұйымдастырушылық іс-әрекеті.
№10 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Шетел зерттеулеріндегі музыканы оқытудың әдістемелері
Мақсаты: Әр елдердің музыка бағдарламаларына шолу жасай отыра, музыка пәні туралы мағлұмат алу.
1. Н.Л.Грозденскаяның жақын өнерлердің өзара әрекет әдістемесі арқылы музык сабағының тұтастығына жету.
2. Б.М.Целковникованың музыка материалын творчестволық тұрғыда іріктеу әдісі.
3. Ю.Б.Алиевтың техникалық құралдарын пайдалана отырып, әншілік даму әдісі.
4. Жалпы білім беретін мектепте музыкадан Д.Б.Кабалевскийдің бағдарламасы (1-8 сынып)
Музыка өнері, музыкалық тәлім-тәрбие жөніндегі мағлұматтарды Африка, Латын Америкасы, Шығыс елдерінің тарихи ескерткіштерінен де байқауға болады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында музыкалық педагогика дербес ғылым саласы ретінде дамыды. Оған бірнеше факторлар себепкер болды. Біріншіден бұл қоғамның әлеуметтік жаңаруы және адамгершілік, халықтық, ізгілік, демократизм идеяларының белең алуына, екіншіден ағартушылық, идеяларының өркендеуіне байланысты еді. Зерттеушілер музыкалық педагогмиканың ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезең (ХІХ ғасырдың екінші жартысы) музыкалық педагогиканың негізін салушы ғалым -ұстаздардың (А.Н.Красев, С.И.Миропольский, Д.Н. Зарин, А.Л.Маслов, Н.Е.Брюсев, Б.Л.Яворский, С.Т.Шацкий, В.Н.Шацкая және т.б.) педагогикалық іс-әрекеттің белсенділігі және музыкалық тәрбие берудің мазмұнын әдіс –тәсілдерін қарастыруға арналған бірқатар музыкалық-педагогикалық еңбектердің жарық көруімен сипатталады.
Екінші кезең-(ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бірінші жартысы) ән-күйдің дербес пән ретінде оқытылуына және музыкалық білім мен тәрбие беру әдістемесінің жасалауына байланысты. Сол кезеңде В.Г.Асафьев, В.Г. Каратыгин, Н.Я.Яворский, Н.Л.Грозденская және т.б. педагогтардың музыкалық тәлім –тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша жүргізген ізденістері музыкалық педагогиканың дамуына игі ықпалын тигізді.
Үшінші кезең (ХХ ғасырдың 50-90 жылдары) –музыкалық педагогиканың теорялық негіздерінің жасалуымен және осыдан туындайтын Ресей, Қазақстан ғалымдарының ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарының өріс алуымен ерекшеленеді. Атап айтсақ Д.Л.Лошкин, О.А.Апраксина, Д.Б. Кабалевский, Н.А.Ветлогина. Н.Д.Орлова.
Жалпы білім беретін мектепте музыкадан Д.Б.Кабалевскийдің бағдарламасы (1-8 сынып) - шолу.
Достарыңызбен бөлісу: |