5В011100-«Информатика» мамандығына арналған «Есеп шығару әдістемесі»



бет3/56
Дата18.12.2021
өлшемі1,37 Mb.
#102523
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Есеп шығару әдістемесі

Пәнді оқыту міндеттері. «Есеп шығару әдістемесі» пәнін оқып үйренгеннен кейін, студент осы пәннен алған білімін басқа пәндердің теориясымен байланыстыра отырып, ақпараттық технологияларды игеріп, тиімді программаларды құра білуі тиіс. Пәнді оқытудың негізгі мәселелері:

а) алгоритмдер мен олардың құрылымдарының негізгі ұғымдарын игеру, ақпаратты қазіргі қоғамның қажетті қоры ретінде бейнелеп, ақпараттық қорларды пайдалануда студенттердің алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыру;

ә) студенттерді программалау тілдерінің негізгі сипаттамаларымен таныстырып, процедураға негізделген программалау тілдерінде жұмыс істеу негіздерін үйрету;

б) күнделікті оқу процесінде кездесетін әртүрлі есептерді шығара отырып, программалық файлдарды дискілерде сақтауды, қағазға басып шығаруды, әр түрлі мәліметтерді программаға енгізіп, олардың көшірмесін алуды және де графикалық ортада геометриялық бейнелер графиктерін құрып, оларды пайдалану ісіне дағдыландыру болып табылады.

Бұл пәнді меңгерген әрбір студент төмендегі жұмыстарды орындай білуі тиіс:


    • программалық тілде мәліметтер өңдеу, алгоритмдерді талдау тәсілдерін игеру;

    • әртүрлі программалар құра отырып, мәліметтерді сызықтық, тармақты және қайталау алгоритмдер типіне келтіріп, олардың мүмкіндіктерін толық пайдалану;

    • жиымдарды өңдеу, сұрыптау тәсілдерін меңгеру;

    • студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту және жалпы ақпараттық мәдениет деңгейін көтеру, т.б.

  • Сонымен қатар студенттер программалау арқылы шешілетін есептерді мәселе ретінде қоя білуі, олардың алгоритмдерін құра білуі, күрделілік деңгейлері әртүрлі болып келген есептерді программалай білуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет