5В011100-«Информатика» мамандығына арналған «Есеп шығару әдістемесі»



бет6/56
Дата18.12.2021
өлшемі1,37 Mb.
#102523
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Есеп шығару әдістемесі

5. Курстың мазмұны
Бірінші апта

1, 2 практикалық сабақтың тақырыбы: Dev- C++ программалау тілінің интерфейсі.



Тапсырма: Берілген формула бойынша өрнектер мәнін есептейтін алгоритм схемасын және соған сәйкес программа жазып шығу керек.

Жұмысты орындауға арналған тапсырмалар

1. Кубтың қыры берілген. Кубтың көлемі мен бүйір бетінің ауданын анықтаңдар.

2. Екі санның арифметикалық және геометриялық ортасын есептеп, нәтижесін шығаратын операторлар тізбегін жазыңыздар (оң сандар берілген деп есептейміз). х, у сандарының геометриялық ортасы: , ал сандарының геометриялық ортасы:

3. Екі санның қосындысын, айырмасын және көбейтіндісін есептейтін программа жазыңыз.

4. Берілген екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен ауданын есептейтін программа жазыңыз.

5. Координаттары x1, y1 және x2, y2 болып келген екі нүкте ара қашықтығын табыңдар.

6. x саны берілген. 2x4 – 3x3 + 4x2 – 5x + 6, 1 - 2x + 3x2 - 4x3 және 1 + 2x +3x2 + 4x3 өрнектерін есептейтін программа құрыңыздар. Мұнда көбейту, қосу және алу амалдарын ғана қолдануға болады. Орындалатын операциялар саны мүмкіндігінше аз болатын болсын.

7. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы берілген. Осы үшбұрыштың ауданын табатын программа құрыңыздар.

8. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:

9. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:



10. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:



11. Екі нақты сан берілген. Солардың арифметикалық ортасын және модульдерінің геометриялық ортасын табыңдар.

12. Үшбұрыш төбелерінің координаттары берілген. Сол үшбұрыштың периметрі мен ауданын анықтаңдар.

13. Арифметикалық прогрессия мүшелерінің a, a + d, … , a + ( n – 1 )d қосындсын берілген a, d, n мәндері арқылы анықтаңдар.

14. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен бір катеті берілген. Соның екінші катеті мен іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

15. Массалары mжәне mара қашықтықтары r болып келген денелердің бір бірін тарту күшін F анықтаңдар.

16. x, y нақты сандары берілген. Көбейту, қосу және алу амалдары арқылы ғана мына өрнек мәнін 3x2y2 xy2 x2y – 4y2 xy + 2x2 x + 10y + 6 есептеңдер. Амалдар саны сегіз көбейтуден және сегіз қосу мен алудан аспайтын болсын.

17. h биіктіктен жерге құлайтын тастың түсу уақытын табыңдар .

18. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:

19. Берілген қабырғаларының ұзындығы a, b, c нақты оң сандар болып келген үшбұрыш тұрғызуға болатыны белгілі болса, сол үшбұрыштың ішкі бұрыштарын табыңдар.

20. Үшбұрыштың бұрыштары мен сырттай сызылған шеңбер радиусы берілген, үшбұрыш қабырғаларын анықтаңдар.

1.СОБӨЖ

Тақырыбы: С/C++ программалау тілінің негізі.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:


  1. С/C++ программалау тілінің алфавиті

  2. Айнымалылар, деректер типтері

  3. Тіл құрамы, алфавиті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет